Сақтандыру ісі туралы жалпы ақпарат, ҚР қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:49, контрольная работа

Описание работы

Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді.

Содержание

Кіріспе

1. Сақтандыру ісі туралы жалпы ұғым.
2. Сақтандыру жіктелуінің негіздері
3. Қазақстан Республикасының Қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары
4. Қосымша ақпарат.
5. Сақтандыру терминдеріне түсінік.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 194.50 Кб (Скачать)

 

  Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру -  «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңның 6 бабы 3 тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан залалдың туындауы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.  

 

   Сот шығыстарын сақтандыру  - сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру  - берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті нәтижесінде кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

   Жинақтаушы сақтандыру  - мынадай негіздердің кез-келгені бойынша: сақтандыру шартында белгіленген кезең аяқталған не сақтандыру жағдайы туындаған кезде, олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек жеке сақтандыру бойынша ғана жасалуы мүмкін.

 

  Тәуелсіз сарапшы – Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

 

  Жинақтаушы емес сақтандыру – тек сақтандыру жағдайы туындаған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру. 

 

  Үйлесімсіз қайта сақтандыру  – қайта сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша цеденттің өздігінен  ұстап қалу сомасынан артық  өтелуге тиісті шығындардың толық сомасы мөлшерінде  сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін өзіне қабылдайтын қайта сақтандыру.

 

  Облигаторлы қайта сақтандыру – Сақтандыру компанияларының қайта сақтандыру қорғауын ұйымдастыру нысандарының бір түрі.  Мұнда, Сақтандырушы (қайта сақтандырушы) пайыздық қатынаста не абсолютті шамада көрсетілген тәуекелдердің белгілі бір бөлігін қайта сақтандыруға беруге міндеттенеді, ал қайта сақтандырушы тәуекелдердің осы бөлігін алдын-ала ескертілген және келісліген талаптармен қабылдап алуға міндетті болады. 

 

  Сақтандыру объекті  - заңды тұлғаның не азаматтың кез-келген мүддесі сақтандыру объектісі бола алады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерімен белгіленеді. Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандырылмайды.

 

  Міндетті сақтандыру  - заң актілерінің талаптары бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру.

 

  Сақтандыру портфелі – сақтандырушының белгілі бір кезеңге сақтандыруға қабылдаған тәуекелдер жиынтығы.

 

  Қайта сақтандыру – сақтандыру компаниясының сақтандыру шарты бойынша қабылдаған сақтандыру тәуекелдерінің бәрін не бір бөлігін кейін өздері арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына беруіне байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар.

 

  Қайта сақтандырушы (цедент) – қайта сақтандыруға қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.

 

  Қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы)  - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

  Сақтандыру ережелері -  Сақтандыру ұйымының сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты.

 

  Үйлесімді қайта сақтандыру – қайта сақтандыру ұйымы тиісті сақтандыру шартында көзделген жағдайлар туындаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша Цеденттен қабылдап алған сақтандыру міндеттемелеріне барабар үлесі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін қабылдайтын қайта сақтандыру.

 

  Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде өз қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор.

 

  Пруденциалдық нормативтер – уәкілетті органдар белгілеген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтауға міндетті нормативтер.

 

  Тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі.

 

  Ретроцессия – қайта сақтандырушының факультативті немесе қайта сақтандыру шарты бойынша қабылдаған тәуекелдерді басқа қайта сақтандырушыларға беруі

 

  Өздігінен ұстап қалу – цеденттің қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебінен болатын жауапкершілігі шегіндегі сақтандыру сомасының бөлігі

 

  Ортақ сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша бірнеше сақтандыру компанияларының бір мезгілде сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар.

 

  Сақтанушы – Сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.

 

  Сақтандыру - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның  заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.

 

  Сақтандыру төлемi – сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi шартпен белгiленедi. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заң актілерімен белгіленуі мүмкін.

 

  Сақтандыру қызметi - Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, ҚР заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi.

 

  Сақтандырушы – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына сақтандыру шарты жасалған тұлғаға шартта айқындалған сома шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын тұлға.

 

  Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушы Сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында не аннуитет шартында белгіленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін  төлеуге міндетті ақша сомасы;

 

  Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.

 

  Нақты құнынан жоғары сақтандыру  - егер сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан (сақтандыру объектісінің нақты құнынан) асатын болса, сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру сомасының сақтандыру құнынан асатын бөлігінде шарт әрекетте болмайды.

 

  Нақты құнынан төмен сақтандыру – егер сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы сақтандырылған мүліктің нақты құнынан аз болса, сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру сомасы мен сақтандырылған мүліктің нақты құнының арақатынасына барабар есептеледі.

 

  Сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандырушының сақтанушыға не пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеті туындайтын сақтандыру шартында көзделген оқиға.

 

  Сақтандыру резервтері – Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарлық есептер негізінде бағаланған міндеттемелері.

 

  Жазатайым жағдайдан сақтандыру – Ауырған жағдайдан сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Жазатайым жағдай дегеніміз - Сақтандырылушының ағзасына сыртқы механикалық, электр, химиялық немесе термиялық әсер етудің нәтижесінде денсаулығының бұзылуына, жарақаттануына немесе қайтыс болуына апарып соққан, адамның ерік-жігеріне қарамастан кенеттен туындайтын қысқа мерзімді оқиға.  

 

  Көлік (автомобиль, теміржол, әуе, су) құралдарын сақтандыру - көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

 

  Жүктерді сақтандыру - жүкті, оның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа да барлық түрлерін қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне тасымалдау әдісіне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы

 

  Мүлікті сақтандыру - мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне ҚР «Сақтандыру қызметі» туралы заңының 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тізбеленген мүлікті қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Көлік (автомобиль, әуе, су) құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру – тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, тұлғалардың көлік құралын пайдалануына орай үшінші тұлғаларға келтірген залалды өтеу міндетіне байланысты олардың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтем мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Суброгация – Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде өтелген шығындар үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы. Сақтандырушыға ауысқан талап қою құқығы сақтанушы (сақтандырылушы) мен шығындар үші жауапты адамның арасындағы қатынастарды реттейтін ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

 

  Сақтандыру қызметінің субъектілері – Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары.

 

  Заемдерді сақтандыру  - сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

 

  Сюрвейер – Сақтанушының немесе сақтандырушының өтініші бойынша сақтандырылған немесе сақтандырылуға тиесілі кемелер мен жүктерді тексеруді жүзеге асыратын сарапшы.

 

  Трансшекаралық сақтандыру – сақтандыру ұйымының басқа мемлект аумағында сақтандыру қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты сақтандыру. Трансшекаралық сақтандыруды жүргізу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе Қазақстан республикасында ратификацияланған халықаралық шарттармен айқындалады.

 

 

  Факультативті қайта сақтандыру (ретроцессия) – Қайта сақтандырушының (ретроцеденттің) түпнұсқа сақтандыру шарты (факультативті қайта сақтандыру шарты) бойынша қайта сақтандырушы (ретроцедент) өзіне қабылдаған сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәуекелін қайта сақтандырушыда ерікті сақтандыруы.

 

  Франшиза (franchise) – сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына қатысты пайыз бойынша не абсолютті мөлшерде белгіленеді. Шартты франшиза кезінде сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан көп болса, залалды толық өтеуге тиіс.Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сома шегеріле отырып өтеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Сақтандыру ісі туралы жалпы ақпарат, ҚР қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны жетілдіру жолдары