Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 13:03, курсовая работа

Описание работы

Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.

Содержание

КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31

Работа содержит 1 файл

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ (К).doc

— 296.00 Кб (Скачать)

Әлемдік тәжірибе шикізаттық сипаттағы дамудың болашағы жоқ екендігін Бразилия, Аргентина, Гана, Танзания сияқты Латын Америкасы мен Африканың біраз мемлекеттерінің  даму үлгісінен көрсетіп отыр. Бұл мемлекеттерде шетелдік көмектер мен ауқымды шетелдік инвестициялар қолданылып, шикізаттық салалар дамытылып, бастапқыда әжептәуір экономикалық өсуге кол жеткізілген болатын. ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары тіпті «Бразилия кереметі», ол 15-20 жылдан соң әлемдегі үшінші-төртінші орынға шығады  деп те жиі айтылды. Бірақ, бұл елдер бүгінге дейін дамыған қуатты елдердің қатарына қосылмақ тұрмақ, өздерінің жағдайларын жақсарта алмай келеді. Борышқа белсесінен батып, банкрот-мемлекет жағдайына дейін жеткендері де бар, мысалы Аргентина. Аргентинаның шетел капиталына тәуелсіздікке түскені соншалық, белгілі бір кәсіпорынның қаржыға байланысты мәселесін шешу үшін сол фирманың Франциядағы инвесторларының рұқсатын алуы тиісті.  Осы елдердің тәжірибесі мынадай ақиқаттың бетін ашады:

Біріншіден,  ешқашан елдің экономикалық қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмау керек. Өзін-өзі асырай алатын экономика құрылып, инвестициялар экономика диверсификацияланатындай етіліп қолданылса, терең ойластырылған инновациялық саясат жүргізіліп, табиғи және моральді тозған негізгі капитал алмастырылып, жоғары технологиялар ендірілсе, солардың нәтижесінде әлемдік бәсекеге төтей алатын тауарлар мен қызметтер өндірілсе елдің экономикалық қауіпсіздігі мығым орнайды. Сонымен қатар инвестициялық саясатты жүргізуде, әсіресе жоғары технологияларды қуалауда басқа елдер кездескен қауіптер де бар екендігін ескеру кажет. Мысалы, Гана мен Танзанияда кең көлемді шетелдік халықаралық қаржылық көмек көрсетілгеніне қарамастан, ол елдер бүгін де бұрынғыдай кедейшіліктен құтыла алмай келеді. Дұрыс пайдаланылмаған инвестициялардан қайтарым болмай, борыштары өтей алмайтын қауіпті деңгейге жетті.

Екіншіден, америкалық Пол Пребишудің ойы бойынша, әлемдік сауда шарттары әрқашан шикізат экспорттаушы елдердің пайдасына жүргізілмейді. Жетекші елдердің әлемдік рыноктық кеңістікте билік орнатқан трансұлттық компаниялары шикізат экспорттаушы елдердің жан-жақты кемелденіп дамуына мүдделі емес. Керісінше, үнемі үлкен пайда тауып отыруы үшін оларға шикізат экспорттаушы елдердің біржақты дамуы және экономикалық артта қалғаны пайдалы. «Вашингтон консенсусының» талаптарын тікелей орындауға байланыстырылған ХВҚ-ның және Дүниежүзілік Банктың бағадарламалары өңдеуші салаларды құруды немесе оларды жаңартуды, ғылыми сыйымдылығы мол технологиялармен қамтамасыз ету арқылы өндіргіш күштерді дамытуды қарастырмайды. Халықаралық технологиялық сауда бүгін тек трансұлттық компаниялардың шеңберінде ғана толық тұйықталған. Олар шетелдердегі өздерінің  филиалдарына жоғары технологиялық өндірістерді орналастырғанның өзінде де моральді ескірген түрлерін және толық емес, тек фрагменттерін шығарады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбейді,  ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ - НИОКР) бөлімшелерін немесе орталықтарын ашпайды. Біздің ойымызша, халықаралық экономикалық ұйымдардың және трансұлттық компаниялардың  осындай біржақты саясатының (дамыған елдердің мүддесі тұрғысында) біртіндеп нығаюы әлемдік экономикалық өсудің бәсеңдеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Осылай ойлайтын себебіміз, 1961-2003 жылдар аралығында әлемдік экономикалық өсу былай қалыптасты: 1960-шы жылдары орташа жылдық өсу -3,4% шамасында; 1970-ші жылдары -2,1%; 1980-ші  жылдары -1,3%; 1990-шы жылдары -1%.

Қазақстандағы экономикалық өсудің конъюнктуралық сипатын айта отырып, Н. Рамазанов келесі оқыс қорытынды жасайды: «... бізді экономикалық өсудің бәсеңдеуі күтіп тұр. Экономика биік бағаларға бейімделу қабілетінен айырылды, шикізат өндіріп, оларды экспорттауға бағытталған даму үлгісі өзінің ресурстарын уақытша сарпыды, құрылымдық өзгерістер баяу жүргізілуде. Өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығы өнімінің, негізгі капиталға инвестициялардың, тұрғын үйлер салудың және тағы басқалардың көлемі бойынша Қазақстан әлі де болса 1990 жылдың деңгейіне шыққан жоқ. Тек қана ІЖӨ бойынша 1990 жылдың деңгейіне шықтық»,- дейді. Шындығында, әлемдік рыноктардағы шикізаттардың бағасының уақытша түскені рас. Бірақ олардың бағасы 2006 жылдың басынан қайтадан көтеріле бастады. Әсіресе АҚШ-тың Иранға экомикалық санкция жариялауға шақырған мәлімдемесінен кейін    мұнайдың бағасы рекордтық деңгейге жетті – 2006 жылдың қаңтар айының ортасында 1 баррелі 67 доллар болды. Қазақстан Үкіметі әлемдік конъюнктура бізге биыл да ыңғайлы болатынын ескеріп, экономикалық өсу қарқыны 8,3% болады деп жоспарлап отыр. 2005 жылы өнеркәсіптің өсу қарқыны бәсеңдегені рас -4,5% болған. Бірақ қоғамымыз экономикалық өсудің жаңа сапасына өту үшін индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында экономиканы диверсификациялауға (түрлендіруге), технопарктер мен технополистер, кластерлер ашу арқылы нақты өндірістерді, солардың ішінде өңдеуші салаларды жеделдетіп дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға белсенді іс-әрекеттер жүргізіп жатыр. Қажетті қаржылардың көздері анықталды. Тіпті сыртқы факторлардың бізге ыңғайсыз өзгеруіне қарамастан, ішкі факторлардың өзі-ақ таяу арадағы экономикалық өсудің себебі бола алады. Жуық арада мұнайға сұраныс қысқармайды, керісінше Қытай мен жаңа индустриалды мемлекеттер деп аталынатын оңтүстік- шығыс Азия елдеріндегі экономикалық өсу мұнайға сұранымды өсіріп отыр. Демек, жоғарыдағыларды ескере отырып,  бізді экономикалық өсудің бәсеңдеуі күтіп отыр деп айтуға негіз жоқ.

-Үшіншіден, шикізат қорлары шексіз емес, ерте ме кеш пе олар тауысылады. Осыған байланысты оларды экспорттаушы елдердің табыс көздері де тауысылады.  Демек, ұлттық өндірісін диверсификацияламаған, шикізат экспортына бейімделген ел шикізат қорының таусылуына байланысты  бір мезгілдері үлкен қиындықтарға соқтығысады, борыштан  құтыла алмайды, халықаралық экономикалық ұйымдар мен дамыған елдердің трансұлттық компанияларына тәуелді болып қалады. Мемлекет ретінде егеменділігі жойылады. 

-Төртіншіден, әлемдік даму тәжірибесінде қолданылған екен деп басқа елдердің даму үлгісіне соқыр еліктеу үлкен қателік деп экономикалық ғылымның өкілдері дәлелдеп отыр.  Әрбір елдің тарихи, ұлттық, географиялық-климаттық, мәдени – дәстүрлік және тағы басқа өзіндік ерекшеліктері мен менталитеті бар.  Мысалы, АҚШ-та, Чилиде, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда және тағы біраз Оңтүстік Азия елдерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген макроэкономикалық тұрақтандырудың теориялық үлгілері мен рецепттері «озық тәжірибе» ретінде бұрынғы социалистік елдердің бәрінде қолданылды. Бірақ бәрінде терең экономикалық құлдырау орнап, біреудің тәжірибесін таза көшірмелеу оңды нәтиже бермейтінін айғақтады. Басты тау мен тасқа соққаннан соң ол үлгілер мен рецепттерді көптеген ішкі факторларды ескеріп, терең ойластырып барып қолданған дұрыс екендігі түсінікті болды. 

-Бесіншіден,  Х1Х және ХХ ғасырлардың даму үлгілері ХХ1 ғасырда жарамсыз деп айтуға негіз бар. Себебі қазіргі әлеуметтік – экономикалық дамуда техникалық емес, институционалды-әлеуметтік факторлар алға суырылып шығып, шешуші факторларға айналды. Сонымен қатар  жаһандану мен ұлттық шаруашылықтардың интернационализациялануы процестері де ұлттық экономикалардың дамуына елеулі әсерін тигізіп отыр. 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты қазіргі экономикадағы мемлекеттің  ролі туралы мәселе туындайды.

Мемлекеттің экономикадағы ролі мен орны туралы өзекті мәселе төңірегінде ұзақ жылдар бойы (ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарынан бері) жүйелі теориялық ізденістер жүргізіліп келеді. Бұл мәселе ХХ-ғасырдың соңы мен ХХI-ғасырдың бас кезінде ҒТР-ң үдеуіне, жаһандану процесстерінің екпінді жүруіне, ұлттық шаруашылықтардың интернационализациялануына, әлемдік бәсекенің күш алуына, постсоциалистік мемлекеттерде рыноктық экономикаға өтпелі кезеңнің басталуына байланысты даму үлгілерін таңдау себептерінен теориядағы және тәжірибедегі аса маңызды сипатқа ие болды.

Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі туралы методологиялық экономикалық ғылымның өкілдері қарама-қарсы пікірлер ұсынуда.

Классикалық мектептің «либералды экономика» қағидасын ұстанушылар мемлекеттің экономикаға араласуын барынша шектеуге мүдделі. Олардың қатарында ТМД ғалымдары мен саясаткерлері баршылық. Әсіресе, рыноктық реформалардың бас кезінде мұндай көзқарас басым болып, өздігінен реттеуші рыноктық тұтқалардың қасиетін асыра мақтаушылық жиі кездесті. Экономикалық саясатта да либерализм орнап, рыноктық реформалаудың тәжірибесінің жетіспеушілігінен мемлекетіміз экономиканы шамадан тыс ырықтандырып жіберіп, экономикалық құлдырау мен гиперинфляцияға жол беріп алды.

Кемелденген экономикасы бар Батыс елдерінде экономикалық демократияның елеулі шектелгенін, көптеген маңызды мәселелерді мемлекет өзі тікелей шешетінін аңғару қиын емес. Тіпті негізгі рыноктық тұтқа болып табылатын баға белгілеу ісіне де мемлекет өзінің заңнамашылық қызметімен араласып отыр. Мысалы, А.Амосов Батыс елдерінде мемлекеттерінің баға белгілеу ісіне араласуының  жоғары деңгейін айта отырып, былай дейді: «АҚШ пен Еуропалық Қауымдастық елдерінің ішкі азық-түлік рыноктарының реттелетіндігі соншалық, бұл жерде рыноктық өздігінен реттеудің ізін де таппайсың». А. Амосов баға белгілеу ісін мемлекетік реттеу қажеттілігін қысқаша былай түсіндірген: «егер мемлекет баға белгілеу ісіне араласып, оны реттемесе, онда рынок еркін болудан қалады, өйткені мемлекеттің орнын монополиялық, алып-сатарлық құрылымдар немесе криминалды топтар басады». Автордың ойының дұрыстығын  ТМД елдеріндегі болған немесе кейбірінде орнаған жағдай дәлелдеп отыр. Ресей Федерациясы экономикалық демократияны жүзеге асыру барысында абайсызда монополисттік және криминалды капиталдың  ықпалына жол ашып алды.. Ал Қырғыз Республикасында «түсті революциядан» кейін криминалды құрылымдардың билікті қолдарына алу қауіпі төніп, арандатушылардың әрекеттері барысында бүкіл ел азамат соғысы қарсаңына жақындады. Қазақстанда мемлекет ондай қауіпті құбылысқа жол бермеді.

Батыс елдері бірнеше ғасырлар бойы даму үлгілерін шыңдап, эволюциялық дамытып келеді. Теоретик –экономисттердің басым көпшілігі ұстанатын бүгінгі таңдағы ақиқат – капиталисттік рыноктық жүйе ешқашан абсолютті еркіндікке ие болған емес. Азды-көпті болса да мемлекет экономикалық процесстерді реттеуге әрқашан қатысып отырған, бірақ оның араласу деңгейі әр кезеңде және де әртүрлі даму үлгілерін ұстанған мемлекеттерде әрқалай болған. Ал, жаһандану және ҒТР процестері мен әлемдік бәсеке күресі күш алған қазіргі заманда мемлекет экономикаға кең көлемде және пәрменді араласуы керек. Мұндай ойды ұсынған К.Поппер: «Егер біз еркіндікті қорғағымыз келсе, онда шексіз еркіндік саясатын мемлекеттің экономикаға жоспарлы араласуы саясатымен алмастырылуын талап етуіміз керек»-деп жазған болатын. Өмір оның ойының дұрыстығын дәлелдеп отыр. Қазіргі өркениетті елдерге тән сипаттар, ол- әлеуметтік өмір мен қатар экономикалық өмірді де мемлекеттің ауқымды реттеушілік қызметі; жеке меншіктің біртіндеп жоққа шығарылуы, әртүрлі серіктестіктер түріндегі, солардың ішінде корпоративті және мемлекеттік меншіктің нығаюы, олардың шешуші рольге ие болуы; еркін рыноктық реттеудің жоспарлы-бағдарламалы реттеумен толықтырылуы.

В. Осипенко және тағы  біраз оқымыстылар  адамзат қоғамының болашағы «жоспарлы экономика» деп ұйғарым жасап отыр. Ал, жоспар   (индикативті немесе директивалы) мемлекеттік араласудың айқын белгісі болып табылады. Егер  болашақта мұндай қоғам орнайтын болса, онда бүгіннен бастап шаруашылық субъетілерінің мүдделерін жүзеге асыру және оларды үйлестіру мәселелері теориялық зерттеулердің пәніне айналуы керек. Себебі қазіргі қалыптасқан ойдың стереотипі- жоспар (директивалы) бар жерде шаруашылық егеменділік пен жеке мүддеге орын жоқ. Сонымен қатар меншік, ақшалы-рыноктық қатынастар, менеджмент, мемлекеттік басқару сияқты көптеген мәселелердің теориялық аспектілерін түбегейлі қарастыру қажет болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

     Мен бұл тақырыпта осы әлеуметтік жағдайда экономикалық өсудің негізгі принциптерін қарастырдым. Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету- экономикалық өсудің негізгі түпкі  мақсаттары  болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқатын жоғарылауы болып табылады.   

    Егерде экономикада қарастырылып отырған кезенде капитал қорының мөлшері к** төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарламада қажет. Бұл бағдарламаның басында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өскен соң, белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-тендік  жағдайына жетеді, бұл жағдай «алтые ережеге» сәйкес болады, демек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды.

    Жоғарыда қарастырған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-тендікте болады және факторлар толық қамтылады.

Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.

     Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес.

     Үлгідегі тұрақты тепе-тендік жағдайын ұзақ мерзім кезеніңде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымаларын – s, d, n, g – ді үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.

    Үлгідегі бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгідегі пайдаланған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс фактроларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.    

   Экономикалық өсудің инновациялық типіне көшу дамыған елдерде ХХғ. жылдар ортасында басталады, ал «жаңа индустриалдық елдер» деп аталатындар (Корея, Бразилия, Мексика және басқалар) оны 80-90-шы жылдарда жүргізді. Осы көшудің объективтік алғашарттарына мыналар жатады: ҒТР-ның осы замаңдағы даму сатысы және экономиканың интернациялануы. Субъективтікке жататындар: мемлекеттік экономикалық саясаттың парадигмасының өзгеруі – экономикаға мемлекеттік инъекциялар жасау арқылы жиынтық сұранысты өсірудің кейнстік рецептінен бас тарту және осы саясатты ұсынысты жандандыруға бағыттау.

    Қазақстан Республикасында экономикалық өсудің жаңа сапасының қалыптасуы қоғамдағы іскерлік белсенділікті жандандыруды көздейтін, нарықтық реформалар жүргізуде жүзеге асырылатын глобалдық өзгерістердің орындалуымен тығыз байланысты.   

     Нарық экономикасында өндіріс көлемінің өсуіне шек қою тек өндірістік ресурстар  жағынан ғана емес, сұраныс пен бөлу жағынан да пайда болады. Баға мын сыртқы сауда реттелгеннен кейін жиынтық сұраныстың көлемінде ғана емес, оның құрылымындада елеулі өзгерістер пайда болды.

     Сондықтын Қазақстан Республикасы экономикасының өсіунің маңызды глобалдық проблемасына мыналар жатады: кәсіпорындардың ҒТП-тің жетістіктеріне икемді болуын жоғарылату және ҒТП-ің экономиканың басқа салаларына тарау ерзімін қысқарту. Осы проблемалар экономикалық өсудің басым экстенсивтік типінен басым инвенсивтік типіне көшу процесінде шешіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

Информация о работе Экономикалық өсу