Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 13:03, курсовая работа
Осы замандағы эконимикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
КІРІСПЕ
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ..........................................4
1.1 Экономикалық өсу концепциялары,
факторлары және кезеңдері туралы теориялары......................................................4
1. 2. Экономикалық өсудің типтері...........................................................................6
II. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ ҮЛГІЛЕРІ..........................................10
2.1 Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері...........................................................10
2.2. Р. Солоудың неоклассикалық өсу үлгісі......................................................12
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ......................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................31
МРК =d, бұл шарт орындалғанда МРК = d + n + g болады.
Егер экономикадағы капитал қоры «алтын ереже» жағдайынан үлкен болса, онда қор жинағының нормасын төмендеттетін бағдарлама қажет. Мұндай бағдарлама тұтынуды үлкейтеді және инвестицияны төмендетеді.
Экономика тепе-тендік қалпына шығып, «алтын ережеге» сәйкес келетін пропорцияға жетеді.
Егерде экономикада қарастырылып отырған кезеңде капитал қорының мөлшері к** төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарлама қажет. Бұл бағдарламаның басында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өскен соң, белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-теңдік жағдайына жетеді, бұл жағдай "алтын ережеге" сәйкес болады, де-мек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды.
Жоғарыда қарастырған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-теңдікте болады және факторлар толық қамтылады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.
Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес.
Үлгіде түрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын — s, d, n, g-ді үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологаялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында (n+g) қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім — g қарқынымен өседі, демек түрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институционалдық байланыстыруға тырысады.
"Ұсыныс экономикасының" тұжырымын ұстағандардың айтуынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Қазақстан Республикасының президенті өзінің Қазақстан халқына 2006 жылғы 1-ші наурыздағы кезекті Жолдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр»,-деп бастап, еліміздің қол жеткен жетістіктерін және алдындағы жыл мен таяу болашақта қоғамымыздың алдында тұрған стратегиялық маңызды мәселелер мен міндеттерді тұжырнамалап берді. Сол міндеттерді сайып келгенде өрлеу траекториясына түскен экономикамызды тұрақты даму жолына мығым түсіру арқылы, әлемдік бәсекеге қабілеттілігін өсіріп, Қазақстанды алдыңғы шептегі 50 елдің қатарына қосу деп қысқаша сипаттауға болады.
Қазақстан парламентарийлері Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосу жөніндегі стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жасалған Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс – қимыл бағдарламасын парламент палаталарының бірлескен отырысында (ақпан 2006 ж.) мақұлдады. Парламенттің сол бірлескен отырысында жасаған баяндамасында Премьер-Министр Д.Ахметов 2003-2005 жылдардағы экономиканың дамудағы жетістіктерін атап өтті. Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны болжамдағы 7-7,5 пайыздың орнына аталған мерзім аралығында 9,4 пайызды құраған, яғни 1,3 есеге өскен. Жалпы алғанда макроэкономикалық ақуал тұрақты болып, экономиканың серпінді өсуіне ықпал еткен. Алдын-ала деректерге қарағанда, 2005 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 3620 АҚШ долларына жеткен көрінеді. ҚР-ң Статистика жөніндегі агенттігінің оперативті мәліметтері бойынша 2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірілген ІЖӨ-ң көлемі 7453,0 млрд. теңге соммасында анықталды. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2004 жылғы тиеселі кезеңге қарағанда 9,4 пайызға өскен. Халықаралық және отандық сарапшылар Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны 2006 жылы да жоғары болады (кем дегенде 8-9%), бұл көрсеткіш жағынан ол Азия мемлекеттерінің арасында ел салмайды деп есептейді. Болжам бойынша 2006 жылдың соңына қарай ІЖӨ-нің көлемі1,7 трлн. тенгеге (64 млрд. АҚШ доллары) жетеді. Жан басына шаққандағы табыс 4200 АҚШ долларына жетіп, халқымыздың жалпы сатып алу қабілеті 138 млрд. АҚШ доллары көлемінде болады деп болжам жасалады. Салыстыру үшін: 2006 жылы Өзбекстанда экономикалық өсім 5,7%, ІЖӨ-10 млрд. долларға, халықтың сатып алу қабілеті -55 млрд. долларға жетуі мүмкін деп болжамдалады.
Қазақстанды «рыноктық экономика орнатқан ел» деп алдымен АҚШ конгрессі, содан кейін Еуропа Қауымдастығы елдері ресми мойындады. «Қазақстан кереметі» деп олар айтуға негіз болған тағы бір ақиқат – ол еліміздің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қысқа мерзім аралығында республика елеулі жетістіктерге жетті, терең құлдырау сатысынан аман өтіп, экономикалық өсу жолына түсті. 90-шы жылдардың орта кезеңінде біздегі терең дағдарыстық жағдайда халықаралық ұйымдардың сарапшыларының «Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға, толыққанды рыноктық экономика құруға 50-80 жыл кетуі мүмкін» деген болжамын еліміздің рыноктық экономика құру тәжірибесі теріске шығарды. Сондықтан «Қазақстан кереметінің» негіздері әртүрлі деңгейде зерттелуде және Қазақстанның даму үлгісін БҰҰ басқа дамушы елдерге басшылыққа алуға ұсынып отыр.
Қоғамымызға мұндай үлкен және жауапты істі жүзеге асыру оңай болған жоқ. Көптеген қиыншылықтар мен тосқауылдар кездесті, рыноктық экономика құру тәжірибесінің жеткіліксіздігінен туындаған қателіктер де орын алды. Бастапқы кезеңде экономикалық теорияның жаңа парадигмаларына назар аударылмай, шетелдердің тәжірибесіне, халықаралық ұйымдардың, әсіресе ХВҚ-ның, Әлемдік Банктің, ЕЫҚҰ-ның рецептерін «соқыр қабылдау», шетелдік инвестицияларға үлкен үміт арту, экономикалық саясатта қазіргі әлемдік даму сатысына сәйкес келмейтін классикалық мектептің либералды принциптерін ұстану сияқты үлкен қателіктер жіберілді. Классиктердің «еркін экономика» тұжырнамасының теориялық абстракция, нақты өмірмен ортақ байланысы жоқ екендігі ескерілмеді. Басқа да елеулі қателіктер орын алды. Мысалы, көпшілікке танымал профессор, «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов бастапқы, «романтикалық» кезеңде экономиканы басқаруда орын алған қателікті сипаттай отырып, былай деп жазды: «мемлекеттің экономикадан жылдам шегінуі ыңғайында жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмыссыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды. ..Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруға тым революциялық тұрғыда келу шынымен де жөн болмай шықты...». Рыноктық реформалардың бастапқы кезеңіндегі орын алған олқылықтар терең экономикалық құлдырау (40%-дан астам), ұшқыр инфляция, жаппай жұмыссыздық, халықтың едәуір бөлігінің кедейленуі сияқты негативті құбылыстар түрінде көрініс берді.
Сол кезеңдегі қалыптасқан жағдай классикалық теорияның «экономикалық либерализм» принципі мемлекеттің қазіргі таңдағы экономикалық саясатының теориялық негізі бола алмайтынын, ал ондай саясат ұстанушы мемлекеттердің болашағы жоқ екендігін айқын дәлелдеді. Осыны дер кезінде түсінген мемлекетіміз әлеуметтік-экономикалық дамудың рыноктық типтегі үлгілерін және саяси-экономикалық парадигмаларды сараптап, шұғыл іс-шаралар жүйесін қалыптастырып, ғылыми негізделген жаңа стратегияларды жүзеге асыра бастады. Мақсат айқын және түсінікті болды, сондықтан мемлекетіміз экономикалық саясаттың тиеселі стратегияларын байыппен жүзеге асырды. Елімізде өз кезегімен жүзеге асырылған глобальді стратегияларды жалпы алғанда төмендегідей топтастыруға болады:
«Аман қалу» стратегиясы. КССРО ыдырап, кеңестік біртұтас экономика күйреп, егеменді ұлттық экономикалық жүйелердің бөлініп шығуы, олардың ортақ шаруашылық байланыстары мен тұтқалары талқандалуы салдарынан әрқайсысында, солардың арасында Қазақстанда да терең дағдарыстық жағдайдың орнауы, рыноктық экономика құру тәжірибесінің болмауы, территориялық талаптардың ушығып кетуі қауіпі, Ресей Федерециясы, Қытай мен АҚШ арасында бұрынғы одақтас республикаларда өздерінің ықпалын орнату мәселесі бойынша бәсекелестік локальді соғысты тудыру кауіпі жағдайында ең басты мәселе - осындай жанталас заманда құрып кетпей, аман қалу мәселесі болатын. Мемлекетіміздің, ең бастысы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді де сауатты жүргізген саясатының арқасында бұл стратегия тиімді жүзеге асырылды, Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесіне айналды.
«Тұрақтандыру стратегиясы» . Рыноктық қоғамға өтпелі кезеңнің өте ауыр «кеселдерін», атап айтқанда әлеуметтік-экономикалық негативті құбылыстарды жою (экономиканың құлдырауын тоқтату, инфляцияны, кедейшілік пен жұмыссыздықты ауыздықтау, қауіпті деңгейге жеткен коррупциямен және ұйымдасқан қылмыстық топтармен пәрменді күресу ) осы стратегияның басты нысаналары болды. Себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірін тұрақтандырмайынша алға қарай өрлеу мүмкін емес еді. Ол үшін жеделдетіліп құқықтық кеңістік жасалды да, негативті құбылыстармен күрес заңдастырылған негізде жүргізілді. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең бірінші болып коррупциямен күрес туралы заң қабылдады. Инфляция, коррупция, жұмыссыздық пен кедейшілік «ұлттың жауы» (-америкалықтардың терминологиясын қолдансақ) ретінде қарастырылды. Тармақталған бағыттарды қамтыған осы біртұтас стратегияны жүзеге асыру жақсы нәтижелерге әкеліп, жаңа стратегияны жүзеге асыруға негіз қаланды.
«Экономикалық өсу стратегиясы». Мұндай стратегияны экономиканы тұрақтандырғаннан соң ғана жүзеге асыру мүмкін еді. 1998 жылдың соңына қарай экономикалық тұрақтылық орнап, ал 1999 жылдың екінші жартысынан бастап экономикалық өсу сатысы басталып кетті. Экономикалық өсу стратегиясын жасау үшін отандық және шетелдік білікті мамандар бас қосып, жұмыс тобы құрылып, олар 6 ай бойы интенсивті жұмыс атқарды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзі тікелей қадағалап, жұмыс тобына барлық қажетті жағдайларды жасап берді. Нәтижесінде 1997 жылы ұзақ мерзімге арналған, бұрын-соңды ешбір елдің тәжірибесінде болмаған, ғылыми-бағдарламық сипаттағы «Қазақстан-2030» деген атпен жаңа стратегия қабылданды. Бұл құжат үкіметтің іс-шараларын анықтайтын компас пен «қойын дәптер» ролін атқарды. Ақпарат құралдары жария еткен алғашқы күндерден бастап әлемдік саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың сараптаушылары, танымал ғалымдар бұл құжатты жоғары бағалап, экономикалық ой мен экономикалық саясаттың парадигмасы деп айтуға дейін барды. Асқақ мақсаттар мен орындалуы күмән келтірмейтін биік міндеттерді қамтыған, стратегиялық басымдылықтар айқын анықталған бұл құжат Қазақстанның кейінгі жылдардағы бүкіл әлемнің назарын аударған әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің негізі бола алды.
«Қазақстан-2030» стратегиясын басшылыққа алып дамығын кезең тек қана оңды, яғни экономикалық өсу жағдайымен сипатталады. 2000-2005 жылдары ІЖӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 110,4%-ды құраған, ол 1,6 есе өскен. Рыноктық қоғам орнату, экономикалық даму мен халықтың ақуаттылығын көтеру істері жағынан Қазақстан ТМД елдерінің көшбасшысына айналды. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рейтингі едәуір көтерілді. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 76-шы орыннан 61-ші орынға дейін көтерілді.
Экономикамыздың бес жарым жыл аралығында адуынды өсуінің нәтижесінде біздің экономикамыздың 1990 жылдың деңгейінен асып түскені туралы 2004 жылдың соңына қарай ресми жария етілді. Демек, елімізің экономикасын бұрынғы деңгейге дейін көтеру сатысы аяқталып, таза өсу сатысы басталды деген сөз. Мұндай жағдайды экономика қайтадан бұрынғы қалпына келді деп түсінбеу керек. 90-шы жылдардың алғашқы жылдары экономикамыз басқа сапалық сипатта болатын – социалисттік экономикалық жүйе тұрпатында. Экономикамыз бүгінгі таңда мүлдем басқа сипатқа ие болып отыр. Мақсатты да қажырлы ұмтылыстың нәтижесінде қысқа мерзім аралығында қоғамымыз жеделдетіп рыноктық экономиканың негізін құрып алды. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік», -деді.
Қазақстанның бүгінгі жетістіктерін мақтанышпен айта отырып, біз еліміздің алдында бұрынғыдан да күрделі мәселелердің тұрғанын көреміз. Қол жеткен үлкен қарқынды өсу сарапшылар тарапынан негізінде конъюнктуралық өсу әділ деп бағаланады. Мұндай қарқынды өсуге негізінде әлемдік рыноктағы шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай мен металлдардың бағасының өсуі үлкен ықпалын тигізді. Өскелең бағалар жағдайын пайдаланып қалу үшін сол өндірістер басып дамытылып, инвестициялардың басым бөлігі сол салаларға құйылып жатыр. Мұндай жағдайдың ұзаққа созылуы экономиканың біржақты дамуына, «голландия кеселіне» шалдығуына соқтыруы мүмкін. Осындай қауіп тууы мүмкіндігі туралы біраздан бері айтылып келеді. Дегенмен, қалыптасқан үрдіс әлі өзгерген жоқ, ресурстардың едәуір бөлігі өңдеуші және ұқсатушы салалаларға бағытталудың орнына қазба кен салаларына ағылуда. Өңдеуші нақты өндірістердің ІЖӨ-гі үлесі өте төмен. Табиғи тозған (кейбір сарапшылардың есебі бойынша -80-85%) және моральді ескірген негізгі капиталдың алмастырылу қарқыны өте төмен. Экономиканың тірегі болып саналатын «үлкен өндірістердегі» негізгі капиталдың алмастырылуы коэффиценті шамамен 1-1,2% деп бағаланып жүр. Ондай қарқынмен негізгі капиталды толық алмастыру үшін бізге 90-100 жылдан артық уақыт қажет болады. Ол уақыт ішінде басқа елдер дамудың басқа сатысына және сапасына өтіп кететіні күмәнсіз. Сондықтан біздің экономикамыздың негізгі капиталын жуырда қабылданған Инновациялық-индустриялық бағдарлама мен экономиканы модернизациялау шеңберінде толық алмастырып алуымыз қажет. «Ашық есік» саясатын жариялаған кезеңдегі «шетелдік инвесторлар негізгі капиталды жаңалауға жәрдемдеседі» деген үміт ақталмай, керісінше, олар барды ұнаса пайдаланып, ұнамаса сатып жатыр. Олар негізгі капиталға инвестиция жұмсауға мүдделі еместігін жасырмайды. Демек, мемлекет тікелей араласып, шетелдік және отандық инвесторларды ынталандырып немесе тікелей мәжбүрлеп, негізгі капиталдың жаңа элементтерін ендіруді жеделдету керек. Теоретиктер дәлелдеген бір ақиқат бар: негізгі капиталдың ендірілуін оның шығарылуынан еселеп асырмайынша экономика «ұдайы өндірістік құлдырау» жағдайынан шыға алмайды, конъюнктуралық экономикалық өсу тұрақты экономикалық өсуге жалғаспайды. Бұл жерде автор «ұдайы өндірістік құлдырау» жағдайы деп негізгі қорлардың тозып, жарамсыз болғандарын жаңаларымен толықтырылмаған жағдайды айтады. Негізгі қорлар қарапайым сандық толықтылмастан, сапалық, яғни жоғары технологиялар негізінде, өнімнің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіндей етіп жаңаландырылуы қажет. Міне, осындай шарттар елбасының Жолдауында шеңберленген экономиканы модернизациялау іс-шараларында ерекше аталған.