Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:55, курсовая работа
Қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдары – бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау. Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы..........6
1.2 Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары...........................................9
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік операциялары.......................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ........................................................................................................................17 2.1 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оны белгілеудің алғы шарттары................................................................................................................17
2.2 Депозиттік саясаттың банктік нарықтағы мазмұны және депозиттік портфельді қалыптастыру.....................................................................................19
2.3 Коммерциялық банктердің актив, пассив бөлімін және қаржылық өтімділігін талдау..................................................................................................21
3 ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары...............................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30
ТІРКЕМЕЛЕР.........................................................................................................31
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ......................
1.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы..........6
1.2 Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары...................
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік операциялары..................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ..........................
2.2 Депозиттік саясаттың банктік нарықтағы мазмұны және депозиттік портфельді қалыптастыру..................
2.3 Коммерциялық банктердің актив, пассив бөлімін және қаржылық өтімділігін талдау........................
3 ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары...............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
ТІРКЕМЕЛЕР....................
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдары – бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау. Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алады.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдарының қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.
Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктердің бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып, осы банктік ресурстарға деген әр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.
Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды мәселе болып отыр. 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап іске қосылған жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі халықтың банктерге деген сенімін біршама арттырады. Алғашында бұл жүйе теңгедегі және шетел валютасындағы тек мерзімді салымдарға ғана қатысты қолданылатын, ал 2002 жылдың 13 сәуірінен бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған ағымдағы депозиттеріне қатысты қолданылатын болды. Осы депозиттерді кепілдеу жүйесін дамыту және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге орналастырылуына ынта болады. Нәтижесінде банктің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды.
Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының депозиттік нарықтың құрылымы мен қалыптасуы, тартылған қаражаттары мен банктің ресурстары туралы толық қамтылып қарастырылады.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының депозиттер нарығының қызметіне талдау жасалып, коммерциялық банктердің актив және пассив бөліміне талдау жасалынады.
Үшінші бөлімінде депозиттік нарықты қалыптастыру мәселелері мен даму жолдары. Депозиттік нарықтың даму перспективалары және коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары туралы бірнеше мәселелері айтылады
Бүгінгі күні өзекті мәселе - нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурстар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым-қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық инструменттердің болуына байланысты дұрыс депозиттік саясатты құру мен оны жүзеге асыру.
Банктің пассивтік операцияларының көлемінің негізгі мөлшерінің құрамдастарының бірі – заңды және жеке тұлғалардың депозиттері. Басқаша айтқанда, банктің өсуі оның жинап алынған қаржыларының қатысынсыз мүмкін емес. Коммерциялық банктердің алдында операцияларын ұлғайту, клиенттер тарту мәселесі барлық уақытта бірінші кезекте тұрады.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы
Бүгінгі күні депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізгі көзі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді әр түрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттері, зейнеткерлерге арналған депозиттер және т.б.
Жалпы депозиттерге деген сенімсіздік банктердің банкрот болу қаупімен байланысты туындап отыр. Осы мәселені шешуге бағытталған салымдарды сақтандыру жүйесі құрылып отыр. Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру процесінде АҚ «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру қоры» жауапты болып отыр.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі біршама тұрақты және сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған негізгі мәселелер – қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту.
Қазақстанда негізгі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алуда. Соңғы кезеңдерде ақпараттық құралдарда және экономикалық басылымдарда Қазақстанның банктік секторының оңтайлы дамуы жайында көптеген мәліметтер кездеседі. Қазақстан Республикасының банктік секторы соңғы 10 жыл аралығында қарқынды даму үстінде. Ол – ТМД елдеріндегі ең жоғарғы капиталдандырылған коммерциялық банкі бар алғашқы ел.
Осындай жағдайлардың орын алуы барысында өте маңызды мәселелердің бірі – жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын күшейту. Банктік жүйе қаржылық жүйенің дұрыс қызмет етуі үшін көптеген қызметтерді атқарады. Оларға банктердің уақытша бос қаражаттары бар тұлғалармен осы қаражаттарға деген уақытша қажеттіліктері пайда болған тұлғалар арасындағы делдалдық қызметтерді, тәуекелдерді бағалау, есеп айырысуларды жүзеге асыру және ақша-несиелік саясатты жүзеге асыруы жатады. Алайда банктер қызмет етуі барысында тәуекелге, өтімділігінің төмендеуіне және төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Қ.Р. банктер және банктік қызметтер туралы» заңында депозит анықтамасы келесідей берілген:
Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – банкке (соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін немесе толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға) қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс ақша сомасы.
Банктік депозит – салымшының, банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
Депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
Банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
Банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет. Депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
Депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:
1. халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2. олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3. салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4. елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың әр түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға. Әдетте, ол халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. әр бір салымшы ақша қаражаттарын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы басқа шарттармен салымшыны таныстырып, толық және ақысыз кеңес беруі тиіс.
Өйткені банк мекемесі үшін әр бір депозиттің алатын орны ерекше және банктік жинақ, инвестиция және капиталмен тығыз байланысты. Банк жинақталған депозиттер арқылы қаржыларды тиімді орналастыру; операциялар көлемін ұлғайту мүмкіндігіне ие. Оны төмендегі суреттен көруімізге болады.
Әлемде банктік тәжірибеде депозиттерді топтаудың әр түрлі критерийлері қалыптасқан. Солардың ішінде ең көп тарағандары мыналар: талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады. Коммерциялық банктерде жеке тұлғалардың салымдары бойынша операциялар жүргізу тәртібінің инструкциясына сәйкес салымшыны таныстырып, толық және кеңес беруі тиіс.
Коммерциялық банктерде жеке тұлғалардың салымдары бойынша операциялар жүргізу тәртібінің инструкциясына сәйкес салымшы бір немесе бірнеше салым түрлері бойынша бір немесе бірнеше шот ашып жинақ салымын жасай алады. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарын демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланылады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданады.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімдік депозиттік сертификат болып табылады.
Тұлғаларға ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар:
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқа жинақтаушы салымдарымен салыстырғанда жоғары болып келеді.
Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдын ала келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген күнде беріледі.
Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады.
1.2 Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырған өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдердің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттардың жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
Депозиттік қаражаттар;
Депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит- бұл клиенттердің жеке және заңды тұлғалардың банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттар.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздардың сату жолымен тарататын қаражаттары.
Информация о работе Коммерциялық банктердегі депозит нарығының қалыптасуы мен құрылымы