Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 09:24, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Работа содержит 1 файл

I ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

     2010 жылғы жұмыссыздардың жалпы санындағы  жастардың (15-24 жастағы) үлесі  11,9% немесе 56,3 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,7% болды, бұл республика бойынша тұтастай алғандағы жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінен 0,8 пайыздық тармаққа аз.

     2.2.3 кесте – Қазақстан Республикасының 2010 жылда жұмыссыз халық жынысы және жасы бойынша  

  Барлығы соның ішінде
мың  
адам
жұмыс

сыздық  деңгейі, %

ерлер әйелдер
мың  
адам
жұмыс

сыздық  деңгейі, %

мың  
адам
жұмыс

сыздық  деңгейі, %

Жұмыссыздар - барлығы 474,7 5,5 205,4 4,7 269,3 6,4
 соның  ішінде жасы:            
15-24 56,3 4,7 28,8 4,4 27,5 5,0
25-29 108,6 8,1 50,1 7,1 58,5 9,2
30-34 73,8 5,5 29,9 4,4 43,9 6,7
35-39 48,9 5,4 19,8 4,4 29,1 6,4
40-44 46,7 4,7 18,6 3,9 28,1 5,5
45-49 52,2 5,0 21,4 4,2 30,8 5,8
50-54 47,0 4,8 18,4 3,9 28,6 5,7
55-59 30,3 5,5 11,6 4,5 18,7 6,3
60-64 10,9 5,1 6,8 4,7 4,1 5,8
 

     Жұмыссыздар ішінде жалпы орта білімі бар адамдар  – 37,6% (178,5 мың адам) және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар – 26,0% (123,2 мың адам) басым болды. Жоғары білімі бар жұмыссыздардың  үлес салмағы 23,3%-ын (110,7 мың адам)  құрады. 2010 жылдың соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 35,4 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы осы  кезеңдегіден 18,0 мың адамға немесе 33,7%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4% болды. 2010 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады. Экономиканың әртүрлі саласында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 2009 жылдан 2,7%-ға көп. Жұмыссыздардың саны көрсетілген кезенде 496,6 мын. адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,8% құрады. 

       2.2 Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік реттеуін талдау 

       Жұмыспен  қамтудың белсенді саясатын жүргізу  Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады.  Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуметін дамыту және  іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.

       Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған  халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі  2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді.

       Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын  сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 – 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.

       Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі  индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

       2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуінің алдын алуға, жұмыспен нәтижелі қамтудың артуына жәрдемдесуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы  № 1114 қаулысымен бекітілген болатын.

       Алайда  әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың  әсерімен 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсенді халықтың 6,6 %).

       Жұмыссыздықтың  өсуі, қызметкерлердің одан әрі босатылуы  әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған  салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупі орын алды.

       Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының  Үкіметі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзірледі.

       Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудің белсенді нысандарын (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кеңінен қолдану нысаналы топтар құрамындағы адамдардың белсенділігін арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,7 %) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен көрсеткіште белгіленді.

       Жол картасының негізгі нәтижелері: шамамен 9 мың жоба іске асырылды;  392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жіберілді, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды;  192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберіндегі жұмыс орындарына орналастырылды.

       Дағдарыс  жағдайында іске асырылған халықты  жұмыспен қамтудың қысқа мерзімді стратегиясы  – Жол картасы жұмыссыздық  деңгейінің өсуіне жол бермеуімен қатар, оның деңгейінің 2009 жылғы екінші тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5 % көрсеткішке дейін төмендеуіне қол жеткізуге  мүмкіндік берді.

       Жұмыспен  қамтудың өсуі халық табысының артуы  мен кедейлік деңгейінің төмендеуіне  негіз болды. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылы 18,2 %-ға және 2010 жылы 6,9 %-ға азайды.

       Алайда  оң өзгерістерге қарамастан, ұлттық еңбек  нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай  отыр, экономика салаларының мамандарға  деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы  байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ.

       Жұмыспен  қамтылған халық құрылымында  өз бетінше жұмыспен айналысатын  адамдардың үлесі – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады.Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.

       Ауыл  жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға  қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып  табылады.

       Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тікелей салдары кедейліктің сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз.  

       Табысы  аз адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесінде  жұмыспен қамтуға және табыс табуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жеткілікті қолданылмайды.

  

       3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ 

       Бүкіл әлемнің ең өткір проблемаларынан біріне айналып отырған жұмыссыздықпен күрес мәселесі әлемнің әр шалғайындағы саясаткерлерді, ғалымдарды, адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілдерін қатты толғандыруда. Қазіргі күні жаһандық проблемаға айналып отырған бұл дертпен ұйымдасып күресу мақсатында бірқатар халықаралық ұйымдар жұмыс істеп келеді. Міне, осы әлем бойынша еңбекпен қамту, жұмыссыздықпен күрес мәселелерімен шұғылданатын халықаралық ең беделді ұйым 2010 жылғы өзінің қорытынды есебінде аталған проблеманың барған сайын белең ала түскендігін атап көрсетті.

       ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.

       ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.

       Сөйтіп, қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша  алғанда Қазақстан өз ішіндегі жұмыссыздықты  ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой көрсетіп отыр. Бұл  әрине, үлкен жақсылық. Елбасының  еліміздегі халықтың әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала бастағандығының бір көрінісі.

       Оның үстіне үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстанда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен табысын арттыру болып табылады.

       Жұмыссыздықпен күрестің әлемдік әдістері. Әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес.

       Жұмыспен қамтудың әлемдік ағымдары. Өнеркәсіптік өндірістегі еңбекті автоматтандыру ісінің дамуына байланысты енді зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін адамдардың орнын түрлі автоматты құрал-жабдықтар баса бастады. Сөйтіп, капитализмнің қазіргі соңғы сатыларында жұмыс күштерінің қызмет көрсету салаларына қарай ойысқандығы анық сезіліп отыр. Қазіргі күні өнеркәсіптік дамыған елдерде халықтың 60 пайызы қызмет көрсету салаларында еңбек етуде. Ал өнеркәсіптік кәсіпорындардан біліктілік қабілеті төмен адамдар барған сайын ығыстырылып шығарылу үстінде.

       Осы жағдай ендігі кезекте жұмыс күштерінің бәсекелестік қабілетін барынша  арттыра түсуді қажет ете бастады. Кімнің білімі жоғары, жұмысқа біліктілігі артық болса, сол адам ғана өз өміріне лайық тиянақты және тұрақты жұмыс орнында еңбек ете алатын болады. Егер 90-шы жылдардың басында бастауыш білімі ғана бар адамдардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 10,9 пайызды құраса, орта білімге толықтай қол жеткізе алмағандардың арасында ол 8,4 пайызды, толық орта білімділердің арасында 5,7 пайызды, ал жоғары білімділер арасында 3,9 пайызды құраған. Демек, қазіргі күні кімнің білімі төмен – сол адам жұмыссыздық жағдайына жиі түсетін болады.

       Елімізде  қабылданып отырған «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасында осы жұмыссыздық мәселесі қатты ескерілді. Бағдарламаның негізгі мақсатының өзі жұмыссыз халықты қайта оқыту арқылы даярлықтан өткізуді, оларды еңбек рыногында қалыптасып отырған жаңа жағдайларға бейімдеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жұмыс іздеуші адам тиісті мемлекеттік органға хабарласқан жағдайда, ол жұмыссыз ретінде тіркеліп қана қоймай, сонымен қатар, мемлекетпен тиісті келісім-шарт жасасады.

Информация о работе Жұмыссыздық мәні, түрлері, салдары