Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 17:46, курсовая работа
Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді.
Кіріспе............................................................................................ 3
1. Әдебиеттерге шолу.......................................................................7
2. Негізгі бөлім...................................................................................11-26
2.1 Жайынтәрізділердің биологиялық таралуы...............................11
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы..................................................14
Жайынтәрізділердің аквариумда өсірілуі..................................21
2.4 Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы...........................26
Қорытынды және ұсыныстар....................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................31
Денесі жалаңаш немесе пластинкалармен жабылған, тұқылар сияқты вебер аппараты бар. Басы үстінен сығылған, жалпақ. Ашықторсылдақтылар, жақтарында көптеген майда тістері бар. Ауыз маңында бірнеше жұп мұртшалары болады.
Жайындардың ішіндегі ең ірі түрі – кәдімгі жайын, ұзындығы 5 м, салмағы 300 кг дейін, Евразия суларында тіршілік ететін тұщы cу жыртқышы Жайынтәрізділер құрылысы жағынан тұқытәрізділерге ұқсас, олардан айырмашылығы: нағыз қабықтың болмауы, денесі жалаңаш немесе сүйекті қабыршақтармен жабылған, ауыз маңында бірнеше жұп мұртшасы бар, кейбіреуінде май шығаратын жүзбе қанаты болады.
Жайынтәрізділер отряды 1200 түр өкілдерін біріктіреді, олар тұщы және кішкене тұзды суларда мекендейді. Қазақстан суларында жайынның 2 түрі кездеседі.
Кәдімгі жайын Жайық, Каспий бассейнінде мекендейді. Жайық өзенінің төменгі және ортаңғы ағысында, Шалқар, Көшім, Қамыс – Самар көлдерінде кездеседі. Денесі созылыңқы, жалаңаш, жұмсақ терімен жабылған. Басы салмақты, 3 жұп мұрты бар. Арқа жүзбе қанаты кішкентай, аналь маңы жүзбе қанаты ұзын, ол құйрыққа дейін жетеді.
Жартылай өтпелі балықтар. Олар теңіздің тұщы сулы аудандарында өмір сүреді, өзендердің төменгі ағысында ұрық шашады. Бұлардың қатарына көксерке, сазан, табан, жайын т.б. балықтар жатады. Республикада ауланатын балықтардың төрттен үш бөлігі жартылай өтпелі балықтардың үлесіне тиеді.
Тропикалық лақалардың (жайындардың) ішінде, тері бездерінің өзгеруінен пайда болған, электрлі органдары бар түрлері кездеседі. Басқа кейбіреулерінің салған уылдырықты аталығы бауырына бекітеді, солардан шабақтар шығады. Кейбір жайын-лақаның уылдырығы ауыз қуысында дамиды, кейін шабақтары қауіп төнгенде сол жерге тығылады. Американың майда лақалары ірі балықтардың желбезектерінде бекиді де, оның қаның сорады. Лақа-каллихтілердің денесін екі қатар орналасқан ірі пластинкалар жапқан, бұл оларға ерекше түр береді. Біразының май қанаты бар. Кейбір тау өзендерінде тіршілік ететін Америка лақаларының тұмсығы жіңішке, денесін сүйекті сауыт жапқан. Касаткалар тұқымдасының өкілдері Азия, Африка, Австралия және Америкада кең тараған, бұл тұқымдастың өкілдері ТМД-да, Қиыр Шығыста кездеседі. Бұлардың май қанаты дамыған, арқа қанатының бірінші талшығы үлкен, әрі тікенекті, кеуде қанаттарының алдыңғы талшығыда осындай ірі, әрі тікенекті. Қанша тәтті болғанымен, осындай тікенектері бар касаткаларды жайын мен шортанның жұтуы қиынға соғады.
Басында әртүрлі тікенектердің болуы онша сирек жағдай емес. Бүйір сызығы көпшілік балықтардың екі жанында бір толық бүйір сызығы болады, кейбіреуінде ол үзік-үзік немесе қисық болады.
Электрлі жыланбалықта арқа қанаты жоқ, ал су түбіне жақын тіршілік ететін аз қозғалатын түрлерде, әсіресе жайында ол нашар дамыған немесе жоқ. Кеуде қанаттары сүйекті балықтарда дағдылы, тек мурендер мен кейбіреулерінде болмайды, дөңгелек ауыздыларда, жайындарда жоғарғы және төменгі жұтқыншақ тістері болады.
Жоғарғы жұтқыншақ тісі желбезек доғаларының ең жоғарғы элементтерінде, төменгі жұтқыншақ тістері бесінші жетілмеген желбезек доғасында болады. Олар майда тісшелері бар алаңша сияқты. Жыртқыштардың жұтқыншақ тістері, желбезек өскіні сияқты, шырышты олжасын ұстау қызметін атқарады.
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы
Жайын бұл – аса ірі ұсқынсыз балық, тұла бойында түк қабыршақ жоқ, жап-жалаңаш денесінің сырты жылбысқы шырыш, топал басы қара қазандай, ауызы үңірейген. Жайынның түсінің бояуы құбылмалы, арқасы түгелге жуық кара, астыңғы қарын жағы аппақ, бүйірінде теріс формалды дақтары болады. Жайынның арқа жүзбе қанаты кішкентай, май іркілген қанаты болмайды, бірақ аналь жүзбе қанаты өте ұзын болып келеді, ал құйрығы мүлдем балықтың құйрығына ұқсамайды. Тұмсығының үстіңгі жағында екі ұзын, ал астыңғы жағында төрт қысқа мұрты болады.
Жайының үлкен аузы оның жыртқыш екендігін білдіреді. Шындығында жайын ашқарақ жыртқыш балық, ол тіссіз бақалар, көлбақалар, ірілі-ұсақты әр-түрлі балықтар және ірі моллюскалармен қоректенеді. Атап өтетін тағы бір нарсе, жайын суда жүзетін құстар мен өзенде жүзіп жүрген иттердіде жұта береді. Зуылдап өтіп бара жатқан балықтарды ұстай алмайтынын жақсы білетін жалқау жайын, су астындағы салынды ағаштардың тасасына тығылып жатып, жуан құртқа ұқсаған мұрттарын жыбырлатып, аңқау балықтарды қызықтырады да, сол мұрттарды құрт екен деп шұқи берген балықтарды бір-ақ қылғытады. Дегенмен жайынның ашқарақтығы күшті ұлғайған. Кейбір балықшылар аш жайынның ішінен жеуге мүлдем жарамсыз целлофан пакеттердің шық-қанын айтады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында 18-20 градус температурада уылдырығын салады. Алғашқы кезде, дернәсіл шыққанға дейін, ұяны аталығы қорғайды. Жайын 11-480 мындай уылдырық шашады.
Жайынның еті семіз, майлы болғандықтан кәсіптік маңызы бар. Торсылдағын желім жасауға пайдаланады. Жайын тез өседі, 3-4 жылдан кейін жынысы жетіледі. Ұзындығы 5 метрге, салмағы 300 килограммға дейін жетеді. Жалпы жайынтәрізділер өте алуан түрлі. Олардың ішінде алыптары 300 кг және 2 см ергежейлілері кездеседі.
Қанқасы. Балықтардың дене құрылымының
күрделілігі биологиялық
Омыртқаның үстіңгі және астыңғы доғалары мен омыртқа денесі болады. Омыртқа денесінің алдыңғы және артқы ойықтарында желі қалдығы сақталады. Тұлғаның омыртқа жотасындағы омыртқалардың үстіңгі доғалары бірігіп, жұлын өтетін өзек түзеді, астыңғы доғалары бірікпегендіктен оған қабырғалар жалғасады. Омыртқа жотасының құйрық бөлігіндегі омыртқаларда үстіңгі доға да, астыңғы доға да ұзын өскінді болады.
Омыртқа жотасына жалғасқан бастың қанқа сүйектері өте күрделі, онда: ми орналасатын сүйекті қауашақ – бассүйек, үстіңгі және астыңғы жақсүйектер, тіласты және желбезектер орнығатын сүйекті доғалар – желбезек қаңқасы болады.
Желбезекпен тыныс алуын схема
жүзінде былай көрсетуге
Желбезекпен тынысалу активті және пассивті болуы мүмкін. Активті балықтардың желбезегінің ауданы салыстырмалы түрде үлкен. Активті тынысалу барлық балықтарға тән, бірақ ағыссыз және жай ағатын суларда тіршілік ететіндерде пассивті балықтарда басым болады. Бұл әдіспен тыныс алғанда желбезек қақпақтары ет күшімен көтеріледі, ал оның тері жиегі сыртқы дененің күшімен балық денесіне қысылады, сонысымен судың желбезек саңылауы арқылы жұтқыншаққа баруына кедергі болады. Ауыз – жұтқыншақ қуысында қысымның азаюынан су ауыз қуысы арқылы жұтқыншаққа сорылады, сосын желбезек жапырақшаларын жуа желбезек қуысына өтеді. Су сыртқа шығарда желбезек қақпақтары желбезекке сығылады да ондағы қысымды арттырады, ауыз жұтқыншақтағы артық қысымның күшімен желбезек қақпақтарының терілі жиектері ашылады, су сыртқа шығарылады. Суды сыртқа шығарғанда ол қайтадан жұтқыншаққа бара алмайды, себебі желбезек жапырақшалары тығыз тұтасады.
Жайын балығында негізінен терісі арқылы тыныс алу тән, оның маңызы тіршілік сипатына байланысты. Ағыссыз жылы судың жайын балығы терісі арқлы тіршілігіне қажетті оттегінің 2070 жуығы қабылданады, кейде бұл 80СО-қа дейін көтеріледі.
Желбезек үсті органдары
бар балықтардың атмосферадағы
оттегімен тыныс алуға
Бұлшықеттері. Балық денесінің суда иіліп, түрлі қимылдар жасауына тері астындағы сүйекке бекінген бұлшықеттер жәрдемдеседі. Олар көбінесе дене көп қимылдайтын тұлға мен құйрық омырқаларына орнығады. Бұлшықеттегі талшықтардың жиырылып босансуынан балық денесі су кедергісіне әр түрлі қимылмен төтеп береді. Бұлшықет сондай-ақ балықтың басында, желбезек маңында, жүзбеқанат пен жақсүйектерінің төңірегінде көп болады. Балық бұлшықет арқылы жақсүйектерін, желбезек қақпақтарын, жүзбеқанаттарын еркін қимылдата алады.
Жүрек-тамырлар жүйесі. Қанның қызметі әр алуан. Ол организмде қоректік заттар мен оттегіні таратады, организмді зат алмасудың қалдықтарынан тазартады, ішкі секреция бездерін тиісті органдармен байланыстырады, сондай-ақ организмді зиянды заттар мен микроорганизмдерден қорғайды. Балықтардың қаны дене салмағының 1,5-7,3%-не дейін болады. Балықтардың қанының морфологиялық құрылымы сүтқоректілерге қарағанда күрделілеу, себебі бұларда қан құрауға маманданған органдардан басқа қантамырларының қабырғалары да қатысады. Сондықтан қан арнасында арнаулы элементтер барлық даму фазаларында кездеседі. Эритроциттер эллипсоид пішінді және ядросы бар. Оның саны әр түрлі балықтарда 90 мың/мм3-ден 4млн/мм3-ке дейін және бір түрдің өзінде балықтың жынысына, жасына, тіршілік жағдайына байланысты өзгереді. Көпшілік балықтардың қаны қызыл, ол эритроциттердегі тынысалу органдарынан дененің барлық клеткаларына оттегіні тасымалдайтын гемоглобиннің барлығынан. Дегенмен кейбір антарктикалық балықтарда – аққандыларда, бұларға мұзбалықтар да жатады, эритроциттер жоқтың қасы, демек гемоглобинде, не басқа бір тыныс алу пигменті де жоқ. Бұндай балықтардың қаны мен желбезектері түссіз. Су температурасы төмен, әрі оттегіге бай жағдайларда тынысалу тері және желбезек капиллялары арқылы қан плазмасына оттегінің диффузиясымен жүреді.
Зәр бөлу жүйесі зат алмасу процесінің қалдығын сыртқа шығарады және организмге қажетті су-тұз құрамын қамтамасыз етеді. Балықтардың негізгі бөлу органы түтігімен жұп дене бүйректері. Бүйректен зәр түтік арқылы қуыққа құйылады. Зат алмасудың қалдығын сыртқа шығаруда аз да болса тері, желбезек және ішекте қатысады. Бүйрек сұйық бөлетін өзекшелер жүйесі, олар сұйықты шығаратын ортақ өзекке құяды. Омыртқалылардың бөлу жүйесінің эволюциясы кезектесіп орнын басқан үш түрлі бүйректер: алдыңғы немесе бас, бірінші немесе дене және екінші немесе жамбас төменгі сатыдағы омыртқалылардың эмбрионында дамиды.
Жайын балығының көбею жүйесі жыныс бездерінен тұрады – гонадалар мен жыныс жолдары. Аналықтардың гонадасы аналық жыныс бездері, аталықтарда – аталық жыныс бездері. Дәм бүршіктері ауыз қуысында, мұртшаларда, желбезектерде, басында, қанат талшықтарында, дене бетінде болады. Олардың саны тамағын табу әдісіне байланысты.
Электрлі жайында бүйір
сызығының сезгіш органдарына жататын
арнаулы электр рецепторлары болады.
Барлық электрлі балықтардың электрлі
органдары дененің екі
Көпшілік балықтардың электрлі органдарының негізгі элементтері өзгерген және өте жалпақтанған ет талшықтары, кейбір жыланбалықтарда – жүйке клеткалары, ал электрлі жайындарда – безді клеткалар орналасады. Электрлі жайын электрді нашар өткізетін тұщы суда тіршілік етеді. өзінің құрбанын оңай жансыздандыру немесе жауынан қорғану үшін олар жоғары кернеулі ток жинайды, жайын ток күші бір ампердің оннан біріндей шамада 350 В.
Жайын балығының көз жанары домалақ, ал шынайнасы жалпақ. Көптеген тұщы су балықтарының қарашағы қозғалмайды, сонымен қатар кейбір балықтарда тарылып-кеңейе алады. Көпшілік балықтардың қабағы болмайды.
Жайынның дыбысты ішкі құлақтан басқа бүйір сызығының сезгіш органдары арқылы да қабылдайды. Ішкі құлақ пен бүйір сызығының сезгіш клеткаларының құрылысы мен шығу тегі ұқсас, олар есту нервісінің тарамдарымен жүйкеленеді және орталығы сопақша мидағы бірлестірілген акустиколатеральді жүйеге жатады. Жердің қозғалысының, толқынның, ағыстың, жарылыстың, кемелердің шуының әсерінен пайда болатын төменгі жиіліктегі тербелістер бүйір сызығы жүйесінің сезгіш органдарымен қабылданады.
Бүйректің 3 бөлімін ажыратады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. әр түрлі балықтарда пішіні әр алуан. Барлық балықтардың бүйрегінің алдыңғы бөлігі пронефрос.
Балықтардың әр түрлі топтарындағы бүйректердің құрылысы мен олардың қызметі осмостық реттеу ерекшеліктерімен байланысты.
Тұщы су балықтарының қанының жөне тканьдік сұйығының осмостық қысымы өзін қоршаған ортадан артық болғандықтан олардың организміне терісі, желбезегі арқылы және тамақпен су кіреді. Денінің артық сулануынан сақтау үшін бүйрегінің сүзу аппараты жақсы дамыған, сондықтан бұлар көп несеп бөле алады (тәулігіне 1 кг салмағына 50-300 мл). Несеппен бірге шығарылған тұздардың орнын толтыру бүйрек өзекшелерінде активті қайта сіңіру және судан желбезек арқылы сіңірумен теңеледі.
Өткінші балықтар бір ортадан екіншісіне өткенде осмостық реттеу әдісін өзгерте алады: теңізде теңіз балықтарындай, тұщы суда тұщы су балықтарындай қан мен ткань сұйығының осмостық қысымын керекті деңгейде ұстай алады.
Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі арқылы организм сыртқы ортамен байланысады және шеткі деп бөледі. Орталық жүйке жүйесінің шеткілерден айырмашылығы, ортасында қуыс болады. Шеткі нерв жүйесі соматикалық және вегетативті болып онан әрі жіктеледі.
Информация о работе Жайынтәрізділердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері