Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 04:54, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдерде озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Аудит ұғымы және пайда болуы.docx

— 75.76 Кб (Скачать)

 
Арнайы
 
Жүйелі
 
Кешенді
 
Локальды
 
Ресурстық
Сыртқы экономикалық Әлеу-меттік
 
 

2-сурет.  Аудит түрлері мен олардың  нұсқаларын жіктеу схемасы 
 
 
 

  1. Қазақстан Республикасында  аудитті жетілдіру  жолдары.
 

     3.1. Аудиторлық істі жетілдіру бойынша жұмыстың көп бөлігін бухгалтер – аудиторлардың басқа ұлттық қоғамдары жүргізеді. Мысалы, әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер-аудиторлар институтының құрылуын тездетті, ал Жапонияда Өнеркәсіп және басқару министрлігі айналысады. Бұл елдегі бухгалтерлік есеп пен есеп берудің осы заманғы жағдайы 1945 жылғы Жапон аралдарын жаулап алған американдықтар мен генерал Дуглас Макарутра әкімшілігі жүргізген экономикалық қайта құру шарасының әсерімен болды. Бұл кезеңде аудиторлық іс ұйымдарында сөзсіз көрініс тапқан америкалық тәжірибемен қалыптасқан формалар мен әдістерге негізделген бухгалтерлік есеп пен есеп берушілердің тәртібі әзірленді. Оның ішінде бухгалтерлік стандарт бойынша кеңес кәсіпорындарды тексеру туралы бірқатар ережелерді жасады.

     Маманданған бухгалтер-аудитор институты Австралияда  құрылды, оған тек австралиялықтар  ғана емес, сондай-ақ азиялық мемлекеттерде, атап айтқанда, Малайзия, Сингапур, Гонконг  азаматтары мүше бола алады.

     Австралиядағы осы елдердің өкілдері аудиторлық кәсіпті  оқыту, біліктілік емтиханын қабылдау, тиісті атақ беру ісіне араласа алады.

     Жаңа  Зеландиядағы Бухгалтерлер қоғамы мамандалған (алқалы) бухгалтер-аудиторлар құрамын (өз қоғамының 96%-ын) қамтиды. Алайда бухгалтер-аудитор атағын алу үшін тиісті білім мен аса қажетті жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Маман осы атақты алғанға дейін, «Бухгалтерлер қоғамының», дауыс беретін құқығы жоқ, «уақытша мүшесі» ғана бола алады.

     «Еуропаға оралу» және нарықтық экономикаға көшуге байланысты посткеңестік мемлекеттер  мен шығыс еуропалық елдердегі  шаруашылық механизмдерін қайта  құру тексеру-бақылау жұмысының  сипатын түбегейлі өзгертуді  және тәуелсіз бухгалтер-аудитор сияқты мамандық категориясын қалыптастыруды талап етті.

     Шын мәнінде аудиторлық кәсіп алдыңғы  орынға шығарылған Шығыс еуропалық  елдерде (Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния) тексерушілік қызмет айтарлықтай  жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Польша мен Венгрияда сарапшы-бухгалтер  категориясы бұрыннан бар болатын. Бухгалтерлік сараптау техникасы, сарапшы  бухгалтерге кәсіби және этикалық талап  аудиторлық тексеру тәсілдерімен, бухгалтер-аудиторға  қойылатын талаптарға жауап беретін  іскерлік және өнегелік нормалар көп жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мәселен, 1988 жылы Чехия мен Словакияда шетелдік қатысушы кәсіпорындары туралы заң қабылданып, осыған орай бухгалтер-аудитор лауазымы бекітілді. Барлық шетелдік қатысудағы кәсіпорындар ең аз дегенде екі тәуелсіз бухгалтер-аудиторларға жылдық есеп берулерін тексертуі әрі бекіттіруі керек. Ал, олардың жылдық есеп берулерін тексеріп, бекітетін тәуелсіз бухгалтер-аудиторлардың осы атақты алуда жоғары экономикалық және заңгерлік білімдері, ең аз дегенде шаруашылық ұйымдарында 10 жыл жұмыс істеген тәжірибесі болуы керек, сонымен қатар, олардың жасы 35-тен кем болмауы керек. Соңғы хабарларға қарағанда бұл жас 30-ға дейін төмен түсірілген. Сөз жоқ, бухгалтер-аудиторлардың бойында тиісті адамгершілік қасиеттері болуы тиіс. Бухгалтер-аудитор атағына талап ізденушілер федералдық Қаржы министрігі бекіткен комиссияның алдында өздерінің білімдері мен шеберлігін іс-тәжірибеде қолданып, сынақтан өтуі керек.

     Рас, Чехия мен Словакияда заң шетелдік қатысудағы кәсіпорындарға шетелдік аудиторлардың  аудиторлық тексеру жүргізуге рұқсат береді. Алайда бұл арада чех-словактық  формалар мен әдістердің әлемдік  тәжірибедегі қолданыстағылардан айырмашылық  мәселелері туындайды. Солай десек  те, бірқатар трансұлттық фирмалар өз өкілдіктерін Чехия мен Словакияда, ең алдымен Прага мен Братиславада іске қосып бекітті.

     Көрші мемлекет – Қытайдағы аудиторлықтың  дамуы Қазақстанның назарын өзіне  аударып отыр. 1982 жылы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысында үкіметтен аудиторлық әкімшілікті құруды және оның тәуелсіздігіне кепілдік беруді талап ететін елдің жаңа Конституциясы жарияланды. Аудиторлық әкімшілік өзінің қызметін сәтті орындауын қамтамасыз ету үшін Конституцияның 91-бабында былайша шарт қойылған: «Мемлекеттік кеңестің Премьерінің нұсқауы бойынша аудиторлық ұйым қандай да бір әкімшілік органы немесе қоғамдық ұйымдар немесе тұлға тарапынан араласпауын шарт етіп қоятын заңға сәйкес аудитті өткізу арқылы кеңес беруге өзінің құқығын тәуелсіз жүзеге асырады».

     Бас аудитордың обьективтілігі мен тәуелсіздігі Конституциямен қорғалады. Осы заңға  сәйкес, ол Қытайдың ең таңдаулы басшылық ұйымы болып табылатын Бүкілқытайлық  халық өкілдері жиналысының Мемлекеттік  кеңестің Премьерінің ұсынысы бойынша  Бүкілқытайлық халық өкілдерінің  жиналысында тағайындалуы және қызметтен  босатылуы, яғни орнынан түсуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдай Бас аудитордың жұмысына үкіметтің әкімшілік органдарының араласуына тиімді тосқауыл бола алады. Ол өзінің міндетін заңға сәйкес орындап, еркін әрекет етеді. 1985 жылы хабарланған, «Аудиторлық жұмыстың уақытша ережесі» аудиторлық әкімшіліктің негізгі міндеттерін белгіледі. Көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық бақылауы өте осал болғандықтан барлық үкіметтік мекемелер мен ірі және орташа кәсіпорындарды өз іштеріндегі бақылау жүйесін дамытуға міндеттейтін арнайы бап ережеге енгізілді. Қытайдағы нарықтың тұрақтануы мен экономиканың сауығуына аудиторлық қызмет үлкен көмегін тигізді. Тек бір ғана 1989 жылдың өзінде тексеру нәтижесінде қажетсіз объектілер құрылысын қаржыландыруға, істелмеген жұмысқа төленетін сыйақыға арналған «проблемалық ақшалар» мен жалпы ұлттық өнімнің 2% құрайтын 24 млрд юан аса ірі «өкілдік» шығындар анықталды.

     Қытай үкіметі бухгалтерлердің арасында СРА-маманданған қоғамдық бухгалтердің көбейгенін мақұлдайды. ҚХР-да СРА-ның  шамамен 80 фирмасы әрекет етеді. Осы  фирмалардың көбісі шетелдік инвестиция базасына негізделген біріккен кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. СРА фирмалары  кәсіпорынның бухгалтерлік кітабын  жүргізуді, қызметкерлерді дайындауды және ішкі бақылау жүйесін жобалай  алады. Олардың қызметі аудиторлық әкімшілік аудиттелмеген көптеген кәсіпорындардың бақылауын күшейтуге көмектеседі.

     Дамушы  елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде. Әлемдік экономика, бизнес, сауда ғаламдасуындағы байқалған  үрдіске байланысты халықаралық  бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы  жұмыстың көлемі артып, аса ірі ұлтаралық  бухгалтерлер мен аудиторлардың  кәсіби ұйымдары құрыла бастады.

     Шетелдердегі  нарықтық экономиканың жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай жоғары. Мемлекеттік қаржылық бақылауды бірнеше органдар жүзеге асырады: Парламент, Президент пен Үкімет аппаратындағы қаржылық бақылаудың арнайы қызметі, Қаржы министрлігі, Салық ведомствосы, салық тексеру-бақылау бөлімшелері.

     Келісім-шарт негізінде ұдайы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметімен қатар бұл істі бухгалтер-аудиторлардың тәуелсіз фирмалары да орындайды. Олардың пайда болуы мен жылдам дамуы ең алдымен қаржылық және өндірістік-коммерциялық ұйымдардың есеп берулерін объективті тұрғыдан бағалау қажеттілігінен туындады. Компанияның өз мәліметтеріне күмәнсіз сенім білдіру өте қауіпті, өйткені есеп берулердің жақсы көрсеткіштері оларды банкротқа жиі ұшыратқан. Меншік иелері, акционерлер және кредиторлар өз капиталын жоғалтып алу қаупі (қорқынышы) мен сенімсіздіктерді акционерлік қоғамдардың қаржылық есеп берулерін зерделеп, талдап, оның шындыққа жанасымдылығына білікті қорытынды беретін тәуелсіз кәсіби аудиторлардың пайда болуына себепкер болды. Бүгінгі таңда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.

     Егер  АҚШ пен Ұлыбритания аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге  және аудиторлар кәсіби міндеттерін  қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау  ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрлығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргзіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп беру мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы (Steuerberater) бар.

     Бірқатар  шетелдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативтік-құқықтық актілерді салыстыру  арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы  саласындағы көптеген мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды  оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді.

     Мысалы, Англияда тұлғаның бухгалтерлік органға  мүше болып табылатындағын Мемлекеттік  хатшының өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданған Бухгалтерлер институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды. Аудиторға  тексерілетін кәсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және тәртіптілігі жағынан, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі болады.

     Аудиторлық  ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген  серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Олардың көбісінде аудитордың қолы компания басқарушысының жауапкершілігін өз мойнына алады. Сондықтан да шектеулі жауапкершілік түрі тараған кейбір елдерде аудитордың өз міндетін орындау барысында жіберген ұқыпсыздығы үшін тек материалдық тұрғыдан ғана жауап береді (мәселен, Австрияда 250 мың шиллинг, ал Германияда 500 мың марка) және оған бұл қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады.

     Франциядағы Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы тізілімге реестр енгізілген барлық аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды біріктіреді. Ұлттық компанияның қызметін аймақтық компаниялардың делегаттарынан тұратын ұлттық кеңес басқарады. Ұлттық кеңес маңызды шешімдер қабылдайды. Аймақтық кеңестердің жұмысын үйлестіреді және аудиторлық қызметтің техникалық ақпараты мен ұйымдастырудың негізгі нормаларының доктринасын жасайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды  

     Бухгалтерлік  есеп, аудит және экономикалық талдау бизнестің жағдайы туралы ақпаратты  өңдеу мен дұрыстығын тексерудің жалпы қабылданған жинақтау жүйелері ретінде қызмет атқарады. Қазақстан  Республикасында кезеңдік реформалау нәтижесінде шаруашылық жүргізуші  субъектілердің бухгалтерлік есебін, қаржылық бақылауы мен іс-қызмет аудитін  ұйымдастыру бойынша халықаралық  талаптарға сай нормативтік-құқықтық база жасалды.

     Жетекші ғалымдардың әр түрлі пікірлерін шолу арқылы озық ғылыми тұжырымдарды және кәсіби аудитті, ішкі бақылау, бухгалтерлік есеп пен бизнесті қаржы-экономикалық талдауды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі озық идеялар мен жетістіктер жинақтап қорытылды, тұжырымдар жасалды және нақтылы ұсыныстар әзірленді, олардың мәнісі мыналарға сайып келеді:

  1. Бақылау-аудиторлық қызмет теориясының тұжырымдамалық негіздері, компоненттері, принциптері, стандарттар мен нормалар анықталды. Қаржылық есеп беруді ұйымдастырудың әдіснамасының басты проблемалары қаралады, тетіктер мен іс-тәжірибе жасалады.
  2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде көбінесе жағымсыз құбылыстарға, қате шешімдер қабылдауға, есептеулердің уақтылы жасалмауына, төленбеген төлемдердің өсуіне, нормадан тыс қорлардың, дебиторлық және кредиторлық берешектердің ұлғаюына, өтемпаздықтың төмендеуіне және қаржылық жағдайдың нашарлауына әкеп соғатын аудит пен қаржы-экономикалық талдауды, ішкі бақылауды, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды.

Информация о работе Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі