Экономикані реттеудегі мемлекеттін ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 08:39, диссертация

Описание работы

Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасының Заңдары мен Заң актілері, мұрағат құжаттары, республикалық, облыстық мерзімді басылым материалдары, тақырыпты ашатын ғылыми, саяси, педагогикалық еңбектер, статистикалық құжаттар дерек ретінде пайдаланылды. Кәсіби лицейлер мен колледждерге қатысты Қазақстан Республикасының Заң актілері, оның ішінде 1992-2001 жж. аралығындағы «Білім туралы» Заңы және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Бағдарламасы, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы кеңінен қолданылды.

Работа содержит 1 файл

ж.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

     Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов атындағы №12 кәсіби лицей (2005 ж. 50 жыл толған) ұжымы дағдарыс жылдарында өзінің оқу-материалдық базасын, тәжірибелі оқу шеберлерін сақтап қалды. Нарықтық экономикаға өту, еңбек нарығының өскелең талаптары лицей жұмысындағы жаңа кезең болды. Бұрынғы тракторист, комбайнер, машина жүргізушілерге қосымша «ауылшаруашылық өндірісінің және фермер шебері», «тракторист-машинист», «ВС» категориялы жүргізуші, «үй шаруашылығының иесі» (хозяйка усадьбы), «аспазшы», «тігінші» мамандықтарын дайындай бастады. Бұл оқу орнында 2002 ж. – 104, 2003 ж. – 120, 2004 ж. – 160 жастар оқуды бітіріп, олардың 85 пайызы жұмысқа орналасқан. Осы жылдарда 24 оқушы әртүрлі сайыстарда, үздік орындарды жеңіп алған. Лицейдің 460 гектар егістік жері, өзінің трактор, комбайндері, басқа да ауылшаруашылық техникалары бар. Егістік жерді өңдеу, егісті егу оның күту технологиялары, жинауы түгелдей оқушылардың күшімен іске асырылған. Жерлерінің әр гектарынан жыл сайын 18-20 центнерден өнім алды. Ауылшаруашылық жұмысын жүргізуде, маман-жұмысшылар дайындауда лицейдің қалыптасқан дәстүрі бар. Осы жыл ішінде 24 мың маман жұмысшылар: тракторист, жүргізуші және комбайнер дайындаған. Лицейді бітірген Н.А. Карпухин, П.М. Никифиров «Социалистік Еңбек Ері» атағын иеленген, К. Сейтов «Ленин» орденімен марапатталған. Сондықтан да аудан еңбекшілері тарапынан лицей құрметке бөленуде, тәжірибелі мұғалімдер ұжымы қалыптасқан.

   Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Орал, басқа да облыстардың селолық  лицейлері ауылшаруашылық жұмысы кезінде машина-трактор агрегаттарына техникалық қызмет көрсететін звенолар ұйымдастырған. Бұл облыстардың селолық лицейлерінің оқушылары өндірістік тәжірибені кешенді астық жинайтын топтар мен олардың құрамына өтіп отырды.

   Республиканың 88 селолық лицейлері мал фермаларының шопан-механизаторын, машинамен сауатын шебер, операторлар басқа да маман-жұмысшылар дайындауда. Мұрағат материалдарын сүйенсек, 1955-1960 жылдары 6 училищеде ғана мал қоралары болған екен, ал 2005 жылы 3500 мал басына арналған қоралар болған, олардың көпшілігінде мал басын әр түрлі ауруға шалдықтырмайтын жағдайлар жасалынған [21].

   Ауыл  шаруашылығы саласына маман-жұмысшылар дайындау ісі түгелдей шешілген деп айтуға болмас. 2007 жылдың басына дейін 24 селолық ауданда кәсіби лицейлер жоқ. Кәсіби лицейлерде авиация техникасы, теңіз техникасы, химия техникасы мен технологиясы, тұтыну тауарлары, энергетика, лазерлік қондырғылардың құюшысы, лифтер, т.б. мамандықтар осы мерзімге дейін дайындалмай келеді.

   2007 жылдан бастап жергілікті бюджет  қаржысы есебінен 2 кәсіби лицей салынды. Жамбыл облысының Құланды ауданында 720 орындық және Қостанай облысының Қамысты ауданында 360 орындық. Бұл шаралар оқушылар санын тағы да 15 мыңға көбейтуге мүмкіндік берді.

   Ел  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауына сәйкес (2005 жыл, 18 ақпан)  республикалық бюджет есебінен 4 аймақаралық әрқайсысы 700 орындық Атырау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіби лицейлер ашылады. 2007 жылдың бірінші жартысында олардың жобалық-сметалық құжаттары дайын болған. 2007 жылдың мамыр айында Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев Үкімет отырысында есеп беріп, онда экономиканың әр түрлі салаларына қазірдің өзінде 115 мыңдай маман-жұмысшылар жетіспейтінін хабарлады.

   Еңбек нарығының білікті мамандарға қажеттілігі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері есебінен тек 30-40 пайызға ғана қанағаттандырылады. Білікті мамандардың жетіспеушілігі құрылысқа – 9900, ауылшаруашылығына – 9600, машина және жабдықтар технологиясына – 7600, қызмет көрсету саласына – 6800 адам. Білікті мамандарға аса зәрулік Қарағанды облысында – 5410, Шығыс Қазақстан облысында – 4921, Қостанай облысында – 3711, Астана қаласында – 3175 мамандарды қажет етеді.

   2007 жылы 20 қарашада Үкімет басшысы  К. Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, онда техникалық және кәсіби мамандықты дайындауды жақсарту мәселесі талқыланды. Білікті кадрларға деген сұраныс Қарағанды облысында – 5400 адамға, Шығыс Қазақстанда 5 мыңға дейіні артты. Осы отырыста Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Б.Сұлтанов мемлекеттік бюджеттің мақсатты трансфертінен Астанада 850,3 млн теңгеге, Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 552,1 млн теңгеге салыну жоспарланған кәсіби мектептердің іргетасы қалана бастағанын хабарлады.

   Үкімет  отырысында техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының жетіспейтінін ескеріп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді кезеңінің жоспары негізінде 2008 – 2010 жылдары жалпы құны 22 млрд 896 млн теңге болатын техникалық және кәсіби білім беретін 24 оқу орны салыну жоспарланғаны аталды. Сондай-ақ оқу орындарының зертхана, шеберханаларын жаңалап, жаңа қондырғылармен жабдықтау қарастырылды. Кәсіби білімнің 48 лицей мен колледждерге жатақхана салу жоспарланғаны аталды.

   Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылар контингенті 2007 жылғы 1 қаңтарға 55 700 адамды құрады. Оның ішінде колледждерде – 45 525 адам, кәсіптік мектептерде (лицейлерде) – 108175 адам оқыды. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде) білім алушылардың 93 пайызы және колледждерде білім алушылардың 16 пайызы мемлекеттік бюджет есебінен оқыды [22]. 

   Жалпы 122 колледждерде 109,4 мың адамды құрады, яғни барлық оқушылардың 27,7 пайызын құрады. Олар: «көлік техникасы» және «көлікті пайдалану», «информатика және есептеу техникасы», мұнай-газ ісі бойынша, «Электротехника», «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық», «Байланыс, радиоэлектротехника және телекоммуникация», «Автоматика және басқару», «Тау ісі және металлургия», «Машина технологиясы», «Электромашина құрылысы», «Электро және электромеханикасы», «Геодезия және картография», «Геотабиғи қазбаларды зерттеу», «Полиграфия», «Энергетика», «Теңіз техникасы» т.б. орта буын мамандары. Дегенмен колледждерде құрылыс көпірі, гидроэнергетика және гидравлика электрстанциялары, аэрофотограмметрия, көркем керамика, ветеринарлық санитария, ветеринарлық тері өңдеу және аң терісі технологиясы, темекі өндірісіне қажетті мамандар  дайындалмай отыр.

   Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық бағдарламасын іске асыру барысында мұнай және газ, қара және түсті металлургия, машина құрылысы, шикізаттарды өңдеу салалары бойынша орта буын мамандарды кең көлемде дайындауды қажет етеді. Республика колледждері 2006-2007 оқу жылындағы 397,6 мың оқушының экономика саласына - 21, білім саласына - 18, медицина саласына - 7,8, мәдениет және өнер саласына - 10, ауыл және орман шаруашылығы саласына - 2,6, өнеркәсіпке - 12, құрылысқа - 2, көлікке - 7,5, мұнай және газ саласына - 3,0, басқа салаларға - 16,1 пайызын дайындауда.

   Кәсіби білім саласында мемлекеттік емес сектор да жігерлі түрде дамуда, 2006-2007 оқу жылында 230 колледждер жұмыс істеді, оларда 95,4 мың адам оқыды, негізінен гуманитарлық және экономикалық мамандықтар бойынша [23].

   2006 жылдың қарсаңында колледждер  үшін 177 кәсіп бойынша мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар дайындалып ғылыми сараптамадан өткізілді. 2000 жылдан экономиканың өрлеу, мамандарға деген қажеттіліктің артқан мерзімінде колледждер мен жұмыс берушілердің арасындағы келісім шартта жаңа сипат ала бастады.

   Орта буын мамандар дайындайтын оқу орындарына педагогикалық және медицина мамандарын дайындайтын колледждер жатады, олардың әрқайсысының 40-60 жылдық тәжірибелері бар. Колледждер ауылшаруашылық өндірісіне де орта буын мамандар дайындады. Талғар агробизнес және менеджмент, Көксу, Есіл ауылшаруашылық, Шамалған су шаруашылық және аймақтық сайыс-конкурстарда «Үздік колледж» атағын иеленді. «Үздік оқу орны» атағын беру үрдісі тәуелсіздік кезінде басталды, ол оқу сапасын арттыруға тікелей әсер етті. Олар электрмеханик, техник-механик, агроном, жер құрылысы, жеміс-жидек сақтау және өңдеу т.б. орта буын мамандар дайындады [24]. Колледждер өнеркәсіпке, экономикаға, көлік жүйесіне, мұнай және газ саласына, ауыл шаруашылығына, халыққа білім беру және денсаулық сақтау саласына орта буын мамандар дайындаған. Оқудың сапасын арттыру, оқытушылар мен оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында жыл сайын әр түрлі мамандықтар бойынша сайыстар өткізіліп, озаттар марапатталған. Сонымен қатар оқу орындарының арасында да, мамандар дайындаудағы жетістіктерін бағалау мақсатында белгілі атақтар беру сайысы да үнемі жүйелі түрде іске асырылып отырады. Біз атаған колледждердің көпшілігі «Үздік оқу орны» атақтарын иеленді. Оқу орындарының маман дайындау жұмысында Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік серіктестік» Заңы белгілі жағымды рөл атқарды. Бұл заңды кәсіби лицейлер мен колледждер ғана басшылыққа алып келеді. Сондықтан да оларды бітіріп жұмыссыз жүрген жоқтың қасы. Жұмыс берушілердің көмегімен мамандықтарды таңдай білді, бұл олардың ынтасын арттырды және жұмысқа орналасуларын жеңілдетті. Экономикалық өрлеу, ел тұрақтылығы кәсіби оқу орындарының даму тенденциясын да тұрақтандырды, болашақтарын анықтауға мүмкіндік берді.

   Экономикалық дағдарыстың нәтижесінде пайда болған жұмыссыздарды оқыту және қайта дайындауды іске асыру үшін кәсіби лицейлер мен колледждер конкурстық негізде таңдап алынды. Онда олардың материалдық базасы және педагогтар құрамының сапасы негізге алынды. Кәсіби оқыту және қайта дайындау 37 кәсіп бойынша жүргізілді. Алматы қаласының, Солтүстік Қазақстан, Алматы облысы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңыстау, Ақтөбе, басқа да облыстарында жұмыссыздарды оқыту және қайта дайындаудың түрі мен тәсілдері колледждер мен лицейлерде қолға алынды. Семей политехникалық, Ақтөбе мұнай және газ, Щучинскі техникалық, Өскемен политехникалық колледждері және Семейдегі №14, Қызылордадағы №7, Екібастұздағы №18, 14, Павлодардағы №20, Зырян ауданындағы №20 колледждері бұл салада тәжірибе жинақтап, жұмыссыздар тарапынан құрметке бөленді. Қостанай тұрмыстық сервис лицейі соңғы 10 жылда 180 әр түрлі кәсіп иелерін дайындап және қайта дайындаған.

   Орал  «Газ, мұнай және салалық технология»  колледж ісі негізінде жұмыссыз халықты дайындау, қайта дайындау және оларға мамандық беру мақсатында 587 газэлектробалқытушы, сүрлеуші (страпильщик), газдандырылған котельныйдың операторы, қазушылардың көмекшісі, буровой қондырғылардың монтажниктері сияқты мамандарды қайтадан оқудан өткізген. Компьютерлік білімін көтеру және оларды өндіріс мақсатына пайдалану курсынан 150 адам өткен, 15 адам өндіріс орындарында есепшілік жұмысын жүргізу курсынан өткен.

   Техникалық және кәсіби оқу орындары халықаралық кәсіби оқу орындарымен тығыз байланыста болды. Әсіресе АҚШ, Жапония, Корея, Франция, Австрия, Германия, Ұлыбритания елдерінің тәжірибесі жинақталды. Бұл елдерде кәсіби білім туралы әртүрлі аттармен Заңдар қабылданған. Олардағы кәсіби білімнің ұлттық жүйесінің ерекше белгісі, сапасы білім процесіне, мемлекетпен қоса жұмыс берушілер де және басқа да әлеуметтік серіктестер тартылған. Оқу процесін ұйымдастыру және басқарудың тәсілдері әр елде әр түрлі. Австрия, Германия мен Швейцарияда оқушылар жетісіне 3-4 күн оқуды өндіріс орындарында, 2-3 күн оқу орталықтарында өтеді.

   Маман-жұмысшыларды дайындауға бағытталған кәсіби білім мен кәсіби оқу әлем елдерінің басым бөлігінде білім саясатының маңызды саласы болып қалыптасқан. Оқу орындары жергілікті жұмыс берушілермен тікелей байланысты. 2001 жылдың қараша айының 5-12-нің арасында Қазақстанның кәсіби білім саласының 7 уәкілі Францияда болып, онда қалыптасқан кәсіби білім жүйесінің тәжірибесін зерттеді.

   Оларда  еңбек министрлігі жанынан адам ресурстарының дамуы туралы қызмет атқаратын мекеме ұйымдастырылған, ол маман-жұмысшыларға қажеттілікті зерттеумен және дайындалған мамандардың сапасын бағалаумен айналысады. Бұл қызмет органы жұмыс берушілермен бірлесіп дайындалған мамандардың сапасын, белгілі мамандықтың деңгейін зерттейді және сертификат береді. Германияда оқу белгілі орталықтарда, ал практиканы өндірісте өтеді. Кәсіби оқумен негізінен өндіріс орындары айналысады, оқудың сапасымен орталықтың федералдық жердің өнеркәсіп палатасының халықаралық орталығы айналысады, солар емтихан комиссиясының құрамын жасақтайды. ФРГ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Франция басқа да елдерде «жұмыс беруші неге оқу керектігін, ал білім жүйесі қалай оқыту керектігі туралы» қағиданы басшылыққа алып, кәсіп иелерін дайындайды.

   Еліміздің кәсіби-техникалық оқу жүйесі бұрынғы кеңестік республикалармен біртектестігін ескеріп Ресей және Өзбекстан республикаларындағы кәсіптік-техникалық оқу жүйесін, олардың бағытын қорыттық. Өзбекстанда 2006-2007 оқу жылында орта мектептің 9 сыныбын бітірген оқушының 63,4 пайызы лицейлер мен колледждерге қабылданған, 36,6 пайызы оқуын 10 сыныпта жалғастырған. Кәсіби лицейлер мен колледждер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

   Бұл елдердің тәжірибесі біздің елімізге әр жағынан қызықты. Германияның, Кореяның, Францияның тәжірибесі Қазақстан үшін көкейкесті мәселе болып табылады, өйткені білім беруді өндіріске  лайықтап, онымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Аталған шет елдердің тәжірибелері республиканың барлық лицейлері мен колледждерінде талқыланған. Тәжірибе алмасу лицейлер мен колледждердің тәжірибесін байытты, оқу процесін жақсартуға тікелей әсер етті.

    

   Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды.

   Республиканың техникалық және кәсіби оқу орындары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыстан шығып, еңбек нарығының талабына бейімделді. 1999 жылдан кейін дамудың жаңа деңгейіне өтіп, бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар дайындауда белгілі табыстарға қол жеткізді. Еңбек нарығының талабына сәйкес техникалық және кәсіби оқу саласында жаңа мамандықтар енгізілді. Кәсіби оқу орындары дайындаған жұмысшылар мен орта буын мамандар экономиканың және халыққа қызмет көрсетудің сан-салаларында жұмыс атқарып, меншік иелерінің тілегін қанағаттандыра білді. Бұл саладағы оқу орындарына деген сенім артып, олардың беделі де өсе бастады.

   Республиканың экономикасы өрлеу үстінде. Соған сәйкес маман жұмысшыларға деген сұраным да арта түсті. Кәсіби лицейлер мен колледждер білім жүйесінің құрамдас бөлімі болуымен қатар экономиканың да құрамдас бөліміне айналуда. Республикамыз тәуелсіздіктің 19 жылында да шикізат шығарушы ел болып келді. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жасап іске асыруға кірісті. Ол бойынша шикізат шығарушы елден оны өңдейтін жаңа технология еліне айналуда, ал бұл міндетті іске асыратын бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буын мамандар, олардың өз кәсіптерін терең меңгеруі, икемділік сапасы. Олай болса экономиканы дамытудың кілті кәсіптік білімде жатыр.

   Техникалық және кәсіби оқу орындарының жұмыстарын ғылыми қорытумен қатар ұзақ мерзімді зерттеуіміздің нәтижесінде, бұл жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатында төмендегідей ұсыныстар енгізуді қажет деп есептейміз:

Информация о работе Экономикані реттеудегі мемлекеттін ролі