Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:49, контрольная работа
Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.
Кіріспе
1. Сақтандыру ісі туралы жалпы ұғым.
2. Сақтандыру жіктелуінің негіздері
3. Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
4. Қосымша ақпарат.
5. Сақтандыру терминдеріне түсінік.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржылық жүйенің маңызды звеноларының бірі болып табылады. Ол адам инстинкті ретінде пайда болып, дамып, қалыптасу арқылы бизнес сферасына өтті.
Сақтандырудың шығындарының орнын толтырудың негізгі көзі сақтанушының жарнасынан құрылатын сақтандыру қоры болып табылады.
Сақтандыру операциялары сақтандыру келісімдері арқылы жүзеге асады.
Сақтандыру – сақтандыру объектілері және сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша классификацияланады. Бірінші критерия бойынша салаларға, ішкі салаларға, түрлерге бөлінеді. Ал критерия бойынша сақтандыру қауіп түрлері бойынша бөлінеді міндеттілігіне байланысты еркін және міндетті сақтандыру түрлері бар.
Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі сақтандырудың ұйымдық-құқықтық түрлеріне: мемлекеттік, акционерлік, екі жақты сақтандыру, кооперативті сақтандыруды кіргізеді.
Қоғамға әсер еткен болжанбаған жағдайлар, техногендік факторлар, табиғи апаттар нәтижесінде туындаған шығындарды жабу үшін материалды және ақша түріндегі резервті-сақтандыру қоры қалыптастырылады. Оның көмегімен адам мен табиғат арасында, табиғат пен қоғам арасындағы объективті қарама-қайшылықтардың мәселесі шешіледі.
Сақтандыру маркетингінің міндеттері-сақтандыру нарығын, сақтандыру қызметтеріне сұранысты зертеу, сақтандырушының ұйымдық қызметін және резервтерді анықтау, сақтандыру қызметінің жаңа түрлерін өңдеу болып табылады.
Сақтандыру нарқы өмірлік қажеттілік оның құрылып қалыптасу, дамуы еліміздің экономикасында жүріп жатыр.
Ұлттық сақтандыру рыногында көптеген сақтандыру ұйымдарының капиталдандыруының төмен деңгейі ірі тәуекелдерді сақтандыруға мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайдан шығудың бір амалы қайта сақтандыру жүйесін пайдалану болып табылады. Сондықтан сақтандыру ұйымдары Батыстық сақтандыру компанияларының қызметін пайдалануға мәжбүр. Осының салдарынан сақтандыру төлемдері түсімінің көлемі артуы шетелге берілген сақтандыру төлемдерінің өсуімен қабат жүруде.
Біздің қоғамымыздың экономикалық өмірінде оның ішінде сақтандыру ісін жетілдіру мен дамыту міндеттері алға қойылуда. Алдағы кезде сақтандыру рыногын дамыту бағытында міндетті сақтандыру түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылмақ. Сонымен бірге сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беру қорын құруда көзделінеді. Бұл сақтандырудың жүйесіне деген сенімді күшейтуге қызмет етеді.
Сақтандыру рыногының дамуы айналып келгенде сақтандыру қызметіне төлем жасауға қабілетті сұраныстың болуымен, яғни экономиканың жай-күйімен және халықтың әл-ауқаты деңгейімен байланысты. Ал бұл жағынан ілгерілеулер болып жатыр. Соған қарап сақтандыру рыногының дамуы қарқынды бола түседі деп сенемін. Сақтандыру мемлекеттің әлеуметтік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады. Сақтандыру нарығын жетілдіру жолдарының негізгі мақсаты - мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілерінің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, тұрақты қызмет атқаратын ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру болып табылады.
Сақтандырудың дамуы - ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.
Сақтандырудың пайда болуының объективті себебі, адамзаттың табиғатты бұзушы, болжанбаған күштеріне тәуелділігі болып табылады.
Сақтандырудың шығындарының орнын толықтырудың негізгі көзі сақтанушының жарнасынан құралатын сақтандыру қоры болып табылады. Сақтандыру операциялары сақтандыру келісімдері арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісі 90-шы жылдан бастап дами бастады. Оның негізгі мәселелеріне нәтижелі заңдық негіздің болмауы, мемлекет тарапынан салықтық қысымның болуы, коммерциялық құрылымдар тарапынан мүдденің болмауы, халықтың сақтандыру ісіне сенбеуі, бұл салада білікті мамандардың және де тәжірибенің болмауы т.б. жатады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметі тек 1994-жылдан бастап дами түсті деуге болады. Сол уақытта сақтандыру ұйымдарында негізінен ең аз шамада күш-жігер мен шығын жұмсай отырып, клиенттер тарту мүмкіндігі болатын міндетті сақтандыру түрлерімен шектелген. Отандық сақтандыру ұйымдарының ірі шығынның орнын жабу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктері де қанағаттанусыз, бұл ұйымдар капиталын арттыру мен оларды ірілендіру туралы мәселені шешуді талап етеді.
Қазіргі кезде міндетті сақтандыруға автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігіне сақтандыру және жүргізушінің жолаушылар алдындағы жауапкершілігіне сақтандыру кіреді. Бұл сақтандыру қызметтері әлемдік тәжірибеде өз даму шегіне жетті. Бірақ, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы сақтандырушылары міндетті сақтандыруға жатпай отыр. Шынына келгенде біздің елде ауыл шаруашылығы сақтандыруы мүлдем дамымаған.
Сақтандыру ісін жүзеге асыратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетіп, сақтандыру қызметі нарығының монополиялануына жол бермеу керек, өйткені бәсекелестік қана сақтандыру нарығының жетілуіне өз ықпалын тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі