Аймақтық жұмыспен қамту мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:31, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - еңбек нарығында халықты жұмыспен қамтуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықтау және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 105.71 Кб (Скачать)

2011 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 және одан жоғары жастағы адамдар) 477,3 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 мың адамға немесе 0,5% өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,4% (2010ж. IV тоқсанда – 5,5%) құрады.

5. Қызылорда облысы бойынша экономикалық  белсенді халық саны 353,9 мың адамды  құрап, өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда 33,4 мың адамға көбейген. Облыс экономикасында жұмыспен  қамтылған халық саны 334,8 мың адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен  қамтылғаны – 125,1  мың адам, жалдамалы жұмысшылар – 209,7 мың  адам. Жұмыссыздар саны  – 19,0 мың  адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі  5,4 пайызды құрап, өткен жылмен  салыстырғанда 0,3 пайыздык пунктке  төмендеген.

Қызылорда облысының «Жұмыспен  қамту - 2020» бағдарламасына жалпы  қаржыландыру лимиті бойынша республикалық  бюджеттен бағдарламаның 3 бағытын  қаржыландыру мақсатында барлығы 2898,7 млн теңге қаралды.

Қызылорда  облысы еңбек  нарығының жағдайына  жан-жақты  талдау жасалды. Сонымен бірге, облыс  аумағында аймақ жастарының жұмысбастылық  деңгейін, еңбек нарығында қалыптасқан  жұмыссыздыққа көзқарастарын айқындау, жұмыссыздық себептерін анықтау  мақсатында жастар дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтитын 15 жас пен 29 жас аралығындағы Қызылорда облысы жастары арасында  сауалнама жүргізілді.

Өңірдегі қалыптасқан  жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін  талдау жасай отырып, біз келесідей  тұжырым жасай аламыз: Қызылорда  облысы жастарының жұмысқа орналасуындағы кедергілер ретінде бітіруші студенттердің  еңбек дағдылары мен тәжірибелерінің  аздығы, жұмыс берушілердің парақорлығын, тұрып жатқан ауданда жұмыс орындарының  жоқтығын, алған білім мен бос  орындағы мамандықтың сәйкес келмеуі, еңбек нарығында жас мамандардың  бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуын және басқа себептерді атауға болады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеуде  аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары ескерілу керек. Аймақтағы еңбек нарығының сұранысына қажетті мамандар дайындау жұмыстары жандандырылып, іске асырылу қажет. 

6. Халықты жұмыспен қамту мақсатында, ел экономикасын дамыту және қауіпсіздігін нығайту, адамдардың әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында  тиімді бағыт белгілеуіміз қажет. Осы орайда, біз өз тарапымыздан еңбек нарығын болжау тетіктері жасақталып, ұсынылды.

Қызылорда облысында  «Жұмыспен  қамту-2020» бағдарламасы аясында  алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Аймақтық  жұмыспен  қамту  мәселелерін  шешуде  жергілікті  атқарушы  органдардың  рөлін  біршама  арттыру  керек, өйткені, осы  органдар  арқылы  аймақтық  жұмыспен  қамту  бағдарламалары  жасақталады  және  ең  бастысы, жүзеге  асырылады.

7. Менің ойымша, қазіргі қоғамымыздағы белең алып бара жатқан жұмыссыздық мамандықтың дұрыс таңдалмауынан туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп есептейміз. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңгерімнің бұзылуына әкеп соқты.

Осыны ескере отырып, мектептегі жұмыс оқушының өзі туралы білімін, арттыруғ, өзін -өзі тану процесін ынталандыру, еңбек нарығындағы мамандықтарды  таңдау мүмкіндіктерімен таныстыруға  бағытталуы тиіс.

Болашақ мамандық таңдау кезінде  мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын  алу үшін жас азаматтың аңсаған  арманы мен шынайы қажеттіліктерін  басшылыққа ала отырып, тұлғаның ерекшеліктері  мен қандай нәрсеге икем екендігін  ескеріп қадам жасаған дұрыс. Осыған байланысты, біз болашақ жастардың  еңбек нарығында сұранысқа ие болатын мамандықты дұрыс таңдау үшін «Мамандық таңдау» үлгісін   ұсынамыз. Азаматтарды кәсіби бағыттау еңбек нарығын реттеу формаларының бірі болып табылады, адам ресурстарын дамытуға ықпал етеді, кәсіптік білімнің, кәсіби білікті мамандарға нақты қажеттілігімен байланысын қамтамасыз етеді.

Ашығын айту керек, бізде  мамандық таңдау мен ішкі еңбек нарығы сұраныс арасында алшақтық орын алып отыр. Қазіргі таңда басты міндет - әрбір қазақстандыққа сұранысқа  ие мамандықты таңдау және ол бойынша  білім алу тәртібі мен шарттары туралы мемлекеттен толық ақпарат  алу мүмкіндігін беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы. //«20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2012.
    2. Халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу. // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына орай жас ғалымдардың еңбектерінің жинағы. Қызылорда, 2012
    3. У.Баймуратов. Финансы Казахстана.// Том 2.Избранные научные

               труды.-Алматы.:БИС, 2005-с.136.

    1. ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің сандық мəліметтері.// Қазақстан  Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуы.  
    2. Халықты əлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің

      басымдықтары.- Алматы, 2009 жыл.

    1. Халықты əлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұнын айқындау

     мəселелері//Основы экономики.- 2009жыл - № 2 (20).

 Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

    1. .«Қазақстан Республикасының мүгедектерді əлеуметтік қорғау

  туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 сəуірдегі

  N 39 Заңы.

    1. www.stat.kz
    2. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы. Алматы,2010
    3. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2010.
    4. Қазақстан Республикасының Статитика  Агенттігі Қазақстан 2009-2011.
    5. Статистикалық жылнама, Алматы, 2009.
    6. Государственное регулирование рыночной экономики. Под редакцией В.И. Кушлина. Москва, Экономика, 2010.
    7. www.google.kz
    8. www.government.kz
    9. «Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚҚА-ның экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары»
    10. «Егемен Қазақстан» газеті.  Қыркүйек,2012жыл
    11. www.Iletani.kz
    12. www.zhetysy.kz
    13. http://kz.government.kz/site/news/2012/007/70
    14. www.aef.kz/upload/iblock/b64/_ya..pdf
    15. www.infoportal.kz/node/32778
    16. www.enbek.gov.kz/sites/default/.../каз
    17. www.egemen.kz/2012/05/12/335158/
    18. www.korkyt.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Аймақтық жұмыспен қамту мәселесі