Шағын бизнес : шетелдік тәжірибе

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі дүние-біртұтас, сан-алуан тәуелді құбылыстардан тұрады. Ол өте күрделі, серпінді. Қайшылықты процесстер мен өзгерістерге толы. Планетамыздағы елдердің бір-бірімен байланыс және өзара тәуелділігі бұрын болмаған деңгейге көтерілді. Шаруа тәуелділігі барынша интернационалдық сипат алды. Жаңа шаруашылық құрылымы қалыптасқан келеді. Әлемдік рынок қарым-қатынасы бойы көтеріп келеді. «Адам қоғамы», « Адам – табиғат», саяси, экономикалық-әлеуметтік мәселелердің шешілуге тиісті, ұстараның жүзіндей өткір қырлары аз емес. Қазіргі экономикалық пікір таласына толы кезеңде мәселелерді дұрыс шешу үшін теориялық білім қажет. Жаңаша саяси, экономикалық-әлеуметтік ойлау жүйесінің тұтқасы саяси экономикалық білім десек, асыра айтпаған болар едік.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................
I Кәсіпкерлік қызметтің теориялық негізі.
1.1 Кәсіпкерліктің мәні, түрлері.
1.2 Шағын бизнес: оның маңызы.
1.3 Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе.
II Қазақстан Республикасыңда щағын бизнесті дамытудың ерекшеліктері.
2.1 Қазақстан Республикасыңдағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау.
2.2 Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын бизнестің дамуына сипаттама.
2.3 Шағын бизнесті қолдап дамытудағы проблемалар және оларды жетілдіру жолдары.
Қорытынды.............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер........................................................................

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 250.50 Кб (Скачать)

                Жоспар 

Кіріспе........................................................................................................

I Кәсіпкерлік қызметтің теориялық негізі.

1.1 Кәсіпкерліктің  мәні, түрлері.

1.2 Шағын  бизнес: оның маңызы.

1.3 Шағын  бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибе. 

II Қазақстан Республикасыңда щағын бизнесті дамытудың ерекшеліктері.

2.1 Қазақстан  Республикасыңдағы шағын және  орта бизнестің дамуын талдау.

2.2 Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын бизнестің дамуына сипаттама.

2.3 Шағын бизнесті қолдап дамытудағы проблемалар және оларды жетілдіру жолдары.

Қорытынды.............................................................................................

Қолданылған әдебиеттер........................................................................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    Қазіргі  дүние-біртұтас,  сан-алуан  тәуелді    құбылыстардан   тұрады. Ол өте    күрделі,   серпінді. Қайшылықты   процесстер   мен  өзгерістерге  толы. Планетамыздағы    елдердің   бір-бірімен    байланыс   және  өзара   тәуелділігі бұрын    болмаған    деңгейге   көтерілді.  Шаруа   тәуелділігі барынша    интернационалдық    сипат алды. Жаңа   шаруашылық  құрылымы    қалыптасқан келеді. Әлемдік     рынок қарым-қатынасы   бойы  көтеріп     келеді.  «Адам   қоғамы», « Адам – табиғат», саяси, экономикалық-әлеуметтік    мәселелердің    шешілуге     тиісті,   ұстараның    жүзіндей   өткір қырлары    аз емес. Қазіргі   экономикалық    пікір    таласына   толы    кезеңде    мәселелерді   дұрыс    шешу   үшін    теориялық    білім   қажет. Жаңаша    саяси,  экономикалық-әлеуметтік    ойлау    жүйесінің     тұтқасы    саяси   экономикалық білім    десек,   асыра   айтпаған   болар   едік.

    Экономикалық   теория    ғылым   және    лқитын    пән    ретінде    өзіне    тән   зерттейтін    обьектісі   және    тәселдері     бар.   Ол  өткен және  қазіргі, сондай-ақ    келешектегі    адамзаттың    зерттеу     сияқты     ауыр   жүкті     көтеріп     келеді.   Қазіргі    кездегі    негізгі   мақсат    нарықтың    экономикаға    көшу   және   дамыту.

    Нарықтың    экономикаға    көшу – бір  сөзбен   айтақанда,    азын-аулақ   әрқилы    ауытқумен   меншіктің    әртүрлі    формаларын   қалыптастыра   отырып,   тізгінді   еркін    бәсекелестікке     беріп,    сол    бәсекелестік  арқылы   өндірістің     дамуында,    баға   нарығын да  реттеу    деген сөз.

    Қазақстан   Республикасы    егеменді    ел   болып,   нарықтық   қатынастарды   дамытуға   бет  алды. 

    Әкімшілік-әміршілдік   тәртіптегі   экономикадан   нарықтық   қатынастарға   негіздеоген   шаруашылық    жүйесіне    көшудің    өтпелі   кезеңі,   барлық    осындай    жолдан    басқа    елдердегі    сияқты. 

    Қазақстан      үшінде  де   өте   ауыртпашылықты    болуда:    халықтың    әл-ауқаты    күрт    төмендеп,    өндіріс    құлдырап,  дағдарыс    ұзаққа    созылып   кетті.

    Қазіргі    кездегі    көнейкесті     мәселе    қоғам    өмірін    жан-жақты     қамтығын    осы   дағдарыстан  шығу    жолдарын     анықтау      болып    отыр.  Осы   бағытта     нарық  жолына    бұрың    түскен    елдердің    тәжірибесін пайдаланудың     маңызы    арта   түсуде.   Әрине,    әр  елдің     өзіне тән ерекшеліктері,  соның     ішінде    Қазақстан    экономикасының    да   өзіндік    тәжірибесін    де  сол   қалпында    бұлжытпай     пайдалануға     болмайтыны   ақиқат.   Сөйтсе  де   барлық    дамыған      елдерге       тән   ортақ   заңдылықтар,     өндіріс,    айырбас,   бөліс,  тұтыну  қатынастарын  реттеу,    әдістерінің     барлығы   да   күмәнсіз.

    Соңғы   жылдардағы    оқиғалар    экономиканы   нарықтық   қатынастар  негізінде    түбегейлі     қайта   өзгерту    кең   ауқымды     экономикалық    іркілістермен      және    дағдарыстар  мен   ұласатын    және   қоғам    тарапынан     көп   күш-жігер     жұмсауды    қажет   ететін    көрсетті.   Нарықты    жарлықпен    немесе     декретпен  енгізуге     болмайды,    нарыққа    көшу     үшін,    ұзақ   уақыт    керек. Өтпелі     кезеңде     әртүрплі    асығыс,     жеткілікті    дәрежеде    негізделмеген    шаралардың     жүзеге    асырылуы      қауіпті     зардаптарға   сөзсіз   әкеліп   соғады,   мұны   нарықтық   даму   жолына   түскен     елдердің     тәжірибесі   айқын    дәлелдейді. 

    Қазақстан Республикасын   өз  ерекшеліктеріне,    ұлттық   менталитетіне   сай,    дүниежүзілік    тәжірибеніе   ескере   отырып    әлеуметтік-экономикалық     дамыту     моделін    жасайтын   және   іске    асыратын    мезгіл     жетті.

    Қазақстанның    қазіргі    жағдайдағы   нарықтық   экономикасын    бірнеше   ретке   келтіру    үшін    шағын    және орта    бизнеасті    қолдау     қажет.   

    Осыған   байланысты   шағын   және  орта    бизнеске   мемлекеттік     қолдау    көрсету       бағдарламасын,   кәсіпкерлікті   дамытудың     отандық    және    шетелдік     озық    тәжірибесін    қолдану    керек.

    Бұл   курстық    жұмыстың     негізгі    мақсаты да   осы   шағын    бизнестің     маңыздылығын   айқындау    және оның    Қазақстан      Республикасында    дамуының     бағытын,   алатын   орнын    көрсету.  

I  Кәсіпкерлік қызметтің  теориялық негізі. 

1.1 Кәсіпкерліктің мәні, түрлері. 

     Экономиканың негізін екі Фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.  
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.  
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.  
Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірілген құрал-жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен категорияға бөлінеді:  
1. Материалдық ресурстар-жер оның табиғи байлығы және капитал;  
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.  
Қысқаша экономикалық ресусртардың мәніне тоқталайық.  
Жер. «Жер» - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндіріске қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы».  
Капитал – барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машианлар, жабдықтар фабрика – зауыттар, қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтары өндіру, өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.  
Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өінміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болу керек.  
Кәсіпкерлікті экономикалық негізі экономикалы ресурстарды: адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік және материалдық ресурстар – жер, мұның табиғи байлығы мен капиталды тиімді пайдаланып, меншік иелері: жұмысшы – еңбек ақысын, капитал иелері – жер иелері - өнімін алуы тиіс.  
Шағын бизнес біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды: өнеркәсіп және сауда, денсаулық сақтау және білім беру.  
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады.  
Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.  
Қазақстан Республикасының Конститутциясында былай деп жазылған «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторларды жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.  
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақта өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.  
Кәсіпкерліктің түрлі формаларын өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне олай бейімделеді. Соандай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізумен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табысына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, рокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зеттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету мен қамтамасыз етіліп, белсенді ролб атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамына жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенімен, серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе шынара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің болу мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш маңызды фактор болып есептеледі.  
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:  
1) Белгілі бір істің түрі . Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі – белсенділігі және іскерлігі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу.  
2) Сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.  
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар – біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, корпарациялар т.б. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: дербестік, тәуелсіздік, экономикалық ынтымақ, тәуекелділік, жеке жауапкершілік және жаңашылдық.  
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез құлқы типтерімен байланысты адамдардың қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздеріңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, миланхолик пе? Сан есебінен алған да белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шыдамай тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалисттік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы, қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр-түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т.б. болып бөлінеді.  
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонисттік қоғамда, ол адамды қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.  
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнершілер. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.  
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдарқұрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Үнді сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.  
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Перт І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
 

   Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық. 

     Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. 

     Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.  

     Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық. 

     Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер. 

     Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.  

     Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.  

     Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.  

     Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.  

     Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 

     Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. 

     Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 

     Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.  

     Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.  

     Қазір  Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық  формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

Шаруашылық серіктестік  – толық серіктестік. Олардың  мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде  келісімге қол қояды. Құруға керекті  серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға  қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

Коммандиттік  серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің  қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

Шектелген жауапкершілікті  қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап  береді.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің  заттарымен жауап береді.

Ашық және жабық акционерлік қоғам.

Өндірістік кооперативтер  – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

Унитарлы кәсіпорын  – коммерциялық мекеме, меншіктік  құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық  кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

  
 
 
 
 

1.2 Шағын бизнес: оның  маңызы.

 Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру  әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың  басында Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.

           Бизнеске қатысына қарай, «шағын»  деген анықтама жұмысшылардың  саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық  айналым ұғымында түіндірілуі  мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша  топтастыру кезінде негізінен  бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.

           Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар  тиімді болып табылатын өндіріс  түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар  өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық  пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.

Информация о работе Шағын бизнес : шетелдік тәжірибе