Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 08:39, диссертация
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасының Заңдары мен Заң актілері, мұрағат құжаттары, республикалық, облыстық мерзімді басылым материалдары, тақырыпты ашатын ғылыми, саяси, педагогикалық еңбектер, статистикалық құжаттар дерек ретінде пайдаланылды. Кәсіби лицейлер мен колледждерге қатысты Қазақстан Республикасының Заң актілері, оның ішінде 1992-2001 жж. аралығындағы «Білім туралы» Заңы және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы кеңінен қолданылды.
Қазақстан Республикасының алдында үлкен тарихи міндеттер тұр: шикізат шығарушы елден жаңа технологияға көшуді жеделдету және индустриялдық-инновациялық бағдарламаны да жедел түрде іске асыру. Дамыған 50 елдің қатарына ену тарихи міндеті тұр. Осы тарихи міндеттерді тиімді және жедел іске асыру үшін техникалық және кәсіби оқу орындарын басқару жүйесін жетілдіру қажет. Біздің пікірімізше бұл саланың дербес, арнаулы министрлігін немесе Агенттігін құру дұрыс болады.
Қазіргі департаменттің басқару жүйесінің де бұл оқу орындарының міндетін шешуге құзыреттілігі төмен, біріншіден, екіншіден бұл дербес жүйеге олардың бүкіл іс-әрекетін басқарумен қатар, қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген маман-жұмысшылармен орта буын мамандарға деген қажеттілік туралы ақпарат түсіру қызметін одан алып осы жаңа құрылған министрлікке немесе агенттікке жүктеу қажет, себебі бұл министрліктің жергілікті ұйымдары мұндай ақпарат жинауға қабілетсіз, үшіншіден бұл жүйенің жергілікті ұйымдарына да дербестік беру қажет, сонымен қатар оларды тиісті кәсіби білімдері бар, құзыреттілігі жеткілікті, икемділіктері мол мамандармен қамтамасыз етуде кезек күттірмейтін міндет.
- Лицейлер мен колледждер аз да болса жаңа құрал-жабдықтармен, станоктармен жабдықталып жатыр. Ал, қазіргі кәсіби мектептерде жұмыс істеп жатқан оқытушылар мен оқу шеберлері кеңестік кезеңдегі құрал-жабдықтармен жұмыс істегендер, олар жаңа техниканы меңгеруі қажет. Сондықтан да техникалық кәсіби мектептердің оқытушылары мен шеберлерінің білімін көтеру қажеттілікке айналуда. Оқушыларға сапалы білім беру, бәсекелік қабілетін арттыру солардың кәсіби сапасына байланысты. Ал облыстар мен екі қаладағы мұғалімдердің біліктілігін көтеру институттарындағы 3-4 әдіскерлер бұл міндеттерді шешуге қабілетсіз. Сондықтан да кәсіби техникалық оқу орындарының оқытушылары мен оқу шеберлерінің біліктілігін көтерумен айналысатын арнаулы институт ашу қажет. Сонымен қатар сол институттың жанынан озат тәжірибені зерттейтін және тарататын Республикалық оқу-әдістемелік кабинет ашқанда өмір талабы болып есептеледі.
- Бәсекеге қабілетті маман-жұмысшылар мен орта білімді мамандар дайындаудың басты мәселесі – оқудың сапасы. Әрбір оқу орны бітіру емтиханын өзі қабылдайды. Ал осы жүйе зерттеген елдерде бітіру емтиханын, әрбір маманның сапасын, икемділігін тәуелсіз ұйымдар бағалайды. Ондай ұйым мүмкін республика Премьер-Министрлігі жанынан құрылса оңды болар еді. Бұл механизм әрбір оқушының, оқу орнының мамандар дайындауға жауапкершілігін арттыруға толық жағдай жасайды.
- Жұмысшылар мен әсіресе техникалық салаға, орта буын мамандар дайындау үшін әрбір оқу орындарымен міндетті түрде келісім шартқа тұрып, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, тәжірибе жұмысын өз өндіріс орындарында өткізуге міндеттеме алса, мамандықтардың тізімін әрбір бес жылға арнап беріп тұрса, диплом жұмыстарын таңдауға және оны орындауға басшылық жасаса.
- Кәсіби оқу орындарын қаражаттандыру күрделі мәселенің бірі, қазіргі бөлінген қаржы жалақыға, азын-аулақ күнделікті проблемаларды шешуге ғана жетеді, зертханалар мен оқу кабинеттерін жаңа техника мен құрал-саймандармен қамтамасыз етпей бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындау мүмкін емес. Сондықтан осы оқу орындарын қаржыландыру мәселесі жолға қойылса.
Бұл бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуы Үкімет пен орталық атқарушы органдардың және жергілікті әкімдіктердің осы мәселеге түсінушілікпен қарауына байланысты. Қорыта айтқанда, біз, білімді мамандардың санын арттырып, өз қандастарымызға еуропалық озық техникалардың тұтқасын ұстатпасақ қарқынды дами алмаймыз.