Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 08:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын зерттеу.
Курстық жұмыстың басты міндеті:
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуын
Бағалы қағаздар нарығының дамуына әлемдік дамудың әсерін анықтау;
Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік ..........................................................5
1.2 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер...............................................20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе..................21
2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары .......................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1 Бағалы қағаздардың нарықтағы дамуы және дамуындағы заңнамалық негіздері......................................................................................................................34
3.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................

Работа содержит 1 файл

Экономика теория.doc

— 379.00 Кб (Скачать)

     Осы аталған қызметтердің орындалу барысында  Қазақстан бағалы қағаздар нарығындағы және оның қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда.Бағалы қағаздар нарығын реттеу ғылымға неігделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.

     Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен және қадағалаумен айналысатын уәкілеті орган – ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агентігі.

     Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:

     - бағалы қағаздар нарығын дамытудың  мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

     - белгіленген мақсатқа (негізінен  макроэкономикалық жету үшін  қаржы ресурстарын мемлекеттік  және жеке шоғырландыру;

     - нарыққа қатысушылар үшін «ойын  тәртібін»   белгілеу;

     - нарықтың кәсіби мамандары мен нарық клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтық қауіпсіздігін бақылау;

     - нарықтың жағдайы туралы ақпарат  жүйесін құру және оның инвесторлар  үшін ашықтығын қамтамасыз ету; 

     - инвесторларды шығыннан қорғау  жүйесін құру және т.с.с. қызметтер. 

     Бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеумен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс- шараларын ың да маңызы зор.Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады.

      Бағалы  қағаздар нарығының міндеті –  бағалы қағаздарды сатушылар мен  сатып алушылардың көңілінен  шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында  қызмет етуші делдалдардың – брокерлер  мен инвестициялық дилердің қатысуынсыз  мүмкін емес.Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан, қандай шартпен және қандай бағалы қағаздар қажет екенін біледі.Бұл жерже брокер бағалы қағаздарды сатушыларды

Сатып алушылармен кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер  өз есебінен және өз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады.Қайта сатудан түскен түсім, оның пайдасын құрайды.Өз жұмысында брокерлік және дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвенстициялық компангиялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады.

      Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі  идеолоргиясы келесідей қағидалардан тұрады:

  • әрбір потенциалды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері бойнышатолық және тура ақпараттың болуы;
  • бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қопр биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, боркерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.

     Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы  кәсібисапрасы туралы қойылатын  талаптардың маңызы арта түседі.Инвестициялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс істей алатын  маманның болуы міндетті.Ол алғашқыжәне қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуға тиіс.

     Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей ьайланысты болуы; екіншіден, республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретінүкіметтің жекешелендіру  стретагиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптасытру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.

      Біздің  экономикалық жағдайда немесе әлемдік нарыққа неуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.

      Қор нарығын мемлекеттік реттеудің  қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді.Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің үлгілерін жасайды.

      Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттелуде.Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және  бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арада дайындау қажет.

      Бағалы  қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік  саясаттың негізін жасауда өзін - өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс.Осыған байланысты мемлекеттік  саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.

      Бағалы  қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастаманы қолдауға байланысты шаралармен қатар, қор нарығы субъектілерінің  қызметіне мемлекеттік, әкімшілік  және жанама (экономикалық) бақылау  қою шараларының жүйесін жасау, сол сияқты экономикалық қор секторындағы нарықтық ортаға толық мемлекеттік араласу жүйесін дайындау қажет.Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс.

      Бағалы  қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал  етудің мақсаты мынадай:

  • макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
  • нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау;

     Құқықтық  қорғау: бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік  тіркеу;бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.

      Экономикалық  қорғау: бағалы қағаздармен жасалатын  операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операцияларжолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.

      Нарық экономикасы дамыған елдерде  инвестициялық бизнесті бақылауға  және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни заңдар мен  арнайы органдардан басқа да сол саланың өздерінде өзін - өзі реттеуді қамтамасыз ететін «заңдар» мен «ведомствалар» бар.

      Өзін - өзі реттеу екі негізгі элемент  арқылы анықталады:

  • стратегияны анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері мәмәле жасасу тәжірибесінде қатынасады;
  • өзін - өзі реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар есебінен емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырады.

     Өзін - өзі реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі бұл бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады.Қазіргі өзін өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.

      Өзін-өзі  реттеу өзінің көп жылдық іс – тәжірибесінде  нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжіриблерінің ерекшеліктерін, жұмсалымдарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті.

      Соның нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі  реттеу қалыптасты. Мемлекеттік және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршеңдігінің маңызды шарты.

Өзін-өзі  реттеудің 4 ұйымдастырылу құрылымы болады:өзін-өзі реттеудің үлестік  құрылымы; бағалы қағаздар нарығының  комиссиясы; қызметтері жеке көздерден қаржыландыратын тәжірибелі бизнесмендер кеңесі; өзін-өзі реттеуші жүйемен ынтымақтастықты жұмыс жасайтын мемлекеттік департамент.

      Ұйымдарға заң бойынша немесе үкіметтің  тарапынан өзін-өзі реттеуге байланысты өкілеттік берілген.Бұл өкілеттілік  диапазоны елдің типіне байланысты ажыратылады.Негізінен өзін-өзі реттеу үш сфераны қамтиды: нарықта жасалатын мәмілелерді реттеу; нарыққа қатынасушылар облысында реттеу; сұраныстарды орналастыру тәртібі  және атқаратын қызметтері.

      Бұл өзін-өзі реттеу сфералары :екінші реттегі нарықтағы бағалы қағаздарды анықтауды; нарықтық ақпараиттарды сауда-саттық ережелерін; мәмілелерді тексеру және орналастыруды; брокерлерді және өкілдері лицензиялауды; брокерлерге қойылатын басты талаптарды, коммерциялық этикалар уодексін; атқару және тәртәп процедураларын қамтиды.

      Ведомствалармен өзін-өзі бақылау және өзін-өзі  қамтамсыз етушілеге қор биржалары жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ 

    2.1 Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе

    Мемлекеттік бағалы қағаздар – ол үкіметтің  қарыз міндеттемесі.Ол қарызды бағалы қағаз, оның эмитенті мемлекет.Өзінің экономикалық мәні жөнінен мемлекеттік  бағалы қағаздардың барлығы қарызды  бағалы қағаздар болғанымен іс-жүзінде оларды бір-бірінен ажырататын әрбіреуінің өз атауы болады.Әдетте, «облигация», «займ» және т.с.с. атаулар да қолданылады.Әрбір ел мемлекеттік бағалы қағаздар шығапғанда өзінің терминдерін пайдаланады.

    Мемлекеттік бағалы қағаздар кез келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды құрамды бөлігі болып есептеледі.Бағалы қағаздардың бұл түрі мемлекеттің экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады.Оны атқару үшін мемлекеттің қаржы жүйесі құрылады.Қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен – бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.

    Қазіргі мемлекеттерге тапшылық бюджеті  тән, яғни кірісі шығыннан артық.Мемлекеттің  бюджеттің тапшылығын дәл осы  тарихи кезеңде осы мемлекетттің даму ерекшеліктеріне байланысты қарастырған жөн.Егер бюджет тапшылығы соғыс, экономиканы милитаризациялау және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан, ұлттық өндіріс деңгейінің төмендеуінен туындаса, онда ол теріс тапшылық.Егер бюджет тапшылығы ел экономикасының өркендеуін көрсетсе, онда ол жағымда тапшылық.Мұндай тапшылықты аздаған қиындықтармен жоюға болады.Ал кірісі мен шығыны бойынша балансталған бюджет – ұлттық экономиканың пропорционалды тұрақты дамуының көрсеткіші.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын елдің Орталық банкінен алған несиемен жоюға болады.Егер несие алу мүмкіндігі болмаса, я ол жетіспесе, онда ақша белгілерін эмиссиялауға болады (әрине ол қажетсіз, себебі ол инфляцияға соқтыратын жағдай) немесе мемлекеттік қарыз міндеттемесін шығаруға болады.

    Мемлекеттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы.Займдарды орналастыру аясын есептегенде мемлекетік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Мемлекеттік қарыздың түрлері: а) үкімет алған несие; ә) мемлекетік займдар, яғни үкімет атынан эмиссияланған бағалы қағаздар; б) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері.Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қарыз мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, яғни мемлекеттік қарыз міндеттемелерін өтеу мерзімі келгенде займдар жойылып, олар бойынша процент төленеді.

     Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың  мақсаты:

     а) айналысқа қосымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі  бір күнтізбектік датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;

     ә) тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және с.с. мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру;

     б) айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын, экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін реттеу.

     Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің құжат түріндегі  қарыз міндеттемесі алғашқыда Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде пайда болған.

     Қазіргі кезде әрбір елде өзінің мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығының тарихы қалыптасқан.Онда шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері, шығарылым мерзімі, оларды шығарушылар, ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының масштабы, оған қатысушылар және т.с.с. жағдайлар көрініс табады.

     АҚШ-та бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамыған.Онда мемлекет ең ірі қарыздар болып саналады.АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентіне қарай:

  • федералдық үкіметтің (қазынашылық) бағалы қағаздары;
  • үкіметтік мекемелердің, агенттіктердің және т.б. бағалы қағаздар болып бөлінеді.

     Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар қор  нарығында айналысқа түсу қабілеттілігіне  қарай бастапқы (обратимый) және қайтымсыз (необратимый) бағалы қағаздар болып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез келген бөліміне жүргізілетін қағазадар.Олар – қазынашылық вексельдер (мерзімі – айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30жылға дейінгі).қайтымды бағалы қағаздар, әдетте, алдын ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеу жолдары