Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:55, курсовая работа
Қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдары – бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау. Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы..........6
1.2 Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары...........................................9
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік операциялары.......................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ........................................................................................................................17 2.1 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оны белгілеудің алғы шарттары................................................................................................................17
2.2 Депозиттік саясаттың банктік нарықтағы мазмұны және депозиттік портфельді қалыптастыру.....................................................................................19
2.3 Коммерциялық банктердің актив, пассив бөлімін және қаржылық өтімділігін талдау..................................................................................................21
3 ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары...............................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30
ТІРКЕМЕЛЕР.........................................................................................................31
Арнайы салым операцияларын шығару және сервистік қамтамасыз ету сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне келетіндей қызмет көрсетулер мен банктік өнімдер ұсыну негізінде банк клиенттерін көбейту;
Ірі шаруашылық субъектілер кешенді қызмет көрсету негізінде олармен ұзақ қарым-қатынас орнату арқылы заңды тұлғалардың депозиттерінің көбейіп отыруын қамтамасыз етеді;
Барлық депозиттер бойынша жеткілікті табыстылық деңгейін олардың әр қайсысына қатысты пайыз мөлшерлемесі өлшемін инфляция деңгейіне сәйкес қалыптастыра отырып қамтамасыз ету;
Барлық дербес шоттар иелеріне дебеттік төлем карточкаларын беруді қамтамасыз ету.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдарының қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.
Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктерді бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген әр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.
Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды мәселе болып отыр. Осы депозиттерді кепілдеу жүйесін дамыту және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге орналастырылуына ынта болады. Нәтижесінде банктің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды.
Банктің депозит қызметін жетілдіру жолдары:
Депозит мерзімін қысқартып, пайыз ставкасын көтеру.
Клиенттерді ынталандыру мақсатында лоторея, акция, құнды сыйлықтар және т.б. мәдени іс-шараларды өткізуді;
Депозитке салынған ақша қаражаттарды, бағалы қағаздарды, асыл тастарды сақтайтын сейфтерді және басқа да қорғаныс жүйелерін соңғы үлгідегі жүйемен қамтамасыз ету
Депозит түрін көбейту
Ай сайын пайыз төлейтін депозит түрін ұсыну;
Депозитке қажетті құжаттардың санын қысқарту;
Депозит иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасау.
Бүгінгі күні өзекті мәселе - нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурстар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым-қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық инструменттердің болуына байланысты дұрыс депозиттік саясатты құру мен оны жүзеге асыру.
Банктің пассивтік операцияларының көлемінің негізгі мөлшерінің құрамдастарының бірі – заңды және жеке тұлғалардың депозиттері. Басқаша айтқанда, банктің өсуі оның жинап алынған қаржыларының қатысынсыз мүмкін емес. Коммерциялық банктердің алдында операцияларын ұлғайту, клиенттер тарту мәселесі барлық уақытта бірінші кезекте тұрады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңда, Қазақстанда салым салу деңгейі жеткілікті дәрежеде емес, себебі қаражаттың көп бөлігі тұтынуға жұмсалады. Салымдарды жинақтау тек табыс деңгейімен ғана емес, сонымен қатар менталитет ерекшеліктерімен де байланысты. Осы және көптеген себептерге байланысты халықтың салымдарының қайтарылуын қамтамасыз етіп, соның нәтижесінде олардың салымшылардың банк жүйесіне деген сенімін арттырып, олардың уақытша бос ақша қаражаттарынының банктерге келіп түсіп, жоғарылату мақсатында 1999 жылы 15 қарашада «Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік (сақтандыру) қоры» құрылды.
Тәуелсіздік алғанымыздан бастап, ұлттық ақшамыз енгеннен кейін және экономикамыздың нарықтық жүйеге өтуімен байланысты мемлекет пен салымшы арасындағы қатынастарды дұрыстаудың алғы шарттары пайда болды. Егер мемлекет тарапынан отандық банктеріміздің әрбір салымшысын қорғайтын шаралар қарастырылмайтын болса, онда азаматтарымыздың салымдарын өз отанымыздың экономикасына тарту қиынға түседі. Ал бұл мәселе, яғни нақты секторға ішкі инвестицияларды тарту еліміздегі ең маңызды басыңқы мәселелердің бірі болып отыр.
Осының бәрі қорға және банкке деген салымшылар сенімін молайтады. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі қалыптасу және даму барысында көптеген кезеңдерден өтті. Халықтың табыстары, басқа табыстарын қоса алғанда аз мөлшерде болса да, біртіндеп өсу үстінде. Халық қазіргі кезеңде капиталын тиімді орналастыру жолын іздестіру үстінде. Осылайша, қазіргі кезеңдегі депозиттік нарықтың дамуының перспективалық бағыттары болып «Депозиттерді сақтандыру қорының қызметі және Банктік құпия сақтау туралы» заңды қабылдау табылады. Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) ережесі қабылданды.
Депозиттерді сақтандыру жүйесін қалыптастыру қаржы жүйесінің дамуындағы маңызды кезең болып келеді. Халық салымдарын ұлттық экономикаға жоғарыда айтып кеткендей, инвестиция көзі болып табылады. Яғни, банк жүйесіне депозиттерді тарту қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Ол жоғарыда аталып кеткендей көптеген мәселелерге байланысты құралады. Алайда біздің елімізде коммерциялық банктермен бәсекеге түсетін айтарлықтай тартымды салалар жоқ немесе дами қойған жоқ деуге болады.
Нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурстарды тарту үшін банктердің жеткілікті дәрежеде олардың қаржылық тұрақтылығымен байланысты. Сондықтан банктер тарапынан резервтер қалыптастыру, депозиттерді ұжымдық кепілдендіру, яғни сақтандыру және тағы да басқа шаралар қолдануда. Банк секторындағы жалпы депозиттер үлесінде ең құраушысы халықтың (жеке тұлғалардың) салымдары табылады. Ал осы жеке тұлғалардың салым салуға икемділігі ол бірнеше факторларға байланысты: жалақы мөлшеріне, нарықтық индикаторларға, банк жүйесінің жағдайына байланысты болады. Көптеген өзгерістерге, кейбір негативтік әсер етулерге байланыссыз, қазіргі таңда Қазақстанның банк секторы тартымды болып келеді. Халықтың банк жүйесіне сенімі біртіндеп артуда және соған байланысты уақытша бос қаражаттарын банктерге тапсыруда.
Қорытындылай келе, коммерциялық банктердің депозиттік саясаты банктің алдағы қызмет етуіне елеулі әсер ететін, жалпы айтқанда оның қызмет етуінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктердің өтімділігі тікелей ондағы депозиттік ресурстардың неғұрлым көп болуымен байланысты, ал бұндай ресурстарды жинақтау банктің депозиттік саясатына байланысты болады. Осы себептерге байланысты екінші деңгейлі банктерде депозиттік саясат жүргізу мәселесіне үлкен көңіл бөліп, оның дұрыс ғылыми неізделіп жасалуын үнемі бақылап, қадағалап отыру қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мақыш.С.Б, Ілияс А.Ә. "Банк ісі " Алматы .Қазақ университеті 2004ж.
2. «Ақша, несие, банктер». Ғ.С. Сейітқасымов. Жалпы редак. Алматы. Экономика.2004 ж.
3. «Ақша айналысы және несие». С.Б. Мақыш. Алматы. 2004 ж.
4. «Деньги,кредит,банки»/под.
5. Мельников.В.Д, Ильясов К.К. «Финансы». Алматы. издат. второе. Қаржы-қаражат 1997 ж.
6. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктердің операциялары». Алматы. Қазақ университеті 2002 ж.
7. «Финансы.Денежное обращение». Кредит /Под. ред. Дробозиной Л.- Москва. Финансы. ЮНИТИ 1998г/
8. «Общая теория денег и кредита» /Под. ред. Жукова Е.Ф.-Москва.Банки и биржи 1995 г/
9. «Экономикалық сөздік–анықтамалық» Тоқсейітов Р.Қ. Болашақ баспа.1999 ж.
ТІРКЕМЕЛЕР
16
Информация о работе Коммерциялық банктердегі депозит нарығының қалыптасуы мен құрылымы