Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:24, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Работа содержит 1 файл

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1.doc

— 184.00 Кб (Скачать)
y">       Кері әсерлер:

  • алған білімнің құндылығын жоюы;
  • өндірістің төмендеуі, жұмыссыздарға көмек шығындары;
  • квалификациясын жоғалту;
  • өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
  • ұлттық табыстың төмендеуі, салықтың аз жиналуы.

       Пайдалы әсері:

  • экономиканы қайта жарақтауға жұмыс күшінің резервін жасақтау;
  • еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция;
  • білімін жоғарылату үшін уақыт;
  • еңбек өнімділігі мен өндіріс интенсивтілігі жоғарылауы.

       1.3 Жұмыспен қамту саясаты: мәні, бағыттары 

       Жұмыспен  қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру және негiзiнен 
еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтарға, сондай - ақ еңбек рыногындағы 
неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебiнен 
кедейлiктiң ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету. 
Қазақстанда әр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен 
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек 
қызметiне ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейдi.

       Жұмыссыздықтың  белгілі бір деңгейінің болуы  еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру.

       Қазақстан Республикасы Президентінің жыл  сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:

  • Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
  • Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
  • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.

       Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр.

       Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды, барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты.

       Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметті қатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді.

       Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс.

       Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық  тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.

       Жұмыссыздықтан  қорғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:

  • Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
  • Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.

       Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:

    • Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік - экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік -экономикалық  факторларға бағынышты.
    • Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына еңбекке құқығын  қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.

       Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады.

       Еңбек рыногі саясатының балсенді шараларының  басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге  жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ.

       Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда  болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылы қазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады. 

       2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТАЛДАУ 

       2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты экономикалық проблемаларын талдау 

       Егеменді  Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің  қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады.  Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік артуына байланысты.

       Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы  жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы. 

       2.2.1 кесте – Қазақстан Республикасының  негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері (2008 ж. - 2010 ж.) 

  2008 ж 2009 ж 2010 ж
  Экономикалық тұрғындар белсенді халық, мың адам 8415,0 8457,9 8610,7
  Жұмыспен қамтылған халық 7857,2 7903,4 8114,2
Жалдамалы қызметкерлер 5199,4 5238,8 5409,4
Өз  бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер 2657,8 2664,6 2704,8
  Жұмыссыздар 557,8 554,5 496,5
Жұмыссыздық деңгейі 6,6 6,6 5,8
Жастар  жұмыссыздығының деңгейі 7,4 6,7 5,2
Ұзақ  мерзімді жұмыссыздық деңгейі 2,8 2,5 2,2
Жұмыссыздықтың  орташа ұзақтығы, айлар 10,0 8,7 8,9
  Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық 3416,2 3500,3 3487,7

         Кестеден көріп оырғанымыздай, экономикалық тұрғындар белсенді халық саны 2008 жылы 8415,0 құарды, ал 2009 жылы - 8457,9 мың адам, 2010 жылы -

8610,7 мың адамды 2 % жоғарылады. Жұмыссыздық деңгейі 2008 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 % төмендеген. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2008 жылы 7,4 % құрады, 2009 жылы 6,7 % төмендеген, 2010 жылы 5,2 % төмендеген, сонда 2008 жылғы жағдай бойынша салыстырғанда 2010 жылғы жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,2 % азайды.

 

       2.2.2 кесте – Қазақстан Республикасының еңбек рыногының негізгі индикаторлары (2008 жыл – 2010 жыл) 

  15 жас  және одан асқан жастағы халық
2008ж. 2009ж. 2010ж.
Экономикалық  тұрғыдан белсенді халық, мың адам 8421,4 8469,2 8652,8
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % 71,2 70,8 71,5
Жұмыссыз  халық, мың адам 559,3 531,8 481,7
 Жұмыссыздық деңгейі, % 6,6 6,3 5,6
15-24 жастағы  жұмыссыздар, мың адам 89,8 76,6 60,1
Жастар  жұмыссыздығының деңгейі, %

(15-24 жастағы)

7,1 6,0 4,7
Ұзақ  мерзімді жұмыссыздық деңгейі, % 2,7 2,3 2,1
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам 3410,5 3489,3 3447,4
Халықтың  экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, % 28,8 29,2 28,5
 

       Жұмыссыз  халық құрылымында 15-24 жастағы адамдар  – 18,5%, 25-29 жастағы адамдар – 21,4%, ал 30-39 жастағылар – 25,1%, 40-44 жастағылар – 10% құрайды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-24 жастағылар) 8,3% болды.

       Жұмыссыздар санынан жоғары білімі барлары – 109,1 мың адам (олардың жалпы санының 18,8%-ы), орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлары  – 146,6 мың адам (25,3%), бастауыш кәсіптік білімі барлары – 67,5 мың адам (11,7%), жалпы орта білімі барлары – 223,6 мың адам (38,6%) болды. Республикада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2008 жылы - 7,4 және 2009 жылда - 7,2 пайызды құрап, жалпы республикалық орташа көрсеткіштерден жоғары болған. 

        2.2.3 кесте – Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мониторингі (2008 ж.– 2009 ж.) 

Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Жұмыссыздар саны, мың адам 562,4 584,7 474,4
Тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам 48,4 57,1 94,4
Жұмыссыздық деңгейі, % 6,7 6,9 5,8
Тіркелген жұмыссыздар үлесі, % 0,6 0,7 0,8
Жасырын жұмыссыздық деңгейі, % - 1,7 -
 

        Бағалау бойынша  2010 жылда жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,7%-ын құрады.

     2010 жылғы жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 474,7 мың адамды. 2010 жылы ҚР-да жұмыссыздық деңгейі 0,8 пайыздық тармаққа төмендеді.

       2010 жылы Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады, 2009 жылы 6,6% деңгейінде болған, делінген ҚР статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында. 2010 жылғы жұмыссыз ерлердің үлесі 43,3%, әйелдердің үлесі – 56,7% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 269,3 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 63,9 мың адамға (31,1%-ға) көп.

Информация о работе Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары