Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:31, курсовая работа
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - еңбек нарығында халықты жұмыспен қамтуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықтау және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу болып табылады.
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымында едәуір өзгерістер, сондай-ақ білікті қызметкерлерге сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мемлекет экономиканың базалық салаларын (тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс), өңдеуші өнеркәсіпті (машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі), сондай-ақ сервистік секторда, (туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету) кадрлық қамтамасыз етуде өсіп отырған қажеттілікті бастан өткеруде.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын зерттеуде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары ескерілу керек. Аймақтағы еңбек нарығының сұранысына қажетті мамандар дайындау жұмыстары жандандырылып, іске асырылу қажет. Жұмыс күшінің, ең алдымен, білікті қызметкерлердің тапшылығы еңбек ресурстары сапасының төмендігімен және өндіріс пен оқыту арасында нақты байланыстың болмауымен байланысты. Жұмыспен қамтудың өсімінің жаңа мүмкіндіктері үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға өтуге жол ашады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын асыру: бір жағынан, жаңа жұмыс орнын құруды болжайды, алайда екінші жағынан, жұмысшылардан заманауи талаптарға сәйкес тиісті кәсіптік біліктілігінің болуын талап етеді.
Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен шектеседі.
Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км, немесе республика аумағының 8,3 % -ын құрайды. Облыс халқы (2010 жылдың 1 желтоқсанына) – 698,3 мың адам немесе республика халқының 4,1% -ы.
Кесте 1 - Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны
№ |
Атауы |
Көрсеткіштер |
Айырмасы + (өсу), - (төмендеу) | |
2010 жыл |
2011 жыл | |||
1 |
Экономикалық белсенді халық саны, мың. Адам |
320,4 |
353,9 |
33,4 |
2 |
Жұмыспен қамтылған халық, мың.адам |
302,2 |
334,8 |
32,6 |
- Жалдамалы жұмыссыздар, мың.адам |
178,6 |
209,7 |
31,1 | |
- Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың.адам |
123,6 |
125,1 |
1,5 | |
3 |
Жұмыссыздар барлығы, мың.адам |
18,2 |
19,0 |
0,8 |
4 |
Жалпы жұмыссыздық деңгейі, % |
5,7 |
5,4 |
- 0,3 |
Қызылорда облысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 353,9 мың адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,4 мың адамға көбейген. Облыс экономикасында жұмыспен қамтылған халық саны 334,8 мың адам, оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 125,1 мың адам, жалдамалы жұмысшылар – 209,7 мың адам. Жұмыссыздар саны – 19,0 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,4 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздык пунктке төмендеген. Соңғы бірнеше жылда облыста макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты, сонымен бірге, өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына қол жеткіздік. Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен сипатталады. Қызылорда облысы бәсекеге қабілетті әлеуетті құрайтын бай ресурстарға ие. Бұған бірінші кезекте облыс тұрғындарының 47,4% пайызын құрайтын еңбек етуге қабілетті тұрғындарын жатқызамыз. Табиғи қазба байлықтары: мұнай, уран, ас тұзы, әк, шынытас құмы, сондай-ақ, темір және полиметалл кендерінің молдығымен ерекшеленеді.
Өңірде мырыштың - 15,1%, қорғасынның - 9,6%, мұнай, газ, конденсаттардың - 4,7%, уранның -13,7%, жер асты суларының -3,4% қорлары бар. Қызылорда облысы ас тұзы, шынытас құмы, бақша, балық өнімдерінің ірі өндірушісі әрі жеткізушісі болып табылады, сондай-ақ, сапалы күріш өсіретін жалғыз өңір болып саналады. Республикалық өндірістің жалпы көлемінде облыс үлесіне күріш өндіру-90%, ас тұзы-70%- дан келеді.
Сурет 2 - Экономиканың салалары бойынша құрылған жаңа жұмыс орындары
Облыста 10003 жаңа жұмыс орындары құрылды, бұл бағдарлама көрсеткішінің (8985) 111,3 пайызын құрайды. Жаңа жұмыс орындары өнеркәсіпте - 1629, құрылыста – 276, шағын кәсіпкерлікте - 1496, білім және денсаулықта – 1160, ауыл шаруашылығында – 1350, саудада - 979, көлік және байланыста – 141, басқаларда – 2972 құрылды. Елімізде 2011 жылдың шілде айынан бастап «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасыны жүзеге асыруға 2,8 млрд.теңге бөлініп, 71,3 пайызы игерілді.
Облыс бойынша жұмыспен қамтудың күрделі мәселелері:
- білікті жұмыс күшіне деген сұраныс және ұсыныс құрылымның теңгерімсіздігі;
- халықтың мақсаттағы топтарының жекелеген категорияларын (әсіресе жастар) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің қиындығы;
- облыстың кәсіптік-техникалық мектептеріндегі материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы;
- ауылдық жерлерде жұмыс орындарының жетіспеуі;
Өңірде жастарды жұмыспен қамту мәселесі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады және зерттеуді қажет етеді.
Кез келген аймақтың жас тұрғыны желеу еткен өзекті мәселелері аз емес. Тіпті, әлем жастарына ортақ проблемалар да жеткілікті. Ең үлкен проблема, әрине, ақша табу. Жұмысқа тұру. Білім алу. Бұл барлық жастардың көңілін күпті еткен ортақ мәселе. Сауалнама қорытындыларынан көріп отырғанымыздай жастардың ең өткір мәселесі – жұмысқа орналасу екендігі анықталды. Осы мәселеге байланысты аймақ жастарының жұмыссыздығын азайту, жұмыс көздерін ашу немесе аймақтағы жұмыспен қамту шаралары жайлы ақпаратты жастарға кеңінен насихаттау қажет.Жергілікті орындардағы жұмыспен қамту қызметтері жастармен әлдеқайда белсенді жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатта еңбек нарығының сұраныстары мен экономикалық дамудың перспективаларын ескере отырып, жастарды қажет мамандықтарға оқыту мен қайта оқыту жөніндегі ауқымды бағдарламаларға кірісу маңызды болмақ. Қызылорда облысындағы еңбек нарығының жағдайына талдау жасай отырып, халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру механизмдері.
Аталмыш механизмнің қызметі төмендегідей:
Еңбек биржалары арқылы қандай бос жұмыс орындары бар екенін біліп жұмыспен қамтылуға ниет білдіру.Ұсынылған механизм бір-бірімен байланысып толық жұмыс жасаған кезде халықты жұмыспен қамтуды жүзеге асыруда тиімді болар еді.
2.2. «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты
жолы
Елбасының Жолдауында қазақстандықтарды дағдарыс кезеңінде экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған мақсаттарға қол жеткізу жолдары белгіленген. Оның ішінде жол картасы шеңберінде дайындалған дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жұмыспен қамту жөніндегі аймақтық бағдарламаларда жұмыссыздықты төмендету, оның ішінде жұмыссыздар мен жұмыстан босаған азаматтарды жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстар мен кəсіби даярлау, қайта даярлау, əлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөнінде нақты шаралар қарастырылған. Жол картасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласына 1660,5 млн.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде 1625,4 млн.теңге республикалық, 8,1 млн.теңге облыстық бюджеттерден және 27,0 млн.теңге 2009 жылғы «Жол картасы» бойынша игерілмеген қаржы.Бөлінген 1633,5 млн.теңге қаржының: - 468,2 млн.теңгесі тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылы-ғына;, оның
ішінде ауыз су жүйелерін - 946,0 млн теңгесі жол жөндеу жұмыстарына; - 75,3 млн теңгесі мектептердің жөндеу жұмыстарына; -144 млн теңгесі әлеуметтік
жұмыс орындары мен жастар
тәжірибесіне бағытталды, оның ішінде
60,0 млн. теңге 500 адамға әлеуметтік
жұмыс орындарын құруға және 84,0
млн. теңге 700 адамға жастар
тәжірибесіне.Жол картасы Жолдарды орташа жөндеу жұмыстары: 2010 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған 804,1 млн.теңгенің 639,8 млн.теңгесі немесе 80 пайызы игерілді. Жоспарланған 1026 жұмыс орны бойынша бүгінгі күні жол жөндеу жұмыстарына 1026 адам толық жұмыспен қамтылды. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы нысандарын орташа жөндеу жұмыстары: 2010 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған 458,9 млн.теңгенің 398,3 млн.теңгесі немесе 86,8 пайызы игерілді. Жоспарланған 506 жұмыс орны бойынша бүгінгі күні тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын жөндеу жұмыстарына 506 адам толық жұмыспен қамтылды. Мектептің жөндеу жұмыстары: 2010 жылдың 1 қыркүйегіне жоспарланған 75,3 млн.теңгенің 57,2 млн.теңгесі немесе 76 пайызы игерілді. Бүгінгі күнге мектептерді жөндеу жұмыстарына 82 адам толық жұмыспен қамтылды, жоспар бойынша 82 жұмыс орын. |
Тек 2009 жылдың өзінде “Жол карта-сы” шеңберінде 754 инвестициялық жобалар бойынша 37971 жұмыс орындары ашылды, оларға 34658 жұмысшы орналасты, 1864 адам қысқа мерзімдік қайта даярлау курстарында оқытылды, нысаналы топтарға арналған 8695 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, «Жастар практикасына» жұмыссыз жүрген 14971 жас маман еңбек дағдысын жетілдіруге жіберілді.2010 жылы да бұл жұмыстар өз жалғасын тапты. Жалпы, жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыру мақсатында 441 инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде 20 014 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланды. Жобаларды жүзеге асыруға 18 587,9 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен – 12 114,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 6 473,0 млн. теңге. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 17 963,0 млн. теңге немесе жылдық жоспардың 96,6 пайызы игерілді. Есепті кезеңде 20 133 жаңа жұмыс орындары құрылды, оларға жұмыспен қамту органдарының жолдамаларымен 16 540 адам жұмысқа орналасты. Жұ-мысшылардың орташа жалақысы 31,5 мың теңгені құрады. 333 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, оның ішінде 111-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саланың меншігінде болса, жол жөндеу жұмыстарындағы 133 нысанда, мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандардағы жөндеу жұмыстары жүр-гізілген 85 нысанда, сондай-ақ, мәдениет саласындағы 4 нысанда құрылыс жұмыс-тары аяқталды.Жалпы, «Жол картасы» төрт негізгі бағытта жүзеге асырылуда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жөндеу жұмыстары ба-ғытында 204 инвестициялық жобаларды іске асыруға жалпы 8 663,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде су шаруашылығы бойынша 15 каналға күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 44 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның нәтижесінде 20 654 гектар суармалы жер ауылшаруашылық айналымына қайта қосылады, 388 шақырым су шаруашылығы нысандардың су өткізу қабілеті жақсарып, құрылыс кезінде жергілікті жерден 3276 адам үшін жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданындағы 10,5 шақырым «Комсомол» және «Тасқұдық» каналдары қалпына келтіріліп, 1493 га суармалы жер ауыл ша-руашылығы айналымына қосылды, жер-гілікті жерден 155 адам жұмысқа тартылды. Ауызсу саласындағы 23 нысанның құ-рылыс жұмыстарына 2,1 млрд.теңге қаржы бөлініп, 1771 жұмыс орны ашылды, ал 99 елді мекеннің ауыз су құбыры жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 874 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Электр қуатымен және газбен қамтамасыз ету мақсатында Шардара ауданындағы Құйған ауылын электрмен жабдықтау жобасына жалпы 8,0 млн. теңге қаралған. Соның нәтижесінде елді мекеннің 73 тұрғыны бар 12 үй жарықпен қамтылды. Жалпы ұзындығы 8,7 шақырымдық электр желісі тартылды. Сол секілді Бәйдібек ауданындағы Жоғарғы Жыланды ауылына 13 млн. теңге қаржыға 8,7 шақырымдық желі тартылып, 76 жергілікті тұрғын электр қуатымен қамтамасыз етілді. Түлкібас ауданындағы Амангелді және Жаскешу елді мекендерін газбен жаб-дықтау жұмыстарына 236,7 млн. теңге мемлекеттік қаржы қаралып, бүгінде бөлінген қаржы толығымен игерілді, 271 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жобаны іске қосу нәтижесінде жоғарыда аталған елді мекендерде 5 281 үй табиғи газбен қамтылды. «Жол картасының» екінші бағыты – жол жөндеу салсында 137 нысандарда қайта құру, жөндеу жұмыстарына 5 189,8 млн. теңге қаржы қаралып, 5 731 жұмыс орны құру жоспарланған, нәтижесінде 593,4 км жол жөнделеді деп күтілуде.«Жол картасы» бағдарламасы бойынша көзделген 5731 жаңа жұмыс орындары ашылып, оларға 4754 адам жұмыспен қамту орталықтарынан тартылды. Жалпы, 133 нысанда жол құрылыс жұмыстары то-лығымен аяқталып, пайдалануға берілді.Айта кету қажет, жаңадан салынған немесе жөндеуден өткен жолдардың құ-рылыстарына барлық құрылыс материал-дарының 90 пайыздан астамына отандық материалдар қолданылды: қазіргі кезде облыста асфальт өндіретін 21 зауыт, қиыр-шық тас өңдейтін 17 карьер жұмыс істеуде.«Жол картасының» аясында мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік ны-сандардағы жөндеу жұмыстарымен 95 нысан қамтылған. Бұл бағыт бойынша бюджеттен 4 469,6 млн. теңге қаржы қаралып, 49796 жұмыс орны ашу көзделген. Білім салалсындағы 58 нысанда,
денсаулық сақтауда 29 нысанның 21-інде
құрылыс жұмыстары аяқталды. Инвестициялық жобаларға
сәйкес тиісті жұмысшы мамандығы
жоқ 1000 адам қыс-қа мерзімдік қайта
даярлау курстарында оқытылып шықты,
3 айлық курстарды аяқтағандардың
980-ні инвестициялық жобалар бойынша
тұрақты жұмыспен қамтылды. «Жол картасы»
бағдарламасының аясында еңбек
рыногындағы қажетті сылақшы- «Жол картасының» шеңберінде
облыста 2551 әлеуметтiк жұмыс орнын
ашуға республикалық бюджеттен 306,1
млн.теңге қаралды. Әлеуметтiк жұмыстың
мерзiмi 6 айға созылады. Оған қатысушылардың
орташа айлық жалақысы 35-40 мың теңгенi
құрады. Оның 50 пайызы мемлекет тарапынан,
қалғаны жұмыс беруші есебінен төленеді.Оралмандарды,
мүгедектерді, жалғыз-басты және көпбалалы
ата-аналарды, аз қамтамасыз етілген
азаматтарды, әс-керден келгендерді, түзету
мекемелерінен босағандарды т.б. санаттардағы
азаматтарды біріктіретін нысаналы
топтарға арналған 2881 әлеуметтік жұмыс
орындары 2010 жылдың 1 қарашасына 337 кәсіпорында
ашылып 286,1 млн. теңге толығымен игерілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2010 жылдың 3 тоқсанына облысымыздағы жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды құрап, жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеді. |
Бүгінде «екі қолға бір
күрек» іздегендердің кәсіптік оқыту
арқылы оларды жұмысқа орналастыру
мақсатында елімізде «Жұмыспен қамту-2020»
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш
бұл бағдарламаның негізгі 2.3. Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары Еңбек нарығындағы мемлекет
қызметінің маңызды бағыты болып, жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған
шараларды әзірлеу және жүргізу
табылады.Еңбек нарығын Қазіргі кезде микроденгейде жұмыспен қамту мәселелері өзекті болып отыр. Кәсіпорын деңгейіндегі жұмыспен қамту мәселелерін шешіп алмай, еңбек нарығының шиеленісін төмендету мүмкін емес. Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты. Сонымен бірге, өңірлік жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін біршама арттыру керек, өйткені, осы органдар арқылы өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары жасақталады және ең бастысы, жүзеге асырылады. Яғни, жергілікті жұмыс күшін тиімді пайдалану және бекітуді, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі мен дамыту жүйесін қалыптастыру жұмыспен қамту саласында маркетингтік басқаруды пайдалануды қарастырады. Жұмыспен қамту саласындағы маркетинг - бұл әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында жоғары сапалы қызмет көрстеу бойынша мемлекеттік мекеменің қызметі. Жұмыспен қамту саласындағы маркетингтің қызметтері, ұйымдастыру принциптері мен мақсаттары 2 - суретте көрсетілген. Жұмыспен қамтудағы экономикалық қызмет
-халықтың жеке мүдде- лерін қамтамасыз ету; -жұмыспен қамту саласында қызмет
Ұйымдастыру принциптері -әлеуметтік тиімділікке қол жеткізуге ықпал ету; - қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру. - жұмыспен қамтуда сұраныс пен ұсыныс нарықтарын зерттеу; - ғылыми зерттеулер мен жобалар;
Сурет 2 - Жұмыспен қамтудың экономикалық ерекшеліктері
Жұмыспен қамту саласындағы
экономиканың менің ойымша, әлеуметтік-экономикалық- Биліктің жергілікті органдарының,
жоғары, орта арнайы және орта мектептердің
басшыларына, жұмысшылар мен мамандардың
даярлығының кәсіби-біліктілік құрылымы
мен көлемін, еңбектің аймақтық нарығының
қажеттілігіне сәйкестендіру Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға сай жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысы қоғамдағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты республикамыздың білім беру мекемелеріндегі шәкірттің кәсіп таңдау мәселесіне жаңа талаптар қойылуда. Меніңше, қазіргі қоғамымыздағы белең алып бара жатқан жұмыссыздық мамандықтың дұрыс таңдалмауынан туындаған күрмеулі мәселелердің бірі деп есептейміз.
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары туралы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1. Зерттеу нәтижелері
бойынша анықталғандай,
2. Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың аса күрделi элементтерiнiң бiрi. Мұнда еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушiнiң мүдделерi айқындалып қана қоймайды, сонымен бiрге, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк - экономикалық құбылыстар бейнеленедi.
3. Мемлекет, жұмыспен қамту
саласында түрлі шешімдер
4. Қазақстанда орын алған өзгерістер қоғамның әлеуметтік құрылымы мен еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге жол ашты. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуында бірнеше кезеңдерді атап өтуге болады.
Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша Қазақстан халқының
саны 16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан
астамы еңбекпен қамтылған. Соның ішінде
жалпы халық санындағы
2011 жылғы IV тоқсанда 15 және одан
жоғары жастағы экономикалық
тұрғыдан белсенді халықтың