Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:24, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Работа содержит 1 файл

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

    1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары
 

       Жұмыссыздық – халықтың белсенді, еңбекке жарамды  бөлігі өзі орындауға қабілетті  жұмыс таба алмайтындай кездегі  елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдай.

       Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

       Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

       Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты  жұмысшының еркін таңдауы деп  есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс  жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан  жұмыс күшіне сұраныс төмендейді.

       Кейнстік  мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

       К. Маркстың қорлдану теориясына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

       Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны –  жасына, денсаулығына қарай еңбекке  қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

       Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс  пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан)  құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі).

       Егер  де елдің жалпы халық санынан  әлі де немесе ендігі кезде жұмыс істей алмайтындар (балалар, 16 жасқа дейінгі бозбалалар, зейнеткерлер, мүгедектер), әскер қатарында жүргендер, түрмеде мерзімін өтеп жатқандар, студенттер санын алып тастасақ, онда біз жұмыс күші санын, басқаша айтқанда, ел халқының экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігін анықтаймыз.

       Ел  халқының жұмыс үшін қажетті білімі және қабілеті бар бөлігін еңбек  ресурстары деп атаймыз. Бұл топқа  еңбекке қабілетті жастағы адамдар, сол сияқты қызмет көрсету мен  тауарлар өндірісінде жұмыс істейтін, айтылған жас мөлшерінен кіші және үлкен жандар жатқызылады.

       Егер  осы саннан жұмыс істейтіндерді  шегергенде, онда қалғандары жұмыссыздыр  санын құрайды. Бұл адамдардың жұмыс  істегісі келеді, әтсе де олар жұмыссыз қалуда. Жұмыс істемейтін және оны  іздеуге де тырыспайтындар жұмыссыздар деп есептелінбейді.

       Жұмыссыздарды тіркеумен және олар үшін жұмыс орындарын  таңдаумен арнайы мекеме – еңбек  биржасы айналысады. Мемлекет ресми  тіркелген жұмыссыздарға жәрдемақы  төлейді.

       Жұмыссыздықтың  негізгі түрлері:

       - Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

       - Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар  бір жұмыстан басқа жұмысқа,  бір жерден басқа жерге жұмыс  іздеумен ауысуын айтады.

       - Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік  қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

       - Циклдық жұмыссыздық - өндірістің  құлдырауынан туындайды.  
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

       - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне  байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; 

       - жиынтық сұраныстың өзгеруіне  байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

 

       1.1 кесте - Жұмыссыздықтың негізгі түрлері

       Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды  машинамен ауыстыру нәтижесінде  болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді  немесе басқа мамандықты игеруді  қажет етеді.

       АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізілген зерттудің  мәліметі бойынша қазіргі шет  елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары  және олардың болуының ерекше себептері  бар екен. Батыс елдердің мамандары  жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне – жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне – жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын –жұмыссыздықты (фрикциондық,, құрылымдық, технологиялық және басқа нысандары) жатқызады.

       Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ  онымен қатар жасырын жұмыссыздық  та орын ала бастады. Қазақстандағы  еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

       Құрылымдық  және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.

       Толық жұмысбастылық деген мағынаның  экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

       Жұмыспен  толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

       Жұмыссыздықтың  салдары:

       1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық  пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың  азаюына келеді. Бұл жағдайда:

       - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

       - қазына – қор қысқарады, 

       - инвестицияға сұраныс қысқарады, 

       - өндіріс құлдырайды.

       2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық  жағдайында жұмыссыз адамдардың  біліктілігі жоғалады.

       3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда  қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

       Жұмыссыздықтың  зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП), жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді.

       Жалпы, ғылыми - техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардын дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлгаюы, тұрғындардың артүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішше қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады.

       Қандайда  жұмыссыздық болмасын қоғамдағы  аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой-беделін жоғалту деп те есептеледі.

       Шетелдердегі  бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі енбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.

       Кез – келген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада  Оукен заңы қолданылады.  

    1. Жұмыссыздыктың әлеуметтік - экономикалық салдары
 

       Экономиканың  өсуi негiзiнде әлеуметтік салада дәйектi реформа 
жүргiзу арқылы халықтың тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және арттыру, ең 
алдымен халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн әлеуметтiк бейiмдеу; экономикалық оңалту және әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары негiзiнде кедейлiкпен нақты күрес жүргiзу.

       Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика  жағдайына тәу-елді және мемлекеттік  деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,

       Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер  А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің  экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.

       К.Маркс  жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта  ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.

       Елдiң  тұрақты әлеуметтiк - экономикалық дамуын қамтамасыз ету 
процестерiне қауiп төндiрмейтiндей көрсеткiштерге дейiн жұмыссыздық 
деңгейiн төмендету. Проблеманы шешудiң қосымша факторы республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады.

       Рыноктік  қатынастар пайда бола бастаған кезде  мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі –  еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады.

       Жұмыссыздықтан  әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде  қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.

       Көбіне  жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.

       Кері әсерлер: 

  • крименогенді жағдайдың өршуі;
  • әлеуметтік кернеудің өршуі;
  • физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі;
  • әлеуметтік дифференцияның өсуі;
  • еңбек белсенділігінің төмеңдеуі. 

       Пайдалы әсері:

  • жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы;
  • өз бос уақытының көбеюі;
  • жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік;
  • әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы.

       Экономикалық  салдарларға тоқталып кетсек:

Информация о работе Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары