Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 08:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.
Курстық жұмыстың басты міндеті:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................

Работа содержит 1 файл

Экономика теория.doc

— 379.00 Кб (Скачать)

Сурет 2 - Қазақстан мемлекеттік бағалы қағаздары

Мемлекеттік құнды қағаздар саудаға түседі.

«МАОКАМ» - Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме.Ол екі және үш мерзімінен бұрын шығарылады.ҚР қаржы вице – министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бұл қағаздардың табыстылығы  жылына 5,49 – 7,3 пайызды құрамақ.Сыйақысы жылына екі рет төленеді.

- «МАОКАМ»  Қазақстандықтар үшін өтімділігі  жоғары, балама құрал болып табылады.Оған  жазылу науқаны қазанның 21-і күні  басталып, он күн бойы жалғасады.Мұндай  мемлекеттік құнды қағаздарды  кез келген адам сатып ала  алады.Оның табыстылығы банк депозттиерінен әлдеқайда төмен болса да, ешқандай тәуекел жоқ.Мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу арқылы бастапқы тәжірибе жинақтаған  адамдар кейін өзге компаниялардың құнды қағаздарымен жұмыс істеудің жүексінбейтін болады, - дейді вице министр.

«МАОКАМ»  қағаздары 15 млрд теңге сомасына шығарылады.Оның құны 10 долларға шаққандағы теңгенің құнымен  белгіленген.Қағаздарды шығарушы эмитент  – ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері бұл қаржының бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалмайтынын  айтады.Өйткені 15 млрд теңге бюджет тапшылығының жыртығын жамауға да келмейді.

Жалпы, Қаржы министрлігі өзінің құнды  қағаздарының ел ішінде сұқраныссыз  қалмайтынына сенімді  . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ  

      3.1 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

      Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында.Оның даму жолында алғашқы іс – шаралар  жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда.Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер баршылық.

      Экономикалық  мәселелерге:

  • нарықты реттейтін механихмнің жоқтығы;
  • нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйксінің жоқтығы; заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
  • салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
  • бағалы қағаздар нарығының материалдық – техникалық негізінің аздығы;
  • нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.

      Ал, әлеуметтік – психологиялық мәселелерге  бағалы қағаздар нарығында маман  кадрларлың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен жеңгейлігі жатады.Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

      Бағалы  қағаздар нарығына мамандары Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануына рұқсат берегін Оқу орталықтары дайындаған болатын.Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды.Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері және хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын реттейтін бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.

      Әлемдік нарық таихында бағалы қағаздар нарығының  негізгі үш үлгісі (моделі)бар.Олар:

     I.Банктік  үлгі – онда бағалы қағаздар  нарығының механизмі арқылы банктер  қаржы қорларын бөледі (ол Гетманияда, Австрияда, Белгияда көп тараған).Бұл  үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.

     II.Банктік  емес үлгі немесе нарықтық  үлгі – онда бағалы қағаздар  нарығының механизмі арқылы елдің  қаржы қорын бөлумен банк емес  мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкістанда, Сингапурда).Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді.Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы.Ол банктен алған ақшаға қарағанда – «арзан» ақша.

     III.Аралас  үлгі – онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктерде, банк емес мекемелер де шұғылданады.

     Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының  ерекшелігі – мүлікті кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын ақытстыру.Соның нәтижесінді жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ.Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік рөл арқарады.Дәл осы жағдай көшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырады.Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс.Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берегн жөн.Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.

      Бағалы  қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің  банктік үлгіден айырмашылықтары  мыналар:

     1.Нарықта  акцоинерлік капитал үлесінің  көптігі; 

     2.Үлестік  бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан  көптігі; 

     3.Өндірісті  қаржыландырудағы тура банктік  несиенің аздығы;

     4.Нарықтағы  банк емес мекемелерінің көптігі.

     Бұлардан  басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар.Олар:

     1.Өндірісті  өркендету үшін шығарылып сатылатын  акциядан түсетін ақша – «арзан»  ақша.Өнеркәсіп өндірісін акционерлік  қоғам етіп қайта құру  - өндірісті  ұйымдастырудың ең тиімді формасы.Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

     2.Әлі  көп уақытқа дейін Қазақстан  нарығында өндіріс саласын өз  активтерімен (қаржысымен) инвестициялайтын  отандық ұйымдар болмайды деген  болжамдар көп.Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекешелендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруға тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

     3.Саясат  факторы – дүниежүзіндегі сияқты  Қазақстанда да бос ақша көздерінің  негізгі иесі – халық.Мемлекеттік  мүлікті жеке меншіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) – бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.

     Қорыта  айтқанда, Қазақстан Республикасында  қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі қажет.

     Қазақстан өз қаржы жүйесін дамытпай, экономиканың нақты секторында табысқа жету мүмкін емес.Бұл ретте 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі қаржы жүйесін жетілдіру жөнінде бірсыпыра жұмыстар атқарғанын айтқан жөн.Солардың кейбіреуіне тоқталар болсақ, банк секторында банк топтарын қадағалауды және реттеуді одан әрі дамыту мақсатында агенттіктің Шоғырландырылған қадағалау тұжырымдамасы бекітілді.Операциялық және несиелік тәуекелдерді ескере отырып, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары капиталының жеткілікті нормативі қайта қаралды.

     Қазақстанда ұжымдық инвестициялау  нышандарының дамуын жетілдіру және ынталандыру, жеке инвесторлардың қаражатын жұмылдыратын инвестициялық қорлардың пайда болуы үшін «Инвестициялық қорлар туралы» заң қабылданды.Сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы қызметінің стандарттарын белгілеу, корпоративтік басқаруды жақсартуға арналған ынталандыру шараларын пайдалану және тәуекелге  барынша бейім қаржы нарығының сегменттерінде қадағалау ресурстарын шоғырландыру үшін өзгертілген және толықтырылған «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданып, оның негізінде Агенттік Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.

     Қазақстанның  жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімдік ішкі инвестициялар көзі ретінде зейнетақы активтерін тиімді басқаруды жетілдіріу мақсатында Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.Несие нарығын дамыту және займшылардың шарт тәртібін жоғарылатуға елеулі әсері бар 2004 жылғы 6 шілдеде «Қазақстан Республикаысндағы кредиттік бюролар және кредиттік таихты қалыптастыру туралы» қабылданған заңды іске асыру займшылардың барынша айқындығына, олардың несиелік қабілеттіліг мониторингін жетілдіруге мүмкіндік жасай отырып, банктердің тәуекелін азайтуға және тәуекелді басқарудың сапасын жақсартуға ықпал етеді.Кредиттік бюроның тиімділігі және оның нарыққа ықпалы бірсыпыра уақыттан кейін сезіле бастайды.

     Егер  қазіргі қалыптасқан Қазақстан  бағалы қағаздар нарығын сандық көрсеткіштер тұрғысынан қарайтын болсақ, 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойыша «А» және «В» категориясы бойынша сауда саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енігізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының жалпы капиталдануы 1198146 млн. теңге болған, бұл көрсеткіш 2004 жылғы 1 қаңтардағымен салықтырғанда 68,64%-ке ұлғайған.Бұл ретте облигациялар бойынша нарықтың капиталдануы 47,42%-ке артқан.Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша Қазақстан қор биржасында жасалатын мәмілелер көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы 7,14% болған.

     Ал 2007ж. 1 қаңтарында 2160 акционерлік қоғамдардың номинал құнының жалпы сомасы 876,6 млрд. Теңге құрайтын 2304 акция және 217 облигация шығарылымдары бағалы қағаздар нарығында айналыста жүруде.Бірақ табысты Отандық компаниялардың акциясын Қазақстан азаматарына сатып алып дивидендке қло жеткізуіне құқықтық негіз болмауда.Керісінше, осындай табысты компаниялардың акциясын (мыс., «Қазақмыс») Лондан қор биржасында батыс елдердің инвесторлары сатып алуда.Сондықтан «көпшілік отандық инвесторлардың» қор нарығы, бағалы қағаздар туралы сауатын ашатын үкімет тұрғысынан білімін жетілдіру бағдарламасын тарату қажет.

     Сөйтіп  нарық жағдайларының шапшаң өзгерістерге ұшырауын ескере тоырып, оның құқықтық негіздерін тез арада одан әрі  жетілдіру қажет.Себебі кейбір заңнамалық актілерге көптеген шектеу нормаларының болуы қор нарығын жандандыруға мүмкіндік туғызбауды.Бұл мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша табысты есептеу мен оны төлеу тәртібі заң жүзінде анықтауды талап етеді.

     Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың  заңнамалық негіздері.

      Қазіргі заңдар Респуцблика Конститутциясына негізделген.Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтың кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған.Оның үш бөлімінің екінші бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.

      Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет Президенті бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды:

      1.1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  туралы»  № 2155 жарлықта «Қазақстан  Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы  қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты» делінген.

      2.1995 жылдың 17 сәуіріндегі «Лицензиялау  туралы» № 2200 жарлықта бағалы  қағаздар нарығындағы кәсіби  қызметті және қор биржасының  қызметін міндетті түрде лицензиялау  керектігі көрсетілген. 

      3.1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 2227 жарлықтың әрекеті мемлекетік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған.Атап өтетін басты жағдай, онда Ұлттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы мен бағалы қағаздармен жүргізілетін мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге қор биржасын құру және оның қызметін ұйыдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.

      4.1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар  және басқа бюджетке төленетін  міндеттемелер туралы» №2235 жарлықтың  біраз тармақтары бағалы қағаздармен  жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарына арналған.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары