Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазiргi экономикадағы бағалы қағаздардың дамуы, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын қарастыру. Акционерлік қоғам және бағалы қағазадар нарығының мәні мен түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау;
- Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын жетілдіру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздері
1.1 Акционерлік қоғамдардың құрылу аспектілері..........................................5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері........................................................................10
1.3 Бағалы қағаздар нарығын реттеу................................................................15
II. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздардың дамуы....................................................21
2.2 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операциялары................................................................................................26
2.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы
акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу..............................................32
III. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын жетілдіру
3.1 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын дамыту жолдары............................................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........

Работа содержит 1 файл

Акция.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

     Өзін-өзі  реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады:

- стратегияны  анықтаумен айналысатын ұйымдардың  өздері мәміле жасасу тәжірибесінде  қатынасады;

- өзін-өзі  реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар  есебінен емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырылады.

     Өзін-өзі  реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі бұл бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады. Қазіргі  өзін-өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен  қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.

     Өзін-өзі  реттеу өзінің көп жылдық іс-тәжірибесінде  нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжірибелерінің ерекшеліктерін, жұмсалымдарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті.

     Соның нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі  реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршендігінің маңызды  шарты.

     Өзін-өзі  реттеудің 4 ұйымдастыру құрылымы болады: өзін-өзі реттеудің үлестік құрылымы; бағалы қағаздар нарығының комиссиясы; қызметтері жеке көздерден қаржыландырылатын тәжірибелі бизнесмендер кеңесі; өзін-өзі реттеуші жүйемен ынтымақтастықты жұмыс жасайтын мемлекеттік департамент.

     Ұйымдарға заң бойынша немесе үкіметтің тарапынан өзін-өзі реттеуге байланысты өкілеттік берілген. Бұл өкілеттік диапазоны елдің типіне байланысты ажыратылады. Негізінен өзін-өзі реттеу үш сфераны қамтиды: нарықта жасалатын мәмілелерді реттеу; нарыққа қатынасушылар облысында реттеу; сұраныстарды орналастыру тәртібі және атқаратын қызметтері.

     Бұл өзін-өзі реттеу сфералары: екінші реттегі  нарықтағы бағалы қағаздарды анықтауды; нарықтық ақпараттарды сауда-саттық ережелерін; мәмілелерді тексеру және орналастыруды; брокерлерді және өкілдері лицензиялауды; брокерлерге қойылатын басты талаптарды, коммерциялық этикалар кодексін; атқару және тәртіп процедураларын қамтиды.

     Ведомстволармен өзін-өзі бақылау және өзін-өзі  реттеуді қамтамасыз етушілерге қор  биржалары жатады. Оның жұмысының  қағидасының негізі – нарықтың өтімділігі. Өтімді нарық жеке мәмілелерімен, мәміледен мәмілеге өтудегі аз ғана ауытқу және сатып алушылар бағалары арасындағы аз ғана алшақтықтың болуымен сипатталады. Мұндай нормалардан ауытқу қолайсыз жағдайларды туғызып, инвесторлар арасында дүрбелеңге жол береді. Биржадан басқа реттелген нарықты кездестіру қиын. Мұндағы брокерлік фирмалардың әр басқан қадамы, яғни биржадан орын сатып алуға өтініш беріп, биржалық мәміле жасағанға дейінгі қадамдарында биржаның әкімшілігінен комитеттерімен дайындалған көптеген нормалармен реттеліп отырады. /7, 425 б./

     Инвестициялық бизнес жұмысшыларының кәсіби бірлестіктері  де биржалар сияқты, бағалы қағаздар туралы заңдылықтарды өздерінің мүшелерінің  орындауына толық жауап береді және инвесторлардың мүдделеріне сай, шыншыл, тепе-тең, этикалық мықты бизнесті қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметтерін реттеуге құзіретті болып келеді.

     Қорыта  келсек, бағалы қағаздар нарығының  жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес жалғыз дербестігі бар  меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып, оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыттай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады. 

2.2 Акционерлік қоғамдардың  бағалы қағаздармен  жасалатын операциялары 

     Бағалы  қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар  ақша қатынастары және меншік қатынастары  жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік  меншікті жаңа нарық қатынастарына  сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10- жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында өтті.

  Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

      Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан  қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. /8, 225 б./

      Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі жекеменшіктендіру чектерін өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

      Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру  оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі акционерлер, олардың меншік құқығы акция берумен куәландырылды.

     Жекеменшіктендіру чектеріне кез-келген жекеменшіктендірілген  кәсіпорынның акциясын сатып алуға  болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясы жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғам айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарына жарияланады.

     Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың  да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде  көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреу болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар жеке мекемеге, мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.

     Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру  чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде  беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. /8, 249 б./

           Бағалы  қағаздардың  бастапқы  көбінесе Мемлекеттік бағалы  қағаздардың шығарылымымен сипатталады.Ішкі  мемлекеттік  борыштың  шегінде  мемлекеттік бюджетті  инфляциясыз  қаржыландыруды  қамтамасыз  ету  мақсатында Қаржы  министрлігі  Мемлекеттік  қазынашылдық  міндеттемелер  мен ұлттық  жинақ ақша  облигацияларын  шығарады.1994 жылдың  бірінші жартысында Қаржы  министрлігінің  бағалы қағаздарының шығарылымы  басталды.

          Алғашқы  мемлкеттік  бағалы  қүш  айлық қазыншылық  міндеттемелер   МЕККАМ болды. Алғашқы  алты  айда олар бойынша  аукцион   өткізудің мерзімдері  тұрақсыз ,шамамен  айына  бір рет  болды, жыл  соңына  қарай  олар  апта  сайын  жүргізе  бастады. Қазіргі  кезде  Қаржы  министрлігінің МБҚ-ларын орналастыру  жөнінде  аукциондар  аптасына  2-3рет  өткізіледі.

         1998  жылы  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі  бойынша  бюджет  тапшылығын  жоюға  Үкіметке  Ұлттық банк беретін кредиттер  доғарылған  болатын  Және Ұлттық  банк  алдындағы   бүкіл  ұкіметік  борыш  арнаулы  он  жылдық  облигацияларға  МЕАКАМ-ға  қайта рәсімделді.

         1999  жылы сәуірде теңгенің  еркін  өзгермелі  айырбас  бағамының  режиміне көшуі инвесторлардың  МБҚ-ға деген  ынтасын  төмендетті. 1999 жылы МЕККАМ-ның эмиссиясы 38,5  миллион  теңгені  құрады, бұл 1998 жылға  қарағанда  1,8  есе  төмен  болды.

         МБҚ рыногын  қолдау  үшін Қаржы  министрлігі  қысқа мерзімді  валюталық  бағалы  қағаздарды  шығара  бастады,  сондай ақ арнаулы  облигацияларды – АВМЕКАМ-ды шығаруды жүзеге  асырды.

         МБҚ  рыногының  дамуы сандық  өсуімен  ғана  емес,   сонымен  бірге  терең  сапалы  өзгерістерге  ұшырады. Мемлекеттік  бағалы  қағаздардар  аспектілерінің  кеңеюі   қағаздардың жаңа  түрлерімен  де, сонымен  бірге  бағалы  қағаздардың  айналыс  мерзімдерінің  артуымен  де  қосарланып  отырды. 1994-1995  жылдары тек  қысқа  мерзімді  дисконтталған  3, 6, 12 айлық  бағалы  қағаздар  шығарылды, 1997 жылдан  бастап  орта  мерзімді,  купондық, инфляциялық  бойынша немесе  айырбастау  бағамы  бойынша индекстелген   бағалы  қағаздар  шығарылды.

           2002 жылы  евроаблигацияларды  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  бағалы  қағаздарын  есепке  алғанда  мемлекеттік  бағалы қағаздар  шығарылымының  көлемі номиналдық  құны  бойынша 266 миллиард  теңгені  құрады, бұл  2001 жылға  қарағанда 81,8 %-ға көп.

            2002  жылы теңге  бағамының  тұрақтануы, қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесінің бір  жылда 9%-дан 7,5%-ға  дейін  төмендеуі теңгеге  номинадталған мемлекеттік  қазынашылық   бағалы  қағаздардың  шығарылымының  өсуіне  жағдай  жасады. Орта мерзімді  мемлекеттік бағалы  қағаздардың  спектрі  едәуір  кеңіді: МЕОКАМ  шығарылымының жиынтық  көлемі бір  жылда 2001 жылмен  салыстырғанда  2,1 есе өсті. Бір жылда  соммасы 5,1  миллиард  теңге  мемлекеттік  индекстелген қазынашылық  міндеттемелер  айналысқа  шығарылды, оның 49,1% айналыс мерзімі 24айды  құрайтын  МЕИКАМ  алады.

           Сыртқы борышқа  қызмет көрсету   үшін  Қаржы  министрлігі евроаблигацияларды  айналсқа  шығарады, олардың айналысы  2003 жылдың 1-қаңтарында  101,1  миллиард  теңгені  құрады.

           Ақша  базасын  реттеу  үшін  Ұлттық  банк 1995  жылдан  қысқа мерзімді  бағалы  қағаздарға жататын  ноталарды  шығаруға  кірісті. 2002 жылы  Ұлттық банк  ноталары шығарылымының  көлемі  номиналды құны  бойынша 210,8 миллиард  теңгені  құрады. Мемлекеттік  бағалы қағаздардан басқа бастапқы  рынокта мемлекеттік емес (корпорациялық жіне  басқа)  бағалы  қағаздар  айналысқа шығарылады.

           Корпорациялық  бағалы  қағаздар  нағыз  пайдалы, бірақ  сонымен   бірге қауіпті  болып табылады, оларға кәсіпорындар  мен компаниялардың акциялары  жатады. Корпорациялық   бағалы  қағаздар  рыногының  қалыптасуы  белгілі  бір  дәрежеде 1996 жылы  жарияланған  «Көгілдір  фишкалар» бағдарламасымен  байланысты.

         Мемлекеттік эмиссиялық  бағалы  қағаздарды   шығарудың, оларды  тіркеудің, орналастырудың, айналысқа  жіберудің  және өтеудің  талаптары  мен  тәртібі және  эмиссия  көлемі  арнаулы  заңдармен  реттеліп, белгіленеді. Мемлекеттік  бағалы  қағаздарға  ұлттық бірегейлендіру нөмірін  беру  тәртібі өкілетті органның нормативтік құқықтар  актісімен белгіленеді. (кесте 1)

Кесте 1.

Қазақстанда 1998-2006 жж. мемлекеттік бағалы  қағаздардың  эмиссиясы 

Бағалы 

қағаздар

 
1998
 
1999
 
2000
 
2001
 
2002
 
2003
 
2004
 
2005
 
2006
МЕККАМ

Барлығы

 
234
 
10514
 
30197
 
54598
 
69560
 
38490
 
35690
 
3142
 
3939
ҰБ.қысқа

ноталары

 
---
 
14769
 
36561
 
77581
 
60979
 
61613
 
132451
 
126433
 
211841
ҰБ.ақша

облигациясы

 
---
 
---
 
550
 
1500
 
1050
 
170
 
320
 
---
 
---
МЕОКАМ  
---
 
---
 
---
 
870
 
673
 
---
 
10510
 
20136
 
42813
МЕАКАМ

120

 
---
 
---
 
---
 
---
 
36850
 
---
 
---
 
---
 
---
МЕИКАМ

барлығы

 
---
 
---
 
---
 
---
 
---
 
2709
 
722
 
2724
 
5139
МЕКАВМ

барлығы

 
---
 
---
 
--
 
---
 
--
 
290
 
96
 
---
 
---
АВМЕКАМ

60

 
---
 
---
 
---
 
---
 
--
 
244
 
---
 
---
 
---
ҰБ.валюта

ноталары

 
---
 
---
 
---
 
---
 
---
 
63
 
---
 
---
 
---
Евроаблига-

циялар

 
---
 
---
 
---
 
200
 
350
 
---
 
300
 
350
 
---
 

     Қорыта  айтқанда, жекеменшіктендіру бір  жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі жекеменшіктендіру чегін нарыққа  әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдастыру-құқықтық формасы акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен акционерлік қоғамдарды жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең болып табылады. 

2.3 Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар  нарығындағы акционерлік  қоғамдардың қызметін  реттеу 

     Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары  өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жұзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана ораналастыруға хақылы.

     Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерге сақталады.

     Бағалы  қағаздар – ең алдымен мүлiктi иемденуге  құқық беретiн ақшалы құжат немесе қарыз берушiге қарыз алушының берген қарыз мiндеттемесi. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнiнен екi түрлi болуы мүмкiн: не заң жүзiнде бекiтiлген жеке құжат түрi, не есепшотқа енгiзiлген жазу түрi.

  Егер басқа адамға иемденуге берiлсе бағалы қағаздардың екiншi түрi бойынша ерекше куәлiк толтырылып берiледi. Оны иемдену құқын беретiн құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнiнен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екiге бөлiнедi. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтiк-нарықтық қатынастардың дамуы негiзiнде пайда болған қағаздардың ерекше түрi.

  Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттiк (салым) облигациялары жатады. Жинақ облигациялары негiзiнен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазiргi кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та бiреуге жалданбай-ақ өз алдына қызмет iстейтiн адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттiк облигациялар қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi болып үшке бөлiнiп, тек жергiлiктi басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетiн, бiрақ салық төлеуден босатылған өздерiнiң облигацияларын шығаруы мүмкiн. /8, 263 б./

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын