Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:24, курсовая работа
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту бағыттары. Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз.
Соның үлкен көздерінің бірі – 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарламаның негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында нақты айқындалған. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл – қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі.
Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді сипатқа ие болуы тиіс.
Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойынша бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп ұзамай Индустрияландыру картасындағы жобалар мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шаралар негізінде пайда болған және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істей бастайды.
Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.
Бірінші
бағытқа қатысушыларға
Егер
бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды
аяқтағаннан кейін жұмысқа
Екінші бағыттың мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
Осы бағыт бойынша бағдарламаға қатысушыға консультациялық қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шағын несие беру, жетіспейтін инженерлік -коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру секілді мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі.
Қазақстан әлемді шарлаған дағдарыс салдарын еңсеру бағытында жүргізген түрлі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық шаралардың нәтижесінде бұл қиындықтан едәуір серпіліспен шықты. Осы қиын кезеңнің өзінде халықтың жұмыспен қамтылуын төмендетпей, қайта оның деңгейін жақсарта түсті.