Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 13:03, курсовая работа

Описание работы

Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.

Содержание

КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31

Работа содержит 1 файл

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ (К).doc

— 296.00 Кб (Скачать)

 

1. 2. Экономикалық  өсуінің типтері.

Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады: экстенсивтік және интенсивтік.

Экстенсивті экономикалық өсу:

- олардың біліктілігін арттырусыз жұмыс істейтіндер санын арттыру;

- өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);

- технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.

Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.

Интенсивті экономикалық өсу:

- негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;

- өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);

-  негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;

- жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді   (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі.

Интенсивтік жол - неғұрлым үнемді, сонымен бірге еңбек, капитал және ресурс сыйымдылығы аз өндіріс. Мысалы, КСРО-да соңғы қырық жылда мемлекеттік астық өндірісі, ескі техника негізінде, экстенсивті жолмен, тың игеру есебінен 2,5 есе өсті. Сонымен  бір мезгілде Батыста астық өндіру тура сол көлемде өсті, бірақта ол интенсивті технология нәтижесінде жалпы егістік жер көлемін қысқарту жағдайында болды. Қазіргі уақытта әлемде ҒТП ескергендегі екі жолдың комбинациясы орта есеппен интенсивтік факторлар есебінен өндіріс дамуының 70-75%-ын береді, экстенсивтілік есебінен - 25-30%. ХІХ ғасырдың соңында, капитализм терең және кең ауқымда дамыған кезде, экономиканың дамуы керісінше болды. 

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі жағдайында өндіріс көлемін кеңейтуге өндіріс факторларын (жұмыс күшін, жерді, шикізатты, отынды) қосымша тарту есебінен қол жеткізіледі. Аталған жағдайда өндіріс көлемінің өсуі жиынтық шығындардың өзгеруімен қоса жүреді. Әдетте, қандай да бір факторлардың үлес салмағына қатысты осы өсуді туғызатын экономикалық өсудің басым түрде экстенсивті және  интенсивті үлгісі туралы айтады. Шынайы өмірде ерекше экстенсивті немесе  интенсивті дамудың өмір сүрмейтіндігі түсінікті, соған қарамастан, әрбір мемлекет өз дамуының қандай да бір сатыларында экстенсивті немесе  интенсивті түрде дамиды, негізінен, осындай дамудың табыстылығы қандай өсу  үлгісінің басым екендігімен айқындалады. Нақты ҰЖӨ-нің үлестік өсуіне қатысты экономикалық өсуді оның сондай үлгісіне жатқызу қабылданған: егер интенсивті факторлардың есебінен ҰЖӨ-нің жартысынан көбі өндірілетін болса, онда мұндай экономика басым түрде интенсивті дамиды және оған керісінше болады.

Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталды - өңдірістің кенеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдіруі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынаң артық болып отырады.

Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интенсивттікке. Осы жағдай 1. сурете көрсетіліп отыр.

1. Сурет.  Экономикалық өсудің факторлары

Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50% артық болса, онда экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50% төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ экстенсивті типі тән болады.

Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгілейтін макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП бірнеше типке бөлінеді.

Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген шамасына (К/L-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады.

Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда – шекті еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.      

Егер ҒТП дамуында белгіленген еғбек өнімділігінің орта дәрежесіне еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (Yt/Lt-const, сондай-ақ Dyt/DLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYt/DKt-const) оның орташа өнімділігі де (Yt/Kt еұрақты болса), Харродтың пікірі бойынша, техникалық прогресс бейтарап деп аталады.

II.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ.

2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері.

Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін таңдауға мүмкіндік береді.

Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.

Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капитаддың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы — халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.

Дж. Кейнстің концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, макроэкономикалық тепе-теңдікке жету үшін, егер ЖҰӨ-нің барлық көлемін өткізу үшін тиімді сұраныс жетімсіз болса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.

Қосымша инвестициялар мультипликатор негізінде қосымша тұтыну заттарына туынды сұраныс жаратады. Бұл ұлттық өндірістің барлық табиғи көлемін өткізуге және жұмыспен толық қамтуға мүмкіндік береді. Осыдан кейінгі экономиканың жағдайы Дж. Кейнстің назарына тыс қалған, өйткені оның зерттеуі қысқа мерзіммен шектелген болатын.

Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілесе кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.

Сұраныс талдаудын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы эконмикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.

Бұл мәселелермен экономикалық өсу теориясы бағытынан Кейнстің ізбасарлары айналысты. Олар мынаған назар аударды: егер инвистициялар қосымша тұтыну заттарына сұраныс тудырса, онда осы сұраныс, туынды байланыс ретінде, жаңа өндіріс құрал-жабдықтарына, жаңа инвистицияларға да қосымша сұраныс жаратады. Осы процесте сату көлемі маңызды рөль атқарады.Егер көлемі өскен болса, онда осы процесс тудырған инвестициялар бұдан жоғары шапшандықпен өседі және сатудың көлемі керісінше төмендегенде, инвестициялар осыдан шапшан төмендейді.Осы жағдай мультипликатор принципін акселератор принциптерімен толықтыруға мүмкідік берді.

Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болы табылады,

бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтев функциясы ретінде қарастырылады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынысы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты брлып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәелді деп айтуға болады, ол – капитал.

Инвестицияның өсуі эконмикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің фкторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:       

         ∆ Ү АD = ∆І · m = ∆I (1 / 1-b)  = ∆ I 1/s                                                                                  

              m – шығын мультипликаторы;                                                                                                                                          

               b – тұтынуға шекті бейімділік;

               s – қор жинағына шекті беймділік;

               ∆Ү АS  =α ∙ ∆K  - жиынтық ұсыныстың өсуі;

               α – капиталдың шекті өнімділігі.

        Капиталдың ∆К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамасыз етіледі, осыдан    ∆Ү АS  =α ∙ І                                                                     

Экономиканың өсуінің тепе-тендігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуінің шартында пайда болады. ∆I / s = α ∙ І  немесе  ∆I / I =  α ∙ s,   яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек.

       Тепе-теңдік шарты бойынша инвестийия қор жинағына тең болғандықтан, І = S, S = sY; s = const болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропорционал болады, сонда  ∆Ү/ Y = ∆І / I = α ∙ s                                   

Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының нормаларына тура пропорционал немесе ∆Ү / ∆K – капиталдың қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі.

Егер үлгіде берілген деңгейден жеке сектордың жоспарлы инвестицияның өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін.   

        Е. Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімді кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету.                 

        Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып Р.Ф. Харрод (1939ж)экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады.              

        Акселератор принципіне сай, табыстың кез келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың өзгеруіне пропорционалды:

                               It = v (Yt – Yt -1 )                                                       

мұндағы  v – акселератор.        

       Егерде алдыңғы кезендегі сұраныс туралы болжамдары ақталып, cұраныс ұсынысқа теңелсе, онда өнім көлемін жоспарлайды.Ал егерде экономикадағы сұраныс көлемі ұсыныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін кеңейтеді. Егерде керісінше ұсыныс сұраныстан көп болса, онда олар өндіріс көлемін азайтады. Осы айтылғандарды формула арқылы былай өрнектеуге болады.

                              Yt – Yt -1 / Yt -1 = a ∙ (Yt -1 – Yt -2 ) / Yt -2                            

Егер а = 1болса, онда алдыңғы кезеңдегі сұраныс (t-1) ұсынысқа тең болады егер а < 1 болса, онда сұраныс ұсыныстан көп болады. Сондағы біздің экономикадағы ұсыныс көлемі мынаған тең:

                               Yt = Yt -1 ( ( a ∙ (Yt -1 – Yt -2 ) / Yt -2 ) + 1)                            

       Жиынтық сұранысты табу үшін акселератор үлгісі қолданылады (және теңдік шарты І = S):

                               Yt = It / s = v(Yt – Yt-1) /s                                                         Экономикаданың өсуі жиынтық сұраныс пен ұсыныстың тендігінен шығады.

                   v (Yt – Yt-1) /s = Yt-1 (a ∙ (Yt-1 - Yt-2 / Yt-2) +1)                                                      

Өрнектеп, келесі формуланы алуға болады:

                    v / s (Yt – Yt-1/ Yt-1 ) = a ∙ (Yt-1 - Yt-2 / Yt-2) +1)

        Алдыңғы кезендегі сұраныс пен ұсыныс өзара тең болады дейік, немесе      а =1. Сонда қабылданған шарттарға сай кәсіпкерлер берілген кезінде өңдірістің өсу қарқынын өзгерусіз қалдырады:

                     Yt - Yt-1/ Yt-1  = Yt-1 - Yt-2 / Yt-2   = ∆Үt/ Yt-1                              Алдында айтылып кеткенді келесі түрде көрсетуге болады:

                                    v / s (∆Yt / Yt-1 ) = (∆Ү/ Yt-1) +1              

Осыдан тепе-тендік көлемнің өсу қарқыны келесі болады:

                                    ∆Ү/ Yt-1 =  s / v – s                                          

Харрод  s / v – s формуласын «кепілділік» өсу қарқыны деп атайды. Оны қолдай отырып, кәсіпкерлер өздерінің шешімдеріне толық қанағаттанады. Сұраныс ұсынысқа тең болып, олардың күткендері растала бастайды. Бұндай экономикалық өсу толық өндірістік қуаттың қолданылуын қамтамасыз етеді, бірақ жұмыссыздықты жою әрқашанда жүзеге аса бермейді.

Кепілдік пен нақты өсу қарқынының арасындағы сараптама мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: егер кәсіпкерлердің өсу қарқынында айырмашылық болса, онда жүйе ақырындап теңдестік жағдайынан алыстайды.

Кепілдік  өсу қарқынымен қатар Харрод «табиғи» өсу қарқынын енгізеді. Бұл ең жоғары өсу қарқыны болып табылады. Осындай өсу қарқыны кезінде еңбек  пен капитал факторларының толық қамтылуы байқалады.

Информация о работе Экономикалық өсу