Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 17:46, курсовая работа
Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді.
Кіріспе............................................................................................ 3
1. Әдебиеттерге шолу.......................................................................7
2. Негізгі бөлім...................................................................................11-26
2.1 Жайынтәрізділердің биологиялық таралуы...............................11
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы..................................................14
Жайынтәрізділердің аквариумда өсірілуі..................................21
2.4 Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы...........................26
Қорытынды және ұсыныстар....................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................31
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан тау бөктері – таулы зоналары таза салқын сулы өзендерге бай, бұларда шағын шабақ өсіру негізінде балық шаруашылықтарын ұйымдастырудың болашағы мол.
Жайын өсірудің мүмкіншілігі өткен ғасырдың 50-60 жылдары зерттелген болатын. Қазақстан жағдайында жайынның өнімділігі, тұқымен салыстырғанда төмен, егер шындап кіріссе тұқы өсіруден оның өнімділігі 1,5-2 есе аз болғанымен, жайын өсірудің пайдасы 2-2,5 есе артық болуға тиісті.
Сонымен бірге, жайынды өсімдікжемді балықтармен бірге өсіру қызықтыратын мәселе. Қазақстанда жайынды табиғи қоры болғандықтан тиімді жағдайда, сондықтан тауарлы тұқы өсіретін шаруашылықтарға жеткілікті шабақтар дайындауды ұйымдастыруға мүмкіншілігі мол.
Солтүстік және Орталық Қазақстан табиғи қоректік қоры мол майда көлдерге бай, оларда жайылымдық аквакультураны (қосымша қолдан қоректендірмей балық өсіру) көбейтудің мүмкіншілігі бар. Бұларда салқынсу балықтарын өсіру әсіресе перспективальды.
Қазақстанның басқа аймақтарында осы үлгімен дөңмандайды, жайынды, тұқыны, табанды, тұқытабанды өсіруге болады.
Мен осы курстық жұмысымды қорытындылай келе, келесі қоятын ұсыныстарым:
1. Қазіргі уақытта Қазақстанда балық өсірушілікті дамыту үшін мемлекеттік бағдарлама керек. Республикада балық өсірудің әдістері мен түрлерін, ең тиімді технологияны анықтап, оларды жүйелеу қажет.
2. Балық өсірудің болашағы бар технологиясын меңгерген мамандар дайындау қажет. Әртүрлі климаттық зоналардағы шағын және орта көлемді балық өсіру шаруашылықтарының (шарбақты, тоғанды, бассейінді) типтік жобасының атласын жасау керек.
3. Балық өсіру шаруашылықтары республика деңгейінде жеткілікті ұйымдастырылғаннан кейін жаңа жайынтәрізді тұқымдарды шығару үшін селекциялық шаруашылықтарды, ихтиологиялық қызметтерді және аквакультураның техникалық аспаптарын шығаруды әр жерге тарату керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Жайынтәрізділердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері