Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:49, контрольная работа
Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.
Кіріспе
1. Сақтандыру ісі туралы жалпы ұғым.
2. Сақтандыру жіктелуінің негіздері
3. Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
4. Қосымша ақпарат.
5. Сақтандыру терминдеріне түсінік.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Сақтандыру ісі туралы жалпы ұғым.
2. Сақтандыру жіктелуінің негіздері
3. Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
4. Қосымша ақпарат.
5. Сақтандыру терминдеріне түсінік.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.
Ұлттық нарықтағы
құрылымдық-атқарымдық
Бұл институттардың
өзара іс-қимыл нысандары
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбеккежарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі - кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары.
Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекттік
әлеуметтік сақтандырудың
Сақтандыру ұйымның күй – жайын анықтаған кезде басқарудың алдын алу әдістерін пайдаланған және объектінің даму баламаларын бағалаған жөн, себебі, бұл ең алдымен күтпеген жағдайдын белгілірін анықтау, оның ішінде бір қалыпсыз әдістерді жүргізу дамуды болжауды әзірлеудің негізі болады. Бұл қиындық нышандарын, жағымсыз құбылыстарды табуға және бар мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды.
Сақтандыру
ұйымдары сақтанушылардың,
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бүл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан ендіріс процестерін жалгастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандыру мен қайта сақтандыру жүйесі - осы нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құндылықтарының бірі. Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру ұйымдары жұмыстарының тұрақтылығы мен қызметінің қаржылық бекемдігін қамтамасыз ету үшін қайта сақтандыру жүйесін құру аса қажет. Сақтандыру - сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, материалдық шығындарға ұшыраудан қорғап, экономикалық табысқа жетуге кепілдік береді. Қайта сақтандырудың мақсаты - аса қауіпті қатерлердің зардабын жоя алатын кең ауқымды кепілдіктердің кеңістігін кеңейту мен нығайту. Бұл интернационалдық экономикалық және де сақтандыру балансымен алғанда теңгермешілік өлшемнің ең соңғысы емес. Міне осыған орай сақтандыру мен қайта сақтандыру техникалық экономикалық және де әлеуметтік прогрестің аса маңызды құралы болып табылады.
Сақтандыру
жауапкершілігінің көлемін
Қайта сақтандырудың өзінің байырғы дәстүрі болғанымен де, оның мәні ең алдымен Қазақстан экономикасында жүріп өтуі керек болып тұрған индустриализациямен айрықша байланысты. Соңғы онжылдықтар ішінде Еуропа, АҚШ пен Жапония индустриализацияның нәтижесінде үлкен де ірі қатерлер мен қауіптердің кешенді көздерінің аса зор потенциалдары пайда болып. Олар жекеленген сақтандырушының ал кейбір жағдайларда тіпті сақтандыру нарықтың қаржылық мүмкіндігін мейлінше өсірді. Экономиканың ғылым мен техниканың қуаты өркендеу қатерлер мен аса қатерлі қаржылық комбинациялардың күрт өсуімен күрделене түсуіне әкеп соғуда. Сөйтіп бұл жай қазіргі экономикалық өмірдің барлық укладтарын анықтай тұра, сонымен қоса олар әлі де белгісіздік туғызуда. Ал, экономиканы тұрақты түрде жетілдіріп жаңартып әрі күрделі қаржы үші батыл тәуекелге бару ғана әлгі етектен тартқан жұмысты жүргізбей отырған жайларды болдырмайды. Міне бұл сақтандыру мен қайта сақтандырудың қазіргі басты міндеті клиенттердің қауіп-қатер жауапкершілігін қабылдай отырып, сақтандыру ұйымдары өз қызметтерін клиенттердің қатерден аман болуына немесе оны клиенттердің мүддесіне орай азайтуға бұруға тиіс.
Қатерді жабу үшін барлық қажеттілікті жасауға кепілдік беру керектігі жұмыстың өзіне сай келетін, нысандар мен әдістерді талап етеді. Қайта сақтандыру қоғамның стратегиясы жаппай нарықтық қозғалмалы құрылымы мен өнімдеріне болашақтағы жаңа қатысушыларға ыңғайластыруға бағытталуға тиіс.
Өнімге деген сұраным мен осы факторге байланысты қатерді жабу қажетігінің ықтимал өзгерісі есепке алынады.
Бастауыш сақтандырудың дамуы, қатерлерді ойдағыдай басқару үшін жаңа прогрессивтік тәсілдері ойластыру, ықтимал толық қаржылық кепілдік пен қосымша кепілдік үшін дәстүрлі қайта сақтандыру объектілерін зор көлемде дифференциялау жоғары мамандандырылған қолдау. Қайта сақтандыру қоғамы стратегиясының ең маңызды пункті болуға тиіс. Әсіресе қатерден тысқары емес қызметтердің кең көлемді бағдарламасына қатысқан жерде қайта сақтандырудың жалпы кепілдігін ойластырып жасаған кезде клиенттердің жекелеген мүдделеріне ерекше көңіл бөледі.
Сақтандыру жіктелуінің негіздері
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта сақтандыру) шарттарды жасаумен орындауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті сақтандыру(көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық – құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді, сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе білінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүлікті мүдделеріне оның зақымдалуы немесе оның жойылуы соның ішінде немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемді мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыруды көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.