Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 17:46, курсовая работа
Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді.
Кіріспе............................................................................................ 3
1. Әдебиеттерге шолу.......................................................................7
2. Негізгі бөлім...................................................................................11-26
2.1 Жайынтәрізділердің биологиялық таралуы...............................11
2.2 Жайынтәрізділердің құрылысы..................................................14
Жайынтәрізділердің аквариумда өсірілуі..................................21
2.4 Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы...........................26
Қорытынды және ұсыныстар....................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................31
Жұлыннан басталатын нервтерден тұратын соматикалық жүйке жүйесі көлденең-жолақ еттің орталық жүйке жүйесімен байланысын және дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.
Жұлын мен мидан басталатын және симпатикалыық жүйеден – спинальді ганглилармен жалғасатын омыртқаның екі бүйірінде созылған жүйке білігінен тұратын вегетативті жүйке жүйесі ішкі органдарды орталық жүйке жүйесімен байланыстырады.
Дәм бүршіктері ауыз қуысында, мұртшаларда, желбезектерде, басында, қанат талшықтарында, дене бетінде болады. Олардың саны тамағын табу әдісіне байланысты. Мысалы, денесінде дәм бүршіктері өте көп балықтар тамағын негізінен дәм бүршіктері рецепторларының көмегімен табады. Балықтар дәмнің әртүрлілігін ажырата алады – тәтті, ащы, тұзды, қышқыл. Олардың кейбір ерітінділерге сезімталдығы адам мүмкіншілігінен көп артық ( ас тұзына 205 есе, хининге 24, фруктозаға 2,6 есе). Балықтар тұздылықтың 0,03%0, pH –тың 0,05-0,007 айырмашылықтарын ажырата алады.
Тері сезім органдары. Балықтар басқа омыртқалылар сияқты, тері рецепторлары арқылы әртүрлі әсерлерді қабылдай алады: тактильді ( жанасу, қысым), ауыратын, температуралық. Балықтардың сезгіш нүктелері әсіресе басында, мұртшаларында және қанаттарында көп болады. Балықтардың жүйке жүйесінің даму деңгейі төмен болғандықтан ауырғанды сезінуі онша емес, бірақ температураның өзгеруін өте жақсы сезеді. Температураның әдеттегіден болар-болмас өзгеруі олардың өрістеу жолын, көбею мерзімін өзгерте алады. Судың тез салқындауынан олар тұмаумен ауырады. Тіптен өліп кетуі де мүмкін.
Қоректенуі. Жайын – жай қозғалатын ірі жыртқыш аң. Ол терең орындарда, түбірлердің астында, тұңғиықтардағы бөгеттерде қоректенеді. Азығын іздегенде мұртшасымен және барлық терісімен бағдарлап отырады. Жас жайындардың азығына личинкалар, қоңыздар, кандалар, сүліктер, итбалықтар, моллюскелер және ұсақ балықтар жатады. Балықтар 12-13 см-ге жеткенде жайындардың негізгі азығы болып табылады, және олармен қоса құстар, шегіртке, бұзаубас, ірі құрт-құмырсқалар, шаяндар, бақалар, кеміргіштерді толықтыратын жайынның негізгі азығы болып қалыптасады.
Ал ірі жайындар көбіне түпте өсетін балықтармен қоректенеді. Оларға теңіз суы мен су қоймаларындағы қарп, алабұға, тәйегөз, шоқыр балықтар, шабақ балықтар, тюлькалар жатады.
2.3. Жайынтәрізділердің аквариумда өсірілуі
Аквариум – суда тіршілік ететін жануарлар мен суда өсетін өсімдіктерді зерттеуге, жұртқа көрсетуге әдейі дайындалған ыдыс. Аквариумда тек ұсақ қана емес, суда тіршілік ететін ірі жануарлар да өсіріледі, аквариумның ондай түрлері дельфинарий және океанариум деп аталады.
Жалпы аквариум жайындарының 15 тұқымдасы, 1000 түрінің өкілдері бар. Ең алдымен бұлар әртүрлі, сауытты жайындарға ұқсас келген бір аттас тұқымдастар болып келеді. Балық тұқымдастарындағы сауытты жайындар 4 түрге және олардың әрбіреуінде бір тұқымдастар пимелодты немесе антенноусты жайын, және нағыз жайындар тұқымдасы болып бөлінеді. Бұлардың соңғысына кәдімгі жайында жатады, оның ұзындығы 2 метрден жоғары болып келеді, оның ұзындығымен салыстырғанда ергежейлі жайындардың өздері 2,5 сантиметр болуы жайындардың әртүрлілігін көрсетеді.
Аквариум жайындары бала сүйгіш. 18-23 тұқымдастарындағы аквариум жайындарының отряды ұрпаққа деген қамқорлығы әртүрлі формалды. Аквариум жайындары су өсімдіктерінен өзіне ұясын салады.
Бөлiп қойылған құмға және аквариум жайыны ұрықтандырылған балтырды өзінiң қарынына жағады, әрбiр уылдырындағы арнайы сабақ оған өседi, сол арқылы аквариум жайыны өзінің денесіндегі шырындарымен қоректенеді.
Енді аквариумда өсірілетін
жайынтәрізділер отряд
Сауытбәсір тұқымдастар. Бұлар Оңтүстік Американың баяу ағатын суларында мекендейді. Тұқымдастың «сауытбәсір» аталуы – осы топқа жататын балық денесін немесе дене бөлігін және басын сүйектенген тақталар қаптайды. Бұлар аквариум түбіндегі грунтты түрткілеп, жем қалдығын жейді, сөйтіп санитарлық қызмет атқарады.
Теңбіл бәсір – дене тұрқы 5-6 см, құйрық жүзбе қанатында қара теңбілдері бар, Амазонканың кіші саласы мен төменгі ағысында тіршілік ететін, момақан балық. Оны мөлшері едәуір үлкен, түбіне ұсақ құм төсеп, жалпақ жапырақты өсімдік егілген аквариумда өсіруге болады. Теңбіл бәсір үйірде жүріп көбейеді, жалпақ жапырақтарға уылдырық салады. Уылдырықтан бесінші күні шабақ өрбиді. Оның шабақтары зымырақ, бейнеке және ұсақ құрттармен қоректенеді.
Тарғыл бәсір. Балықтың бұл түрі Бразилияның оңтүстік-шығысында және Ла-Плата алабында көбірек таралған. Біздің елге 1904 жылы әкелінді. Оның дене тұрқы 6,5-8 см. Судың химиялық құрамының бұл балықтар үшін маңызы шамалы, температурасы 16-200С болуы керек. Тарғыл бәсір тірі және құрғақ жеммен қоректенеді.
Балықты көбейту үшін сыйымдылығы 30-50 л аквариум пайдаланылады, мұнда су температурасы 18-200С, кермектігі 250С dH, қышқылдығы 7,2-7,4 pH болғаны жөн. Уылдырықтауға бір аналық, 2-3 аталық жіберіледі. Аналығы 100-200 уылдырық салады, олардан 8-12 тәулікте шабақтар өрбиді. Шабақтар циклоптың личинкаларымен, масақұрттар үзіндісімен және өндіршіндермен қоректенеді.
Жасыл бәсір – балық Амазонканың жоғарғы ағысында кездеседі. Жасыл бәсірдің дене тұрқы 7 см. Мұны өсіру де, көбейту де тарғыл бәсірге ұқсас. Дегенмен жасыл бәсір судың жылы болуын ұнатады, сондықтан аквариумдегі су температурасының 22-250 болуын қадағалаған жөн.
Шыбыртқықұйрық тұқымдастар. Балықтардың бұл тобы Оңтүстік Америка суларында, әсіресе Парагвайда кең таралған. Шыбыртқықұйрық тұқымдас балықтар өсімдіктекті жеммен қоректенеді, олар әсіресе жіп тәрізді балдырларды жеп, аквариумды тазартуға қатысады. Олардың желбезек саңылауы алқымына қарай орналасады. Бұл балықтар табиғи жағдайда ағын сулардағы әртүрлі заттарға сорғыштарымен жабысып тұра алады.
Денесінің ұзындығы 12 см, аталығынан аналығы толықтау. Шыбыртқықұйрық ауаға өте қанық, температурасы 21-230С суда жақсы өседі. Ол тіпті су температурасы 160С-дан төмен болса да тіршілік ете береді. Ересек балықтарды уылдырық шашу кезінде үнемі балдырлармен ұстап қоректендіру керек. Олар жалпы тірі және құрғақ жемді қалайды.
Шыбыртқықұйрықтың көбеюі үшін су температурасы 25-260С, қышқылдығы 7,2 pH болуы қажет. Аналығы уылдырықтағанда аталығы оны қорып, уылдырықтарға қамқорлық жасайды. Уылдырықтан 7-11 күнде шабақтар өрбіп шығады. Балық шабақтары балдырлармен немесе туралған түтіктұлғамен қоректенеді.
Мөлдірбәсір тұқымдастар. Бұл топтағы балықтардың денесі қабыршақсыз және мөлдір болады.
Қосмұрт бәсір. Индонезия мен Тайланд суларында мекендейтін, дене тұрқы 10 см, жайынтәрізділердің отряд тармағына жататын балықтардың бір өкілі. Қосмұрт бәсір 22-270С температурадағы суда еркін тіршілік етеді. Қосмұрт бәсір судың химиялық құрамына талғампаз болмағанмен де кермектігі 100 dH шамасынан артпауын қадағалау керек. Аквариумда өсімдіктерді молырақ отырғызған жөн. Қосмұрт бәсір жануартекті жеммен қоректенеді.
Жабысқақ – дене тұрқы
25 см. Ла-Плата аймағында
Аналық жабысқақ ұсақ уылдырық салады, оны өсімдік жапырақтарына, тасқа және аквариум шынысына жасырады. Ұрықтанған уылдырықтардан 2-3 күнде личинкалар шығады, арада тағы 2-3 күн өткен соң шабақтар пайда болады. Шабақтарды циклоптың личинкаларымен, ұсақ жеммен, сондай-ақ пісірілген тауық жұмыртқасының сарысымен қоректендіреді.
Мысықты бәсір. Балықтың бұл түрі Амазонка алабындағы суларда таралған. Оның денен тұрқы 9 см. Ол ол өсімдіктер қалың өскен, көлеңкелі жерлерде мекендейді. Аналық балық су бетіндегі жалпақ жапырақты өсімдіктерге көбіктенген ұя жасайды, аквариумда су бетіне пластмассадан жасалған тәрелке төңкеріп қойса да болады. Аналығы ұяға 300-дей уылдырық салады, оны аталығы қамқорлығына алып, қорғап жүреді. Бұл кезде аквариумдағы су температурасы 240С, кермектігі 8-100 dH, қышқылдығы 7,0 pH болуы керек. Суды метилен көмегімен аздап көгертеді. Ұрықтанған уылдырықтардан 5 күннен соң личинкалар шығады. Шабақтар алғашқы кезде бейнекемен қоректенеді.
Бәсір тұқымдастар – денесі қабыршақсыз, арқасында майлы қанаты болатын балықтар тобы.
Бәсір – Америкада мекендейтін бәсір тұқымдас балықтың бір өкілі. Оның табиғаттағы дене тұрқы 33 см, ал аквариумдарда 5-10 см ұзындықта ғана болады. Бәсірдің онша есеймеген түрлерін аквариумда алтын балықпен бірге өсіреді. Су температурасы 14-200С болса, бәсір жақсы өседі. Ол жем талғамайды.
Шалқалақ тұқымдастар – балықтары Африка суларына кең таралған ерекше тобы. Бұлар шалқалап жүзеді, сондықтан кейде оларды өлген балық екен деп елестеуге тура келеді. Шалқалақ бәсірдің тармақты мұрты және жетілген майлы болады.
Шалқалақ бәсір – Конго көлдері мен суы баяу ағатын өзендерінде тіршілік ететін балық. Бәсірдің дене тұрқы 5-9 см. Бұл балық бауырын жоғары қаратып жүзеді де су бетіндегі насекомдармен қоректенеді. Су температурасы 24-270С-де шалқалақ бәсір жақсы өседі. Ол қорегін ымырт қараңғылығында аулайды, сол кезде су бетіне құлап түскен насекомдарды құтқармайды, ал күндіз көлеңкелі қалқаларға тығылады.
Шалқалақ бәсірді аквариумда да көбейтуге болады, ол үшін су температурасы 23-260С, кермектігі 60 dH болуы керек. Судың кернеуі ернеуі кетілген қышқұмыраны төңкеріп тастаса, аналық бәсір соған уылдырық салады. Уылдырықтан 11 тәуліктен соң личинкалар шығады. Шалқалақ бәсірдің шабақтары бейнеке личинкаларымен қоректенеді.
Бұрымбалық тұқымдастар. Африка және Азияның тұщы суларында мекендейтін орташа мөлшерлі бәсірлер – бұрымбалықтар тобына жатады.
Тілкембұрым – Тайландта мекендейтін, дене тұрқы 15 см жайынтәрізділер отряд тармағына жататын балық. Ол су температурасы 22-250С болса, жақсы тіршілік етеді. Судан шоршып шығатын әдеті болғандықтан, тілкембұрым өсірілетін аквариумның бетін шынымен жауып қою керек. Тірі жемді жақсы жейді, мөлшері 75х37х37 см аквариумда уылдырық салатыны байқалғанмен де тілкембұрымның аквариумда көбеюін айғақтайтын нақтылы дәлел жоқ.
2.4. Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің елімізде халқымыздың әл - ауқатының жақсаруы олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда артыратына күмәнбіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар.
Балық етінің пайдасы көбіміз сирек жейтін балық етінің дәмділігі мен жұғымдылығы етпен пара-пар, сіңімділігі одан асып түседі. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдарын, әсіресе сорпасын ішіп, жегенде асқазан шырыны көп бөлініп, тамақ жақсы қорытылады. Мамандардың айтуынша, балық етінің құрамындағы белоктың көлемі 15-26% аралығында болғанда, бағалы болып есептеледі. Балықтың белогінде 20 түрлі амин қышқылы бар, оның сегізі адам ағзасы үшін өте қажетті. Олар: лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин, изолейцин, треонин, фенилаланин. Бұл амин қышқылының біреуі адам ағзасында жетіспейтін болса, денсаулығы бұзылады. Балықта 0,1-30 пайыз май, 0,9-2 пайыз дәрумендер мен минералдық заттар да бар. Балықтың майы сүтқоректі жануарлардың майынан сұйық. Оның құрамында зат алмасуында маңызды роль атқаратын қанықпаған май қышқылдары көп. Өздеріңізге белгілі, тамақта қанықпаған май қышқылы жетіспесе, ол атеросклероздың дамуын тездетеді, холестериннің алмасуын бұзады. Теңіз балықтарының көпшілігіндегі май құрамында А, Д дәрумендері бар.
Балықтар су өсімдіктері және жануарлары жинаған энергияны өңдеуге қатысады, сондықтан балықтардың табиғаттағы заттардың айналымындағы маңызы өте үлкен. Себебі, балықтар барлық организмдік топтармен байланысты, олардың қоректік тізбектегі маңызы өте елеулі.
Балықпен қоректенуге аңдар да, құстар да, қосмекенділер де, балықтар да, судағы омыртқасыздар да, микробтар да, тіпті өсімдіктер де әуес-ақ. Бір сөзбен айтқанда балықтармен азықтануға қызықпайтын хайуан да, жәндіктер де жоқ десе болады.
Біздің теңіз және өзендерімізде жайын түбегейлі өндірістін обьектісі болып саналады. Еті өте майлы, әрі дәмді. Оны асып та, қуырып та, тұздап та, ыстап та жеуге болады. Оның семіз және нәзік етін ғана қастерлемейді, сонымен қоса жайынның жүздіретін көпіршіктерінен өте жақсы желім пайда болады. Жайынның таза жуынған терiсiн ертеректе (балық көпiршiгi) терезелердегi әйнектін орынына жаратты.
Iрi жайын - балық ұстаушы спортшының күтiлген олжасы. Жайынды жаздыкүнi ұстайды, қарқынды қоректенудiң мерзiмiнде. Әдетте, аумен, сүзекімен аулайды. Қармақпен аулаған жағдайда, ол болат темірден берік етіп жасаған, бауы жуан, үзілмейтін болғаны жөн. Қармақтарда жем шаншылған бақамен немесе жерқонақпен аулайды.
Жайынтәрізділер өзен тоспаларына уылдырық салады. Уылдырық шашу үшін үйір болып топтанады. Оның уылдырық салуы наурыздан-маусымға дейін созылады. Қыста ол шұңқырларда жатады да, көктемде ерте оянады. Жаз кезінде ол өзен, көлдің жағасында жүреді. Күзде және қыста ақмарқа өте семіз келеді. Сондықтан да балықшылар оны осы маусымдарда көп аулайды. Жылына 8-10 мың цн-ге дейін ауланады. Еті майлы, қақтап, ыстап, кептіреді, уылдырығы құнды. Жылына 40 мыңнан 300 мыңға дейін уылдырық береді. Ол наурыз айларында, күзде қазан-желтоқсан айларында өзенге түседі.
Қазақстанда да жайын кәсіптік балық болып табылады. Әуесқой балықшылар үшін салмағы 5 килограмнан 25 килограмға дейінгі жайындар – таптырмайтын олжа. Оны қармақпен аулау да қызық іс.
Қорытынды және ұсыныстар
Балық өсіру климат жағдайына
біраз тәуелділігімен, әрбір өндірістік
циклдардың ұзақтығымен, балықтардың
күйі мен тіршілік ету жағдайын тікелей
бақылау қиындығымен ерекшелене
Бұрыңғы жылдары Қазақстанда тауарлы балық өсіру дәнді дақылдармен қоректендірілген қиыршығыстық өсімдікжемді балықтарға негізделген болатын, әрине бұл қазіргі жағдайда пайдасыз, енді негізінде жаңа әдіс керек, сондықтан олардан да бағалы басқа балық түрлеріне көңіл аудару керек.
Информация о работе Жайынтәрізділердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері