Бағалы қағаз нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:11, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастырының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы. Біздің еліміздегі бағалы қағаздардың рыноктық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және олардың дамуы, сонымен қатар бағалы қағаздардың дамуы қоғамымызға экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

БАГАЛЫ КАГАЗ НАРЫГЫ.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

    Туынды  бағалы қағаздар рынокта айналыста  жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

    Туынды  бағалы қағаздарды пайдалану белгілі  бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз  алу құнының төмендеуіне, қажетті  рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

    Сөйтіп, бағалы қағаздар — бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың  үлкен саналуандығы.

    Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.

    Бағалы  қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке  де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

    Акцияакционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды баскаруға катысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

    Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа 
қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

    Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады.  Бұл тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін. Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен тұлғаға тиеселі болса, олардың бәрі бір акционер деп 
және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.[17, 27б]

    Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

    Артықшылықты  акциялардың меншік иелері — акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс 

    Акциялар атаулы, сондай - ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акцияоны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей - ақ бағалы қағаздар рыногында еркін сатып алу - сатуға мүмкіндік береді.

    Облигация — ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген  құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны — облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай -ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бүл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арасындағы қарыз катынастарын растайды.

    Облигациялар  атаулы, сондай - ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті каражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.

    Облигациялардын мынандай түрлері болады:

    агенттік  облигация;

    ипотекалык  облигация; -

    қамтамасыз  етілген облигация;

    ішкі  мемлекеттік және жергілікті қарыздардың  облигациялары;  
         мемлекеттік емес облигациялар;

    кәсіпорындардың облигациялары.  
               
Агенттік облигацияқаржы агенттігі шығаратын облигация.

    Ипотекалық  облигацияжьлжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай - ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облгация жөне түрақты пайыз өкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

    Қамтамасыз  етілген облигацияэмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен жөне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

    Ішкі  мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк  мекемелері таратады.[11, 421б]

    Вексель - өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету  көбіне  қаржы  қорының жетіспеуі сияқты жағдайға  душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен   есеп   айырысуды   кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі — вексель пайда болады. Вексель - қарызды өтеудегі занды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол   бағалы   қағаз.  

    Вексельдің  мәні – несиеге алған белгілі  бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар  сатып алушының (вексель беруші) сатушыға  (вексель  иемденуші) берген    қарыз міндеттемесі. Вексель –  тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін жежелдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель нарығының қызметі – қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да, сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Қолдану өрісіне қарай, немесе таратта болып екіге бөлінеді. Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайында және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық,қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді. Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділігі.Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі – акцепт-авальды операциялар. Вексельдің акцептті дегеніміз төлеушінің вексельді төлеуге берген клісімі. Қорыта айтқанда банктер, вексель бойынша неше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса , екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді. Бағалы қағаздардың өте көп басқа түрлері болады. Оларды әртүрлі  эмитенттер шығарады. Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талап көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі – бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда , шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Әдетте, опцион компанияның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқын беретін бағалы қағаз. Опцион – заңды түрде бекітілген стандартты құжат.[6, 56б]

    Опционның екі түрі кездеседі: сатып алушы  опционы және сатушы опционы. Біріншісі  – сатып алу шарты, онда опционның  өзі сатып алынады. Екіншісі –  сату шарты, ол бағалы қағазбен бірге  сатылады.

    Бағалы  қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варрант. Варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының стаып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі.   Варрант ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, оны корпорация облигацияларымен және артықышлықты  акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан , бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды етсе, екінші жағынан корпорацияның эмиссиялық шығындарын азайтады. Варрант корпорацияның басқа бағалы қағаздарымен қоса шығарылғаннан кейін, олардан бөлініп , өз алдына айналымға түседі.

    Бағалы  қағаздардың келесі тобына қаржы  нарығы айналымындағы мемлекеттік  институттар және банктердің міндеттемелері жатады.

    Олар: қазыналық вексельдер  - қаржы  министрліктері шағыратын қысқа  мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің  ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Депозиттік сертификат – ол эмитенттің мерзімді салымын алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз.

    Чек – заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есеп иесінің чек иесіне көрсетілген  соманы төлеуін талап еткен жарлығын. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Чектер бірнеше түрге бөлінеді:

  • атаулы чектер. Оны чек беруші белгілі адамның аты-жөнін көрсетіп толтырады.
  • Ордерлі чектер. Олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті басқа кісіге “индоссаментпен” беруге болды.
  • Иесі ұсынушы чектер. Ол бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Чек айналымында көптеген мемлекетте, кейбір ұлттық заңдылықтар қолданылады. АҚШ- та және Ұлыбританияда, мысалы, чектік белгі қойылмайды. 
 

    1.3 Шетелдегі бағалы қағаздар айналысындағы ерекшеліктер 

    1990-шы  жылдардың басында АҚШ отбасыларының 40 пайызы акцияларға ие болды. Акциялардың немесе басқа да қаржылай активтердің құны өскен сайын инвесторлар баии түседі.  Инвесторлар болашақта кәсіпорынның қаншалықты пайдалы болатынын ескере отырып, акцияларын күнделікті сауда-саттыққа салады, сонымен бірге , акциялардың бағасы корпорация басшыларына инвесторлардың қызығушылығы жайлы мәлімет береді.

    Акция қорларының мыңдаған түрлері бар, бірақ  ең танымал , таңдаулы , сауда-саттықты белсенді түрде жүргізетін корпорациялар тізімі әдетте Нью-Йорк қор биржасында NYSE сақталады. Мұнда акцияларды алмастыру 1792 жылы тіркелген болатын. 1998 – шы жылдардың аяғында NYSE  -өз тізіміне әр түрдегі 3600 акцияларды енгізді. Акциялар мен құнды қағаздардың ең көп сатылатын жері NASDAG немесе құнды қағаз делдалдарының қауымдастығының автоматтық бағалау жүйесі. Мұнда акциялар алмасу биржадан тыс жүреді, қорлардың саны 5240 құрайды, оның нақтылы орналасқан жері жоқ, сауда негізінен радиоэлектронды байланыс жүйесі арқылы жүреді. Құнды қағаздар делдалдарының қауымдастыығ биржадан тыс құнды қағаз нарығын қадағалап, сауда-саттықты әділ жүргізбейтін және төлем қабілеті төмен компаниялар мен сауда агенттерін нарықтан аластата алады. Нарықта сатылатын көптеген акциялар кіші және өзгермелі компаниялардың иелігінде болғандықтан, сауда-саттықты осы компаниялар жүргізеді, сондықтан да NASDAG кез-келген үлкен қор биржасымен салыстырғанда тәуекелге толы болады. Алайда, бұл инвесторларға көп мүмкіндік береді. 1998 –шы жылдары жоғары технологиялармен айналысатын компаниялардың акциялары NASDAG арқылы сатылғанын айта кеткен жөн. Табыстар көп табылып , таңдау көп болғандықтан американдықтар нақтылы сомаларды 1980 жыл мен 1998 жылдар аралығында ашық қорларға көптеп салды. АҚШ – та 1998 жылдардың аяғында 5,4 триллион доллар қаржы ашық қорларда жинақталады, ал ашық қорлардың акцияларын ұстайтын отбасылардың саны 1999 жылы 6 пайыз болса, 1999 жылы 37 пайызға өсті.[8, 272б]

    Инвесторлар болашақта татымды пайда таба алатын компанияларды көздейді, осындай компанияның құнды қағазын иемденгісі келетіндердің саны жоғары болғандықтан акция құны өсіп отырады.  Инвесторлар акцияларды сатыр алу не болмаса сату жөніндегі шешімге келгенде ең алдымен компанияның жалпы іскерлік ахуалына , болашағына, қаржылық жағдайына және биржадағы акция бағасының тапан пайдасына қарағанда нормадан жоғары немесе төмен екендігіне назар аударады. Акция бағасының өзгеруіне жылдамдықтың да ықпалы мол. Бағаның өсуі сатып алушылар қатарын көбейтеді, ал сұранымның артуы, өз кзегінде бағаны өсіреді.

    Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде  пайда болды. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары , депозиттік облигациялары және т.с.  жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазір АҚШ – та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы қорлары облигациялары , оларға мысалы , Ақш – та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет ететін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздар , мысалы АҚШ – та және кейбір басқа елдерде тараған басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін  шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кезде барлық дамыған елдерде тараған басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда. 

Информация о работе Бағалы қағаз нарығы