Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:35, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі.

Работа содержит 1 файл

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ.doc

— 669.50 Кб (Скачать)

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің ондан өркениетті түрде жылдам дамуына кедергі болып отырған негізгі проблема – халықтың зейнетақы жүйесінің механизмі, мақсаттары мен қызметі туралы толық, шынайы, дұрыс мәліметтерді, қорлар жайлы ақпараттарды, өздерінің құқықтары мен міндеттерін нашар білуі. Салымшылармен жүргізілген теле-радио саулнамалары нәтижелері көрсеткендей, олар қарапайым зейнетақы түсініктері туралы мәліметтерді білмей шыққан. Мұндай жағдай ақпаратпен қамтамасыз ету шараларының, сәйкес әдебиеттердің, теле және радио бағдарламаларының жетіспеушілігінен болып отыр. Мемлекет зейнетақы реформасының негізгі қатысушысы бола тұра, ақпараттандыру жұмысынан алшақтаған. Оның үстіне мемлекеттік өкілетті органдар жалған ақпараттық тапшылықты тудыру арқылы қосымша проблемалар шығаруда. Өкілетті органдардың өздері заңға сәйкес ақпараттарды жинап отырады, бірақ ол ақпараттарлың одан ары таралуы субъективті факторларға байланысты тоқтап қалады.

Бұл проблеманы шешу үшін қандай ақпарат конфиденциалды, ал кайсысы  емес екендінін, кімге мәліметтерді беруге болатынын, кімге болмайтынын және оның себептерін нақты анықтап, нормативті құжаттармен бекіту қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, банк-кастондиандар мен зейнетақы активтерін басқарушы ұйымдардың қызметі туралы мәліметтер пайдалану жайттарын кесіп шеші керек. Ақпарат – бұл барлығы қол жеткізе алатын объективті категория. ҚРҰБ-нің ЖЗҚ-ның қызметін реттеу жөніндегі департаменті өз қызметі және қорлардың жұмысы туралы есеп беру мәліметтерін бұқаралық ақпарат көздерінде әр тоқсан сайын жариялап отырғаны жөн.

Осы дипломдық  жұмыстың өзі ақпарат көзі болғандықтан, халықты мазаландыратын бірнеше  негізгі мәселелерге тоқталып өтуді  жөн санадым.

Салымшы зейнетақымен қамсыздандыруды дұрыс шешкендігіне сенімді болу үшін ол мынадай маңызды қадамдар жасауы керек:

  1. Әлеуметтік жеке код алуы керек;
  2. Жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап, онымен келісім-шарт 
    жасасуы керек;
  3. Табысының барлық түрінен міндетті зейнетақы жарнасын үзбей аударып отыру керек;
  4. Жеке зейнетақы есеп-шотының жағдайы туралы есепті негізге ала отырып, зейнетақы жинақтарының жағдайын бақылап отыруы қажет.

Міне, осы төрт қадамды жасаған соң, салымшы өзін зейнетақымен қамсыздандыруды дұрыс шешкендігіне және жинақтары бақылауда екендігіне сенімді бола алады.

Бірінші қадамға тоқталсақ, әлеуметтік жеке код - сіздің ерекше нөміріңіз. Ол он алты саннан және латын әріптерінен тұрады және сіздің тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты және туған жылыңыздың негізінде арнайы алгоритм бойынша есептелініп шығарылады. Осылайша, ӘЖК зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіндегі сіздің жеке анықтаушыңыз болып табылады. ӘЖ Кодты жеке зейнетақы есеп-шотының нөмірімен жаңылыстыруға болмайды. Сіздің жинақтарыңызды бір жинақтаушы қордан екіншісіне ауыстырғанда жеке есеп-шотыңыздың нөмірі өзгеруі мүмкін, ал ӘЖК бір рет тағайындалып, сіздің өміріңіз бойы өзгертілмейді.

Әлеуметтік  жеке код кұрылымының схемасы

 

Әлеуметтік  жеке код зейнетақы жарналарыңызды аударғаныңызда және зейнетақы алған кезіңізде, қателік пен сәйкессіздікті болдырмауға арналған. Сіздің жарналарыңыздың қай жағдайда болмасын, жоғалып кетпейтіндігіне қарамастан, даулы жағдайлардың тууы мүмкін, мысалы, біртектестер арасында. ӘЖК осындай жайларды болдырмайды. ӘЖК адамның тек аты, жөні және әкесінің аты ғана емес, туған жылы да көрсетілетіндіктен, сіздің кодыңыз бен басқа бір адамның кодының сәйкес келуі, іс жүзінде, мүмкін емес.

Сіз кәсіпорында жұмыс істесеңіз, сізге  ӘЖ Кодты өзіңіздің кәсіпорыныңыздың бухгалтериясы алып беруі тиіс. Сонымен  қатар бухгалтерия сізге Әлеуметтік жеке код берілгендігі туралы куәлік те береді. Егер жеке бизнеспен айналыссаңыз, басқаша айтқанда, өз ісіңіз болса, онда ӘЖК өзіңіз Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) аудандық (қалалық) бөлімшесінен аласыз.

Жұмыс орны өзгертсе жаңа жұмыс орнында  жаңа ӘЖК алудың керегі жоқ. ӘЖК берілгені жөніндегі куәлігін жаңа жұмыс орнының бухгалтериясына көрсету жеткілікті.

Егер салымшыда  екі әлеуметтік код бар болса, онда оларда қате бар деген сөз. ӘЖК-ты түзету үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталықтың аудандық немесе қалалық бөлімшесіне немесе жинақтаушы зейнетақы қорына хабарласуыңыз қажет, ол жерде арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы ӘЖК берілгені туралы куәліктегі қатені тауып, түзетеді. Әрбір салымшының тек қана бір әлеуметтік жеке коды болуы қажет.

Әлеуметтік  жеке код алғаннан кейін өзіңіз жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап, онымен шарт жасасасыз. Жинақтаушы зейнетақы қорын дұрыс таңдау үшін, ең алдымен, сіздің қандай жинақтаушы қорға, мемлекеттік немесе жекеменшік қорға ақшаңызды аударғыңыз келетінін анықтауыңыз керек. Одан бөлек, сіздің қор таңдауыңызға мына секілді маңызды факторлар да өз әсерін тигізуі мүмкін, оларды анықтауға төменде ұсынылған сұрақтардың жауаптары көмектеседі:

Қордың  тұрақтылығы мен оның қызметкерлерінің біліктілігі:

Зейнетақы қорының  қүрылтайшысы кім? Зейнетақы қорының жұмыс тәжірибесі қандай? Ол қай кезден бері жұмыс істеуде, және оған осы кезге дейін қанша салымшы қосылды? Қордың кадрлар құрамы қандай? Қордың зейнетақы активтерін қандай ұйым басқарады? (Бұны білу маңызды, себебі, осы ұйым сіздің ақшаларыңызды инвестицияға түсіруге шешім қабылдайды). Осы қор үшін қандай банк кастодиан болып табылады? (Бұл банк сіздің жинақтарыңыздың сақталуына тікелей жауап береді).

Қор жұмысы:

Зейнетақы қорындағы қазіргі бар қаржылар инвестицияға қалай түсірілді? Салымшылардың қандай инвестициялық табыстары бар?

Қордың басты критерилерінің бірі – оның акционерлері. Олар таралу  қаупінде  барлық шығында мойнымен көтеретін  мықты қаржы институттары болуы тиіс. Әрбір акционер осындай  қаржыландыруды жүзеге асыра алу қажет. Сондай-ақ, Қордың  ішкі стандартты  процедурасына оның инвестициялық стратегиясы қаншалықты агрессивті немесе консервативті екеніне назар аудару қажет.

Саяси тазалығы (аффилирділіг) маңызды роль  атқарады. Зейнетақы  қорларының менеджерлері тек қана акционерлерінің мүддесі емес, салымшылардың да мүддесіне қызмет етуі тиіс. Ашып айтқанда өзінің акционерлеріне бағалы  қағаздарды сатып алуға ғана емес ,  аз тәуекел мен мол табыс алып келетін құрал түрін сатып алуы қажет.

Әртүрлі қорлар инвестициялауды әрқалай жүргізеді, сондықтан да олардың салымшыларының инвестициялық табыстары да әрқилы. Дегенмен, есіңізде болсын, егер қордың бұрынғы инвестициялық табысы өте жоғары болғанымен, болашақта оның осы жоғары деңгейде қалуына ешқандай кепілдік жоқ. Және, керісінше, өткендегі төмен көрсеткіш, алда да сондай төмен бола беретіндігін білдірмейді. Осылайша, әрқашан тек қордың табысын нысанаға алуға болмайды. Дұрысы, оның инвестициялық портфеліне қарап, зейнетақы төлемдерінің қандай құнды қағаздарға, қандай шарттармен және қанша процентке инвестицияланғанын білу. Зейнетақы төлемдерін табыстары жоғары, орташа және төмен әртүрлі құнды қағаздарға орналастырған қор ең үлкен сенім тудырады.

Одан  басқа, жинақтаушы зейнетақы қорының  қандай компьютерлік бағдарламаларды  пайдаланатынына қарап, олардың техникалық жарақталуын білуге болады (компьютер модельдері, сервердің бар-жоғы). Осының бәрі сізге зейнетақы жарналарының түскендігі жайлы ақпараттардың қаншалық дұрыс өңделгенін, инвестициялық табысты, көлемдерді және т.с.с. білуге көмектеседі.

Осы сұрақтардың бірқатарына жауапты  сіз ең алдымен қордың міндетті түрде жыл сайын баспасөзде жарияланатын есептерінен, сол сияқты, қордың жарнамалық материалдарынан біле аласыз. Баспасөз беттерінде ("Жетісу", "Жас Алаш", "Егемен Қазақстан", "Панорама", "Рынок ценных бумаг", "Деловая неделя", "Казахстанская правда") жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық есебін табуға болады. Осы есептерді салыстырып, қай қордың жақсы екендігі туралы шешім шығару қиын емес.

Одан бөлек, сізге қордың өкілімен, немесе, агентімен сөйлесу қажет болады. Сіз агенттің осы қордың өкілетті өкілі екендігін тікелей қордан немесе агенттен қордың немесе оның бөлімшесінің басқарушы директоры қол қойған сенім-куәлігін көрсетуін сұрап, біле аласыз; сенім-куәлікте мөр, куәліктің нөмірі, оның берілген уақыты мен қай кезге дейін жарамды екендігі көрсетілуі тиіс. Қордың сізге ең толық мәліметті беруге дайын екендігі оның жұмысының мөлдірлігін, ашықтығын, және адалдығын көрсетеді.

Қордың репутациясы, оның нарықтағы  жұмысының тарихи картинасының келбеті өте маңызды. Жұмысы жақсы жүріп тұрған қорлардың өзінің  дұрыс саясат жүргізуіне көңіл бөлу қажет. Қорды таңдау кезіндегі маңызды критери жұмыс берушінің белгілі бір қорды таңдауға көрсеткен қысымы емес, салымшының өз көзқарасы мен қалауын ескерген жөн.

Сонымен, сіз өзіңіздің  жинақтарыңызды салғыңыз келетін қор таңдадыңыз. Қор мен өзіңіздің қарым-қатынасыңызды ресми тіркеу үшін, сізге зейнетақылық келісім-шартқа қол қою керек. Қазақстан Республикасының 18-ге толған және табыс табатын әрбір азаматы қор салымшысы бола алады. Келісім-шарт жасасу үшін  қор менеджерлеріне хабарласу керек немесе қорға келу қажет. Келісім-шарт үш данада қазақ немесе орысында тілдерде толтырылады, әрқайсысының бірдей заңды күшті болады. Келісім-шарттардың бір бланкісі қорда сақталады, екінші данасы жұмыс орнына беріледі, үшіншісі салымшыда қалады. Егер салымшы бірнеше жерде жұмыс істейтін болса, әр жұмыс орнының бухгалтериясына келісім-шарттің көшірмесін тапсырады. Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін салымшыға есеп кітапшасы беріледі, онда салымшының жеке зейнетақылық шотындағы есептелген инвестициялық табыс пен түскен зейнетақылық жарналар туралы мәліметтер жазылады5.

Келісім-шартқа өзгертулер (мекенжай, жұмыс орыны, жеке куәлік және т.б.) еңгізу керек болған кезде салымшылар сәйкес №7 формалы құжат толтырады.

Салымшының  зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы  есеп-шотына түсе бастағаннан кейін, міндетті түрде, зейнетақы жинақтарының жағдайын қадағалаған жөн. Жеке есеп-шоттың көшірмелерінде көрсетілген мәліметтерді мұқият тексеру керек. Қор мұндай көшірмені салымшының жұмысына немесе үйіне кемінде жылына бір рет, тегін жіберіп отыруы тиіс. Көшірмеде салымшының барлық жарналары, есптелінеген инвестициялық табысы, сол сияқты, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы көрсетіледі. Одан бөлек, салымшының сұрауы бойынша, шамалы ақыға, қордағы өзінің жеке зейнетақы есеп-шотының жағдайы туралы мәлімет алуыға болады. Ақының көлемі қордың көшірме беруге жұмсаған шығынынан аспауы қажет.

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің тағы бір жетіспеушілігі – бұл    ЖЗҚ-лар арасындағы салымшылардың ағымын қадағалау механизмінің болмауы.

"Қазақстан Республикасында  зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес әрбір салымшы  міндетті зейнетақы жарнасын  тек бір ғана жинақтаушы зейнетақы  қорына аударуы қажет. Бірақ іс жүзінде қалыптасып отырған жағдай өзгеше. Бір адамда бірнеше зейнетақы қорында есеп шот ашылған, тіпті онымен келісім-шарты жоқ болса да жұмыс беруші өзінің қалаған қорына міндетті жарналарын аударған. Яғни, заңға қайшы болса да, жұмыс беруші өз жұмыскерлерін күштеп белгілі бір қорға аударады. Оның бірнеше себептері бар: салымшы бірнеше жұмыс орнында жұмыс істеп, әр жұмыс орны әр қорға аударуы; кәсіпорын, фирма басшыларының жеке мүдделері (пара, сыйлықтар беру, сыбайлас-жемқорлық); корпоративтік мүдделер (мысалы, қор акционерлерінің жұмыскерлері көп жағдайда сол қордың салымшылары болып табылады); бухгалтерлердің әр қорға жеке төлем-тапсырысын жасағылары келмеуі т.б.

Салымшының  міндетті зейнетақы жарналары әр түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын болса, болашақта зейнетақы алу кезінде қиындықтар тууы мүмкін. Сондықтан да барлық жинақтарды бір қорға жинақтауға салымшының өзі де мүдделі. Егер де мұндай жағдай қалыптасқан болса, жұмыскер барлық жұмыс берушілеріне өзі таңдаған бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының реквизиттерін беруіп, сол қорға басқа қорлардағы жинақтарын аудару туралы өтініш жазуы керек.

Осы проблеманы шешу үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Өйткені бұл орталық арқылы барлық зейнетақы жарналары өтеді. Ол төлем-тапсырысында көрсетілген салымшылардың ӘЖК-ларының дұрыстығын тексеріп, сәйкес ЖЗҚ-ға қаражаттарды аударады. Демек бұл орталықта кім, қай қордың салымшысы екендігі туралы мәлімет бар. Олай болса, жұмыс орнының бухгалтериясы төлем-тапсырысында салымшы қай қордан екендігі туралы мәліметтерді көрсетпей-ақ жіберуіне болады. Ал, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық түскен жарналарды қолда бар мәліметтерге сүйеніп, сәйкес қорға аударуға мүмкіншілігі бар. Сонда жұмыс беруші салымшының таңдаған қорын білмей, оған әсер ете алмайтын еді. Сонымен қатар, бір салымшыда бірнеше қорда есеп шот ашылу мәселесін жойюға болады.

Зейнетақы активтерін инестициялаудағы негізгі проблемаларының  бірі - Қазақстанның қор нарығындағы қаржы құралдарының жетіспеушілігі мен олардың сапасының төмендігі. Зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылатын ел экономикасның нақта секторын қаржыландыру механизмі дұрыс жүзеге аспай отыр.

Қазақстандағы жинақтаушы зйнетақы жүйесінің 2003 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі 281,1 млрд теңгеге құраған және бұл көсеткіш күн сайын үлкен қарқынмен өсіп келуде. Осы тұста, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық  портфелінің 85%-ға жуығы ҚР-ның мемлекеттік  бағалы қағаздарына салынып, инвестициялық портфельдің диверсификациясын жасау мүмкін емес болып отыр. Сондықтан бізде ҚР-ның Қаржы Министрлігі деген үлкен инвестициялық қатер пайда болды. Егер болашақта Ресейдегідей Қаржы Министрлігі өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмай қалса, зейнетақы активтері бір мезетте жоғалып кетуі мүмкін.

Зейнетақы активтерінің табысты критериі өте маңызды , бірақ ол қазіргі кезде барлық уақытта объективті емес. Қазақстанда зейнетақы активтері мен құралдарына нарықтық баға жоқ және  көптеген зейнетақы қорлары осы жағдайды асыра пайдаланады. Бүгінгі таңда қордан бағалы қағаздарды сатуға, пайдасын көруге, бекітуге және өте жоғары көрсеткішті көрсетуге болады , ал екі-үш айдан соң  құлдырауға кетіп, одан қайта бой көтеру өте қиынға түсуі мүмкін.

Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде