Касипорынын инвестициялык саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 08:46, реферат

Описание работы

Инвестиция (латын тілінен адарғанда: investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.

Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы - «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.doc

— 164.63 Кб (Скачать)

Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету. 
 

ҚР-ғы  кәсіпорындардың инвестициялық саясатын талдау және  

       бағалау 

3.1.Кәсіпорынның инвестициялық саясаты 

     Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты олар таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялық стратегия кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

     Инвестициялық саясатты жүзеге  асыру барысында мақсатқа сай келесі белгілерді сақтау керек:

  1. Жоғары- экономикалық, ғылыми- техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету;
  2. Салынған капиталдан кәсіпорындар қолайлы табыс табуы керек;
  3. Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану;
  4. Инвестициялар тиімділігін жоғарлату үшін мемлекет араласуын қолдау;
  5. Шетел инвестицияларынан несие жеңілдіктерін алу;
  6. Инвестициялық тәуекелділікті азайту.

     Коммерциялық тәуеклділіктің әсер етуі жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдер тапсырыс берушілер арқылы азайтылу мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуы. Коммерциялық емес тәуелділіктен қорғауды Қазақстан Республикасының үкіметімент қадағаланады.

     1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен туризм,ауыл шаруашылығы.

     Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз.  

     Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай - газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

     Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі  туралы  түсінігінің болмауынан  күрделі күйде тұрды. 1993 жылы  «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

     Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

       Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ, біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет, ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет, себебі:

  1. Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;
  2. Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;
  3. Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;
  4. Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;
  5. Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;
  6. Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;
  7. Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.
 
 

Инвестициялық қызмет және оны мемлекттік реттеу

     Инвестициялық қызмет - шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

     Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрект жасайды.  Инвестициялық салалар құрамына қосылады:

  1. Капиталды құрылыс саласы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;
  2. Инновациялық сала, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық потенциялдың жүзеге асырылуы;
  3. Қаржылық капиталдың айналым саласы.

     Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық

туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР -ның инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

     Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

  1. ішкі ресурстар жеткіліксіз болғандықтан экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету қажет;
  2. үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;
  3. Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;
  4. серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

     Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:

  1. экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына  жәрдемдесу;
  2. өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;
  3. ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;
  4. өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;
  5. депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;
  6. жаңа жұмыс орындарын жасау.

     Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

  1. Күрделі инвестиция;
  2. Инвестициялық сфера;
  3. Қаржы капиталын пайдалану сферасы;
  4. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

     Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе -инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

     Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс. 

1-кесте

     «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» компания қызметі үш негізгі салаға белінген:

1) операциялық;   2) инвестициялық;   3) қаржылық

«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.

     Әрине компания капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс компания қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы компанияның банкрот екендігін көрсетеді.

     Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.

     Жобаның өтелу күні болып, операциялық қызметтен алынған ақша ағымының жинақталған сомасы инвестицияға жұмсалған шығын мөлшеріне тең болған күн танылады.

     Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияның тиімділігін бағалауда шығынсыздық әдісін қолданады, өйткені бұл әдіс қаржылық ақпараттың aca маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Компания сату көлемін өзгерткеннен, оның компаниясы қанша пайда табатындығын есептегеннен гөрі, сату көлемі қандай болған жағдайда оның компаниясы зиян шекпейтіндігін есептеген маңыздырақ. Басқаша айтқанда, зиянсыздық нүктесін табу қажет.

     Зиянсыздық нүктесі - компанияның өз щығындарын жабатын белгілі бір уақыт аралығындағы сауда көлемінің деңгейі.

     Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз - бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай айналатын сомасы.

     Бүгінгі таңда, мамандар инвестицияның тиімділігін тұрақты бағамен есептемейді. Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әр түрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып тұрады. Соған орай, есептеулер инфляция көрсеткіштерін ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тең еместігі, тек инфляцияға ғана, байланысты емес. Есептеу барысында төлемдерді кешеулдету, өнімді өндіру және өткізу уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды ескеру қажет.

     Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдауда, әдетте болашақтағы түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады.

     Аталмыш әдістерді қолдану, қаржылық талдауда, құнды қағаздар мен несиелер бойынша пайыздар есептеуде, лизинг операцияларында, инвестицияланған капиталдан алынатын табысты анықтауда, кеңінен таралған. Басқаша айтқанда дисконттау және есім әдістері мынадай белгісіз шамаларды табу қажет болған жағдайда қолданылады:

*  пайыз деңгейі (мысалы, капиталды пайдаланғаны үшін);

*  жыл сайынғы төлемдер ;

*  кезең саны (ай, тоқсан, жьш);

*  ағымдық деңгей мәні;

*  болашақтағы деңгей мәні.

Осы әдістерді қолдануда мынандай талаптарды ескеру қажет:

*бүгінгі және болашақтағы деңгейлерді есептеуде қолданылатын айнымалылардың мәндері белгілі болуы тиіс;

* пайыздар деңгейі тұрақты.

Инвестицияның тиімділігін қаржылық талдау жүргізу барысында мынандай кең таралған қателіктер жіберіледі:

1) сәйкес пайыздық мелшерлемені талдауда шатасу;

Информация о работе Касипорынын инвестициялык саясаты