Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 08:46, реферат
Инвестиция (латын тілінен адарғанда: investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы - «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.
II. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік және оның
мәні мен мазмұны.
Инвестиция (латын тілінен адарғанда: investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы - «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.
Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекттік табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисті Дж.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы териясы» (1936ж) еңбегінде қарастырады,
онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Инвестиция жүргізу тікелей тауарлық нарықпен байланысты. Инвестициялардың игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді.
Инвестицияға анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция - жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың кеңеюімен байланысты.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлеміне - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен
қатар инвестициялар тікелей және жанама
болып бөлінеді. ҚР-ғы «Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей
инвестициялар - республиканың тәуелсіздік
кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық
көмек пен грантқа арналған инвестициялардан
басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама
инвестициялар - қоржындағы инвестициялар,
басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік
бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға
кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық
мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар
қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған
меншіктік инвестицияларға және қайталама
өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді
активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге
бөлінеді.
Инвестицияның негізгі түрлері:
Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:
Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:
- табиғи активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар қарастырылады.
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде - депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар ,кепілдер.
Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:
Жаңа
өндіріс орындарын ашуға бағытталған
инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар
шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға
бағытталған.
ҚР-ғы
инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады. Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:
1. мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;
2. табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
3. экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;
4. инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;
5. нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;
6. банктік жүйенің тұрақтылығы;
7. саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.
Шетелдің инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.
Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн..км) ЕЭО (2,3 млн.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.
Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы:көмір бойынша-685,5 млрд.,мұнай-222,5 млрд.АҚШ доллар.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.