Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:38, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын және орта бизнес Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын және орта бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.
Кіріспе 2
І. Бөлім БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК 4
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы 4
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты 5
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды. 5
IІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 2
2.1. Шағын бизнестің дамуы 2
2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің рөлі 3
2.3 Шағын және орта бизнесті қаржыландыру 7
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ 10
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 10
3.1 Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру 10
3.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу 20
Қорытынды 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 4
Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден, заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал. Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен, чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.
Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.
Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы зор.[6]
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды.[7]
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.
Қор іске асыратын бағдарламалар:
Қордың меншікті қаражаттары
есебінен шағын кәсіпкерлік
Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етуші микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.
Микрокредиттеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.
Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.
Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар. [8]
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеу, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын бизнес шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан Республикасы Агенттігінің мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің жеке меншік субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және муниципалды қоғамдық шағын кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерліктің дамуының тез дамып келе жатқанын көрсете
Тіркелген, сондай-ақ жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың саны жағынан ең көбі Алматы қаласында байқалуда, онда тіркелген 33395 кәсіпорынның 23034-і жұмыс істеуде немесе 69%. Астана қаласында бұл көрсеткіш сәл жоғарырақ, ол жерде тіркелген 5282 шағын бизнес субъектілерінің 4342 немесе 82,2%, Қостанай қаласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың пайызы 80,3%.
2001 ж. 1 қазанынан бері Қазақстан Республикасында 885906
адамды жұмыспен қамтамасыз
таңда 257937 жеке кәсіпорын жұмыс істеуде.
Аймақтар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша алдыңғы
орында Оңтүстік Қазақстан облысы иеленуде, онде шағын бизнеспен 54849-дан астам адам айналысуда немесе республика бойынша жалпы көрсеткіштің 21,2%.
Ақтөбе облысында 22865 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл 1998 жыл басындағы көрсеткіштің 128% құрайды. Жалпы облыстағы шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны бүгінде 77080 адамды құрауда немесе өткен жылдың мерзіміне қарағанда 147%. 2007 ж. ауылшаруашылық жобаларын қолдау мен дамыту үшін 11 ай ішінде 24 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 44,9 млн. теңге бөлінді. Ақтөбе облысында шағын бизнес жалпы соммасы 12,7 млрд. теңгеге тең өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы көрсеткіштерден 2 еседей жоғары.
Ал өткен жылдар бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс- қазақстан, солтүстік – қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорндар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз (2.1.3 кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны.
№ |
Барлық тіркелген қожалықтар |
Олардан әрекет етушілердің саны | |||||
барлығы |
|||||||
бірлік |
Бар/на % |
бірлік |
үлесі |
бірлік |
үлесі | ||
1 |
Республика бойынша |
132308 |
100,0 |
94696 |
100,00 |
46745 |
100,00 |
2 |
Ақмола облысы |
4365 |
3,3 |
3523 |
3,7 |
2174 |
4,7 |
3 |
Ақтөбе облысы |
4921 |
3,7 |
3787 |
4,0 |
1520 |
3,3 |
4 |
Алматы облысы |
5844 |
4,4 |
4673 |
4,9 |
3181 |
6,8 |
5 |
Атырау облысы |
3385 |
2,6 |
2911 |
3,1 |
1044 |
2,2 |
6 |
Шығыс Қазақстан |
8971 |
6,8 |
6282 |
6,6 |
3674 |
7,9 |
7 |
Жамбыл облысы |
4027 |
3,0 |
2817 |
3,0 |
1131 |
2,4 |
8 |
Батыс Қазақстан облысы |
2848 |
2,2 |
2389 |
2,5 |
1296 |
2,8 |
9 |
Қарағанды облысы |
8590 |
6,5 |
6585 |
7,0 |
2849 |
6,1 |
10 |
Қостанай облысы |
5336 |
4,0 |
4038 |
4,3 |
1981 |
4,2 |
11 |
Қызылорда облысы |
2593 |
2,0 |
2157 |
2,3 |
1269 |
2,7 |
12 |
Маңғыстау облысы |
3639 |
2,8 |
2922 |
3,1 |
1270 |
2,7 |
13 |
Павлодар облысы |
6549 |
4,9 |
5009 |
5,3 |
2832 |
6,1 |
14 |
Сол.т Қазақстан облысы |
3055 |
2,3 |
2470 |
2,6 |
1238 |
2,6 |
15 |
Оңт.т Қазақстан облысы |
11971 |
9,0 |
7737 |
8,2 |
3180 |
6,8 |
16 |
Астана қаласы |
10082 |
7,6 |
8646 |
9,1 |
4582 |
9,8 |
17 |
Алматы қаласы |
46132 |
34,9 |
28750 |
30,3 |
13524 |
28,9 |
Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2005 ж. Ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспен айналысытанын 132,3% мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өтен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 11,8% –ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның 71,6% –ға жақыны жұмыс ісьтейтін (экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын ) кәсіпорындар. Осы кәсәпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпрындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі(42%) саудаға автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,7%) және жылжымайтын мүліктер мен аперацияларға жасауға жолдау тұтынушыларға көрсететін көрсететін сапаларға (13,2%) тиесілі.
Өткен жылдың оны кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік Қазақстан (22,4%), батыс Қазақстан (18,7%) және шығыс Қазақстан (16,8%) облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2004ж. 1 ақпанға есептелген дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2005 ж. қаңтар айында өткізілген. өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеніңдегіден 10,9%-ға жоғары .
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика юойынша 2005 ж. ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожағылы тіркелген. Оның 81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсенді түде іске асыруда. Шаруа қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса, онда мұндй қожалықтар жұмыс істемеейтін шаруа қожалықтар қатарына іледі.шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы беріліп отыр.
№ |
Барлық тіркелген қожалықтар |
Олардан әрекет етушілердің саны |
Әрекет ететін қожалықтарда жұмбастылар | ||||
бірлік |
Барлығына % - да |
бірлік |
үлесі |
Адам |
үлесі | ||
1 |
Республика бойынша |
149830 |
100,00 |
121730 |
100,00 |
371890 |
100,00 |
2 |
Ақмола облысы |
4455 |
2,97 |
2805 |
2,30 |
10540 |
2,83 |
3 |
Ақтөбе облысы |
4587 |
3,06 |
3273 |
2,69 |
9179 |
2,47 |
4 |
Алматы облысы |
39195 |
26,16 |
31744 |
20,08 |
96800 |
26,03 |
5 |
Атырау облысы |
1466 |
0,98 |
1039 |
0,85 |
2261 |
0,61 |
6 |
Шығыс Қазақстан |
13029 |
8,70 |
12218 |
10,04 |
35338 |
9,50 |
7 |
Жамбыл облысы |
10641 |
7,10 |
8009 |
6,58 |
26700 |
7,18 |
8 |
Батыс Қазақстан облысы |
3748 |
2,50 |
2799 |
2,30 |
9557 |
2,57 |
9 |
Қарағанды облысы |
5540 |
3,70 |
4690 |
3,85 |
18350 |
4,93 |
10 |
Қостанай облысы |
7887 |
5,26 |
4170 |
3,43 |
10250 |
2,76 |
11 |
Қызылорда облысы |
1792 |
1,20 |
728 |
0,60 |
3334 |
0,90 |
12 |
Маңғыстау облысы |
727 |
0,48 |
345 |
0,28 |
660 |
0,18 |
13 |
Павлодар облысы |
3526 |
2,35 |
2294 |
1,88 |
7850 |
2,11 |
14 |
Сол.т Қазақстан облысы |
6050 |
4,04 |
4630 |
3,80 |
13000 |
3,50 |
15 |
Оңт.т Қазақстан облысы |
47115 |
31,45 |
42974 |
35,30 |
128025 |
34,43 |
16 |
Астана қаласы |
25 |
0,02 |
3 |
0,00 |
4 |
0,00 |
17 |
Алматы қаласы |
52 |
0,03 |
9 |
0,01 |
42 |
0,01 |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес