Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 17:46, курсовая работа
Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді.
Кіріспе............................................................................................ 3
1. Әдебиеттерге шолу.......................................................................7
2. Негізгі бөлім...................................................................................11-26
2.1 Жайынтәрізділердің биологиялық таралуы...............................11
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы..................................................14
Жайынтәрізділердің аквариумда өсірілуі..................................21
2.4 Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы...........................26
Қорытынды және ұсыныстар....................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................31
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-
«Биотехнология, мал және балық шаруашылығы» кафедрасы
«Ихтиология» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жайынтәрізділердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері»
Орындаған: РХ-
.
Орал, 2011
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1. Әдебиеттерге шолу..........................
2. Негізгі бөлім.........................
2.1 Жайынтәрізділердің биологиялық таралуы.......................
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы......................
2.4 Жайынтәрізді
балықтардың кәсіптік маңызы...
Қорытынды және ұсыныстар.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады, ондай жануарларды омыртқалылар деп аталады.
Балық – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық (Pіsces) девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2Со-тан (арктикалық суда) 50Со (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ – тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді.
Балық – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады. Балық аулау құрал-жабдықтары – мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған құралдар мен жабдықтар.
Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының жиынтығы. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 5Со болады. Мұндай күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға дейін) сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 40Со температурада мұз етіп қатырады. Балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу тәсілдері қолданылады.
Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар. Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі.
Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Каспий теңізі және Жайық өзеніндегі балықтардың кәсәптік маңызы жоғары балықтар түрлеріне бекіре тұқымдас, жайынтәрізді балықтар түрлері жатады.
Тоғанда балық өсіру,
арнайы қазылған су
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты: Жайынтәрізділер отрядының өкілдерінің морфологиясы мен биологиясының ерекшеліктерін, шығуын, маңызын және экологиясын осы жобада меңгеріп үйрену.
Әдебиеттерге шолу
М.Қ. Жумалиевтің (2009) деректері бойынша морфологиялық, сол сияқты экологиялық жағынан жайындар өте алуан түрлі. Ағысы жылдам тау өзендерін мекендеушілерде арнайы бекіну мүшесі – сорғыштар болады. Оттегі жетіспейтін су қоймаларында тіршілік ету үшін көптеген жайындар ауадан оттегіні сіңіруге мүмкіндік беретін арнайы органдары болады. Олар: желбезекүсті мүше, ішекпен тыныс алу деп аталынады.
Б. Х. Хамзиннің (2007) мәліметі бойынша, жайын балық Балқаш көлі мен Қапшағай су бөгендері сияқты жылы суаттарда өмір сүреді. Бұл алып балықтың Балқаш көліндегі ұзындығы – 4 метрге, ал салмағы жағынан ең үлкені 200 кг дейін жетеді. Жайынның белдеме еті 1-ден 10 кг-ға дейінгі жайыннан алынады. Бұл балықтың жас түрі, еті өте жұмсақ, қызғылт түсті болып келеді. Жайынның белдеме еті – біздің елдегі және шетелдегі сатып алушылар арасында өте жақсы дамыған.
Л.П. Сабанеева (1875) еңбегінде жйындардың суаттарда кең таралған түрлері Балтық, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері. Европа аумақ жағында жайындардың таралу аймағы батыстағы Рейн мен Дунай өзенінен шығыстағы Жайық өзеніне дейін, және де Боден теңізінде таралған. Солтүстік шекарасында таралуы Швеция мен Финляндия елдерінен оңтүстікке қарай Қара және Эгей теңіздеріне дейін жетеді. Ал Азия жағында таралуы Арал теңізі арқылы Сырдария, Амудария, және Сары-су өзендеріне таралған. Кейінірек Қарақұм каналы, Сарықамыс және Балқаш көлдеріне, және де Шу, Іле өзендеріне тарады.
Ә.А. Бәйімбет (2009) мәліметі бойынша, жайындардың көпшілік түрлері – балық немесе су түбінде тіршілік ететін омыртқасыздармен қоректенетін жыртқыштар. Өсімдік қоректілері өте аз. Көбею биологиясы бойынша да жайындар алуан түрлі. Оңтүстік Американың Trachycoristes жайынында іштей ұрықтану байқалады: аталығында аналь жүзбеқанатының бірінші талшығынан шағылысу мүшесі дамиды. Көптеген жайындар үшін ұрпағына қамқорлық жасау тән, осыған орай олардың тұқымдылығы төмен. Ұяға салынған уылдырықты аналығынан ірі аталығы қорғайды. Галеихтаның аталығы уылдырығын аузында өсіреді. Аспредо аналығы ұрықтанған уылдырықты құрсағына жабыстырады. Бұл жерде өсуші личинкалар аналық организм есебінен қосымша көмек алады.
А.С. Боголюбов (2010) мағлұматында жайынның терісінің түсі: арқасы каралау келген, бүйір жағы қараңғы-жасыл дақтармен боялған және қарны ластау ақ түсті болып келеді. Жайын ашық ағын суаттарында терісі ақшылдау түске айналады, ал ақырын ағынмен өскен суаттарда жайынның түсі қаралау келеді.
М. Сүлейменнің (2010) пайымдауынша балықтардың түрлері барлық ауланатын балықтардың 80 пайызы теңіз балықтары, тұщы суда ауланатын балықтар 20 пайыз ғана. Теңіз балықтары мынандай топтарға бөлінеді: ашық теңізде ауланатын балық түрлері. Мұхиттың солтүстік және ағынсыз аймақтарында тіршілік ететін тереңдік және тереңдікке жақын жерлердің балықтары. Әлемдік мұхиттардың тропикалық және субтропикалық аймақтарының балықтары. Мұхиттардың антарктикалық аймағында кездесетін балықтар.
Теңіз балықтарының етінде минералдық заттар тұщы су балықтарына қарағанда көп болады. Мұндай түрдегі балықтпарға: шип, сүйрік, Сібір бекіресі, шоқпар, күректұмсық, форель, Каспий арқан балығы, таймень, хориус, шортан, торта балық, аққайран, ақсерке, Арал ақмарқасы, дөңмаңдай, мөңке балық, сазан, табан балық, Арал мұртты балығы, қара балық, Балқаш шармайы, жайын, лақа, жылан балық, көксерке, таутан, алабұға жатады.
Варпаховский (2005) еңбегі бойынша, жайындардың уылдырық шашуы өте кеш басталады, су температурасы кемінде 15 немесе тіпті 16 R жеткенде, шамамен сазандармен бір уақытта, көбінесе мамыр айында шашады.
Қазандық губерниядағы жайындары майдың бiрiншi жартысында уылдырық шашады, себебі Еділ және Дон өзендерін төмеңгі ағысын ертерек еске алып бақылайды. Владимир губерниясының Клязьмада, жайын итмұрынның гүлденуі уақытында, яғни маусымның басында сүйкеледі. Тек Нижнеднепровтың жайындары мамырдың басында, тіпті сәуірдің аяғында уылдырық шашатын көрінеді.
О.И. Кириченко мен Д.Қ. Жаркенов (2002) келтірген дәйектерінде кез келген түрлер популяциясының қалыптасуындағы шешуші факторлар – биотикалық факторлар, атап айтқанда, балықтардың азықтық базасы және бәсекелес балықтардың саны. Балықтардың азыққа қамсыздығы олардың санымен, сапасымен және судағы жемді алу мүмкіндігімен анықталады, яғни азықтық база балықтардың биологиялық көрсеткіштеріне және қорларының жағдайына елеулі әсері туралы айтылады.
С.Ж. Асылбекованың (2006) мәліметі бойынша: Өзеннің су бөгендері, сонымен бірге, кәсіпшілікпен ауланатын балық түрлері көктем кезінде уылдырық шашатын, көлдегі балық санын молайтатын негізгі орын болып табылады. Бұдан бұрын Іле өзені атырабының су бөгендерінде балық кәсіпшілігі жыл сайын 1000 тоннадан 2500 тоннаға дейін өзгеріп тұрушы еді, негізгі ауланатын балық жайын балығы, жайын аулаудың мамандандырылуына байланысты жыртқыш емес балық, ондатр және суда жүзетін құс тұқымының кеміп кетуіне жол берілмейтін. Жыл сайын аулаудың нақты көлемі азая түсуіне қарамастан, балықты тек уылдырық шашатын мезгілде ғана аулауға ұмтылу сазан балығының саны азаюына себепкер болды.
В.А. Мовчанның (2003) «Балықтардың тіршілігі және оларды қолдан өсіру» атты кітабында: «Балықшылар 1930 жылы Днепрден 420 кг тартатын жайын ұстаған» деген деректер келтірген.
А.Э. Брэм (1877) «Жануарлар тіршілігі » атты белгілі еңбегінде, бір жайынның ішінен адамның басы мен екі саусағында алтын жүзігі бар оң қолы шыққаның айтып кеткен.
Қ. Қайымов (1986) хабарлауынша: Планетамыздың төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Биология ғылымының қарыштаған шағында сол ғылымның маңызды да актуалды саласының бірі балықтар биологиясын зерттеу болып отыр. өйткені балықтардың адамзатқа берері сан алуан. Тамақ та, дәрі де, жануарларға арналған азық та, техникалық май және жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізат та, басқа да толып жатқан заттар осы балық өнімі болып табылады. Ғалымдарды балықтардың тіршілік әрекеті де қызықтыруда. Балықтың маңызы әрқайсымызға түсінікті болғанымен еркегі «балалайтын», қармақпен жемін аулайтын, ұрпағына еркегі ғана қамқорлық көрсететін, ұшатын, құрлықта жорғалайтын балықтар жайлы барлығы біле бермейді. Балықтардың пішіні де алуан түрлі, денесінен ток бөліп, су тереңінде шам жағып жүретін балықтар тағы бар, көзі көз ұясына орналаспай, жіңішке сабақшаның ұштарында, денесінен едәуір қашықтықта орналасатын балықтар түрлері де кездеседі.
Г.В.Никольский (1974) жазуынша: Арал теңізіндегі балықтардың түрі мен олардың қандай тереңдікте жүретіндігі жөнінде арнайы карта жасалды. Сол жоба бойынша бекіре, жайын, ақбалық, шортан, сазан, тісті, шабақ, алабұға, қаяз, табан, торта, айнакөз, шомая ауланды.
2.1 Жайын балығының биологиялық таралуы
Жайынтәрізділердің өкілдері эоценнен белгілі. Отряд 28 тұқымдасқа топтанатын 1200-ге жуық түрді біріктіреді. Басым көпшілігі Орталық және Оңтүстік Америка, Африка мен Азияның тропикалық және субтропикалық облыстарында мекендейді. Негізінен тұщы cуда мекендейтіндер, тек 2 тұқымдас өкілдері ғана теңіз суына өткен.
Жайын балығы – тұщы суда болатын жыртқыш балықтардың ең ірісі. Өзен және теңіздерде мекен етеді. Жайындар шығысқа қарай Европадан Рейнге дейін, солтүстікке қарай Финляндияға дейін, оңтүстікке қарай Кіші Азияға және өзіміздін Каспий, Арал теңіздерінде және олардын өзендерінде болады. Сібір өзендерінде, Пиреней түбегінде, Англия, Франция, Италия және Грецияның батыс жағалауларында жайындар өмір сүрмейді.
Жайындарды әдетте терең орындарда, түбірлердің астында, тұңғиықтардағы бөгеттерде ұстайды.
Жайын ащы сулардан бой жасырмайды және Днепр жайылмаларынды, Азов, Каспий және Арал теңіздерінде азықтанады. Дегенмен уылдырық шашу үшін тұщы суға қайтып оралады. Жайын мамыр айында, ит-мұрын гүлдеген кезде, уылдырық шашады. Уылдырық шашар алдында жұп таңдайды. Мүнан соң ұрғашы жайын кеуде қанатшаларымен су түбінен шұңқыр қазып, ұя жасайды да, әртүрлі өсімдіктердің тамыры көрініп жатқан сол шұңқыр ұяға уылдырығын шашады. Еркек жайын сол бойында әлгі шұңқырға шонайын төгеді. Жайының ащы суда уылдырық шашуы Арал теңізінде ғана байқалады. Ұрғашы жайынның уылдырықтары ірі болады, оларды ұядан шыққанша еркегі қорғайды. Жайын едәуір жылдам өседі және 3-4 жылда барынша дамып жетіледі, ұзындығы 44-60 сантиметрдей болады.
Информация о работе Жайынтәрізділердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері