Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:55, курсовая работа
Қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдары – бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау. Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы..........6
1.2 Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары...........................................9
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік операциялары.......................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ........................................................................................................................17 2.1 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оны белгілеудің алғы шарттары................................................................................................................17
2.2 Депозиттік саясаттың банктік нарықтағы мазмұны және депозиттік портфельді қалыптастыру.....................................................................................19
2.3 Коммерциялық банктердің актив, пассив бөлімін және қаржылық өтімділігін талдау..................................................................................................21
3 ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары...............................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30
ТІРКЕМЕЛЕР.........................................................................................................31
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алатындықтан да, олардың көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады. Банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос ақша қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Депозитті мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Банктерге тартылатын депозитер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілердің орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік операциялары
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар –банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттардың әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмытылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұныныа қарай депозиттерді мынандай топтарға бөледі:
Талап етуіне дейінгі депозиттер;
Мерзмді депозиттер;
Жинақ депозиттер,бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды мынандай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Мерзімдеріне қарай;
Салым иелерінің категорияларына қарай;
Қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
Пайыз төлеу тәсіліне қарай;
Банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
Тағы басқалар.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынандай түрлерге бөлінеді:
Жеке тұлғалардың шоттарына;
Кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
Жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
Қаржылық мекемелердің шоттарына;
Шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер –бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
Мемлекеттік ,акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттардағы сақталатын қаражаттары;
әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
есеп айырысудағы қаражаттар;
жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
басқа банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланады.
Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынандай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесіндегі, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай-ақ шоттар түріндегі Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттың мынандай өзіне тән ерекшеліктері болады:
Бұл шот бойынша пайыз төленеді;
Бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда тапппайтын ұйымдарға ашылады;
Салым иелеріне бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды білдіреді.
Куәландырылған чектер-бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.
Мерзімді депозит-бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозитттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозитттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозитттер мынандай түрлерге бөлінеді:
Меншікті –мерзімді депозиттер;
Алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті –мерзімді депозитттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
30 күнге дейінгі;
30-90 күнге дейінгі;
90-180 күнге дейінгі;
180 күннен 360 күнге дейінгі;
360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынандай ерекшеліктері болады:
Есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды.
Шоттағы қаражаттар баяу айналады.
Тұрақты пайыз төленеді.
Пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады.
Ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі.
Бұл шоттағы қаражаттары бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерізімі жоқ, қаражаттты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьюткрдің көмегімен жасалған жеке шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынандай ерекшеліктері болады:
Ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды.
Шоттағы қаражатты алдын ал алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді.
Ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал шетелдік тәжірибеде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді.Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынандай түрлерге бөлінеді:
Мерзімді жинақ салымдар.
Қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар.
Ұтыс салымдары.
Ақшалай-заттай ұтыс салымдары.
Алдын ала алуын хабарлайтын саалымдар.
Валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар - бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде толық төленеді.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозитттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынандай талаптарды ескеруі тиіс:
Депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі.
Депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу жұмыс жасауға тиіс.
Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу.
Салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ
2.1 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оны белгілеудің алғы шарттары
Банктік депозиттік саясатты құрудағы басты мақсат - Қазақстан Республикасының заңы шегінде депозиттік операциялар жүргізу барысында банк мүмкіндіктерін тиімді қолдану болып табылуы тиіс. Депозиттік саясатты дұрыс анықтау үшін банктер депозиттер тартуға әсер ететін факторларды және операцияларды ұйымдастыру қағидаларын анықтап алуы қажет.
Банктегі депозиттік операциялар мынадай қағидалар негізінде ұйымдастырылады:
банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет;
депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз етуі қажет; депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамыту шараларын қолдану.
Информация о работе Коммерциялық банктердегі депозит нарығының қалыптасуы мен құрылымы