Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:38, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын және орта бизнес Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын және орта бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.
Кіріспе 2
І. Бөлім БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК 4
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы 4
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты 5
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды. 5
IІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 2
2.1. Шағын бизнестің дамуы 2
2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің рөлі 3
2.3 Шағын және орта бизнесті қаржыландыру 7
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ 10
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 10
3.1 Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру 10
3.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу 20
Қорытынды 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 4
Курстық жұмысымды қорыта келгенде, жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқару үшін аймақтық шағын және орта бизнесті дамыту орталықтарын құру ұсынылады, олардың міндеттері мыналар: кәсіпкерлікті дамыту қорларын құру, жаңа кәсіпорын құру жөнінде кеңес беру арқылы көмек көрсетулерді ұйымдастыру, бизнес-инкубаторларын құру, бизнес-семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, пайдаланылмайтын алаңдарды сату бойынша теңдерлер ұйымдастыру және басқалар.
Жұмыс барысында кәсіпкерлікті аймақтық басқарудың тиімді құралдарының бірі ретінде шет елде өзін-өзі жақсы танытқан бизнес-инкубаторларды кең пайдалану ұсынылады, бұл кәсіпорын құрудың, икемді әдістері мен тиімді жұмыс істеу жүйесі болып табылады.
Жаңа кәсіпорын құру процесі — бұл кәсіпкерлік қызметіндегі ең көп жауапты және еңбек сіңіруді керек қылатын кезең, ол дұрыс қызмет бағытын таңдауды, тиісті команданы жинақтауды, болашақ кәсіпорынның орналасатын жерін таңдауды, бизнестің ұйымдық-құқықтық түрін анықтауды, фирманың маркетинггік мүмкіндіктерін талдауды және ең соңында кәсіпорынның өзін тіркеуді ұйғарады.
Болашақ кәсіпорынды бағаландыру үшін жұмыс барысында оның тиімділігі тақырыбына қатысты келесі бағыттар бойынша тиімді кәсіпорынның негізгі критерийлері дайындалды: саланың күйі мен нарық тауашасы, экономикалық көрсеткіштер, бәсеке қабілеттілік деңгейі, басқару командасының мінездемесі, жеке критериялар және стратегиялық мінездемелер. Мұндай талдау кәсіпорынды келешектегі оның тиімділігі тұрғысынан бағаландыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жоғары әлеуеті табыстарға қол жеткізуге қолайлы мүмкіндіктер тудырады, ал кәсіпорынның әлеуеті төмен болса, қандай да бір идеядан бас тарту жолымен мүмкін болатын сәтсіздіктерден құтылуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында шағын кәсіпорынның әртүрлі даму сатылары мен басқарудың ұйымдық қаржы ресурстарына деген қажеттілігін дәлме-дәл есептеуге ғана емес сонымен қатар келешекке болжам жасауға да мүмкіндік береді. Бұдан басқа қаржылық жоспар — несиелеу мен капиталды инвестициялау үшін қажетті алғашқы қаражаттардың бірі болып табылады, ол бизнестің тек пайызды төлеуге ғана емес, сондай-ақ қарыздарын қайтару үшін де жеткілікті пайда табу мүмкіндігін көрсетеді.
Осы жұмыс барысында
қазіргі замандағы әлемнің ең
жоғары дамыған елдерінің бірі —
АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту бойынша 200 жылдан
астам тәжірибесі талданып, қорытылды.
Жұмыс барысында бұл тәжірибелерді Қазақстанда
пайдалану жөнінде ұсынылған ұсыныстар
республикадағы өтпелі кезең қиыншылықтарын
жеңу және индустриалды дамыған елдер
жолына шығу мақсатын көздейді.[16]
Қорыта келгенде, шағын және орта бизнестің негізгі мақсаты - халықты жүмыспен қамту, оның әлеуметтік меселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортименттегі тауарлармен, қызметтермен толықтыру. Қорытынды ретінде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді қиын да игі міндеттерді атқара білетін бизнесмендер тобын жетілдіруге алып баратын әрі кәсіпкерлік қызмет саласын шабыттандыратын кәсіпкерлікті басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың қажеттігін атап өтуді жөн көрдім.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес