Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 08:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.
Курстық жұмыстың басты міндеті:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................

Работа содержит 1 файл

Экономика теория.doc

— 379.00 Кб (Скачать)

    Бағалы  қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны — қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің , ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

    Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздаркапиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары).

    Инвестициялық емес бағалы қағаздар — бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

    Эмитенттің  құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

     Муниципалдық  бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

     Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Бағалы  қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. 
Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп 
беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын 
растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиет хат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды. 

     1930 жылы Женева конвенциясында сәйкес  вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол – кредитік ақшалардың  түрі).Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу - сату процесіне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады.Вексель – қарызгер несиегерге беретінжәне несиегерлерге қарызгерлерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме.Вексель есеп  айырысудың  нысаны ғана емес, сондай - ақ, бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес векселде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді  білдіреді.

Егер  бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

     Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін  бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.

     «Бағалы қағаздар рыногы туралы» занда туынды багалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

     Туынды бағалы қағаздар рынокта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

     Туынды  бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

     Сөйтіп, бағалы қағаздар — бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен сан алуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

     Бағалы  қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

     Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  айналыста мемлекетгік, корпорациялық және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.

     Бағалы  қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

     Акцияакционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға жене қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. 

     Қазақстанның  практикасында еңбек ұжымының акциялары  және қазіргі кезде акционерлік  қоғамдардың акциялары қолданылады.

     Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін - анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін.

     Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылады.

     Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиеселі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

     Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының   заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

     Артықшылықты  акциялардың меншік иелері — акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшьшықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25.пайызынан аспауға тиіс.

Акциялар  атаулы, сондай - ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін.Атаулы акциялар алыс - берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акцияоны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі занды құқықтарын қуаттайтын акция түрі.

     Облигация — ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалган капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің үстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзгс де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны — облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай -ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арасындағы қарыз қатынастарын растайды.

     Облигациялар  атаулы, сондай - ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.

Облигациялардың мынандай түрлері болады:

     - агенттік облигация;

     - ипотекалық облигация;  

     - қамтамасыз етілген облигация;

     - ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;

     - мемлекеттік емес облигациялар;

     - кәсіпорындардың облигациялары.

      - агенттік облигация — қаржы агенттігі шығаратын облигация.

      Ипотекалық  облигация — жылжымайтын мүліктермен қамтамасыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай – ақ  тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облгация және тұрақты пайыз өклетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

         Қамтамасыз етілген  облигацияэмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

      Кіші  мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.

      Бағалы  қағаздар нарығының жіктелуі.

      Бағалы  қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз  міндеттемесі.Қарыз міндеттемелерінің  барлығының бағалы қағаздар сияқты арнаулы  құжаттық формасы болмайды.Олардың  көбісі келісім құжаттарында 1-2бап терінде көрсетіледі.Бағалы қағаздардың көбі тіркеуден өтеді.Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және маңызды мағлумат алуға көмектеседі.Сол арқылы инвестор (салым иесі) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауға мүмкіндік алады.Көптеген елдерде бағалы қағаздар түсіретін кірісіне, эмитентіне, айналыс жеріне байланысты жіктеледі:

      1.Кіріс  төлеу жөнінен қарызды және  үлесті бағалы қағаздар болып  екіге бөлінеді.Қарызды бағалы  қағаздар бойынша кіріс нақты  процентпен төленіп, ал қарыздардың  күрделі негізгі бөлігін келешекте  белгіленген уақытта өтеу көзделеді.Үлесті бағалы қағаз, немесе оны акция деп атайды.Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді.Ал бағалы қағаздардың басқа түрлдері осы қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.

      2.Бағалы  қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен  де жіктеледі.Олдардың эмитенттері  мемлекет, жергілікті үкімет органдары,  акционерлік қоғамдар, қаржы институттары  және тағы басқа заңды тұлғалар  болуы мүмкін.Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

      а) Қазынашылық – ол Үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын  бағалы қағаздар.Бұл қағаздар ең сенімді  қағаздардың бірі.Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді.Бұл бағалы қағаздардың көптеген тараған түрлері қазынашылық вексельдер мен қазынашылық облигациялар.Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздардан шығарады.

      ә) Жергілікті үкімет органдардың бағала қағаздары.Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

      б) Қаржы институттары мен акционерлік  қоғамдардың акция және облигация  түріндегі бағалы қағаздары.Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар шығарады.

      в) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұлардан да басқа банктің  өзінің қарыз міндеттемелері.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары