Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 08:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты - қазiргi экономикадағы бағалы қағаздардың дамуы, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын қарастыру. Акционерлік қоғам және бағалы қағазадар нарығының мәні мен түрлерін қарастыру, олардың қалыптасуына, дамуына және заңдылықтарына тоқталу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздерін зерттеу;
- Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау;
- Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын жетілдіру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Акционерлік қоғамдардың қызмет ету негіздері
1.1 Акционерлік қоғамдардың құрылу аспектілері..........................................5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері........................................................................10
1.3 Бағалы қағаздар нарығын реттеу................................................................15
II. Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қызметін талдау
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздардың дамуы....................................................21
2.2 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операциялары................................................................................................26
2.3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы
акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу..............................................32
III. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын жетілдіру
3.1 Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларын дамыту жолдары............................................................36
Қорытынды............................................................................................................45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........

Работа содержит 1 файл

Акция.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

     Қорыта  келгенде, жекешелендірудің мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті сақтау, жаппай жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне құқылығын сақтау және т.б. Тағы бір  мәселенің басын ашып айтсақ мемлекет иелігінен алумен қатар жекешелендіру де бар. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз - мүлікті мемлекеттің басыбайлы меншігінен алып, оның иелері қатарына меншіктің басқа да түрлерін енгізу, мәселен, мемлекеттік зауыт енді акционерлік компания болуы мүмкін. 

1.2 Бағалы қағаздардың  түрлері 

     Нарықтық  экономикада қалыптасып жатқан қаржы  нарығының ең маңызды элементi –  бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлiк қоғамдар мен банктер акция, облигация, вексель, сертификаттар және т.б. түрiнде шығарады.

      Акция дегенiмiз, француз тiлiнен акционерлiк  қоғам капиталына белгiлi бiр мөлшерде қаржы енгiзiлгенiн және дивиденд түрiнде табыс алып отыру құқығын  куәландыратын бағалы қағаз болып  табылады. Ал дивиденд – латын тiлiнен  аударғанда бөлiнiске түсетiн деген мағынаны бiлдiредi.

     Дивиденд - акция иесiнiң, яғни акционерлiк  қоғам құрылтайшыларының алатын табысы, басқаша айтқанда, акционерлiк  қоғам пайдасының белгiлi бiр бөлiгi. /2, 400 б./

      Шетелдiк  тәжiрбиеде әртүрлi акциялар қолданылады: атаулы акция және мәлiмдеушi акция, қарапайым акция және артықшылығы бар акция, бiр дауысты акция, көп дауысты акция және дауыссыз акция. Акцияның нарықта сатылу бағасы – акция курсы болып табылады. Акция курсы процент нормасына тiкелей байланысты. Бiздiң елiмiзде қарапайым және артықшылығы бар акциялар қолданылады. Қарапайым акциялар кәсiпорынның алынатын пайда мөлшерiне тәуелдi болады, оның иесi акционерлердiң жалпы жиналысына қатыса алады. Ондай акцияның артықшылығы – оның иелерiне, акционерлiк кәсiпорынға немесе банкiге түсетiн пайда мөлшерiне қарай жыл сайын тұрақты белгiленген дивидендiнi (облигацияға төленетiн процент сияқты) төлеуде тұрады. Осы сияқты иеленушiлер акционердiң жалпы жиналысына қатыстырылмайды.

     Басқа бiр артықшылығы – акционерлiк  компания жабылатын жағдайда бұл акцияларды иеленушiлерге бiрiншi кезекте ол кәсiпорынның мүлiктерiн сатудан түскен ақшаның бiр бөлiгi берiледi.

      Акционерлiк  қоғам – өздерiнiң ресурстарын  орталықтандыратын немесе тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару жолымен жұмылдыратын кәсiпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың ерiктi бiрлестiгi. Бұндай қоғамдар өздерi қабылдаған жарғының негiзiнде жұмыс жасайды және кез келген шаруашылық саласында құрылуы мүмкiн. Iс жүзiнде акционерлiк қоғамдарды акциялардың бiршама көпшiлiгiн иеленетiн iрi кәсiпкерлер (капитал иелерi) толық билейдi. Акционерлiк қоғамда үстемдiк етуге мүмкiндiк беретiн акциялардың санын акциялардың бақылау пакетi деп атайды.

      Облигация дегенiмiз, көрсетiлген кiрiстi оның иесiне төлеу жөнiндегi мiндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсiпорындар шығарады. Облигация, оның иесiнiң ақша қаражатын салғанын куәландырады және оған белгiленген проценттi төлеу уақыты көрсетiлген нақты (номиналды) құнының орнын толтыру мiндетiн дәлелдейдi. Процент, әдетте бiрдей мөлшерде займның барлық мерзiмi бойына төленедi. Кейбiр облигациялар бойынша процент ресми есептелмейдi, бiрақ өтеу кезiнде облигациялар сатып алынатын баға мен олардың иелерiне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрiнде төленедi.

      Облигацияның  бiрнеше түрi болады: мемлекеттiк, жергiлiктi (муниципалды) және кәсiпорындар облигациялары. Олар атаулы және мәлiмдеушiге арналған, проценттi және процентсiз (мақсатты), еркiн  айналатын немесе айналым өрiсi шектелген  облигациялар болып та шығарылады. /2, 405 б./

     Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда  белгіленген төлем құжаты. Ол жай  және аударма болып келеді.

     Жай вексель – талап етуі бойынша  немесе белгіленген мерзімде кешелекте  вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

     Аударма вексель (тратта) – вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз табиғаты бойынша «бұйрыққа» ұқсас болып келеді.

     Вексель: құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы – тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.

     Жоғарыда  көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.

     Ерекше  нұсқауы болмаған кезде төлем  жасаушымен қатар белгіленген орны,төлам жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді.Вексельдің жасалған орны керсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.

     Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін.Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші тұлғаның есебінен берілуі мүмкін.Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.

     Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе,аударма вексель  жасалған күннен бастап есептелінеді. Кез келген вексельдің бұйрығы керсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін. /2, 411 б./

     Вексель ұстаушы өзі талап қойған адамнан  мыналарды: аударма вексельдің акцептельмеген немесе төленбеген сомасын, процентімен  қоса, егер олар белгіленген болса; вексель сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала алады; қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен бастап талап ете алады.

     Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасының 0,01 проценті мөлшерінде комиссиондық шығындарын да енгізе алады. Егер талап төлем мерзімі басталғанға дейін қойылса, онда вексель сомасынан есептік пайызы бойынша ұсталады. Бұл есептік пайызы вексель ұстаушы тұратын жердегі талап қойылған күнгі ресми есептік мөлшерлемесі бойынша есептеледі.

     Аударма вексельге ақы төлеген тұлға  оның алдында жауап беретін тұлғалардан  мыналарды талап ете алады:

- өзі  төлеген барлық сомасын;

- аталған  сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін; проценттерді;

- өзі  төлеген шығыстарды.

     Вексель бойынша ақы төлеген тұлға  талап етілетін сомаға қоса 0,05 пайызда  үстеме төлем жасауын талап ете  алады.

     Егер  де вексель жалғыз данада берілсе, онда вексель ұстаушы оған өз есебінен бірнеше дана беруді талап ете алады. Бұл үшін ол өзінің тікелей индоссантына және сол сияқты вексель берушісіне дейін өтініш жасай алады. Индоссанттар жаңа даналарын индоссаменттерге қайта шығарып беруге міндетті. /3, 99 б./

     Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды  және жеке тұлғалар жай және аударма  вексельді өзара есеп айырысуда  пайдалануға құқылы, бұл ретте  ол тиісті шартта көзделген және «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңға қайшы келемесе болғаны.

     Байланыс  мекемелері инкассаға қабылдаған вексельдерді жөнелту тәртібі Қазақстан Республикасының  уәкілетті органдарының және Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкімен келісе отырып, шығарылған нормативтік құқықтық актілерімен және байланыс мекемесімен және есеп кенсесінің арасындағы шартпен белгіленеді. Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. /4, 316 б./

     Қорыта  келгенде, экономикалық реформаның басты мақсатының бірі нақты анықталған мүлікті жауапкершілігі бар заңды тұлғалар құқығына кәсіпорынды бөліп беру болып табылғандықтан, акционерлік қоғам мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары формасында және бағалы қағаздар формасында да қызмет етеді. Сонымен қатар, акционерлік қоғам басқа да артықшылықтарға ие. Кәсіпорынды ашық акционерлік қоғамға түрлендіру оған ірі қаржы ресурстарын тез арада тартуға мүмкіндік береді. Акцияны сатудан түскен түсім эмитент-компанияның шотына түсіп, бизнесті диверсификациялау, жаңғырту және дамыту үшін қызмет етеді.  
 

1.3. Бағалы қағаздар  нарығын реттеу.

         Бағалы қағаздар нарығын құру  және дамыту шаруашылықты бір  орталықтан қаржыландырудың тиімсіз  жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құрылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.

         Тауарлар мен қор құндылықтарының  биржалық саудасы таяу арадағы ресурстарды қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелегінен алудың ең басты құралдарының біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және заңды тұлғалардың ақшалай табыстырын жұмылдырудың тиімді  құралдарына айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың барлығының алдында бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың теориясы мен техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелендіруге байланысты іс- тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады. 

         Бағалы қағаздар нарығының міндеті- бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.

         Бұл міндеттерді шешу бағалы  қағаздар нарығында қызмет етуші  делдалдардың- брокерлер мен инвестициялық дилерлердің қатынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан, қандай шартпен және қандай бағалы қағаздар шығару қажет екендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушылармен кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер өз есебінен жәнеөз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім, оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлік және дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады.

         Қазақстан Республикасының заңында  көрсетілетін бағалы қағаздар  нарығының негізгі идеологиясы  келесідей қағидалардан тұрады:

  • әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы;
  • бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фирмалар және т.б.) біліктілігі.

         Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы  кәсіби сапасы туралы қойылатын  талаптардың маңызы арта түседі. Инвестициялық қор ретінде құрылатын  кез келген заңды тұлғаның  штабында бағалы қағаздармен  жұмыс жасай алатын маманның  болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуға тиіс. Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы; екіншіден, республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алу және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.

Информация о работе Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздармен жасалатын