Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазiргi экономикадағы бағалы қағаздардың дамуы, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын қарастыру. Акционерлік қоғам және бағалы қағазадар нарығының мәні мен түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау;
- Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын жетілдіру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздері
1.1 Акционерлік қоғамдардың құрылу аспектілері..........................................5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері........................................................................10
1.3 Бағалы қағаздар нарығын реттеу................................................................15
II. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздардың дамуы....................................................21
2.2 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операциялары................................................................................................26
2.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы
акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу..............................................32
III. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын жетілдіру
3.1 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын дамыту жолдары............................................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........

Работа содержит 1 файл

Акция.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

     Нарықтан  тыс бағалы қағаздар әртүрлi қорларға немесе банктерге, оның iшiнде шетел банктерiне және кәсiпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық бередi. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденушi – заңды немесе жеке тұлғалар – оларды басқа иемденушiге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркiн айналымға түсе алмайды.

     Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбiр басқа  елдерде тараған) басқа мемлекеттердiң  Орталық банктерiнде орналастыру  үшiн шығарылуы кең өрiстеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлерi мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

     Ал  айналымға түсетiн бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу – сатуды және заң жүзiнде олардың иемденушiсiн өзгерту әрекеттерiн айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсiрушiнi эмитент деп атайды.

     Бағалы  қағаздарды шығарып, оларды бiрiншi иемденушiлерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкiн):

бiрiншiден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;

екiншiден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының  көлемiн жаңадан акция шығарып  өсiргенде;

үшiншiден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттiң, мемлекеттiк органдардың немесе жергiлiктi әкiмшiлiктердiң облигация және басқа қаржы мiндеттемелерiн шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда. /8, 300 б./

     Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестiрiлуi қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

     Эмитент және сонымен қатар эмитенттiң  келiсiмiмен бағалы қағаздарды алғашқы  иемденушi инвестициялық институттар  әрбiр бағалы қағаздарды сатып алушыға  сату тәртiбiн түсiндiретiн эмиссия проспектiсiн алдын-ала шығаруы тиiс. Оны ақпарат құралдарында жариялау мiндеттi.

     Бағалы  қағаздар нарығы тек әдеттегi тауар  – ақша қатынастары және меншiк  қатынастары жағдайында дамуы мүмкiн. Мемлекеттiк меншiктi жаңа нарық қатынастарына  сай өзгерту тек оны жекеменшiктендiру арқылы ғана iске асады.

     Жекеменшiктендiру бағалы қағаздардың жаңа түрi – жекеменшiктендiру чектерiн (купондарын) өмiрге келтiрдi. Бұл мемлекеттiк бағалы қағаздар, өз иесiне мемлекеттiң иелiгiнен алып, жекеменшiктендiрiлген меншiктi бiр бөлiгiн қайтарымсыз пайдалануына құқық бередi. /8, 311 б./

     Қазақстанда қор нарығының құрлымының дамуы  өзімен бірге, әр түрлі проблемалардым туғызды. Бұл проблемаларды өту  міндетті түрде болып табылады. Ол бағалы қағаздар нарығының дамуына  оң әсер етеді. Ұлттық бағалы қағаздар нарығының  негізгі проблемаларын бөліп көрсетуге болады.

     1. Негативті ішкі факторларды жеңіп  өту КСРО-ның құлағаннан кейінгі  кезеңде. Әлеуметтік және саясаттық   тұрақсыздықты қамтамассыз ету;

     2. Бағалы қағаздар нарығының басты функциясын іске асыру. Үлкен акция  пакеттерін және бос қаржы рессурстарын  Қазақстандағы өндіру процесстерін жандандыру;

Жаңадан заң қабылдау және оның орындалуын қатаң бақылау;

     3. Бағалы қағаздар нарығының бастапқы  этапында  жалпы даму бағытын  көрсету:

-  Капиталды  орталықтандыру және концентрациялау;

-  Нарықты  глобализациялау және интернационализациялау;

- Ұйымдастыру  деңгейін көтеру және мемлекеттік   бақылауды күшейту;

- Бағалы  қағаздар нарығын компьютерлеу;

- Нарық  механизімін жаңарту;

- Секьюритизациялау;

- Басқа  нарық капиталдарымен өзара қатынасын   қамтамассыз ету;

     Бағалы  қағаздар нарығының сенімділігіне, ұйымдасқанына және мемлекеттік  бақылауына алу. Ол өз жағынан инвесторларды  көп тартады. Бағалы қағаздар нарығының  масштабы және маңызы едәуір. Егер бағалы қағаздар нарығы ыдыраса-ол экономикалық прогрессті құртады. Мемлекет бағалы қағаздар нарығына сенімділігін қайтару керек. Себебі халық өз қаражатын бағалы қағазға салғанда, өз  капиталын мемлекеттің немесе алаяқтың іс-әрекетінен жоғалтпайтындығына сену керек. Сондықтан  қор биржасы  дұрыс ұйымдасқан және  мемлекеттің қатаң бақылауында болу керек. Әсіресе оның басты қатысушысы  – мемлекет.

     Бағалы  қағаздар нарығының компьютерезациялау - бұл ғылыми  техникалық революция  нәтижесі. Бағалы қағаздар нарығының  компьютеризациялаусыз болса, онда қазіргі бағалы қағаздар нарығы қазіргідей формасы және өлшемі болмас еді. Компьютеризациялау  қызмет көрсету нарығын дамытты. Компьютеризациялау қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығының фундаменті болып табылады.

     Бағалы қағаздар нарығында жаңа  енгізулер:

- Берілген  нарықтың жаңа құралдары;

- Бағалы  қағазды саудалауда жаңа жүйелер;

- Нарықтың  жаңа инфрақұрлым;

     Бағалы  қағаздар нарығының жаңа құралдары  болып, бәрінен бұрын туынды бағалы қағаздар алуан түрлігі және жаңа бағалы қағаздарды шығару, сонымен қатар олардың түрлері.

  Сауданың жаңа жүйесі - ол сауда жүйесі. Олар компьютерді және қазіргі байланыс құралдарына негізделген. Олар сауданы толығымен автогматты түрде жүргізуге мүмкіндік береді. /8, 325 б./

     Нарықтың жаңа инфроқұрлымы - бұл қазіргі кездегі  жүйе, клиринг және есептесу жүйесі, бағалы қағаздар нарығының депозитарды қызмет көрсетуі.

     Секьюритизация - бұл ақшаның дәстүрлі түрінің  бағалы қағаз түріне өтуі және бағалы қағаздың бір түрінен екінші түрге  өтуі. Олар инвесторларға кең көлемде қолайлы.

     Соңғы жылдары Қазақстандағы қор нарығының  қатысушылары көбейіп келе жатыр. 1998 жылы зейнетақы қорын реформалағаннан  кейін, нарықта инвестициондық климат жақсарды. Жинақы зейнетақы қоры өзінің инвестициялық жұмысын атқара бастады. Олар қаражатын Ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарына (Казахойл, Қазақтелеком және т.б.) және мемлекеттік бағалы қағаздарына (Халық Банк ноталарына және т.б.) сала бастады. Сонымен қатар эмитент-компаниялар өзінің акциялары мен облигацияларын шығара бастады. (кесте 2)

Кесте 2.

Жоғары  сұранысқа ие ұлттық бағалы қағаздар 

Бағалы  қағаздар аты Келісім шарт көлемі, мың долл. Жалпы келісім  шарт көлемі %
2004 жыл қаңтар
ААҚ " ТұранӘлем  Банкі" (BTAS) қарапайым акциялар 11 661,5 27,4
ААҚ "Банк ЦентрКредит" (CCBN) Қарапайым акциялары 8 569,9 20,1
ААҚ "Казақтелеком"  (KZTKb1) облигациялары 7 921,2 18,6
ААҚ "Банк Каспийский"  (CSBNb1)облигациялары 5 001,2 11,8
2-ші  кестенің жалғасы
Бір айда 33153,8 77,9
2004 ақпан
облигации ЗАО ННК "КазМұнайГаз" (KZOLb) 7 315,9 20,5
РГП "Казақстан Темір Жолы" (TMJLb2) облигациялары 5 921,7 16,6
ААҚ ДАГОК "ҚостанайАсбест " (KZASb1) облигациялары 5 396,1 15,1
евроноталары "TuranAlem Finance B.V." (BTASe1) 5 154,4 14,5
Бір айда 23 788,1 66,7
 

     Бағалы  қағаздар нарығының дамуы басқа капитал нарықтарына негативті әсер етпейді. Олар бір-бірімен байланысты. Бір жағынан бағалы қағаздар нарығы капиталды тартады, ал екінші жағынан бағалы қағаздар арқылы капиталды басқа нарықтарға ауыстырады. Сол себептен олардың дамуына оң әсер етеді. /8, 327 б./

     Осы бөлімді аяқтай келе, Қазақстандағы  бағалы қағаздар нарығының дамып  келе жатқаны сөзсіз және бағалы қағаздар нарығының үлкен потенциалы мен  жарық болашағы бар деп айтуға болады.

     Сонымен, қорыта айтсақ, қазіргі таңда ҚР Үкіметі мемлекеттік меншікті түрлендіруді жүргізіп отыр. Меншіктің монополияланған көлемі мен ауқымын, сондай-ақ еліміздің экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ҚР Үкіметі ұзақ мерзімге арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру ұлттық бағдарламасын жасады. 
 
 

III Акционерлік қоғамдардың  бағалы қағаздармен  жасалатын операцияларын  жетілдіру

3.1 Акционерлік қоғамдардың  бағалы қағаздармен  жасалатын операцияларын  дамыту жолдары 

     Инвестиция  дегеніміз – бұл халық шаруалығына  мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өнімдірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.

     Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік  іс-әрекет және басқада әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары  мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық  қызметтің қатысушылары – жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.

     Әдетте  банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде – несие берушіден болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады. /9, №6/

     Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

     Бағалы  қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген  қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген  құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер) .

     Қорлық  бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте  көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

     Олар  негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі  мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).

     Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс  алу құқын беретін купондар –  белгілі бір бағалы қағаздардың  сатылу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді. Олар өздерінің айнылысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.

     Бағалы  қағаздар иелернің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

Мәлімдеуші  бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар  және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

     Ордерлік  бағалы қағаздар  - оларды ұстаушылардың  құқтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.

     Атаулы  бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады. Қаржылық бағалы қағаздар мемлекеттік  және мемлекеттік емес субъектілермен эмиссияланады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер депозиттік сертификаттар жатады.

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын