Бағалы қағаз нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 19:11, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастырының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды және бүгінгі күннің талабы. Біздің еліміздегі бағалы қағаздардың рыноктық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық басымдылығы және олардың дамуы, сонымен қатар бағалы қағаздардың дамуы қоғамымызға экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

БАГАЛЫ КАГАЗ НАРЫГЫ.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

    2002 жьшы еврооблигацияларды және  жергілікті атқарушы органдардың  бағалы қағаздарын есепке алғанда  мемлекеттік бағалы қағаздар  шығарылымының көлемі номиналдық  қүны бойынша 266 миллиард теңгені  құрады, бұл 2001 жылға қарағанда  81,8 % көп (146,3 миллиард. теңге).

    2002 жылы теңге бағаның тұрақтануы, қайта қаржылан-дыру мөлшерлемелерінің  бір жылда 9 %-дан 7,5%-ға дейін  төмендеуі теңгеге номиналған  мемлекеттік қазынашылық бағалы  кагаздар шығарылымының өсуіне  жағдай жасады. Орта мерзімді  мемлекеттік бағалы қағаздардың спектрі едәуір кеңіді: МЕОКАМ шығарылымының жиынтық көлемі бір жылда 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсті. Бір жылда сомасы 5,1 миллиард теңге мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер айналысқа шығарылды, оның 49,1% айналыс мерзімі 24 айды құрайтын МЕИКАМ алады.

    Сыртқы  борышқа қызмет көрсету үшін Қаржы  министрлігі еврооблигацияларды айналысқа  шығарады, олардың айналысы 2003 жылдың 1 қаңтарына 101,1 миллиард. теңгені құрады. :     Ақша базасын реттеу үшін Ұлттық банк 1995 жылдан қысқа мерзімді бағалы қағаздарға жататын ноталарды шығаруға кірісті.

    Лидеррайтер — бағалы қағаздар рыногының брокерлік -дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді жөне бағалы қағаздар рыногында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.

    Сауда саттықты ұйымдастырушықор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымның акциялары бағалы қағаздар рыногының көсіби қатысушыларының, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар арасында орналастырылады. Кор биржасының әрбір акционерінің өзіне тиесілі акциялардың санына қарамастан оның акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауысы болады.

    Бағалы  қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымыбағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының көсіби қатысушылары құрған заңды тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін үйым мүшелерінің жөне олардын клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болап табылады.

    Бағалы  қағаздар рыногының бірсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретінде болатын заңи тұлғалар, соның ішінде инвестиция қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлері, инвестициялық консультанттар құрайды.

    Қаржы делдалдарының сипатына қарай бағалы қағаздар рыногының үш үлгісі болады: банктік емес, банктік және аралас.

    Қазақстанда аралас үлгі пайдаланылады: бағалы қағаздар рыногында банктік емес компаниялар  да, банктер де делдалдар бола алады.[13, 225б] 

    Бағалы  қағаздар рыногында инвестициялық қорлар өзгеше жағдайда болады. Олар инвесторлардың ақшасын жұмылдыруды есепке алу жүйесінде тіркеудің талаптары мен тәртібі "Бағалы қағаздар туралы" заңға және уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

    Бағалы қағаздардың эмиссиясы көпшілікке жариялаусыз немесе жарнамасыз инвесторлардың алдын ала белгілі шектеулі саны арасында немесе инвесторлардың шектелмеген саны арасында ашық сату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.

    Бағалы  қағаздардың айналысы, яғни инвесторлардың арасында, соның ішінде инвестициялық институттардың делдалдығы кезінде оларды сатып алу - сату рыноктық бағалар бойынша жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың бағамы қор биржасында анықталады, ол бағалы қағаздардың табыстылығы нормасына (акциялар үшін дивидендке, облигациялар үшін пайызға) тура және несие пайызының бар деңгейіне кері үйлесімді болады. Демек, бағалы қағаздардың бағамы табыс шамасына тікелей байланысты болады. Атап айтқанда, акциялардың бағамы дивидендтің көбеюіне орай артады және дивидендтің төмендеуіне орай құлдырайды.

    Рыноктық  бағам бағалы қағаздар сұранымы мен  ұсынымының ара қатынасының әсерімен қалыптасады, ол көптеген факторларға  және ең алдымен экономикалық факторларға  байланысты. Дивидендтер көбейетін  жөне тиісінше бағалы қағаздарға сұраным артатын экономикалық өрлеу кезеніңде олардың бағамы артады, экономикалық дағдарыс кезінде ол құлдырайды, өйткені дивидендтер азаяды, несие пайызының нормасы өседі.[13, 230б]

    Акциялардың бағалары (бағамы) бір акцияға ұлттық валюта бірлігінде, ал облигациялар мен мемлекеттік борыштық міндеттемелер олардың атаулы құнына (номиналға) пайызбен анықталады. Бағалы қағаздармен жасалынған мәмілелер оларды белгіленген тәртіппен ресімдегеннен кейін ғана заңды деп есептеледі. Эмитент немесе инвестициялық институт бағалы қағаздарды сатарда инвесторларға мәміле предметі болып табылатын бағалы қағаздар туралы, бұл бағалы қағаздарға салынған жұмсалымдармен байланысты тәуекелдіктер туралы, олардың табыстылығы, табыстарды алу тәртібі және мезгілдері, бүл табыстарға салынатын салық туралы толық және объективті ақпарат беруі міндетті.

    Бағалы  қағаздармен операциялар жүргізген  кезде арнаулы 
алым алынуы мүмкін, оны алудың тәртібі мен шарттары салық 
заңнамасымен анықталады. 

    Бағалы  қағаздар рыногындағы қызметті оның инфрақұрылымы жүзеге асырады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қаржы  рыногының дамыған инфракұрылымы бар, ол өзіне төлем жүйелерін, Қазақстан қор биржасын (КАSЕ), Банк аралық есеп айырысудың  Қазақстан орталығын (МЕҚО), Бағалы қағаздардың орталық депозитерін,  Банкнот фабрикасын, Теңге сарайы мен Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығын (Гохран) кіріктіреді.[13, 240б]

      Бағалы қағаздар рыногында уәкілетті  органның—бағалы қағаздар рыногын  реттеу мен қадағалауды жүзеге  асыратын мемлекеттік органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлері:

    1) брокерлік-дилерлік; 

    2) бағалы қағаздарды үсынушылардың  тізілімдері жүйесін

    3) инвестициялық портфелді басқару;

    4) зейнетақы активтерін инвестициялық  басқару;

    5) кастодиандық;

    6) трансфер-агенттік;

    7) депозитарийлік;  

    8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен  сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.

    Жоғарыда  аталынған қызметтер бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметтер болып  табылады. Рыноктағы кәсіби «қызметтің белгілі бір түрін немесе өзара қоса атқаратын түрлерін жүзеге асыратын үйымдар өзінің қызметін үйлестіру мақсатында өзін-өзі реттейтін бір ғана ұйым құрады. 

    Еліміздің қаржы рыногында орныға бастаған қатынастарды реттеудің және қадағалау  тиімділігін арттырудың біртүтас жүйесін  ұйымдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері" туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр № 872) кабылданды. Осы Жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің функциялары мен өкілетттіктері Ұлттық банкке берілді. 

    2.3 Қазақстан қор биржасындағы 2008-2009 жылдардағы бағалы қағаздардың айналысы 

    2006 жылы Ұлттық банкноталары шығарылымының көлемі номиналдық құны бойынша 210,8 миллиард теңгені құрады, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 82,4% көп. 2000 жылдың сәуірінде теңгенің құнсыздануы кезеңінде қысқа мерзімді валюта ноталары шығарылды. 2006 жылы сомасы 4671 миллиард теңгенің жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын шығару жүзеге асырьлды.

    Мемлекеттік бағалы қағаздардан басқа бастапқы рынокта мемлекеттік емес (корпорациялық  және басқа) бағалы қағаздар айналысқа  шығарылады.

    Корпорациялық бағалы қағаздар нағыз пайдалы, бірақ сонымен бірге қауіпті болып табылады, оларға кәсіпорындар мен компаниялардың акциялары жатады. Корпорациялық бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы белгілі бір дәрежеде 1996 жылы жарияланған "Көгілдір фишкалар" бағдарламасымен байланысты.[9, 115б]

    2008 жылдың І қаңтарына Қазақстан Республикасының есеп берген шаруашьшық субъектілері бойынша айналысқа шығарылған мемлекеттік емес (корпорациялық) бағалы қағаздардың жалпы көлемі 1257,8 миллиард теңгені, сандық түлғауда 8007 миллиард дананы құрады. Акциялар айналысқа шығарылған корпо-рациялық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің 89,6% (1127,3 миллиард теңге) құрады. Сонымен қатар жай акцияларға 97,9% (1103,4 миллиард теңге), артықшьшықты акцияларға 2,1% (23,9 миллиард теңге) келеді. Облигациялар айналысқа шығарылған корпорациялық бағалы қағаздардың жалпы көлемінің 5,7%-ын (71,6 миллиард теңге) қүрады, оның 48,5% (34,7 миллиард теңге) екінші деңгей банктері айналысқа шығарған. Корпорациялық бағалы қағаздардың шығарылған жалпы көлемінен еврооблига-цияларға 4,7% келеді.[9, 220б]

    2007 жылдың 1 қаңтарына есеп берген шаруашылық субъектілері бойынша сомасы 87,2 миллион. теңге болатын басқа мемлекеттік емес бағалы қағаздар орналастырылды, оның 83 миллион теңгесі - қойма куәліктері.

    Мемлекеттік емес (корпорациялық) бағалы қағаздар жыл аягында барлығы жалпы сомасы (рыноктық құны бойыншы) 1156,8 миллиард теңгеге, соның ішінде акциялар 1045 миллиард теңгеге, обяигациялар 53,3 миллиард теңгеге, еврооблигациялар 58,4 миллиард теңгеге орналастырылды.

    2005 жылы төленген сыйақылардың сомасы 7,2 миллиард теңгеге тең болды, бұл 2005 жылдың 1 қатарына орналастырылған облигациялардың, еврооблигациялардың жалпы сомасының 6,4%-ын құрады. Сыйақылардың негізгі үлесі мекемелеріне, облыстар қимасында Алматы қаласының (53,6%), Астана қаласының (42,6%) ұйымдарына келіп отыр.[9, 225б]

    Жалпы республика бойынша 2008 жылдың 1 қаңтарына сомасы 69,3 миллиард теңгенің акциялары орналастырылмаған, бұл айналысқа шығарылған акциялардың барлық көлемінің 6,1% құрады. 

    Қайталама рыноктың жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерімен жөне Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарымен жасалынған мәмілелер көлемінің өсуімен сипатталады. Қайталама рынокгың жандануы нақтылы уақыт режімінде өздерінің офистерінде бастапқы дилердің жұмыс мүмкіндігін камтамасыз ететін биржадан тыс жүмыс істейтін бағдарламаны іске енгізумен байланысты болғанын атап өткен жөн.

    Бағалы  қағаздардың қайталама рыногында 2003 жылы "Бағалы қағаздардың орталық депозиттері" ЖАҚ-ның мәліметтері бойынша МБҚ жөніндегі мәмілелер көлемінің "депо" шоттары бойынша жасалған операциялар бойынша өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе артқандығы байқалынды. Мемлекетттік бағалы кағаздар бойынша мәмілелердің көлемі бір жылда 3428,5 миллиард теңгені құрады.[9, 236б]

    Қазақстан қор биржасында 2007 жылы барлық бағалы қағаздар бойынша мәмілелердің көлемі 3324,2 миллиард теңгені, соның ішінде корпорациялық бағалы қағаздар бойынша 113,5 миллиард теңгені, оның ішінде акциялар бойынша 59,2 миллиард теңгені құрады,  бұл көрсеткіштер 2004 жылдың деректерімен салыстырғанда тиісінше 2,9 есе, 1,7 есе жөне 1,3 есе өсті.

    Қайталама рынокта сомасы 72 миллион теңгенің корпорациялық бағалы қағаздары  сатылды, оның ішінде сомасы 38,2 миллиард теңгеге акциялар сатып алынды, негізінен оларды қаржы мекемелері сатып алды (44,5%). 

    Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тіркеудің, орналастырудың, айналысқа жіберудің және өтеудің талаптары мен тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы зандармен реттелініп, белгіленеді. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтар актісімен белгіленеді. 
 
 
 
 
 
 
 

    3 Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының даму деңгейі 
     

            3.1 Бағалы қағаздар нарығының Қазақстан Республикасында қазіргі

    кездегі даму проблемалары 

    Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік  бағалы қағаздар, мысалы, мемлекеттік қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп.

Информация о работе Бағалы қағаз нарығы