Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:35, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі.

Работа содержит 1 файл

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ.doc

— 669.50 Кб (Скачать)

Сондай-ақ, мынандай халықаралық қаржы ұйымдардың құнды қағаздарына инвестицияланады:

  • Халықаралық қайта құру және даму банкі;
  • Европа қайта құру және даму банкі;
  • Америкааралық даму банкі;
  • Халықаралық есеп айырысу банкі;
  • Азия даму банкі;
  • Африка даму банкі;
  • Халықаралық қаржы корпорациясы;
  • Ислам даму банкі.

Белгіленген нормативтер  салымшылардың жинақтарын қорғау және олардың берік сақталуын қамтамасыз етіу мақсатымен еңгізілген. Қаржы  нарығында қатер мен табыстылық арасындағы өзара қатынас туралы бұлжытпай орындалатын ереже бар - салыну қатері аз болса, соғүрлым алынатын табыс аз болады. Осыған байланысты қорлардың портфельдеріне едөуір қатерлі, бірақ салыстырмалы үлкен табысты қаржы инструменттері енгізіледі: корпоративті бағалы қағаздар және жеке банктердің депозитті сертификаттары. Бұл қаржы инструменттерінің ішінде айтарлықтай қатердің азаюы үшін қосымша диверсификация ескертіледі. Мысалы, іс жүзіндегі нормативке сейкес ЗАБҰ жалпы зейнетақы активтерінің шамасынан 5 пайызынан артық емес бөлігі бір өнеркәсіп акцияларына немесе бір банктің депозитіне 10 проценттен артық емес қор активтерін сала алады. Банктердің біреуі банкрот болып қалса, немесе портфеліне кіретін акциялардың нарықтық бағасы күрт төмендесе, жалпы алғанда қорлардың зейнетақы активтерінде мардымсыз ықпал етіледі, өйткені қаржы әртүрлі компаниялардың бағалы қағаздарына және бірнеше банктерге таралады. Айтарлықтай сапалы қызмет көрсете алмаған зейнетақы активтерін басақарушы компанияға қатал меншіктік жауапкершілік ескертіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар жөніндегі департаменті әр ай сайын республикамыздағы барлық компанияларының алатын орташа табыстылығын есептеп отырады. Егер бір ЗАБҰ белгілнеген шектен тыс, орташа шамадан төмен зейнетақы активтері бойынша табыстылық алса, онда бұл ұйым өз капиталының есебінен зейнетақы активтерінің пайдасына салымшының толық ала алмаған инвестициялық табысын өтеуі керек.

Шығындардың тәуекелін  төмендету мақсатында зейнетақылық активтерді орналастыру талаптары барлықтарына міндетті етіп, ҚРҰБ-нің құнды қағаздар жөніндегі департаменті зейнетақы қоры активтерінің инвестицияға түсу тәртіптерін белгілейтін нұсқаулар қабылдады. Бұл құралдар Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен жеке қорлар үшін әрқилы.

Бүгінгі күні мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін зейнетақы активтерін инвестициялаудың келесі нормалары белгіленген:

 

  • мемлекеттік бағалы қағаздарға 35%  кем болмауы керек;

  • депозиттерге және екінші деңгейдегі банкілерінің депозиттық сертификаттарына  10%-дан көп емес;
  • халықаралық қаражаттық ұйымдардың бағалы қағаздарына 10%-дан көп емес;
  • ҚР-ның жергілікті атқару органдарының бағалы қағаздарына   5%-дан көп емес;
  • Қазақстан қор биржаның «А» листингіне жататын кәсіпорындардың акцияларына  50%-дан көп емес;
  • ипотекалық облигацияларға 10%-дан көп емес;
  • шетел эмитенттердің бағалы қағаздарына 20%-дан көп емес;
  • Қазақстан Даму Банкінің облигацияларына 10%-дан көп емес.
  •  

    "А" дәрежелі  акциялар мен облигациялар халықаралық бухгалтерлік үлгілерге сәйкес келеді, жүйелі түрде бухгалтерлік есеп бойынша жалпыға танымал фирманың аудиторлық тексеруінен өтеді, және ең төменгі мөлшердегі капитал жөніндегі талаптарға сәйкес келеді.


    Осылайша, зейнетақы қорларына өз қаржыларын шағын немесе қаржылық есептері тиісті дәрежеде дайындалмаған компаниялардың акциялары мен облигацияларына инвестиция салуға рұқсат берілмейді.

    Осыдан келесі қорытынды шығаруға болады болады, зейнетақы активтерінің инфляциялық  процестерден аман сақтауды қамсыз ету  үшін, қорлардың зейнетақылық активтерінің негізгі бөлігі (70-80%) валюталық қаражат құралдарына жұмсалады. (Қосымшалар № 7)

    Зейнетақы жүйесі қалыптасқаннан бері қол жеткен инвестициялық  табыс  83 млрд тенгеге жетіп, жалпы  жинақ сомасының 29,8% құрады4.

    Үстіміздегі жылдың 1 наурыздағы мәліметтер бойынша  мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық  портфелінің 35%-ға жуығы ҚР  мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентіне тапсырылды. Оның құрылымы:

    - ҚР қаржы министрлігінің  мемлекеттік кағаздары 48,57 %. Ұлттық  банктің қысқа мерзімді нотасы 8,69 %, ҚР жергілікті атқару органдарының бағалы қағаздары 0,54%, шет мемлекеттердің бағалы қағаздары 3,17%, халықаралық ұйымдардың бағалы қағаздары 2,50%, отандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 24,35%, банк депозиттері 8,92%.

    Алушыға жинақталған  зейнетақы қаражаттарынан зейнетақы  төлемдерін төлеу жыл сайын өсіп келеді. ЖЗҚ 5,5 жыл ішінде салымшыларға 15,4 млрд. теңге төленді, оның ішінде 57% - Қазақстан аумағынан сырт жерлерге кеткендерге, 34% зейнетақы жасына жеткендерге  берілді.

    «ҰларҮміт»  жинақтаушы зейнетақы қоры » жабық  акционерлік коғамының негізгі  көрсеткіштері

    Қазақстанның  тұрақты түрде өсіп келе жатқан зейнетақы  жүйесінің арасында зейнетақы қорлары  қатарында ең жоғары 440 млн. теңге  жарғылық қорға ие «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры » бар.

    Бірігу сәтінен  бастап  зейнетақы активтерінің көлемі 30 млрд. теңгеге өсті. 2003 жылдың 1 – наурызында зейнетақы активтерінің сомасы  47,09 млрд. теңгеге жетіп, өткен  жылмен салыстырғанда 47%ға өскен. Бұл  МЖЗҚ-ның жиынтық активтерінің  60,8% құрайды. Бір салымшыға шаққанда орта есеппен 57 142 теңгеден келеді.

    Салымшылардың жалпы  саны 824132 адам. Қор зейнетақы жинақтарын төлеу аптасайынғы тәртіппен  жүргізіледі. Ол үшін арнайы Қор комиссиясы жиналады. Қор қызмет атқарған 5,5 жыл ішінде төленген зейнетақы сомасы 2,3 млрд. теңге құрайды.

    Ұлттық Банктің бағалы қағаздар нарығын реттеу Департаментінің 01.01.2003 жылдағы мәліметі бойынша  зейнетақы активтерінің   жылдық табыс көрсеткішінің өсуі  42,46 % құрады. Зейнетақы есеп шоттарына түскен жалпы инвестициялық табыс 10,6 млрд теңге құрайды. (Қосымша № 8)

    «ҰларҮміт» Қоры  салымшылардың  зейнетақы жинақтарын инфлияция  құлдырауынан  сақтау мақсатында инвестициялық  саясат жүргізеді. Бүгінгі таңда  инвестициялық портфельдің 80 %-ға жуығы шет  ел валютасына бағаланған  бағалы қағаздардан тұрады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздардың 36,85 -%  Евробонд құрайды, егер А листингіне енгізілген  эмитент облигациялары  қарасақ,  бұл жерде   «Казтрансойл»  ААҚ,  «Казтелеком»  ААҚ , «Қаражанбасмұнай»  ААҚ, «Алматықұс» ААҚ  компанияларының бағалы қағаздары қатысады. Шетел эмитенттерінің бағалы қағаздар тізімін  ірі шетелдік компаниялар жалғастырады.

    Кесте №8

    «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының 

    инвестициялық портфелі*

    Инвестиция  құралдары

    сомасы

    %

    1

    Мемлекеттік бағалы қағаздар

    1734802203

    37,48

    2

    Халықаралық қаржы  ұйымдарының бағалы қағаздары

    2005453

    4,88

    3

    А листингіне енгізілген  эмитент акциялары

    1758518

    3,77

    4

    А листингіне енгізілген  эмитент облигациялары

    15169070

    25,14

    5

    ҚР жергілікті атқарушы орындардың бағалы қағаздары

    340603

    0,73

    6

    Екінші деңгейдегі банктердің депозиттері және депозиттік сертификаттары

    2502647

    5,37

    7

    Шетелдік эмитенттердің  бағалы қағаздары

    7243517

    15,9

    8

    Қазақстанныңдаму Банкінің облигациялары

    3489970

    7,54

     

    Барлығы

    46286078

    100,00


    *2002 жылға арналған «ҰларҮміт» ЖЗҚ-ның жылдық есеп беруі

     

    Қаржы тарту көлемінің  өсуі ел экономикасының өсуіне жағдай жасады. Мысалы, “Сеймар” корпорациясының, “Алматықұс” ААҚ-ның, Бастыс Қазақстандағы  бірнеше мұнай компанияларының  құнды қағаздарына зейнетақы активтерін салу арқылы, олардың экономикалық жағдайы жақсарып, өндіріс қабілеттілігін кеңейтуге мүмкіндік алды.

     «ҰларҮміт»  ЖЗҚ ЖАҚ экономикалық жағдайы  қордың әр жыл сайын зейнетақы  нарығындағы  бағытын нығайтуға,  анағұрлым жоғарғы көрсеткіштерге  қол жеткізуге мүмкіндік береді. (Қосымшалар № 9)

    Қазіргі уақытта әлеуметтік маңыз ала бастаған  ерікті зейнетақы  жарналарын тартуға дайындық жұмыстары  жүргізілуде. Кәсіпорындар таза пайда  есебінен өзінің қызметкерлерінің пайдасына  аударып отырған зейнетақы жарналары  өндіріс озаттары үшін тек ғана ынталандыру ғана емес, тәуекелділігі жоғары, зиянды өндіріс жұмысшылары мен мамандық иелеріне қосымша өтемақы болып табылады. Мысалға Қордың жұмысына сеніп, өзінің қызметкерлеріне ерікті зейнетақы жарналарын аккумилициялап, инвестициялаған еліміздің ең ірі телекоммуникация жүйесін алуға болады. Осылайша олар жұмысшыларының әлеуметтік проблемасын шешті және кәсіпорынның болашағы үшін жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға сыйлықақы берудің жаңа жүйесін іске қосты.

    Мұнан басқа әрбір адам өз қалауынша 3-ші адамның пайдасына, зейнетақы жасына  жақындап қалған немесе зейнетақы жасындағы әке-шешесіне  ерікті зейнетақы жарнасын аударуға шарт жасауға болады.  Соңғы екі жылда ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасағандардың өскені байқалады. Бүгінгі таңда олардың жалпы саны 25265 адам құрайды, олардың 3663-і “ҰларҮміт” қорында. Қор аймақтық жүйеге ие және ол республиканың барлық аймағына тартылған. Аймақтық ерекшеліктерді және клиенттеріміздің қажеттілктерін ескере отырып филиалды жүйелерді дамытуға  және  нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

    Қызмет көрсетудің ашықтығы, корпаративті мәдениеттілігі кәсіби қызметіміздің  және «ҰларҮміт» зейнетақы қорының  іскерлік репутациясының негізі. «ҰларҮміт  » зейнетақы қоры қызмет көрсететін  әрбір клиентке  жеке көзқарасты қалыптастыра отырып  бизнестің  тұрақты дамуына негіз қалайды, соның нәтижесінде қордың қызмет көрсету  аясы кеңітілді:

    • Салымшының қалаған уақытында зейнетақы шартын жасап, салымшының есеп кітапшасын рәсімдей алады.
    • Әлеуметті жеке  код  (ӘЖҚ)  құжаттарын ресімдеуге көмектеседі.
    • Салымшының өтініші бойынша зейнетақы қаражаттарын басқа зейнетақы қорынан аударуды жүзеге асырады.
    • Кез-келген уақытта зейнетақы жарналарын аударатын кәсіпорындардың бухгалтерияларымен жан-жақты салыстыру жүргізеді.
    • Күн сайын салымшының  жеке қаражатына инвестициялық табысты есептейді.
    • Міндетті зейнетақы жарналарын аудару бойынша Қор мамандары әзірлеген арнайы компьютерлік бағдарламалар өнімін орнатып береді.
    • Кәсіпорындар мен ұйымдарға техникалық қолдау көрсетеді.
    • Салымшыға жеке зейнетақы есебінің жағдайы туралы толық ақпаратты ұсынады.
    • Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету саласында  үлкен тәжірибеге ие мамандар  ақыл-кеңес береді.

    Қордың  ең маңызды  стратегияларының  бірі сенімді  шет ел технологиясын Қазақстан жағдайына бейімдеу. Сол сияқты Қор қазіргі уақытта  әлемдегі белгігі компаниялар SUH MICPOSISTEMS  және ORACLE компанияларының  ақпараттық технологиялар жүйесін енгізуде.

    «ҰларҮміт» зейнетақы  қорының стратегиялық даму бағдарламасында  қазіргі заманғы қажеттіліктерге жауап беретін жаңа сервиз түрлері ойлап табуға және  жаңа технологиялардың аяғына тік тұруына көп көңіл бөледі. Мысалы, егер сіз «Казкоммерцбанктің» пластикалық картасына ие болсаңыз интернеттегі www: Home-Bank .kz   сайты арқылы сіз кез-келген уақытта сіздің картаңыздағы және сіздің есебіңіздегі қаржыңыздың, сондай-ақ жеке зейнетақы есебіңіздің жағдайын біле аласыз, және операцияларға талдау жасау үшін басып  қағазға басып шығаруға болады. Үйіңізден шықпай-ақ  К*CeII, Алтел, Алматытелеком, АлмаТВ, коммунальдік провайдерлермен есеп  айырысуға болады. OnIine  ID  қолдану арқылы  сіздің картаңыздағы қозғалыс жүйесі туралы хабарлама ала аласыз. Бұл үшін www: Home-Bank.kz сайтында тіркелу керек. Өз бетінше тіркелу үшін  «Казкоммерцбанк» ААҚ шығарған  қолданыста жүрген пластикалық карточкаға ие болып, оған жол ашатын код сөзін білуіңіз қажет. Сонымен қатар, Қор жөніндегі барлық мәліметтерді, соңғы жаңалықтарды интернеттегі www: ularumit.kz сайтынан оқып білу мүмкіндігі бар. Және осы сайтта салымшылар өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жазуларына болады.

    «ҰларҮміт» қорының  салымшылар қатарында мемлекеттік  құрылымдар, сондай-ақ, Қазақстан нарығындағы  атақты ұйымдар кірді, солардың қатарында:

    Қаржы министрлігінің қазынашылдығы, Мемлекеттік кіріс минисирлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақсан Ұлттық Банкі, “Қазқорғасын” ЖАҚ, “Шымкентнефттеосинтез” ЖАҚ, “АПК” ЖАҚ, “ЭЙР Қазақстан” ЖАҚ, “Фудмастер” компаниясы, “Казфосфат” ЖАҚ, “РАХАТ” АҚ, “Ақбақай” ГОК, “Богатыр Аксес комир” ЖШС, “КЕГОК” ААҚ, “Арай” ЖАҚ, “Имсталькон” ААҚ, “Казтелеком” ААҚ және басқалар.

    «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының бүкіл Қазақстан  бойынша 15 филиалы, 4 бас өкілдігі және 127 агенттік пункттері бар.

     «ҰларҮміт»ЖЗҚ» ЖАҚ-ның   филиалдары: Алматы, Ақтөбе, Астана, Көкшетау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Петропавл, Тараз, Орал, Ақсай, Өскемен, Шымкент қалаларында орналасқан.

     

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ  ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

     

    3.1. Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің проблемалары мен

    оларды шешу жолдары

     

    Зейнетақы реформасының жұмыс істеген бес жарым жыл  ішінде зейнетақы қорлары айтарықтай нәтижелерге қол жеткізді, бірақ  әлі шемімін таппай жатқан проблемалар  бар. Солардың негізгілеріне тоқталып, талдау жасайық.

    Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде