Сақтандыру ісі туралы жалпы ақпарат, ҚР қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:49, контрольная работа

Описание работы

Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.

Содержание

Кіріспе

1. Сақтандыру ісі туралы жалпы ұғым.
2. Сақтандыру жіктелуінің негіздері
3. Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
4. Қосымша ақпарат.
5. Сақтандыру терминдеріне түсінік.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 194.50 Кб (Скачать)

   Нарық экономикасы кезінде мынадай проблемада яғни құнсыздану да пайда болып сақтандыру қорғанысын тақырға отырғызуда. Ендеше кез келген сақтандыру ісін бағалау құнсыздану процесін ескеруге тиіс. Қорлардың нақты құны мен құнсыздануға қарсы қорғанудың арасын сақтауды ымыралы келісім іздеуге тура келеді.

   Біздің елімізде кәсіпкерлік қызметтер өздерінің алғашқы қадамдарын имене жасауда, олар ведомстволардың мүддесін қорғайтын әр түрлі дәрежедегі мемлекеттік төрелер тарапынан да сан алуан кедергілерге ұшырауда, кейбір тұрғындар тарапынан да жағымсыз қарсылыққа кездесуде.

   Бұл істе сақтандыру мүддесін нығайтып нарықтық қатынасты дамыту жөніндегі сақтандыру ұйымдары іскер қызметкерлерінің бастамасы көп жағдайда жүзеге аспай жоққа шығарылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

   Батыстықтар дене мүшелерін сақтандырады, ал, бізде қалай?

   Сақтандыру компаниялары нарықтың заңдылығына байланысты пайда болғанын көзіқарақты жұртшылық айтпаса да біледі. Десек те, біздегі сақтандырудың озық үрдістері өркениетті елдермен салыстырғанда кешеуілдеп дамып отырғаны жасырын емес. Мысалы, Америкада, Еуропа мемлекеттерінде сақтандыру дегеннің жеті атасы бар. Олай дейтін себебіміз, адамның денесін бөлшектеп сақтандырып қоятын компаниялар туралы да естігенбіз. Бір қызығы, біреу өзінің бет-әлпетін сақтандырса, желаяқтар аяқтарын сақтандырады екен. Тіпті, селиконмен үлкейтілген омырауын бәленбай мың долларға сақтандырған шет елдің танымал өнер жұлдыздары жайында оқығанда  жағаңды ұстап таңдай қағасың. Олардың сақтандыруға байланысты жұрт қызығарлық оңтайлы тетіктерін жасап қойғанының өзі қызығушылық тудырады.

    Ал бізде ше? Елімізде сақтандыру нарығы жаңа дамып келе жатқан жас сала. Сондықтан сақтандыру нарығы алдағы уақытта әлі де өркендетуді қажет етеді. Халықтың өзі қызығатындай етіп, оны дұрыс жолмен дамытқанымыз абзал. Өйткені, қазақстандықтардың сақтандыру нарығынан әлі де хабары аз. Біз білетін міндетті сақтандырудың өзі қарапайым халықтың көңілінен шықпай жүргені ешкімге жасырын емес. Әсіресе, көліктерді міндетті сақтандыру біздің елде кеңінен етек алған. Себебі, көлік жүргізушілері міндетті сақтандырусыз қарыс жерге бара алмайтынын жақсы біледі. Басқаша айтқанда, көліктерін сақтандырмаған жүргізушілерге  әкімшілік жаза қолданылады. Мұны кейбіреулер қолдаса, енді біреулер құп ала бермейді. Құп көрмейтіндердің айтуына қарағанда, сақтандыру әр адамның өз еркіне байланысты болса игі. Міндеттеу ыза туғызады. Мәселен, Самат Нұрланұлы есімді азамат – «Көлігіңді сақтандырмасаң, жол полициясы қызметкерлері әкімшілік айыппұл салады. Бұл мәжбүрлеу ғой. Былай қарасаңыз, жол-көлік оқиғасы орын ала қалған жағдайда, көліктің бүлінген жерін көлік иесінің өзі жөндеуі керек емес пе? Егер, кінәлі деп табылса, онда өзгенің көлігін де жөндеп беруге міндетті. Жол апаты орын алып, оның шығынын сақтандыру компаниясы өндіріп берді дегенді әлі ешкімнен естіп те, көрген де емеспін. Себебі, сақтандырудан кеткен шығынды алу – қиямет- қайым. Жүгіртіп, сандалтып қояды», – дейді.

  Бұл – сақтандыруды мақұлдамайтындардың әңгімесі. Ал, егер апатты оқиға орын алатындай жағдай болса, міндетті сақтандырудың пайдалы екендігін жұртқа сезінетіндей етіп жасау қажет. Демек, халыққа  түсінікті, көпшілікке тиімді болатын сақтандыру механизмдерін жасап барып тұрмысқа енгізген жөн. Сонда ғана сақтандыру компанияларына халықтың сенімі артады және елдегі сақтандыру нарығы дамиды.

  Негізі, күнделікті өмірде автокөлікті жүргізу кезінде адам өміріне қауіп төніп жататынына куә болып жүрміз. Оның үстіне қазір не көп, көлік көп. Қанша сақтықпен көлік айдаймын дегеннің өзінде кез келген жерде байқамай өзге көлікті сырып кетуің мүмкін. Тіпті, үлкен апаттар да орын алады.

 

Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, адам шығыны бар апаттарды  көбінесе жол қозғалысы ережесін бұзатын жүргізушілер жасайды екен.

   Осыған қарап сақтандыру әркімнің еркіндегі жағдай емес, міндетті болғаны жөн шығар деген ойға қаласың. Таяқтың екі ұшы бар демекші, мысалы, көліктерді сақтандыру компаниясынан өтеуге міндеттеген жағдайда, көлік жүргізушілері сәл ғана соқтығысқанның өзінде кінәні бір-бірінен іздеп, жұдырықтасуға дейін барып, соңы сотқа жүгінуге апармасқа кім кепіл? Ал, егер, көлікті сақтандырудың ерікті түрін дұрыс дегенге келсек, онда қаншама көлік жүргізушілері бәрібір сақтандыру компаниясынан шығынды өндіріп аламын деген оймен көлікті қалай болса солай жүргізуі мүмкін ғой. Осы ретте «көлік апаттарының жиілеуін өзіміз қолдан жасап алмаймыз ба?» деген ой да санаға сап ете қалады. Кереғар екі пікір. Ал, сақтандыру компаниялары болса көлікті жол-көлік апатынан, жолдан тыс қозғалыс кезінде басқа көлік құралдарымен және басқа объектілермен қақтығысудан, объектілердің құлауы, жануарлардың немесе құстардың соғуынан, өрт, су басу сияқты табиғат апаттарынан (бұршақ жауудан басқа), бұзақылық, вандализм, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінен, автомобильді айдап кету, ұрлаудан сақтандыратындығын ескертеді. Олай болса, көлікті сақтандыру мекемелері қазіргі заманға лайықты өздеріне жұртшылық назарын, сенімін арттыра алатындай, халыққа тиімді болатындай ыңғайлы жүйе қалыптастырып, жұмыс істегені дұрыс.

  Экономиканың қарқынды дамып келе жатқан шағында көптеген сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығына кіріп, өзінің жұмыстарын агенттер арқылы бастап кетсе, қазіргі дағдарысқа байланысты кейбір аты дардай сақтандыру мекемелері банкротқа ұшырап жатыр. Мәселен, «Алтын полис» сақтандыру қорын алайық. Көпшілік көлігін сол компанияға сақтандырды. Енді не болды?

  Қалай болғанда да апаттың айтып келмесі анық. «Сақтансаң сақтаймын» дегенді естен шығармаған жөн секілді. Ал, сақтандыру компанияларының автосақтандыру нарығына заманагөй көзқараспен қарайтын кезі жетті. Адам ағзаларын айтпағанда, мүліктерін сақтандыруға да жұртшылықтың үркіп тұратыны шындық. Қысқасы, дәл қазір сақтандыру жүйесіне де ел мүддесін қорғап, қалың бұқара сенімін ақтайтын реформалар керек болып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Cақтандыру агенті – берілген өкілеттіктеріне сәйкес сақтандыру компаниясының атынан және оның нұсқауы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

 

  Агенттік сыйақы – Сақтандыру компаниясы мен агенттің арасында жасалған агенттік келісімнің талаптарына сәйкес агенттің сақтандыру компаниясының атынан және оның мүдделеріндегі тиісті міндеттерін (тапсырмаларын) орындағаны үшін оған төленетін қызметақы.

 

  Агенттік  келісім – жеке және заңды тұлғалардың (агенттің) сақтандыру компаниясының мүддесіндегі немесе оның атынан  тапсырыс-шартының талаптарынан туындайтын тиісті міндеттерді (тапсырмалары) орындау жөніндегі жеке және заңды тұлғалармен (агентпен) жасалатын шарт

 

   Аддендум – Сақтандыру және қайта сақтандыру шартына қосымша келісім. Онда шарттардың бұрын қабылданған талаптарына тараптардың өзара келісімі бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар берілген.

 

  Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

 

   Андеррайтер -  сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниясы немесе Lloyds синдикаты тәуекелдерді сақтандыруға (қайта сақтандыруға) уәкілеттік берген тұлға. Сақтандырушының немесе қайта сақтандырушының сақтандыру (қайта сақтандыру портфелінің қалыптасуына жауапты болады. Оның тәуекелдің тиісті дәрежесін, сақтандыру тарифтері мен сақтандыру талаптарын белгілеу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі болуы керек.

 

  Андеррайтерлік тәжірибе – сақтандыру компаниясының белгілі тәуекелдерді сақтандыруға қабылдау (қабылдаудан толығымен бас тарту, белгілі лимитпен немесе шектеулі талаптармен қабылдау) жөнінде  жүргізген саясаты.

 

   Аннуитеттік сақтандыру – сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

 

  Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөнінде деректер базасы – Сақтанушы, сақтандырылушы және сақтандырушы туралы ақпарат жиынтығы.

 

  Cақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті, сондай-ақ  өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандырушымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің (сақтандыру компаниясының) тапсырумыен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті  жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

  Өзара сақтандыру – Азаматтар мен заңды тұлғалар өзара сақтандыру қоғамдарында сақтандыруға қажетті қаражатты қосу арқылы өз  мүліктері мен және өзге де мүліктік мүдделерін ортақ негізде сақтандыра алады.  

 

  Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға. Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады. Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың мiндеттi түрi бойынша Пайда алушы сақтандырудың осы түрiн реттейтiн заң актiлерiмен айқындалады, ерiктi түрi бойынша оны сақтанушы тағайындайды.

 

  Топтық сақтандыру – топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылушылар қамтылады. Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн. Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.  

 

   Қос (көпше) сақтандыру  - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс. Жеке қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.

 

  Нақты құн – сақтандыру объектісінің нақты (нарықтық) бағасы. Сақтандыру шарты жасалған күнгі қолданыстағы бағасына қарай есептеледі және

ғимараттар мен үй-жайлар үшін – тозуы шегерілген және жойылған (зақымдалған) ғимарат пен үй-жайдың эксплуатациялық техникалық жай-күйін ескере отырып, жойылған ғимараттың орнына басқа ғимарат салу бағасы;

үй мүлкі мен жеке қолдансытағы заттар үшін - тозуы шегерілген, толық  жойылған сондай заттарды толық  сатып алу үшін қажетті сома негізінде белгіленді.

 

  Ерікті сақтандыру  - тараптардың ерік білдіруі арқылы жүзеге асырылатын сақтандыру. 

 

  Аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде Пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты. Аннуитет шарты жинақтық сақтандыру шартына жатады.

 

  Тапсырма шарты – Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.

 

  Сақтандыру шарты, Сақтандыру полисі – Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында құқықтық қатынастардың туындағанын растайтын және сақтандыру талаптарын айқындайтын құжаттар. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.

 

  Сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.  Егер шартта өзгеше көзделмесе Сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады.

 

  Мүліктік сақтандыру – кәсіпкерлік тәуекелдерді, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды қоса алғанда, мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүлікті сақтандыруға жатады. 

 

  Құрама сақтандыру – бір сақтандыру шарты бойынша әр текті объектілер мен сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру.

 

  Жеке сақтандыру - Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылушы) адам сақтандырылуы мүмкiн. 

 

  Ауырған жағдайдан сақтандыру – жазатайым жағдайдан сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Ипотекалық сақтандыру – ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі болып табылады. 

Информация о работе Сақтандыру ісі туралы жалпы ақпарат, ҚР қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары