Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 08:46, реферат
Инвестиция (латын тілінен адарғанда: investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы - «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.
Пайыз, жалпы алғанда, инвестор үшін капитал құны болып келеді. Инвестициялық жобаға қаржылық талдау жасауда екі мөлшерлемені қолдануға болады.
Нақты
пайыздық мөлшерлеме инфляцияны ескермегендегі
капиталдан алынатын табыс. Егер нақты
пайыздық мөлшерлемелер қолданылатын
болса, онда жобадағы барлық бағалар мен
капитал құны тұрақты бағамен алынуы тиіс.
Керісінше, ағымдық пайыздық мөлшерлеме
- бұл инвестордың жеке нарық тұрғысынан
алғандағы табыс мөлшерлемесі, сондықтан
да онда инфляция ескеріледі.
1
Инновация туралы түсінік
Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы "инновация" мен "жаңалық" терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция - жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация - жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация - жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде "жаңалық" және "инновация" дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. ¬ «Жаңалық»-деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.
"Жаңалық енгізу"- бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.
Инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация -бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Фирма жүйесінің "кірісі" сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың "шығысында" тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру - технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:
а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;
б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;
в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы;
Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты - басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады.Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.
Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.
Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың
біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық
ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға
айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;
2
Инновацияның рөлі мен функциялары
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);
- жоба экспертизасының сапасын талдау;
- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл - экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.
Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.
Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, "ақша-инновация" айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.
Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:
- өндірістік;
- инвестициялық;
- ынталандырушы;
Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.
Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.
Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары "Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында" көрсетіледі.
Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.
Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.
Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.
Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.
Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.
Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен,
тауар-жаңалықтарының
өндіру амалы мен мекеніне байланысты
экономикалық формалардың және механизмдердің
жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық
механизмге бағалар, ақша, несие және басқа
да бағалы категориялар жатады. Жаңалық
нарығына жаңалық сұранысы мен
ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың
өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты.
Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының
байланысына қызмет етеді және оны бақарудың
факторы болып табылады. Сонымен бірге
де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің
қолданысы үшін пайдалынады.
Жаңалық енгізудің негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.
Инвестициялау - бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.