Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 08:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.
Курстық жұмыстың басты міндеті:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................

Работа содержит 1 файл

Экономика теория.doc

— 379.00 Кб (Скачать)

      5.1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық  серіктестері туралы» №2255 жарлықта  шаруашылық субъектілерінің бизнес  құрып оны дамуы үшін акция  және облигация түріндегі бағалы  қағаздарды шығарып, ақша қаражаттарын тарту механизмінің құқықтық мүмкіншілігі бекітілген.Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруға құқылы.

      6.1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан  Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» №2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге ақша эмиссиялауға құқық берген.Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан басқа бағалы қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер) эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.

      7.1995 жылдың 23 желтоқсандағы «Жекеменшіктендіру  туралы» №2721  жарлығы мемлекет  меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары жекеменшіктендеру оъектісі екенін, акциялардың мемлекеттік бумаларын жекеменшіктендіру жағдайларын және тәртібін көрсеткен.

      8.1998 жылдың 10 шілдедегі «Акционерлік  қоғамдар туралы» №281-1 Қазақстан  Республикасының заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру капиталдандыру, қайта құру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін,  олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жағдайларын; лауазымды органдары мен лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.

     9.Басқа  да заңды нормативтік – құқықтық  актілер.Оған бағалы қағаздар  шығару және айналымға түсіру  мәселелерін, Ұлттық комиссияның  өкілдігін реттейтін Президентің  жарлықтары жатады. Мыс., «Валютаны  реттеу туралы» заң бойынша Ұлттық Комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалды.

      Жоғарыда  айтылған құқықтық неігдерге сай  брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа да мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелер қатысуда.Сонымен қатар, Қазақстандағы  акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды.Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады.Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою)  кездесе бастады.

Алайда, бұл кзде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілеген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтың инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын.Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде Республикада пайда болған бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.

Бұдан кейінгі жылдары нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің  қызметін реттеуге бағытталған және заңнамалар қабылданып, бұрынғыларға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Кез келген заңның мазмұны қрғамда орын алып және дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт.Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған.

      Бағалы қағаздарды номиналды ұстауға беру номиналды ұстаушыға бағалы қағаздарға меншік құқын бермейді.Ол меншік иесінің құқықтарын жүзеге асыру үшін бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілелерді тіккеуді жүзеге асырады. Бағалы қағаздың номиналды бір ұстаушысы бағалы қағаздарды ұстаушылар арасында бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырады.Заңмен бекітілген тәртіпте эмитенттің шешімі бойынша номиналды ұстаушы оның бағалы қағаздармен  операцияларын жүзеге асыруға міндетті.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізу кезінде тәуекелдерді қысқартуға мүмкіндік беретін, бақыланатын бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу жүйесін және оның тиімділігін қамтамасыз ету мақсаттарының бірі болып табылады . 

     3.2 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

      Бағалы  қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдіс салдарынан, бағалы қағаздар нарығына аса көңіл аударуына әкелді.Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құралдар ретінде болуы да септігін тигізді.

      Бағалы  қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады.Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады.Нарықтың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша – қаржаттарын бөлу.Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі -бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады .

      Бағалы  қағаздар нарығында негізгі қоғамға  қажетті екі міндеттер шешеді:

  1. Сатушылар мен сатып алушыларды кездестіре отырып, олардың экономикалық қатынастары дамиды;
  2. Бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жүргізіледі;

   Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бірі ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударуға мүмкіндік туды. Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде қарастырылады. Себебі, ұлттық экономиканың басқа экономикадан тәуелділігі жоғарылайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар нарығы тұрақсыз жағдайға әкелуі мүмкін.

      Екінші  жағынан жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекелесі артады.Батыс экономистердің пікірінше, соңғы он жылдықтарда дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарылайды.Бірақ, инвестицияланатын экономиканың қажеттілігінен төмен сипатталады.

      Көптеген  дамушы мемлекеттер үшін ұлттық экономикаға инвестицияларды тарту негізгі мәселе болып саналады.Осы мәселені шешуде әрбір ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар.

      Бағалы  қағаздар нарығы республиканың экономикасына  шағын инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептеледі.

      Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының  қалыптасу кезеңінен өтті. Кейбір элементтер бойынша даму серпіні де байқалады. Мысалға, пайлық инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін жатқызуға болады.Алайда, бағалы қағаздар нарығының негізгі бағыты жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмайды.Бағалы қағаздар арқылы шоғырланған қаражат өндіріс аясына жеткізілмейді.Оған келесідей бірқатар себептер бар:

  1. бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары ретінде банктер болып табылады, ал олардың бөлу бағыты – несие;
  2. ірі инвесторлар ретінде жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады, ал мемлекеттік талаптарға сәйкес қорлар өндіріске тікелей жұмсауға мүмкіндік жоқ.

      Аталған себептерге байланысты, өндірістік салаларға  бағалы қағаз арқылы қаражат жұмсау мәселесі туындайды.Зейнетақы қорлары  және банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы корпоративтік эмитенттердің  бағалы қағаздарына қаржы бөлу бірнеше  сатылардан тұрады.Ал, бұл қаржы ресурстарды қымбаттылығына әкеледі.Сондықтан да, корпоративтік эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруға қызығушылық танытпайды.

      Ішкі  инвестициялық ресурстарды тарту  стратегиялық маңызы бар мәселеге жатқызылады.Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тарту қамтамасыз ету үшін сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығын жүргізу міндеті:

     - бағалы қағаздар нарығының қызмет  ету механизмін зерттеу; 

      - бағалы қағаздар нарығының дамуын  тежейтін себептерді анықтау;

      - бағалы қағаздар нарығының тиімді  дамуына әсер ететін мемлекеттік  әсер ету шараларын жүргізу. 

      Осыған  орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік  реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.

Алғашқыда, реттеу қызметін ҚР ҚМ атқарған. Кейіннен, ҚР бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын.Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2001-2004 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған болатын.Тек, 2004 жылдан бастап, ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі бағалы қағаздар нарығының жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.

      Тар мағынада, бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.

      Кең мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл нарықтық ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.

      Мемлекеттік реттеудің негізі мақсаты ретінде  бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.

      Бағалы  қағаздар нарығының мемлекеттік  реттеу – көп деңгейлі үрдіс.Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға  сәйкес, құқықтық , әкімшілдік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер  жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің қызметіне әсер ететін механизм.Реттеу жүйесі осы аядағы мемлекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады.

      Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздар нарығында келесідей  жіктелімнен тұрады:

      - бағалы қағаз түріне байланысты 

      - қызмет  түріне байланысты

      Бағалы  қағаз түріне байланысты мемлекеттік  реттеудің әр түрлі сегменттерін қамтиды.Олар – корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қарыздар, туынды бағалы қағаздар нарығындаығ  мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.

      Қызмет  түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.

      Мемлекеттік реттеудің формаларына тікелей  және жанама реттеу болып бөлінеді.Тікелей  немесе әкімшілік реттеу келесі сұрақтарды қамтиды:

  • бағалы қағаз нарығының субъектілер қызметінің талаптарын бекітетін құқықтық актілерді шығару;
  • эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу және эмитентің шарттар мен міндеттемелерді орындауға бақылау жасау;
  • бағалы қағаз нарығы кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялау;
  • қор биржа және биржадан тыс нарықтағы бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізетін ұйымдардың қызметін лицензиялау;
  • бағалы қағаз нарығында мнвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін құру және эмитенттер мен кәсіби қатысушылардың оларды бағынуына бақылау жасау;
  • бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және

бағалы  қағаз нарығын реттейтін заңнамалық бұзушылық кезінде сәйкесінше санкцияларды қолдану;

  • нарығына қатысушылардың кәсіби біліктілігін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру.

      Тікелей реттеумен қатар, жанама әдістерді қолдану өзекті сұрақтың бірі болып табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір-біріне байланысты.Бір санатқа әсер ету, екінші санаттың өзгеру икемділігі байқалады. Сонымен, жанама реттеу немесе экономикалық реттеу экономикалық жүйедегі тұтқалар арқылы жүзеге асырылады.Экономикалық тұтқаларға жатқызылады:

  • мемлекеттің салық саясаты;
  • ақша  саясаты;
  • мемлекеттік капитал;
  • мемлекеттік меншік және ресурстар;
  • сырқты экономикалық саясат.

     Аталған құралдар, тұтқалар арқылы мемлекеттік  реттеуді дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары