Касипорынын инвестициялык саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 08:46, реферат

Описание работы

Инвестиция (латын тілінен адарғанда: investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.

Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы - «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 164.63 Кб (Скачать)

                 Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік түрлері болады:

                - ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;

                - бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);

                - инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.

                Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

                Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:

                1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде - новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.

                2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.

                3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.

                Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.

                Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі:

                Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

                Бизнес тәуекелі - жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел - ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.

                Жаңалық енгізудің инвестициялауының шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге асырылатын стратегия мен бизнес әдісін таңддау кіреді. 
           
           
           
           

               ҚОРЫТЫНДЫ  

                Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің инновациялық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Инновациялық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі инновацияға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Инновациялық процестің біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті - "субьектік ақпараттанудың " мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байлаысты. Жаңалытардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады. Инновацияның стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды. 
           
           
           
           
           
           
           

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ 

    Қорыта келе жалпы ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптасуы мен дамуы ел экономикасында үлкен маңызға ие. Бұл саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи ресурстарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді және маңызды инновациялық үрдістерін ынталандыру, реттеу, ал жеке жағдайда жаңа енгізілімге тікелей қатысу өндірістің дамуы мен қоғамға маңызды өнім тұтынуға және қызмет көрсетуде үлкен маңызы бар. Өнімді инвестициялар жаңа жоғары пайдалы өнімді өндіруді болжайды және капиталдың қорлану қарқынын қалыптастырады. Технологиялық инвестициялар табиғи және сапалық ескірген техникаларды алмастыруға ынтагерлік білдіреді, қуаттылығын көбейту, өндіріс шығындарын азайту және нарықтағы өнімнің бәсекеге жарамдылығын арттыру. Меншікті инвестициялық қаржылардың көздері амортизация және бөлінбеген пайда болып саналады. Инвестицияның бұл көздерінің мүмкіндігі, сипаты, ауқымы және мемлекеттің экономикалық тактикасымен анықталады.

    Сонымен қатар, бұл саясат республиканың экспорттық әлуетін арттыру, яғни шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Біз инвестициялық жағдайымызды жоғарғы қарқында дамыту үшін ең бірінші кезекте шетел тәжірибесін қолдануымыз керек. Соның ішінде АҚШ, Оңтүстік Шығыс Азия сияқты елдер. Сонымен қатар инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін мынандай шарттар бекітілген болатын :республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу, халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру; үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау, әрі қарайғы

экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

   Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге  "арзан" капиталға жолды оңайлату индикаторы болып табылады. Сонымен бұл курстық жұмыста АҚ «Интергаз Орталық Азия» қызметінің инвестициялық саясатын бағалап, тиімділігін зерттеп, жалпы еліміздегі инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар мен инвестициялық қызметін талқыладым.

    Қорыта келе менің ойымша, болашақта да инвестициялық саясат ҚР-ның экономикасын әрі қарай дамытып, кәсіпорындарымыздың қарқынды деңгейде дамуына, бәсекеге төтеп беріп, дайын өнім шығаруға, халқымыздың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында жоғары жетістіктерге жететініне сенімдімін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.Бөкенов.А.Ж, Ақанаева.Т.А. Корпоративтік қаржы. - Қарағанды:  Изд.ҚРУ, 2005,189-191бет.

2.Ихданов.Ж.О, Орманбеков.Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы:экономика, 2002, 136-172 бет.

3.Каренов.Р.С. Основы государственного регулирования - Алматы:Білім, 1999, 148 бет.

4.Мамырова.М.К. Эффективности инвестиций в промышленном производстве: Монография.-Алматы: экономика, 2001

5.Мейірбеков.А.Қ, Әлімбеков.Қ.Ә   Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы: Экономика,2003.

6.Инвестиция туралы заң. //Г.Орталық Қазақстан/ 18 қаңтар,2003 жыл

7.Назарбаев.Н.А.   Қазақстан-2030, 11 қазан 1998 жыл.

8.Назарбаев.Н.Ә.//Жаңа кезең-жаңа экономика//Г.Орталық Қазақстан,2005.4-

қаңтар,2-5 бет.

9.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы- Алматы: Атамұра,2005.

10.Назарбаев.Н.Ә.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы - //Орталық Қазақстан / 2007 жыл 28-ақпан.

11.Болтай.Е. «Жаман үйді»билемек ниеттегі «Жақсы»мейман.//Ақжол Қазақстан №23 (145), 24 маусым, 2005 жыл, 10 бет.

12.Оразалы.С.  Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы  //Егемен Қазақстан,18 сәуір,2006 жыл,2 бет.

13.Сейітказиева.А.М. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие.-Алматы:Экономика,1998.

Информация о работе Касипорынын инвестициялык саясаты