Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:11, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастырының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы. Біздің еліміздегі бағалы қағаздардың рыноктық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және олардың дамуы, сонымен қатар бағалы қағаздардың дамуы қоғамымызға экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – кіші және жалпы мекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру.
Бірақ Республикада құнды қағаздар нарығы толык қалыптасып болды және тиімді жұмыс атқарып тұр деуге әлі ерте сияқты. Бүгінгі таңда Қазақстанда құнды қағаздар нарығының жекелеген секторлары ғана қызмет атқарып отыр, на-рық жүйесі әлі толық іске қосылмаған.
Қазақстан
Үкіметі Батыс елдерінің
Жалпы алғанда Қазақстанда ішкі ұлттық нарыққа қарағанда сыртқы нарық тез дамып келеді. Тіпті тұтыну тауарлары нарығында импорт тауарларының үлесі өсіп отыр. Сонғы бір-екі жылда экспорттан импорт көлемі артып, Қазақстанда теріс (отрицательный) сауда балансы пайда болды. Ал теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар - ол активтерді мемлекетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру еген сөз. Түптеп келгенде, құнды қағаздардың әлем нарығына шығарылып орналастырылуының себебі Қазақстанның шкі ұлттық өндірісі мен нарығының шектеулі болуында жатыр.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекетгік органдарға жүктелген. Республикада мұндай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Үлттық коммисия, Қаржы министрлігі, Үлттық банк, Мүліісті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық коммисияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21 -дегі Республика Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Бағалы қағаздар жөніндегі Үлттық коммисия оның төрағасы және төрт коммисия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдарымен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Коммисия төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-Министрдің үсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Коммисияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты қүрылған [3,57б]
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрыла қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін, барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құралдары жоқ. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын ала дайындалған концепцияға жүгінуі қажет.[5, 128б]
Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі катысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
Негізінен бұл бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналымына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және сол сияқты жүмыстар. Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
- мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (несие валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және т.б. жұмыстарды реттеу);
-мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды үлғайту немесе шектеу және т.б.);
Бағалы
қағаздар нарығын реттеу мемлекетгік
органдарға немесе арнаулы ұйымға (бағалы
қағаздар жөніндегі коммисияға), не
қаржы министрлігіне, не Орталық банкке
жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды
шығарып, олардың орындалуын тексерумен
конгрессте қүрылған Бағалы қағаздар
және қор биржалары туралы коммисия шүғылданса,
Жапонияда бұл мәселелер Қаржы министрлігінде
қаралады. Реттеуші органдар инвесторлардың
қаржысын қорғауға бағытталған негізінен
үш қызмет атқарады.[6, 56б]
3.2
Бағалы қағаздар нарығын жетілдірудің
негізгі жолдары
Қор нарығын (бағалы қағаздар нарығын) дамыту. Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компоненттерін — борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Казақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысын ғана калыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы — акциялар рыногының "көгілдір фишкалар" бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыноган дамыту жөніндегі негізгі міндет — бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға жөне оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі міндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті жөне субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:
1)
жекешелендірілген
2)
ұлттық жөне мемлекеттік
3) еліміздегі орта және шағын компаниялардың қор рыногына шығуын ынталандыратын жағдайлар жасау.
Қазақстандық эмитенттердің акцияларына төлем қабілетті сүранысты қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек:
а)
институттық инвесторлар
ә) Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту;
б) қор рыногына жеке
Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше, Қазақстан тұрғындарының қолында айналым тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың салымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда , тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап, оларды заңдастыруға күш салып отыр.[7, 28б]
Сонымен, тұрғындардың сақталған қорларын банк құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өндірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына шетелдік инвестициялар бармай отыр.
Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі ресурстарын жұмылдырып қарастыруға болатыны түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі нарықтық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.[7, 35б]
Қорытып
айтқанда, құнды қағаздар нарығының
тасуы және оның тиімді жұмыс істеуі
Қазақстандағы капитал мен
Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарьн негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржылаңдырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.
Ұлттық
экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен
түсетін таза табыстың Қазақстан банкілеріңде
сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің
шоғырлануына байланысты келеді.Қазақстанда
шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін
ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың
басқаруында екені белгілі. Мамандардың
айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға
берілген компаниялардан бюджетке салық
түрінде табыс өте аз көлемде түсетін
болған. Мұның негізгі себебін білетін
мамандар былай түсіндіреді: Қазақстанда
жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен
офф-шорлық аймақтарда тіркелген филиалдары
бар көрінеді. Қазақстандағы компаниялар
шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен
өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді
екен, ал соңғылары Қазақстаннан арзанға
алынған шикізатты әлемдік бағамен
түпкі тұтынушыларға өткізіп, түскен табысты
шетелдік банкілерге салып отырады. Бұл
Қазақстан экономикасына көптеген есепке
алынбаған және көзге көрінбейтін зиян
келтіреді екен. Біріншіден,
бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден
ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге
кетіп, Қазақстан банкілерінің ресурстарын
шектейді, олар өздеріне қажетті қаржыны
шетелден тартуға мәжбүр болады.
Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің кұрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің міндеттері мен құқығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді.
Сонымен, құнды қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екен белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс пайдалана білу қажет. Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды кағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақьтта және болжауға келмейтін тосьн жағдайларға байланысты тарап кетеді екен. Соңғы жылдары әлемдегі ең жоғары дамыған Солтүстік Америка мен Батыс Европа елдерінің өздерінде қаржы-валюта жүйесін тұрақтандырып нығайтуға баса назар аударылып отырғаны белгілі.