Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 04:54, реферат
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдерде озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Шеберлік – қандай да бір нәрсені жақсы істей алу қабілеті. Аудитор болғысы келген талапкер шеберліктің жоспарлау, аудиторлық реттерді өңдеу және компьютермен зерттеу жүргізу секілді элементтерін оқиды.
Ұқыптылық, абайлылық – сақтық секілді түсініледі: аудитор жұмысында сақ болу тиіс, яғни өзі сенімділігіне көзі жетпейінше түсініктемелерді дұрыс деп санауына болмайды. Ұқыптылық деп сондай-ақ орындалатын жұмысқа мұқият, әділ ниетпен қарауы түсініледі. Аудитор өзінің жұмысын дұрыс жоспарлап, сонан кейін оның орындалуының дұрыстығын қамтамасыз етеді, яғни, тесттер толық көлемде орындалып және олардың нәтижелері бойынша адекватты қорытынды шығуын қамтамасыз етеді.
9) Құпиялылық және конфиденциялдық. Аудитор өзінің жұмыс барысында алған информацияны үшінші бір жаққа ерекше рұқсатсыз немесе мұндай заңды немесе мамандық міндеті болмаса беруіне болмайды.
10) Оперативтік. Бұл қағида тапсырманы тез, анық әрі тиімді орындауын білдіреді. Аудиттің оперативтілігі аудиторлық процедуралардың өз уақытысында жүргізіліп және тапсырыс берушіге дер кезінде зерттеу нәтижелерін беруінде қорытындыланады. Осы нәтижелердің негізінде тиісті қаржылық-басқарушылық, өндірістік және өзге де шаруашылық шешімдер қабылданады.
Аудит әрдайым екі қуатты шектеменің ықпалында жүргізіледі: сметалар және қорытынды есеп тапсыру мерзімі. Клиенттерге қатысты аудитордың міндеттерінің бір бөлігі жұмыстарды орындау мерзімі созылып кетпеуі тиіс, өйткені кейбір жағдайларда негізсіз кешігу үшін қатаң қаржылық санкциялар қолданылуы мүмкін.
11) Есеп берушілік. Аудитор көп жағдайларда акционерлердің мүддесін, сонымен бір уақытта шаруашылық процесінің өзге де қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, қимыл жасауы тиіс.
12) Пайымдау, пікір. Аудитор шын профессионалдық пікірлерін қолдануы тиіс.
13) Коммуникация. Аудитор өз пікірін білдіру үшін мәселені толық түсінуге қажеттілердің барлығын ашуы тиіс. Көпеліліктің мүддесі үшін аудиторлар, егер оларға кәсіпорын сақтауға тиіс болған ережені, заңды бұзғаны немесе алдау фактісі белгілі болса тиісті деңгейдегі басшыларға мәлімдеме жасауы мүмкін.
14) Құндылығы. Аудитордың көрсететін қызметі клиенттерге пайдалы болуы тиіс.
Аудиттің
негізгі қағидаларын білу және сақтау
аудиторлық қызметтің нәтижесінің тиімділігін
сақтауға көмектеседі.
Аудиттің негізгі функциялары
Бизнес саласындағы аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақылаушылық,сараптаушылық, басқарушылық, кеңес берушілік, өндірістік және ақпараттық (1-сурет).
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен қосалқы функциялар тізбегі қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму үрдісіне сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.
Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақтылы анықтауы қажет. Бұл субектілер қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шарттасылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және әлеуметтік функцияларды орындайды.
Оған
қоса, нарықтық қатынастардың даму
жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді
анықтаудың, резервтерді ашудың және
ұлттық экономиканың нақты секторларында
шаруашылық жүргізудің тиімділігін
арттыру бойынша ұсыныстарды
негіздеудің маңызды құралына айналып
отыр.
Сурет
кесте
2.2. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық экономикасы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық тәжірибесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе қызметтерінің мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. Аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалар, оның ішінде «Үлкен төрттік» те кіреді, олардың өз «ассортименттерінде» кәсіби аудиторлық қызмет көрсету және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден де көп атауы бар.
Аудиторлық
кеңес беру қызметінің әлемдік нарығы
үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден
ықтимал. Көптеген елдерде «Үлкен төрттік»
қызметінің ауқымы кеңейгеніне және
«күштеуіне» наразылық
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар (2-сурет). Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.
Аудиторлық қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізетін сыртқы аудит түрінде, сонымен қатар қызметі аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит түрінде жүзеге асырылады.
Аудиттің екі түрінің де жалпы түпкі мақсаттары көбінесе сәйкес келеді – ол бақылау.
Сыртқы аудиттің басты міндеті – тексеру жүргізілген ұйымның дайындап тапсырған қаржылық қорытынды есебінің шындыққа сәйкестігін айқындау, оның белгілі бір кезеңдегі қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайын бағалау. Сыртқы аудит кезең сайын сырттан шақырылатын аудиторлар немесе әртүрлі аудиторлық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытынды есеп негізінен жоғарғы тұрған ұйымдарға, акционерлерге, кредиторларға және тағы басқаларға арналған. Бұл қорытынды есепті ішкі аудиторлар да өз жұмысында қолданады.
Ішкі аудитті сыртқы аудитпен салыстырғанда табиғаты, мән-мағынасы, тағайындалуы мен ұйымдастырылуы өзгеше болып келеді. Ең алдымен ескерілетіні, ішкі аудит қызметі (немесе, оны кейде ішкі ревизия қызметі, ішкі бақылау қызметі деп те атайды) ұйым ішінде құрылған бөлімше бола отырып, оның қызметін бағалау және тексеру бойынша жүйелі әрі күнделікті, жұмысты атқарады.
Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі
аудиторлардың белгілі бір
Ішкі
және сыртқы аудиттің
негізгі айырмашылықтары
Айырмашылық салалары | Ішкі аудитор | Сыртқы аудитор |
Масштабы | Менеджмент анықтайды | Заңдар анықтайды |
Жолдары |
Бухгалтерлік жүйенің тиімділігіне және менеджментті нақты және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ететіндігіне кепілдеме береді | Акционерлерге ұсынылатын қаржылық қорытынды есеп әділетті әрі дұрыс көзқарасты білдіретіндігіне сенімді қамтамасыз етеді |
Жауапкершілігі | Менеджменттің алдында | Тапсырыс берушілердің алдында |
Аудит түрлерін жіктеудің белгілері |
ДАМУ САТЫСЫ | ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ | ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ | ЖҮРГІЗІЛУ КЕЗЕҢДІЛІГІ | ОРЫНДАУШЫ СУБЪЕКТІЛЕР | |
Растаушы Жүйелі
бағдарлы Тәуекелге негізделген |
Міндетті Бастамашыл Келісуші
(мақұлдаушы) |
Жалпы Қаржылық Банктік Өндірістік Маркетингтік Сақтандыру |
Бастапқы Қайталанатын Реттемелі |
Сыртқы Ішкі Мемлекеттік Ведомстволық Қоғамдық |
Экономи-калық | Техника - лық | Құқық-тық | Техно-логиялық | Басқару-шылық | Функцио-налдық | Ұйымдас-тырушылық |
Информация о работе Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі