Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:35, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді.
Осындай маңызды реформалардың бірі – зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі.

Работа содержит 1 файл

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ.doc

— 669.50 Кб (Скачать)

-Алушының зейнетақы  жинақтары мен оған жасалған  төлемдердің  жеке есебін жүргізуге;

-Алушының зейнетақы қорына  инвестициялық табысты аудару  арқылы зейнетақы  активтерін  басқару жөніндегі компаниямен  зейнетақы активтерін басқаруға шарт жасауға;

-Зейнетақы активтерін жинақтаушы  зейнетақы қорының бухгалтерлік  балансына заңды тұлға ретінде  қарастырмауға;

-Салымшы мен Алушының кез-келген  талабы бойынша зейнетақы жинақтары  бойынша  шынайы ақпарат беруге;

-Алушының зейнетақы жинақтары  туралы ақпараттың  құпиялылығын  сақтауға;

-Алушы зейнетақы жасына жеткен  жағдайда  Қазақстан Республикасы  заңдылықтарында көзделген өзге  жағдайларда зейнетақы төлеуге;

-осы Шарт бұзылса немесе  күшін жойса заңда көзделген тәртіп негізінде Алушының зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы қорларына ауыстыруға немесе оның көрсетуі бойынша өзіне беруге;

-Алушының зейнетақы жинақтарының  бір бөліген мұрагерлікке қалдыру  өсиетінің орындалуы немесе зейнетақы  жинақтарының мұрагерлікке қалдыру туралы өсиет болмаған жағдайда  Қазақстан Республикасы заңдылықтарын басшылыққа алу;

-Жылдық қаржы есептерінің мәліметтері   бойынша өз қызметіне  кем  дегенде жылына бір рет   аудиторлық тексеру жүргізуге:

-Қазақстан Республикасы заңдылықтарында көзделгендей Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда жауапкершілікті өз мойнымен көтеруге;

- Қазақстан Республикасы заңдылықтарында  көзделген өзге міндеттерді де  орындауға міндетті.

Қордың  құқықтары:

-заңда белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасының 1%, инвестициялық табыстардың 10 %- мөлшерінде  комиссиондық сыйақы  алуға;

-Салымшының зейнетақы жарналары  бойынша  салық органдарына  жүгінуге құқы бар.

Зейнетақы жарналарын  енгізу  тәртібі мен шарттары

Зейнетақы жарналарын енгізу тәртібі мен шарттары  Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітіледі. Алушы зейнет жасына жеткен кезде немесе Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген өзге жағдайларда Қор Қазақстан Республикасы заңдарында анықталған тәртіпке сай Алушыға зейнетақы төлемін төлейді. Мұндай жағдайда Алушы Зейнет жасына  жетуіне бір ай қалғанда қажетті құжаттарды ұсына отырып, күнін көрсетіп өтініш жазады. Қор Өтініш беріліп, қажетті құжаттар пакеті тапсырылғаннан кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде  эейнетақы төлемдерін төлеу үшін қажетті құжаттарды дайындайды.

Зейнет жасына жеткенде, мүгедектігіне  немесе Қазақстан Республикасы заңдылықтарында  көзделген өзге жағдайларда зейнетақы  төлеу Қазақстан Республикасы үкіметі  қаулысымен бекітілген мерзімге сәйкес бір мезгілде немесе  алушының өтініші бойынша жүргізіледі.

Атқарушы орындардың  сот шешімдері, үкімдері мен қаулылары негізінде  зейнетақы төлемдерінен (мүліктік өндіріп  алу) ұстап қалуы мүмкін. Зейнетақы  төлемдерінін ұстап қалу есептелген төлем сомасынан жүреді. Есептелген төлем сомасының 50 %-тен аса мөлшерін ұстап қалуға болмайды.

Қордан зейнетақы  төлемдерін төлеу тәртібі

Қордан зейнетақы төлемдерін төлеу Шартқа  сәйкес Алушының қалауы бойынша екі түрде жүзеге асады. Біріншісі Қордан жүргізіледі:

-Алушының Қордағы  жеке зейнетақы шотынан қызмет көрсететін банктегі дербес шотына аудару арқылы  төлейді;

-Қор Алушының нотариальді куәландырылған  сенімхаты арқылы Алушының өзіне  төлейді.

Екіншісі, Қордағы жинақтарды сақтандыру компанияларына аударып, өмірлік аннуитет сатып алу арқылы.

Алушы қайтыс болған жағдайда Қор Алушыны жерлеуді ұйымдастырған оның жанұясына жеке зейнетақы шотындағы жинақталған қаржыдан көп емес,  15 айлық көрсеткіші көлемінде біржолға төлем төлейді. Осы арқылы мұраға қалдырылған зейнетақы қаражаты жерлеуге берілген біржолғы төлемді алып тастағандағы  сомаға тең болады. Қор Алушы қайтыс болғанда оның жинақталған зейнетақы қаражатын Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес оның мұрагеріне төлейеді. Қор Алушысы болып табылатын   зейнетақы жинақтарының  мұрагері өзіне қалған мұраны ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету шарты бойынша өзінің жеке зейнетақы шотына аударуға құқы бар. Егер жинақталған зейнетақы қаражатының мұрагерлері Қазақстан Республикасынан тысқары аумаққа көшіп кетуге жиналса, Қор шарттың күші  жойылғанға дейін Алушының қаржысы есебінен жинақталған зейнетақы қаражатын аудару операциясын жүзеге асырады.

Алушы мүгедек болып  қалса ерікті жинақтаушы зейнетақы  қорларынан зейнетақы төлеу Қазақстан  Республикасы үкіметі бекіткен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеу тәртібімен  жүргізіледі.

Қолданыста жүрген Қазақстан  Республикасы заңдылықтарына сәйкес Алушыға  және оның мұрагеріне төленетін зейнетақы  төлемдеріне салық салынады.

Салымшы / Алушының жинақталған зейнетақы қаражаты туралы хабарлау

Қор Алушыны  жылдың 1-қаңтарындағы  зейнетақы қаражатының жағдайы  туралы өз есебінен жазбаша түрде  хабарлап тұрады.

Зейнетақы жинағы дегеніміз - Алушының  зейнетақы қорындағы  міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, сондай – ақ зейнетақы шоттарында Қордың инвестициялық қызметі нәтижесінде пайда болған инвестициялық табыстары.

Салымшы мен Алушының кез-келген талабы бойынша  жинақталған  зейнетақы жинағы туралы ақпаратты  Қор өз есебінен, Салымшының есеп кітапшасына  белгі қоя отырып ұсынады. Жинақталған зейнетақы туралы қосымша ақпарат Салымшы мен Алушының  талабы  бойынша бірнеше рет, жинақталған зейнетақы қаражатына  басқа жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстырған кезде ақылы негізде берілуі мүмкін. Төлемақы көлемі берілген ақпаратқа жұмсалған шығыннан аспауы тиіс.

Қор Салымшы мен Алушыны  алдағы болатын қор жұмысын тоқтату  туралы   қайта құруға рұхсат беретін  өкілетті ұйымдардың рұхсатын алғаннан кейін екі апта ішінде,   ал жою туралы  – 10 күн мерзімінде  жазбаша түрде немесе Республикалық  баспасөз құралдары арқылы хабарлайды.

Қордағы зейнетақы  қаражатын басқа зейнетақы жинақтаушы қорларына аударудың шарттары

Қор жылына екі рет  Қордан өзінің жинақталған зейнетақы  қаражаттарын басқа жинақтаушы зейнетақы  қаражаттарына аударуға құқылы. Алушы  жинақталған зейнетақы қаражаттары басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына ауыстырылатын жағдайда жеке әлеуметтік кодын, жеке зейнетақы шотының номерін сондай-ақ зейнетақы қаражаты аударылатын қордың деректемелерін көрсетіп өтініш жазу керек.

Жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына ауыстыру кезінде  соңғы күнге есептелген инвестициялық табыс аударуға жұмсалған нақты шығыннан аспайтын мөлшерде Салымшының есебінін ұсталады және басқа зейнетақы қорына ауыстыруға жазылған арыз тіркелген күннен бастап  1- ай мерзімінде аударылады.  Қор зейнетақы жинақтарын басқа Қорға ауыстыру кезінде  Салымшының Есеп кітапшасына қажетті белгіні қояды.

Қор қайта құрылу немесе жұмысына тоқтатын кезде зейнетақы  жинақтарын аудару «Жинақтаушы  зейнетақы  қорларының қайта құру және жою тәртібі туралы» Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Тараптардың жауапкершілігі

Қабылдаған міндеттерді  орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін тараптар  Шартта және Қазақстан  республикасында қолданылып жүрген заңдарда көрсетілген тәртіппен жауап береді. Қор Салымшы мен Алушы алдында тек ғана жеке мүліктері үшін ғана жауап береді. Салымшы мен Алушы Қордың міндеттемелері үшін, сол сияқты Қор Алушы мен Салымшының міндеттемелері үшін жауап бермейді. Қор қызметкерлерінің басшылары Салымшы мен Алушылар  алдында  Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жауап береді.

Алушының зейнетақы  қаражатының құпиялылығы сақталмаса, құпиялылық талабының сақталмауы басшының немесе Қор қызметкерінің кінәсінен  екендігі дәлелденсе Қор Қазақстан  заңдылықтарында көрсетілген тәртіппен жауап береді.

Зейнетақы төлейтін мерзім (зейнетақы жинақтарын беру немесе аудару) өтіп кетсе Қор Алушыға  төлем (аударым) сомасының әрбір  кешіктірілген күні үшін 0,01 %- көлемінде  айыппұл төлейді. Айыппұл төлеу  зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша алған міндеттерінен босатпайды. Алушының  ақпарат алуына негізсіз қарсылық білдірсе Қор айыппұл төлеу кезінде  заң актілерінде бекітілген әр қарсылық білдіргені үшін  0,5 есептік көрсеткіш шамасында айыппұл төлейді.

Егер алушы Қордың міндеттемелерін орындауға тікелей қатысты мәліметтерді дер кезінде ұсынбаса немесе мүлдем ұсынбаса Қор Салымшы алдында міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін   жауапкершілікті мойнына алмайды. Тараптардың міндеттерін орындауға кедергі болған  соғыс, зілзала апаттары және басқа да төтенше  немесе алдын алуға болмайтын жағдайлар  болып  табылатын төтенше жағдайларда  және  тараптарға байланысты  емес жағдайларда олар жауапкершіліктен босатылады. Тараптар осындай жағдайлар аяқталғанға дейін Шартта көрсетілген міндеттерінен босатылады.

Зейнетақы шарттарын  өзгерту  немесе қызметін тоқтату  тәртібі

Тараптардың өзара келісімі бойынша және ол Қазақстан Республикасына  заңдарына  қайшы келмейтін болса  зейнетақымен қамтамасыз ету шартына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Зейнетақы төлемдері Шартта бекітілген мерзімде басқа себептер негізінде енгізілмесе  немесе  мүлдем тоқтатылса Қор Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Зейнетақы жарналарының енгізілуінің тоқтатылуы Қормен арадағы Шарттың бұзылуының негізі болып табылмайды. Осы шарт Тараптардың өзара келісім бойынша, сондай-ақ тараптар қабылдаған міндеттерін орындамаған жағдайда заңды күшіне енген  сот шешімі негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Алушы Қазақстан  Республикасынан  тысқары аймаққа түпкілікті көшіп кететін болса немесе  немесе зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына ауыстыратын болса Алушының ұсынысымен Шарттың біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін ол туралы ақпарат Салымшының жасын алып тастағанда 75 жыл бойы сақталады.

 

 

2.3. Жинақтаушы зейнетақы  қорлары қызметінің негізгі көрсеткіштерін

 және  зейнетақы  активтерін пайдалануды талдау

 

2002 жылдың қортындысы  Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің жоғары және тұрақты өскенін растайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 16 қор қызмет етеді, олар: 1 Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры, 2 корпоративті ЖЗҚ, 13 мемлекеттік емес ЖЗҚ, аймақтарда 50 филиал және 67 өкілдік ашылған.

1998 жылдан бастап  осы кезге дейін зейнетақы нарығында ЖЗҚ  зейнетақы активтерінің 4 консолидациясы болды. Мысалы, 2001 жылдың ортасында  ЖЗҚ – тарихындағы  ең ірі консолидация өтті. 2 – ірі қор  “Үміт” ЖЗҚ мен “Ұлар” ЖЗҚ (бірігу сәтінде зейнетақы нарығында зейнетақы активтерінің, сәйкесінше, 8,7% және 8,1 % үлесіне ие) Қазақстан нарығында  мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының  өзіндік зейнетақы активтерінің 24,74 % ие  «ҰларҮміт» ЖЗҚ болып бірікті.

Егер зейнетақы  нарығындағы қорлардың позициясын  олардың зейнетақы активтерінің мөлшерімен алып қарар болсақ  3 -  ЖЗҚ пайда болды деп есептеуге болады.  МЖЗҚ, «ҰларҮміт» және  «Халықтық банктің ЖЗҚ ” ЖЗҚ қалыптасу жүйесін құрайды, олар барлық нарық үлесінің 67,8% құрайды. Нарықтың қалған бөлігін 9 орташа ЖЗҚ - 30,45% және 4 кіші ЖЗҚ–1,75 % құрайды. (Қосымша № 6)

Осы мәліметтер жұмыс істеп отырған мемлекетіміздің  жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі  басты тұлға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының позициясының  әлсіреп келе жатқанын  көрсетеді. 01.01.1999 жылдан бастап мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өсу темпі байқалады. Сол жылы  МЖЗҚ нарық үлесінің  72% құраса биыл  27,92% ке дейін төмендеді.

Қазақстандағы жинақтаушы зйнетақы жүйесінің 2003 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қатысушыларының  саны 5 536 948 адам,   зейнетақы жинақтарының көлемі 281,1 млрд теңгеге жетті, мамандардың есептеуінше жыл аяғында бұл көрсеткіш әрі қарай да үлкен қарқынмен өспек.

                                         


Жинақтаушы зейнетақы  корларының табысы ретінде Үкіметтің белгілеген комиссиондық төлемдері 2003 жылға дейін барлық қорлардың инвестициялық табысының 10 пайызын және зейнетақы жарналарының 1 пайызы деңгейінде болған, ал биылғы жылы заңға еңізілген өзгерістерге сәйкес ол инвестициялық табыстан 15 пайызға дейін, зейнетақы активтерінің соммасынан айына 0,05 пайызға дейін болды.

Тіркелген қор  заңда белгіленген пруденциалды нормативтерді  орындауы қажет: Біріншіден, қор мен салымшы арасындағы қатынасты  белгілейтін құжатын (өзндік зейнетақы  ережелерін) тағайындау керек. Содан кейін қор өз жарғылық капиталын толығымен ақшалай төлеуі керек. Зейнетақы аясында, қор салымшыларға қызмет көрсетеді, зейнетақылық келісім-шарт жасасады және оның басты мақсаты жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың бақылауын жүргізу: қанша ақша түсті, қашан және қандай мөлшерде инвестициялық табыс есепке аударылды т.б. Қор зейнетақы жарналарымен тікелей айналыспайды. Қор шотындағы жинақталған ақша банк-костадиандағы шотта сақталынады. Ал ол ақшаны қормен және де банк-костадианмен сәйкес келісімге отырған зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйым инвестициялайды. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелі бойынша нормативтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар жөніндегі департаменті анықтайды. Зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, Қазақстандық қор биржасының «А» листингіне кіретін ірі өнеркәсіптердің акциялары мен  облигацияларына,   яғни корпоративті бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, сондай-ақ ипотекалық облигацияларға салынады.

Информация о работе Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде