Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 04:54, реферат
Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдерде озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызды түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңында «дара кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңды тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағында тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді.
Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы-талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің қабілетсіздігін көрсетті.
Әкімшіл-әміршіл
жүйеде төменгі басқару буынының
жоғарыға қатаң бағынуы тек жоспарланған
тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық
операциялардың заңдылығын сақтау, яғни
оның заңға сәйкес болуын және мемлекет
қарауындағы жалпы халықтық ресурстардың
сақталуын тексеру бойынша
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негіздемесін және мәнін ашу керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды.
Қаржылық-шаруашылық
бақылау жүйесін түбегейлі
Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды.
Америкалық
бухгалтер ассоциациясының
Қажетті
ақпаратты алу мен бағалаудағы
пайда болатын қиындықтар аудиторлық
қызметтің аясын тарылтады. Оның
негізгі міндеті – есеп берулерді
анық күмәнсіз ету; тұтынушыға ақпаратты
маманның пікірін араластырмай жеткізу.
1995
жылғы шілде айында аудиторлар
Палатасының кезектен тыс
Аудиторлар
палатасының Кеңесі бұл кодекстің
нормативтік акт ретінде күші
бар екендігін және оны орындауға
Қазақстан территориясында
Этика – адамзаттың таңдау мәселелерін, адамдар басшылыққа алатын жақсы және жаман стандарттарды, және де ең соңында ол талпынатын жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен айналысатын философия саласы.
Этиканың үш элементі:
Қазақстанда қабылданған этикалық кодекс төмендегілерді белгілейді:
Кодекстің кіріспе бөлімінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда жоғарғы деңгейдегі тиімділікке қол жеткізу үшін өте биік кәсіби нормаларға сәйкес жұмыс атқару болып табылатын аудитор кәсібінің мақсаты анықталған. Бұл негізгі төрт талаптың сақталуын болжайды: дұрыстық, кәсіби біліктілік, қызметтің сапасы және сенім.
Аудитордың алдында тұрған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар шарттарды немесе принциптерді орындау қажет:
Адалдық. Аудитор өзінің кәсіби міндеттерін орындауда адал болуы тиіс.
Әділдік (объективтілік). Аудитор әділ болуға және жоқ нәрсеге сену, қате түсінік тағы сол сияқты факторлардың әділдікке әсер етуіне жол бермеуге тиісті.
Кәсіби біліктілік. Аудитор қызмет көрсетуге келісерде, бұл тапсырманы орындау үшін өзінің кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесінің жеткілікті дәрежеде екендігіне сенімді болуға тиісті, олай болмаған жағдайда ол мұндай тапсырманы орындаудан бас тартуға тиісті.
Аудитор кәсіби қызметін үлкен ықыласпен, жетік біліммен, ынта жігермен көрсетуге тиісті. Онда әрдайым кәсіби білімін және тәжірибесін шыңдауға деген, клиентке қазіргі заманғы іс-тәжірибе мен заңдарға негізделген білікті кәсіби кызмет көрсетілетіндігіне кепілдік беру үшін оларды тиісті талап деңгейінде ұстап тұруға деген қажеттілік болуға тиісті.
Құпиялықты сақтау. Тексеру нәтижесін меншік иесіне немесе тексеруді белгілеген органға беру сияқты жағдайларды есепке алмағанда, тексерілетін субъектінің рұқсатынсыз кәсіби қызмет көрсету барысында алынған ақпараттарды, коммерциялық құпиямен қоса, жария етуге құқығы жоқ.
Кәсіби мінез құлық. Аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттерге сәйкес болуға тиісті.
Кәсіби
стандарттар. Аудитор кәсіби қызмет
көрсетуді заңдық және нормативтік актілерде
қабылданған тиісті кәсіби стандарттарға
сәйкес қарастыруға тиісті. Аудиторлар
адалдыққа, әділдікке және тәуелсіздікке
жанаспайтын кез-келген мүдделерден азат
болып табылады және болуға тиісті де.
Аудиттің негізгі қағидалары
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі.
1) Ғылыми. Аудиттің бұл методикасы, методологиясы, ақиқат шындықты объективті неғұрлым толық бейнелейтін экономикалық теория мен диалектикалық тәсілге сүйенуі тиіс. Аудит нарықты экономика жағдайында әрекет жасаушы талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс. Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады. Өйткені ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір ғылым және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.
2) Жүйелік, бүтіндік және комплекстік. Жүйелілік пен бүтінділік аудиторлық тексеру барысында зерттеу объектісін жекеше емес, керісінше жан-жақты өзара байланысты қарастыруды талап етеді. Аудит объектісі бүтіндей бір жүйе ретінде қарастырылады. Мұның өзі тереңірек танып білуді қамтамасыз етеді. Комплекстік шаруашылық субъектілердің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікке қарау аудиторлық процедуралардың жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.
3) Жүйенің сақталуы. Аудит тәжірибеде аудиторлық бақылау объектісі болып табылатын жүйені сақтау принципін басшылыққа алу қажет. Бұл тезистің мәні мынадай: аудиторлық бақылау жүргізу барысында жүйеге әсер ету барлық сапалық сипаттамасы мен режимі іс жүзінде бұзылмайтындай болуға тиіс.
4) Бақылаудың белгілі бір учаскіге жұмылдырылуы. Аудиторлық тексеруде көп жағдайда кәсіпорын қызметінің барлық жағын, оған әсер ететін факторлар мен байланыстарын түгендей зерттеу арқылы қонымсыз әрі өте қиын. Сондықтан да бақылауды кәсіпорын қызметінің белгілі бір учаскісіне жұмылдыру қағидасының маңызды методологиялық мәні бар.
5) Объективтілік. Бұл берілген іске ғана қатысты фактілерді назарға алатын ойлау түрі. Аудитор өз жұмысында шыншыл, адал әрі тура ойын ашық айтатын болуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық қорытындысы есеп беруінің дұрыстығы жайлы өз пікірін көрсететін қорытындысында аудитор оның қаржы жағдайын дәл көрсетуі тиіс. Шаруашылық субъектінің әрекетінің нәтижесін дәл, объективті бағалау информацияны пайдаланудың дұрыс шаруашылық шешімдері қабылдау үшін қажетті алғы шарт объективтік интелектуалдық шыншылдықты көрсетеді. Жай ғана жалпы мағынадағы шыншылдық емес іске бүтіндей адал әрі объективті қарау, өйткені аудиторлар ешкімге тәуелді емес.
6) Адалдық. Аудитор өзі шындығына сенбейтін нәрсені растауға тиіс емес және ешқандай азғыруларға ермеуі тиіс, көрсе қызарлыққа, пайда табуға, өз мүддесін ойлауға тиіс емес.
7) Тәуелсіздік. Аудиторлар қаржылық есептер мен өзге информацияларды ұсынушылар мен оны қолданушыларға әділ болуы тиіс. Аудитор статусын қоғамдық мойындау – оның тәуелсіздігін мойындауға негізделген. Әрбір аудитор өзінің пайымдауын өз бетінше қалыптастыруы тиіс және оның әділдігіне ешнәрсе ықпалын тигізуге тиіс емес. Аудитор сырт жақтан әлдекімнің бақылауынан немесе әсерінен бос болғанда ғана тәуелсіз болады. Ол қандай да бір басшы әкімшілік құрылымға бағынуға тиіс емес және оның ешқандай мүддесі болмауы тиіс.
8) Профессионалдық, шеберлік, білушілік және ұқыптылық. Аудит тиісті дайындығы, тәжірибесі бар және жіті білікті адамдармен профессионалдықпен жүргізілуі тиіс. Профессионалдық аудитор тексеретін кәсіпорындарды, онда қабылдаған ішкі бақылау тәсілдерін, зерттеуін, кәсіпорынның бухгалтерлік проблемалары жайлы кез келген информацияны ашуын, күтпеген жағдайларда тез әрекет етуін зерттеуді, бұзушылық бар екеніне (не жоқ екеніне) толық көзі жеткенше жүргізуін талап етеді. Ал, бұл үшін ол жетік білікті маман болуы тиіс. Жетік білікті аудитордың аудит теориясы мен практикасын білетіндігімен, дайындық тәжірибемен мамандық дәрежесінің белгілі деңгейде екендігімен, бухгалтер және аудит сұрақтары бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар нормативтері мен директивалардың даму бағытын, сондай-ақ заң органдарымен белгіленген белгілі реттеуші талаптарды түсінетінімен шамаланады.
Информация о работе Қазақстан Республикасында аудитті ұйымдастырудың теориялық негізі