Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 08:39, диссертация
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасының Заңдары мен Заң актілері, мұрағат құжаттары, республикалық, облыстық мерзімді басылым материалдары, тақырыпты ашатын ғылыми, саяси, педагогикалық еңбектер, статистикалық құжаттар дерек ретінде пайдаланылды. Кәсіби лицейлер мен колледждерге қатысты Қазақстан Республикасының Заң актілері, оның ішінде 1992-2001 жж. аралығындағы «Білім туралы» Заңы және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы кеңінен қолданылды.
Халық ағарту министрлігінің 1996 жылдың 27 мамыр күнгі № 152 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіби-техникалық оқу орындары оқу-әдістемелік басқармасы құрылымы мен облыстық кәсіби-техникалық білім беру оқу әдістемелік кабинеттері туралы Ереже бекітілді.
Түрлі мамандықтарға даярлауда аймақтық және территориялық ерекшеліктерге сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламасын жасап пайдаланудың және оқу мерзімінің көп қырлы болуы мақсатында Халық ағарту министрлігі «Қазақстан Республикасы кәсіби-техникалық мектептеріне арналған оқу жоспарының жаңа үлгілері» құжатын жасап, бекітті. Бұл оқу жоспарларында жекеленген кәсіп түрлері бойынша өндірістік оқу мен практика үлесі 30–40 пайызды құрайтын болды.
Экономикалық дағдарыстан шығудың сан-салалы тәсілдері іздестірілді. Соның ішінде нарықтық экономиканың талабына бейімделу процесі жүргізілді. Біріншіден, оқу-материалдық базасы нашар оқу орындары базасы жақсы оқу орындарымен қосылды, яғни оқу орындарының санының кемуі сапалық өзгерістерге жеткізді. Республика бойынша 126 селолық лицейлер қалды. Бірігу нәтижесінде ірі оқу орындары пайда болды. Екіншіден, кәсіби лицей ұжымдары еңбек нарығына қажетті мамандарды зерттеді, оларды анықтады, сапалы түрде дайындауға кірісті. Қысқа мерзімде 70 жаңа кәсіп мамандық түрлері пайда болды. Үшіншіден, дағдарыс кезінде қаржының жетіспегендігінен шығу үшін оқу шеберханаларында түрлі бұйымдарды шығарып және селолық лицейлердің оқу шаруашылығынан шығарылған өнімдерді сату арқылы қаржы табуға мәжбүр болды, ал қаржы жалақыға, түрлі саймандар алуға жұмсалды.
Осы ұйымдық жұмыстардың нәтижесінде кәсіби лицейлер дағдарыстан шығып сапалы маман жұмысшылар дайындау ісінде бірсыпыра табыстарға жетті, өз болашақтарының негізін қалады.
Еңбек нарығының талаптарына орай мамандық түрлері де қайта қаралып бекітілді. Оның талабына жауап бере алатын жаңадан өмірге келген кәсіптер: жеке автосервистің ұйымдастырушысы, шағын кәсіп иелері, ауыл шаруашылығы өндірісінің фермер-жалгері, бау-бақша қожайыны, аспаз, наубайшы, кондитер, даяшы, слесарь-жөндеуші, өнеркәсіп жабдықтарын реттеуші, тоңазытқыш қондырғыларының машинисі, электр жабдықтары мен тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету шебері, бармен (шет тілі қоса оқытылады), гувернант (гувернер), конфетші, бисквитші, метродель, тігінші, тігін шеберханасының иесі, шаштараз, макияж жасаушы т.б.
Батыс Қазақстан, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан басқа да облыстардың Алматы қаласының кәсіби лицейлері нарықтық экономиканың талабына тез қарқынмен бейімделе алды.
Республика бойынша 1996 жылдың 9 айы ішінде оқу шеберханалары мен оқу шаруашылықтары шығарған өнімнің көлемі 171,5 млн теңгені құрады, бұл 1995 жылғы көрсеткішке қарағанда 120 млн теңгеге артық еді. Демек, 1996 жылы әрбір оқу орны орта есеппен 507,4 мың теңгенің өнімін өндірген. Алматы облысының кәсіби лицейлерінің 1998 жылдың 9 айында оқу шеберханалары және оқу шаруашылықтары 23 млн теңгенің өнімін, 714 мың теңгенің халық тұтыну тауарларын, 2 млн 210 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдерін шығарған, коммерциялық іс әрекеттен 1 млн 135 мың теңге табыс тапқан. Облыстың № 5, 2, 4, 6, 13, 8 кәсіби лицейлері белгілі табыстарға қол жеткізді [16].
Мұндай нәтиже жағынан Шығыс Қазақстан облысының оқу орындары – 19,7, Жезқазған – 11,2, Маңғыстау – 8,2, Павлодар – 18,3, Солтүстік Қазақстан – 16,6, Торғай – 13,4 миллион теңгенің бұйымдарын дайындап, іскерлік үлгілерін көрсетті.
Ақтөбе облысында 1997-1998 оқу жылында 15 кәсіптік-техникалық лицей жұмыс істеді, осы мерзімге дейін 9 лицей бірікті. Алға қаласындағы №2 және №6 кәсіптік лицейлер біріктірілді. Ақтөбедегі №5 кәсіптік лицей, №3, №7 және №8 лицейлер біріктірілді. Олар еңбек нарығы талап ететін жаңа жұмысшыларды дайындауға кірісті: аспаз-кондитер, сатушы, әйелдердің жеңіл киімдерін тігетін пішуші – шебер, тігінші, көрме және бөлшек сауда желісінің коммерсанты, шет тілін білетін аспаз-даяшы, бухгалтерлік есепті меңгерген коммерсант. Осы облыстың Ойыл ауданындағы №9 және №10 училищелер бірігіп еңбек нарығының талабына сәйкес фермер-бухгалтер, экономист-менеджер мамандарын дайындай бастады [17].
Батыс Қазақстан облысында 29 лицейден 21-і қалды, қаладағы №4,6 лицейлер №5 лицеймен бірігуі нәтижесінде оның оқу-материалдық базасы әлдеқайда нығая түсті. Лицей ұжымы аса зор ыждағаттықпен қандай жаңа маман-жұмысшылар қажеттігін зерттеуге кірісті. Лицей компьютерде жұмыс істей алатын секретарь-референт, аспаз, тігінші, шаштараз дайындауға кірісті. 1 жыл 10 ай мерзімде оқитын жеке автосервис, автокөлікті өңдейтін және оған қызмет ететін механик дайындай бастады. Бұлар 1998-1999 жылдары түгелдей жұмысқа орналасты. Лицей 2 жыл 10 айда бітіретін банкі ісін білетін ЭВМ-ның оператор-программистерін дайындауға кірісті. 1 жыл 10 айда бітіретін радиотелевизиялық аппаратты өңдейтін және қызмет ететін механиктерді дайындады. Оқытушылар мен оқу шеберлерінің жоғары кәсібі өз істеріне икемділігі, кабинеттер мен шеберханалардың жақсы жабдықталғандығы, еңбек нарығына бейімделгендігі өз нәтижесін берді, лицейдің 840 оқушысының 70 пайызы «4» және «5» деген бағаға үлгерді, 2000-2001 оқу жылында облыстық жарыста лицейдің ағылшын тілі кабинеті бірінші орынды иеленді.
Солтүстік Қазақстан облысында 12 кәсіби лицей бірігіп 16 лицей қалды. Осы облыстың Есіл ауданындағы 3 лицей бірігіп, №19 лицейге қосылды, сөйтіп, 19 мамандық бойынша жұмысшылар дайындауға кірісті.
1997-2001 жылдары қосымша табыс алған лицейдің оқу шаруашылығы көпсалалы оқу-өндірістік құрылымға айналған, ол қазіргі заманғы оқу-материалдық жабдықтармен жасақталған. Лицей бидай, арпа, сұлы, картоп, тамақтық дақылдар, көкөніс еккен, сүт, ет алады, ауылшаруашылық техникалары жөнделеді және оларға қызмет көрсетеді. Лицейдің басқалармен қосылу нәтижесінде 1710 гектар жері, 250 бас шошқа, 28 ірі қарасы, 34 жылқысы болған.
1991-1999 жылдар аралығында экономикалық дағдарыс орта буын мамандар дайындайтын колледждерді де қамтыды. Оларда, егер де 1990 – 1991 оқу жылында 247 мың оқушы болса, 1999-2000 оқу жылында 142 мыңға дейін кеміген, яғни 100 мыңға, ал оқуды бітірушілер саны осы жылдарда 69,8-ден 52,0 мыңға дейін қысқарды. Еліміз нарықтық қатынасқа көшкен жылдарда оқу орындарын ұстайтын қаражат кеми бастады, оқуды бітірушілерге де сұраным азая бастады, олардың кеңестік жылдарда алған мамандықтарының сапасы жұмыс берушілерді қанағаттандырмады.
50 жылдық тарихы бар Астанадағы Қазақстан тұтыну қоғамының сауда-экономикалық колледжі осы жылдарда 120 адамнан тұратын «бухгалтерлік есеп» және «товароведения» мамандарын дайындайтын жыл сайын 500 маман дайындайтын елге танымалы тұтыну кооперациясының 134 арнаулы орта буын мамандарын дайындайтын оқу орындарының ішінде өзінің қадірлі орнын тапқан оқу орнына айналса, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі алғашқылардың бірі болып нарықтық экономикаға тез түрде бейімделіп, жыл сайын орта есеппен мұнай, газ, басқа да өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығына 600-ден астам кәсіби мамандығы жоғары мамандар дайындап келеді. Мұнда 1993-1996 жылдары 400 – 450 оқушылар оқитын болса, 2006 жылы күндізгі бөлімде – 1790, оның 702-сі бюджет есебінен оқыды, мемлекеттік тапсырыс 275, оның 175-і мемлекеттік тілде оқыды. Егер колледжде оқу 1992-1993 жылдарда 8 кәсіп бойынша жүргізілсе, 2006 жылы 31 кәсіп (мамандық) бойынша жүргізілді.
Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі өнеркәсіп, құрылыс және автокөлік саласына әр түрлі салалы мамандар дайындап, оның түлектері ірі-ірі зауыттарды және құрылыс мекемелерін басқарып, өндірістерде еңбек етуде. Сондай-ақ Щучинскідегі гуманитарлық-техникалық, Қарағанды политехникалық, Екібастұз политехникалық колледждерінде білікті жұмысшы мамандарын даярланды және даярланып жатыр.
Колледждер мен лицейлерді бітірушілердің жұмысқа орналасуы да қиындай бастады. Алматы облысында 12 колледж жұмыс істеп, оларда оқушылар 40 кәсіп бойынша дайындалған. 1998 жылы бұл оқу орнына 682 оқушы қабылданса, 1999 жылы 255-ақ оқушыны қабылдады. Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Орал облыстарының оқу орындарын бітіргендер көпшілік жағдайда өздері жұмыссыз қалып, өз беттерінше жұмыс іздеуге мәжбүр болған [18].
Барлық оқу орындары қаржылық дағдарысты бастарынан бір деңгейде өткізген жоқ, олардың кейбіреулері ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде өмір сүрулерін жоғары деңгейде жалғастыра білді, еңбек нарығының талабын түсіне біліп, оған бейімделудің жолдары үшін күресті.
1997-1999 жылдардағы кемшіліктерден сабақ алудың жаңа лебі пайда болды, соның нәтижесінде колледждер қолда бар базаны тиімді пайдаланып, дағдарыстан туындаған кемшіліктерді жеңе білді, өз жұмыстарын ілгері дамытудың алғы шартын жасады. Республиканың колледждері, олардың ұжымдары ел экономикасына орта білімді мамандардың қажеттігін, онсыз экономиканы көтерудің және халыққа қызмет етудің мүмкін еместігін түсінді.
«2000-2008 жылдардағы кәсіби лицейлер мен колледждердің дамуы» атты үшінші тарауда кәсіби лицейлер мен колледждердің экономикалық және әлеуметтік жағдайы, кәсіби лицейлердің, колледждердің даму тенденциясы, жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта дайындаудағы тарихи аспект, Кәсіби лицейлер мен колледждердің халықаралық кәсіби оқу орындарымен байланысы талдана көрсетіледі.
1999-2008 жылдар аралығында «Білім туралы» Заң қабылдағаннан кейін, бастауыш және орта кәсіби білім саласына қатысты 100-ге жуық нормативтік құқықтық актілер жарияланды. Осы заңдардағы талаптарға сәйкес техникалық және кәсіби білім стандарты жасалынып, оқулық және оқу-әдістемелік кешендер дайындалды, оларды ақпараттандыру бағдарламасы да жасалынды. Барлық облыстарда аймақтық «Кадр» бағдарламасы жасалынып іске асырыла бастады.
Облыс
әкімшіліктері «Әлеуметтік
Оқудың сапасын арттыру мақсатында оқу орындары арасында республикалық конкурс-сайыс өткізіліп тұрды, бұл шара оқушыларды да, оқу шеберлерін де ынталандырды, бұл сайыстардың өтуіне жұмыс берушілер де ынталы болды. Республикалық, облыс аралық сайыс-конкурстар кеңестік кеңестік кезеңде өткізілмеген еді, ал қазір бұл шара осы күнге дейін іске асырылуда және оқудың, мамандықтың сапасын арттыруға тікелей әсер етуде.
2000-2007 жылдардағы білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде техникалық және кәсіби білім жүйесінің жағдайы 14 рет қаралған, ал облыстар мен Алматы және Астана қаласы әкімшіліктерінде жыл сайын қаралған. Осы жылдарда 12 халықаралық конференция өткізілген [19].
Кәсіби лицейлердің қалыптасу және дамуы жайлы заңдылық және ұйымдық негізі қаланды. Кәсіби лицейлер техникалық және кәсіби білім беруде, осы саланың бәсекеге қабілетті жұмысшыларын дайындауда белгілі жетістіктерге қол жеткізді. 2001 – 2007 жылдарында 307 кәсіби лицейлерде жыл сайын 105,5 мың оқушы оқыды. Өндіріс орындарына қажетті мамандар мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындалды, бұл жаңа технологияны енгізуге бағытталған экономиканың талабы еді. Алайда, кәсіби лицейлер облыс, аудан және қала халқының сұранысына сәйкес техникалық мамандармен қатар халыққа қызмет ететін маман жұмысшыларды да дайындап жатыр.
Ел экономикасының қалыпты даму жағдайына түсуіне байланысты кәсіби лицейлерге қабылданатын оқушылар саны жылдан жылға көбейе түсті. 2001 жылмен салыстырғанда 2007 жылы оларда оқитын оқушылар саны 17 мыңға көбейді, ал мемлекет есебінен оқитын оқушылар да 17 пайызға өскен. 2007 жылғы оқыған 105,5 мың оқушының 92,1 мыңы мемлекет қаржысы есебінен оқыды.
2005-2007 оқу жылдарында оқыған 105 мың оқушының 19,4 пайызы ауыл шаруашылығына, қызмет көрсету саласына – 19,7, өнеркәсіпке – 24,2, құрылысқа – 13, көлік саласына – 10,3, экономика саласына – 4,6, мұнай мен газға – 1,1, басқаларға – 7,7 пайызы дайындалған. Бұдан көретініміз, оқу орындары экономиканың және халыққа қызмет көрсету салаларының бәріне маман жұмысшылар дайындалу үстінде.
Кәсіби лицейлерді 1999-2000 жылы – 52,0, 2000-2001 жылы – 43,7, 2001 -2002 жылы – 49,7, 2002-2003 жылы – 59,9, 2003-2004 жылы – 60,4 мың мамандар бітіріп түрлі салаларға жұмысқа жіберілген [20]. Оларда 19443 мың оқушы 9 сынып негізінде, ал 9023 оқушы 11 сынып негізінде оқыған. 34 кәсіби лицей мемлекеттік емес деп есептелінеді, оларда 772 оқушы 9-сынып, 3885 оқушы 11-сынып негізінде оқыған.
Кәсіби лицейлер «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың техникалық кәсіптік білім берудің 2008-2012 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жасады, ҚР-ның «Білім заңын», «Мемлекеттік Бағдарламаны», ҚР-ы Үкіметінің 2000 жылдың 13 мамырындағы №721 «Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту шараларын» басшылыққа ала отырып өз жұмыстарын жетілдіре түсті.
Қазақстанда, атап айтсақ Қызылорда қаласындағы №7, Астана қаласындағы №3,17,16,22,13, Алматы қаласындағы №8, Солтүстік Қазақстан облысының №3, Батыс Қазақстан облысының №7, №9, Қарағанды облысының №6, №14, №19, Қостанай облысының №18, Семиозер, № 24 Забеловский, №29 Владимир, Алматы облысындағы №18 лицейі, Шығыс Қазақстан облысының №24 басқа да лицейлер болды.