Шағын бизнес : шетелдік тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі дүние-біртұтас, сан-алуан тәуелді құбылыстардан тұрады. Ол өте күрделі, серпінді. Қайшылықты процесстер мен өзгерістерге толы. Планетамыздағы елдердің бір-бірімен байланыс және өзара тәуелділігі бұрын болмаған деңгейге көтерілді. Шаруа тәуелділігі барынша интернационалдық сипат алды. Жаңа шаруашылық құрылымы қалыптасқан келеді. Әлемдік рынок қарым-қатынасы бойы көтеріп келеді. «Адам қоғамы», « Адам – табиғат», саяси, экономикалық-әлеуметтік мәселелердің шешілуге тиісті, ұстараның жүзіндей өткір қырлары аз емес. Қазіргі экономикалық пікір таласына толы кезеңде мәселелерді дұрыс шешу үшін теориялық білім қажет. Жаңаша саяси, экономикалық-әлеуметтік ойлау жүйесінің тұтқасы саяси экономикалық білім десек, асыра айтпаған болар едік.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I Кәсіпкерлік қызметтің теориялық негізі.
1.1 Кәсіпкерліктің мәні, түрлері.
1.2 Шағын бизнес: оның маңызы.
1.3 Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе.
II Қазақстан Республикасыңда щағын бизнесті дамытудың ерекшеліктері.
2.1 Қазақстан Республикасыңдағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау.
2.2 Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын бизнестің дамуына сипаттама.
2.3 Шағын бизнесті қолдап дамытудағы проблемалар және оларды жетілдіру жолдары.
Қорытынды.............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................................................................

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республикасындағы шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

           Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық  дамудағы барлық кезеңдеге қатысты  болып табылады. Ортағасырлық араб  ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті  меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында»  кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.

              Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені айқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

         Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға  шағын кәсіпорындардың қосқан  үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі және  ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың  үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар  шағын бизнесті дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3 Шағын бизнесті  дамытудағы шетелдік  тәжірибе. 

    Нарықтық   экономикаға   көшу   кәсіпкерлікті   ұйымдастыру   және  тиісінше,  кәсіпкерлер  мен   менеджерлердің   іс-қимылы  бойынша   арнаулы   әдебиет   пен   жетекші   бағыт   беретін   материалдар    басып   шығаруды   шұғыл   қажет  етті.   Осыған   байланысты   шаруашылық   жүргізудің   шетелдік   тәжірибесі  өте   пайдалы.  Алайда  шетелдік  тәжібенің,   кәсіпкерлік   қызметтің  сырттай   қызықты  болып  көрінетін  оқиғаларының  және  шаруашылық   жүргізудің   бірегей   модельдерінің   әр  жерден   суыртпақтап   алынған   жүйесіз  сипаттамаларының   іске  жаңадан   кіріскен    кәсіпкерге   берері   аз,    өйткені   оның   неден   бастау,  іске  қалай кірісу   керек екенің  білуі қажет.

    Дамыған   елдерде  шағын   кәсіпорындар  мынандай   салаларда   басым   роль   атқарады: 

    • сауда
    • автосервис
    • құрылыс
    • қызмет  көрсету  салалары.

    Қазір   шағын  кәсіпорындар  жоғары  технологиялық сфераларға:  машина   құрылысы,  энергетика,   электротехника,   химиялық   өнеркәсіп, транспорттық  қызмет,   информатика,  микроэлектроника,  телекоммуникация  салаларына   әртараптандырылып    жатыр.

    Шағын  және   орта   кәсіпорындардың   ірі   кәсіпорындар  мен қатар қызмет   етуі  дамыған елдер   эономикасына  тән   белгі. Мысалы:   АҚШ-та  өз   ісімен  айналасушы   азаматтар,  яғни  кәсіпкерлер   үлкен   құрметке ие.  Нарықты    экономикаға    бет бұрған  елдер үшін  АҚШ-тағы  шағын   бизнесті  дамыту   тәжірибесі   үлкен  маңызы  бар.

    АҚШ  шағын   бизнес   басқармасының  класификациясы   бойынша   шағын  бизнес  субьектілеріне:  жұмыскерлер  саны  500-ге  дейін   болатын   өндірістік   және   сауда   кәсіпорындары,  ал  басқа  салалары   үшін – жылдары     табысы  2 миллион   долларға  дейін   болатын   кәсіпорындар  жатады.

    АҚШ-та   тіркелген   кәсіпорындардың 97%-ына   жуығы   шағын   кәсіпорындар. Бұл   шағын   кәсіпорындар  жалпы  ұлттық   өнімнің  53%-ына, көтерме  сауданың   64%-ына, бөлшек  сауданың   72%-ына  қызмет саласының  57%-ына ие   болып   тұр.

    Экономикалық    өсу   және   құлдырау   кезінде,  жаңа   жұмыс    орындарын   ашу   мен   қысқару   кезінде   шағын   кәсіпкерлік   жұмыссыздық  проблемасын    бәсеңдетеді.  АҚШ-тың   шағын   бизнес   даму   мысалы   көрсеткендей,   шағын   бизнес    сыртқы   ортаның өзгеруіне   тез   бейімделеді. АҚШ сауда   министрлігінің  мәліметтері   бойынша   шағын    кәсіпкерліктің    инновациялық    сипаты   елдің   экономикалық   өсуіне  20-25%-ға   дейін   үлес   қосады.

    АҚШ-та   шағын бизнес   тұрақты    түрде   мемлекеттік    қолдауға   ие. Әртүрлі    мемлекеттік    реттеулер    мен қолдау    шаралары     құқықтық   базаға   негізделеді. Солардың     бірі   «Шағын   бизнес   туралы» заң.

    АҚШ  конгрессінде   шағын   бизнес   проблемаларымен  екі   комитет  айналысады. Федералдық   деңгейде    шағын    бизнесті       жан-жақты   қолдау.   Әрбір    штатта      әкімшіліктің    аймақтық    бөлімдері    жұмыс істейді. Аймақтық    бөлімшелер     шағын   бизнес   субьектілеріне     нарық    туралы   ақпарат  береді,  оның    мәслелерін   шешуге    көмектеседі.

    АҚШ-та     шағын   бизнес   қоғамды     кәсіпкерлік,   бәсекелестік   атмосферасын    дамытуға   үлкен   үлес   қосады.   Мемлекет     тарапынан     болатын    шектеулер   кәсіпкерлікке    кедергі    келтіреді. Сондықтан да    АҚШ   конгресі     шағын   бизнеске    тікелей     бақылау    жасайды.   Конгресс     шағын бизнесті    қолдау   және    дамыту   мақсатында   бірнеше   программа    жасады.

    АҚШ   шағын    бизнесті    қолдаудың   мемлекеттік   жүйесі:

    • бюджеттен  тікелей   дотациялау
    • мемлекеттік  тапсырыстардың   бір   үлесін   шағын   кәсіпорындарда     орналастыру
    • шағын   бизнеске   салықтық  жеңілдіктер   беру

      негізгі    бағдарлама  бұл   инкубаторлық   бағдарлама . Инкубаторлық – ол   университеттер, компаниялар,  федералдық  органдар, штаттық   басқармалар    жанында   құралатын    ұйымдар.  Бұл   ұйымдарың  негізгі    мақсаты – жаңа кәсіпкерлерге    жан-жақты    көмек   көрсету     болып  табылады.  Себебі  көптеген     кәсіпкерлер   өз  ісін   бастағысы    келгенімен,  мүмкіндігі    жоқ,  осындай     кәсіпкерлерге    инкубаторлар   көмекке    келеді. Қойылған    мақсатқа,     қаржыландыру    көзіне    байланысты     инкубаторлар:   фирмалық,  университеттік,  жекеше    болуы    мүмкін. Инкубаторларды   қаржыландырудағы    мақсаттар:

    • инкубатор   клиенттерінің    табысына   ортақтасу
    • жеке    тұлғалардан    арендалық   төлем  алу;
    • жаңа   жұмыс   орындарын  ашу.

    Сауда    талаптары  да   инкубаторлары   қаржыландыруға   қатысады. АҚШ-та  шағын   кәсіпорындар   экономикада    жетекші    роль   атқарады.   Сондықтан да    федералдық,  штаттық   басқару    органдары    үлкен   мән    беріп отыр, оның    дамуына барлық   жағдай     жасап   жатыр.

    Жапониялық    шағын   және  орта   бизнес.

    Шағын    және орта   бизнесті дамыту    арқылы   Жапония  соғыстан    қираған    елден    жоғары   технологиялық  дамыған     елге  айналды.  Жапонияның     халық    шаруашылығында    шағын    және   орта     бизнес    субьектілерінің     саны,    жұмысшылар    саны,   тауар    айналысы   басқа   секторлармен   салыстырғанда  алдыңғы     қатарда    тұр.  Дәстүр     бойынша   әрбір   ірі   корпорация     өз   жанында    бірнеше     шағын   кәсіпорын   құрады.  Бұл    кәсіпорындар   бас   кәсіпорынға    тәуелсіз  болады,  әрі    өздерінің   өнімдерін шығара  бастайды. 

    Жапонияда   шағын    кәсіпорындар   үлесне:  өндірістік    өнімнің     55%-зы    көтерме  сауданың     60%-зы,  бөлшек сауданың  80%-зы    тиеді. Еркін   нарықты    бәсеке    шағын   кәсіпорындарға    сыртқы    ортаға    бейімделуіне     көмектеседі.   Мұндай    жағдайда    мемлекеттік   органдар    шағын  кәсіпорындарға    сыртқы    ортаға   бейімделуіне     көмектеседі,   құрал-жабдықтарды    жаңартуға,   технологияны    жақсартуға,  өнімге    деген   сұранысты    дамытуға  көмек    береді. Жапонияның      шағын   бизнесті    мемлекеттік    қолдануының    басты   ерекшелігі – басым    бағыттарды   дамытудағы   уақыт   мерзімі. Басымдылық   бағыттар  бір   немесе    одан  да   көп   жылдарға   бекітіліп,  кейіннен    өзгеріп    тұруы  мүмкін.  Мемлекет  шағын   кәсіпорындарға    мемлекеттік     тапсырыстарды    алуда   да  көмектеседі. Жапонияда    шағын    бизнесті      мақсатты   түрде     бюджеттен   қаржыландырады.  Әрбір    министрлік, әр   ведомоство  өз   шығындар   бюджетіне     шағын   бизнеске   жұмсалатын     қаржыны    кіргізеді. Шағын   және орта   кәсіпорындарға     жеңілдетілген    салық    мөршеремесі     қолданылады. Жапонияда    шағын    және  орта    кәсіпорындар   жалпы    ұлтық     өнімнің    73%-на  ие    болып отыр.  

    Ресей     федерациясындағы    шағын   және орта   бизнес.

    Экономиканы     құрылымдық    қайта   құру   үшін    шағын   бизнесті   дамыту    маңызды    мәселе. Ресей     федерациясында   «Шағын   бизнесті   мемлекеттік    қолдау   туралы» заң  қабылданды.  Бұл  заң    бойынша     жаңадан    құрылған   кәсіпорындар    2 жылға    дейін   табыс   салығын   төлеуден    босатылады.

    Шағын    бизнесті    қолдаудың     Федералдық   Қоры   арқылы    әр түрлі    жобалар    қаржыландырады. Бұл  қорға    федералдық     меншіктегі      кәсіпорындары   жекешелендіруден     түсетін   қаржының    5%-зы    келіп   түседі. Федералдық Қор   арқылы     шағын    кәсіпкерлікті     қаржыландыру   жүйесі    екі  қағидаға    негізделген:

    • Федералдық    Қордан    жұмсалатын    әрбір   рубльге  аймақтардан   да  бір   рубль  жұмсалуы  керек.
    • Қаржыландыру     өкілетті    банктер    арқылы   жүзеге   асады.  Қор    банкке   өз    резервтік    қаржысын   салады,   ал банк    өз   қаржысынан    аймақтарда   кәсіпкерлерді   қаржыландырады.

    1994-1995   жылдары  «Шағын   кәсіпкерлікті   мемлекеттік    қолдаудың     мемлекеттік     программасы»  жүзеге     асырылады. Бұл   бағдарламаны   іске     асырғаннан   кейін,    Ресей     Федерациясында    шағын    кәсіпкерлікті    қолдаудың     біркелкі    жүйесі     жұмыс   істей   бастады.   Бұл жүйеге: Ресей  Федерациясының     шағын    кәсіпкерлікті   қолдау     мен  дамытудың   мемлекеттік     комитеті,  аймақтық    қорлар   мен   орталықтар  кіреді.

    Шағын     бизнесті    қолдаудың   аймақтық  қорлары   мен  орталықтары   барлық   аймақтарда    құрылған. Шағын    кәсіпкерлік    федералдық      және    жергілікті      бюджеттерден    қаржылық    көмек    алады,   жергілікті     салықтар     бюджеттерден    қаржылық    көмек  алады,   жергілікті   салықтар  бойынша      әр  түрлі    жеңілдіктерге   ие. Сонымен      бірге     жергілікті     бюджеттерден     шағын    бизнестің     инфрақұрылымын   құру    жобалары     да    қаржыландырылады.

    1999  жылдың     басында     есептегенде     Ресей    Федерациясында    900,000 –нан     аса  шағын     кәсіпорындар    жұмыс    істеп    тұрды.   Бұл  кәсіпорындардың  орташа     жұмысшылар    саны   7  адамнан     тұрды.

Ұлыбританияның      шағын   бизнестегі  тәжірибесі.

    Ұлыбританияда    шағын   бизнес    субьекттілеріне: жылдың     тауар    айналымы     2 миллион фунт-стерлингтен  және    жыл  бойы    50  адамды    жұмыспен    қамтитын   кәсіпорындар    жатады. Ұлыбритания   мемлекеттік     консультациялық   қызметі   бастаушы    кәсіпкерлерге    қажетті    кеңестер    береді. Мысалы:   коммерциялық    мәселелерді    қалай шешу   керек    екенің,    бухгалтерлік   есепті    қалай жүргізу     керектігі    туралы, нарықты    қалай   зерттеу      керек екендігі  туралы    кеңестер. Шағын  бизнес    жөніндегі  Үкіметтік    қызмет   кәсіпкерлер  үшін  әр  түрлі    семинарлар   мен   курстар    ұйымдастырып    тұрады. Сонымен    қатар   Үкімет    банктер   алдында    кәсіпкерлер    үшін   қарыздың     кепілдеме  береді. Шағын    кәсіпорындар   салықты    табысқа    жеткенмен   соң   ғана   төлейді.

Информация о работе Шағын бизнес : шетелдік тәжірибе