Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 04:54, реферат
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдерде озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Жеке
және ұжымдық меншік иелері – акционерлер,
жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар
кредиторлар өз қызметтерінің саласында
барлық көптеген қаржылық және шаруашылық
операциялардың заңға сәйкес орындалғанына
және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық
және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне
өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен
айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды
орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру
мемлекетке де экономика, қаржыландыру,
несие беру, инвестициялау және салық
салу саласында қажетті шараларды қабылдау
үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық
экономика салалары мен аймақтар бойынша
жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін
қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын
дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік
органдары, министрліктер мен ведомстволар,
соттар, прокуратураға және басқаларға
қажет.
Аудиттің маңызы
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
Ішкі
пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің
акционерлеріне, директорлар кеңесіне,
қызметкерлеріне) басқару шешімдерін
дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар
жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет.
Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық
жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер
несие берушілер, болашақ инвесторлар,
сонымен қатар қоғам).
Ішкі пайдаланушылар | Сыртқы пайдаланушылар |
Әкімшілік
Менеджерлер Меншік иелері Бөлімше басшылары Персонал |
Тікелей қаржылық
мүдделері бар пайдаланушылар:
|
Жанама қаржылық
мүдделері бар пайдаланушылар:
|
Аудитке деген қажеттілік
меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару
бөлінген кезде пайда болады. Бірақ
осындай аудитты жүргізуге
Меншік иелену құқығына
негізгі өзгерістер енгізу процессі,
егер бұрынғы есеп берулер екі
жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің
жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін
біріктірген кездегідей деген ескерту
болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса
ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші
жаққа бағытталған
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:
Аудит міндеттері мен ерекшеліктері
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.
Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.
Отандық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде, ТМД елдерінде әдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында іріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы) және т.б.).
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит
қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін
тексеруді ғана қамтамасыз етпейді,
сонымен бірге кемшіліктерді
жою мен шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметін оңтайландыру
жөніндегі ұсыныстарды
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудитор,
адвокат, дәрігер, музыкант, суретші
және шығармашылықтың (творчество) адамдары
сияқты еркін кәсіптің өкілі болып
табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік
қызметтің түрі ретінде дамыған
елдерде беделі (рейтингісі) жоғары.
Шетелдік сарапшы ұйымдар жиі
өткізетін қоғамдық сұрау салудың
қорытындысы бойынша бухгалтер-
1.3. 1997 жылы Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030» Стратегиясында ХХ ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан, ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шаруашылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі