Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазiргi экономикадағы бағалы қағаздардың дамуы, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын қарастыру. Акционерлік қоғам және бағалы қағазадар нарығының мәні мен түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау;
- Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын жетілдіру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздері
1.1 Акционерлік қоғамдардың құрылу аспектілері..........................................5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері........................................................................10
1.3 Бағалы қағаздар нарығын реттеу................................................................15
II. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздардың дамуы....................................................21
2.2 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операциялары................................................................................................26
2.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы
акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу..............................................32
III. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын жетілдіру
3.1 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын дамыту жолдары............................................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........

Работа содержит 1 файл

Акция.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

     Бағалы  қағаздармен операциялар жүргізуде  коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомоствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

     Банктердің  бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

     Бағалы  қағаздар қозғалысы – акцияларды сату немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа  – бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда – саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағазды қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.

     Бағалы  қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары  кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуге, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылықта төмендеп тұр. Жалпы айтқанда Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.

     Банктер бірден-бір акциялардың (үлесті бағалы қағаздың) эмитенттерінің анағұрлым  белсенділері болып табылады. Үлестік  бағалы қағаздардың эмиссия қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда  анағұрлым тиімді болып көрінеді.

     Акцияларды  орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған  жоғары бағасы, алғашқы шығарылған акциялардың, номиналдық құнсызданумен  байланысты иелерінің инфляциялық  шығындарын өтей алмайды. Банк акцияларының қор биржасындағы бағамының динамикасы ұзақ мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция қарқының компенсациялауды жүзеге асырмайды. Ірі банктердің акцияларының бағамы тіпті екі номиналдан аспаған.

     Акция ұстаушылардың мүдделерін қорғау банкі  активтерін жыл сайын қайта бағалауға, сондай-ақ бұрынғы акционерлер арасында үлестірілетін жаңа акциялар шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер  нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі облигацияларды шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен қатағырақ бақыланады. Ал депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ сертификаттардың екінші реттік айналыссыз жүзінде дамысада, алғашқы орналастыру шегінде олар орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және сатып алушы үшін біршама қолайлы.

     Банктердің  үлкен қызығушылығы вексель айналысымен  байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Коммерциялық  банктер пайда табу үшін басқа  эмитеттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізіледі. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізіледі және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді. /10, №7/

      Қорыта  келгенде, Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау қажет. Сонымен қатар стратегияны қамтитын бағалы қағаздщар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Сонымен, акционерлік қоғам – халық  шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық  және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым-қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек.

     Коммерциялық  банктер акционерлік қоғам бола отырып олардың  инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын  қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

     Бағалы  қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген  қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген  құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер) .

     Бағалы  қағаздармен операциялар жүргізуде  коммерциялық банктерде мынадай  құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма, орташалары мен кішілерінде –  инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомоствалардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

     Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.

     Бағалы  қағаздар қозғалысы – акцияларды сату немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Соңғысының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда – саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің өсуі жүзеге асады және бағалы қағазды қосымша шығару үшін жағдай жасалады.

     Акция бағамы әр түрлі көптеген факторлардың ықпалымен қалыптасады. Бір жағынан, ол ссудалық пайыз шамасына тәуелді, себебі Акционерлік Қоғамға жұмсалған, яғни сатып алуға кеткен ақшалар, несиеге берілетін ақшалармен ұқсас болып келеді. Екінші жағынан, дивиденд шамасына, сол Акционерлік Қоғам кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілігі тікелей әсер етеді.

     Акционерлік қоғам әр түрлі акциялар шығарады және оларды иеленушілеріне қарай артықшылықтар береді. Мәлімдеуші және атаулы акциялар болады. Акциялар жай және артықшылығы бар болып бөлінеді.

     Бағалы  қағаздар нарығын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз  жүйесі мен ресурстардың салааралық қайта бөлінуін ауыстыруға, нарықтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыруға, бұл нарыққа салааралық қайта бөлінуін реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болуына мүмкіндік береді.

     Бағалы  қағаздар нарығының міндеті –  бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын баға бойынша ақшалай қаражаттардың иевестициялануын қамтамасыз етеді. 
 
 

Пайдаланған әдебиет тізімі

1. Көшенова  Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы»-Алматы, 2006-450 б

2. Құлпыбаев С., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы»-Алматы, 2001-     176 б

3. Мельников В.Д., Ильясов К.К «Финансы»-Алматы,2001-512 б

4.  Сейітқасымов. Ғ. Б.  Ақша,  несие,  банктер.  Оқу құралы. – Алматы:

    «Экономика»,  2006ж.

5.  Мақыш . Ғ. С.  Ақша  айналысы  және  несие.  Оқу құралы. – Алматы:

    «Маркет»,  2004ж.

6. Мельников В.Л. «Общий курс финансов»-Алматы, 2001-465 б

7. Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының заңы –

    Астана, 2001-172 б

8. «Финансы.Денежное обращение.Кредит»-Алматы, 2006-520 б

9. Берлин С.И. «Теория финансов»-М, 2006-350 б

10. Лер О. «Инвестициялық процестерді сақтандыру» // Қаржы –

   Қаражат, 2006 -№6

11. Қаржы рыногындағы ағымдағы жағдай туралы  //  Банки    

     Казахстана, 2007- №7

12. Қазақстан Даму банкі: аяқ алысы адымды. //Егемен Қазақстан 2004 ж. 19-қараша 2-б//. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын