Коммерциялық банктердегі депозит нарығының қалыптасуы мен құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:55, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдары – бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау. Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ...................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасындағы депозиттер нарығының қалыптасуы..........6
1.2 Коммерциялық банктің тартылған қаражаттары...........................................9
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік операциялары.......................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІ........................................................................................................................17 2.1 Депозиттік саясаттың экономикалық мәні және оны белгілеудің алғы шарттары................................................................................................................17
2.2 Депозиттік саясаттың банктік нарықтағы мазмұны және депозиттік портфельді қалыптастыру.....................................................................................19
2.3 Коммерциялық банктердің актив, пассив бөлімін және қаржылық өтімділігін талдау..................................................................................................21
3 ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары...............................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................30
ТІРКЕМЕЛЕР.........................................................................................................31

Работа содержит 1 файл

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі тәуелді болып есептелетін мынадай факторларды атап өтуге болады:

1.                 халықтың ақшалай табыстарының көлемі;

2.                 олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;

3.                 салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;

4.                 елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Депозиттік саясат – коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты - банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

Депозиттік саясат – бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол әр бір банкке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы тиіс. Депозиттік саясат макро және микро деңгейде анықталынады.

Макроэкономикалық факторларға:

                 Ұлттық банктің ақша-несие саясаты;

                 Мемлекеттің фискалды саясаты;

                 нақты сектордың жағдайы;

                 ұлттық экономиканың дүниежүзілік экономикамен байланысы;

                 салымдарды кепілдеу қорының талаптары;

                 бағалы қағаздар нарығының даму қарқыны.

Банктердің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін микроэкономикалық факторларға мыналар жатады:

                 коммерциялық банктің нарықтық ортадағы репутациясы;

                 коммерциялық банктердің клиентуралық нарықтағы экспансиондық іс-қимыл әрекеті;

                 коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалану;

                 сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді;

                 коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни банк қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы;

                 коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.

Депозиттік пайыздық мөлшерлемелер нарықтық мөлшерлемелердің немесе нарықтық индикаторлардың қатарына жатады.

 

2.2 Депозиттік саясаттың банктік нарықтағы мазмұны және депозиттік портфельді қалыптастыру

 

Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі.

Сонымен, коммерциялық банктердің депозиттік базасы дегеніміз – оның жалпы депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа да депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін немесе банк үшін тарту шығындары төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз. Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.

Депозиттік портфель дегеніміз – коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілген сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде қалыптасады. Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозитті саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп аталады. Мұндай шығындардың ең негізгісін сыйақымен байланысты шығындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер үшін депозиттік портфельдің депозиттік базасына қажет уақытында талап етілетін заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттерін жатқызуға болады.

Банктің депозиттер портфелін тиімді басқару үшін алдын – ала немесе кезекті талдаулар жасауға болады.

Әрине коммерциялық банктерде депозиттік портфельді басқарудың тиімділігі бірінші ретте активтер портфелін басқарудың тиімділігімен байланысты.

Депозиттік нарық дегеніміз – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты орналастырумен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми ұйымдастырылатын экономикалық орта.

Депозиттік саясат міндетті түрде несиелік саясатпен байланысты болуы керек. Өйткені депозиттік саясаттың тиімділігі бірінші кезекте несиелік саясаттың тиімді болуымен анықталады. Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара тығыз байланысы банктің өтімділігін бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталады. Осы саясаттардың өзара тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында жатыр. Коммерциялық банктер менеджментінің сапасы да осылармен бағаланады.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы да, соның ішінде коммерциялық банктер де депозиттік операциялармен немесе депозиттік қызмет көрсетулермен тек қана Ұлттық банк лицензиясы негізінде айналыса алады.

 

2.3 Коммерциялық банктердің актив, пассив бөлімін және қаржылық өтімділігін талдау

 

Банктің актив бөлімін құрылымдық талдаудың мақсаты – оның үлес салмағын, қызметінің тәуекелділігін, көрсеткіштері тұрақты ма, тұрақсыз ба соны қарастырып, баға беру.

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттар.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұқшырау белгілеріне қарай анықталады.

Осы орайға АҚ «НҰРБАНК» банкін мысалға келтіре кетейік. Актив бөлімін құрылымдық талдау барысында ең көп активін клиенттен алынған несие 2005 жылы 36710468 құрап, 2006 жылы 67485041 артып отыр. Ал үлес салмағы 2005 жылға қарағанда 2006 жылы 12,4 %  ұлғайып отыр. Себебі 2005 жылға қарағанда 2006 жылы өзінің активтерін айналысқа тез түсіре алды деуге болады.

Сонымен қатар міндетті резервтер 2005 жылы 834570 мың ақшаны құрап отырса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 1438489 мыңға артып отыр, ал үлес салмағы 0,2 пайызға ұлғайып отыр.

Себебі, 2005 жылға қарағанда 2006 жылы банк қызметі тәуекелділігі жоғары деп саналады. Жалпы банктің активі 2005 жылы 58186865 млн. ақшасын құрап отырса, онда бұл көрсеткіш 2006 жылы 89390206 млн. құрап тұр. Демек осыдан шығатын қорытынды 2005-2006 жылдары банк түсімі тым өсіп отырғанын байқауға болады. Банктің актив бөлімінің кірісі болып негізінен, несиеден, бағалы қағаздарды сатудан, депозиттерден жиналған соманың барлығы банктің активін құрайды.

Банктің пассив бөлімін құрылымдық талдаудың мақсаты – оның үлес салмағын, банк қызметінің тәуекелділігін, көрсеткіштерін анықтап баға беру.

Пассив бөліміне құрылымдық талдау меншікті капитал 2006 жылға қарағанда 2005 жылы 27,2 салмағы артып, ал 2005 жылға қарағанда 2006 жылы көрсеткіш 8261020 артып отыр. Себебі банктің кризистік ситуациялары болу ықтималдығы өте жоғары.

Талап еткенге дейінгі міндеттемелер 2005 жылы 56,8 пайызын құраса, 2006 жылы үлес салмағы 61,4 пайызға артып отыр. Ал 2005 жылы 11589202 болса, 2006 жылы 28279878 құрап отыр. Себебі банктің қаржы тұрақтылығын соғұрлым жоғары төмен болады.

Мерзімді міндеттемелер 2005 жылы 1780118 құраса, 2006 жылы 8108690 құрап, ал үлес салмағы 2005 жылға қарағанда 2006 жылы 17,6 пайызын құрап отыр. Себебі банк мерзімді міндеттемелерін өтей алады, яғни тұрақтылығын жақсы деп айтуға болады.

Басқа да қорлар 2005 жылы 1458963 құраса, 2006 жылы 1347896 құрап отыр. 2006 жылға қарағанда 2005 жылы үлес салмағы 7,15 пайызына артып отыр. Себебі банк өзінің басқа да міндеттемелерін, активтерін өтейді деп айтса болады.

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.

Банктің өтімділігін анықтаудың мақсаты – міндеттемелердің жабу қабілеттілігі, бақылау нормасын, өтімділік коэффициенттерін есептеу.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен қатар болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер: банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

                 Депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

                 Тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;

                 Активтерді зиянсыз сату;

                 Тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Сонымен, банктің өтімділігі тұрақты өзгерімде болатын көптеген факторлармен анықталатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденциялармен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ДЕПОЗИТТІК НАРЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердегі депозиттік саясатты белгілеу мәселелері мен даму перспективалары

 

Банктегі жекешелендіру және құрылымдылық қайта құру ғана емес, сонымен қатар бұл үздіксіз жаңа банктік технологияларды меңгеру, банктік қызметтер кешенін дамыту, жинақ салымдарының жүйесін жаңарту және дамыған филиалдық инфрақұрылымы бар «тігінен біріктірілген» банктік құрылым қалыптастыру.

Депозиттік нарықта коммерциялық банктер басыңқы рөл атқаруда. Сонымен қатар банк ұсынылатын депозиттік қызметтер түрін дамыту, жаңарту үстінде.

Депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың келіп түсуімен байланысты.

Жүзеге асырылып жатқан түрлі шаралар әсерінен мерзімді депозиттер оңтайлы өсу үстінде. Оның үстіне қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі салдарынан тартылатын депозиттер бойынша минималды номиналдық мөлшерлемелердің төмендеуі байқалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі екінші деңгейлі банктерге олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен қатар депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік берген. Коммерциялық банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық валюта бағамы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің саясаты және тағы осы сияқты жағдайларды ескереді.

Депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылықтарын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырады. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған. Банктің депозиттік саясаты Қ.Р. заңнамасында белгіленген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Банк ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзіне орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады. Осылардың жүзеге асыруы мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:

            Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы банк үлесін арттыру және өзінде бар депозиттер бойынша қызмет көрсетудің сапасын арттыру;

            Табысы орташа клиенттер үшін жаңа депозиттер түрін шығару;

Информация о работе Коммерциялық банктердегі депозит нарығының қалыптасуы мен құрылымы